|  |  |  |  | 

Жаңалықтар Көз қарас Оқиға Саясат

Тек ҰҚК қызметіне ғана тиесілі ПП пулемет-тапаншалары лаңкестерде қайдан жүр?

«Әскерилердің жоспарын қасақана бұзған басшы кім?»: подполковник Алматыдағы бүлікке қатысты өз нұсқасын айтты

621427
«Ұлттық гвардия ҰҚШҰ (ОДКБ) күштеріне жүгінбей-ақ өз бетінше террористерді жеңе алатын ба еді, деген «Караван» басылымының сауалына Ұлттық гвардия командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі бұрынғы орынбасары, ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлері Әскери институтының аға оқытушысы, подполковник Ермек ТҮСІПЖАНОВ жауап берді.

- Бүгін лаңкестер мен тонаушылардан әскери қарулар тәркіленді деген ақпаратқа тап болдым. Бір көргеннен-ақ бұл қаруды әдетте ҰҚК арнайы қызметінің жауынгерлері қолданатынын анықтадым: ПП (автомат-тапанша). Тоналған қару-жарақ қоймаларында мұндай қарулардың ешқайсысының жоқ екені анық. Ішкі әскерлерде, яғни ұлттық гвардия әскерлерінде жүргізушілер, кинологтар сияқты кіші мамандар толығымен АКСУ-мен қаруланған. Ешкімде ПП автоматы жоқ. Мұндай автоматтар тек ҰҚК арнайы жасақтарына арналған.

– Ермек, YouTube желісінде үстіміздегі жылдың 5 қаңтарында бүлікшілердің әскери қызметкерді ұрып-соғып, одан қызметтік қаруын тартып алғаны жайлы видео тарап жатыр. Олар әскериден Калашников автоматын тартып алып жатқандай көрінеді.

– Бұл Ұлттық гвардия жауынгері емес. Сахналық қойылымға өте ұқсайды. Бейбіт тұрғындар пулеметті тартып алып жатқанда әскеридің артынан униформа киген басқа адамның жайбырақат өтіп бара жатқанын көресіз. Бұл сақтандырушы адам. Оның міндеті – сырттай қалқалау.

– Мүмкін бұл жай ғана «Арлан» арнайы жасағының жауынгері шығар?

– Арлан біздікі емес. Бұл полицияға тиесілі күш. Бізде ішкі әскерде – «Бүркіт». Иә, олар қоян-қолтық ұрысты жақсы меңгерген. Бірақ олардың барлығында өте қатаң ереже бар. Олар ешқашан өз адамын еш жерде жалғыз қалдырмайды, тастап кетпейді, яғни жалғыз жұмыс істемейді.

- Шерушілерді тарату үшін жарқылы бар дыбысты гранаталар қолданылды. Барлық бейнекадрлар осыны анық көрсетеді.

- Олар жарылғыш (взрывпакет) заттар болатын. Кәдімгі граната жарылыстарына ұқсас. Олар негізінен жаттығуда қолданылады.

- Ал онда помпалы мылтық не үшін қолданылды? Сол арқылы резеңке оқпен атты.

- МР 12 калибрлі мылтық. Шынында да, олар резеңке оқпен атады. Гилза ішінде резеңке шарлар бар. Диаметрі шамамен 3-5 мм. Ал жарқылдақ гранаталары кәдімгі гранаталарға ұқсайды, тек сырты пластик. Жарылыс болған жағдайда өте ұсақ бөлшектерге бөлініп, зиян келтіре алмайды. Шулы гранаталар ғимарат ішінде тар жерде жарылса құлақ бітеліп қалады. Ал гранат жарқылы адамды шамамен 20 секундқа соқыр етеді. Оларды полиция пайдаланған болуы мүмкін.

 Онда олар шабуылдаушыларға неге төтеп бере алмады? Кәсібилік жетіспейді ме?

– Маман ретінде бұған қарапайым жауабым бар. Ондай бұйрық берілген жоқ. Біздің заңдар бойынша, бас қолбасшы да, ішкі істер министрі де өз атынан мұндай пәрмен бере алмайды. Шешімді прокурор шығарған болуы керек. Дәл осы операцияларды қолдану мен жүргізудің заңдылығын сол анықтайды. Осыған байланысты зардап шегушілер де, құрбандар да болатыны сөзсіз. Бұл үшін біреу жауап беруі керек. Өйткені барлығы прокуратураның не айтатынын күтіп отыр. Тек осы ұйым қаруды қолданудың заңдылығын анықтайтын орган болып табылады. Бірақ олар – прокурорлар – үнемі көлеңкеде қалады. Ешкім оларды ақымақ әрекеттері немесе керісінше әрекетсіздігі үшін жазалауға батылы бармайды. Прокурорлар үнемі құтылып кетеді.

– Яғни, кез келген қару ұстаған қарақшы әскери қызметкерге шабуыл жасай алады екен, ал офицер әлдебір прокурор рұқсат бермейінше нақты жауап бере алмайды ма?!

- Дәл солай. Өмірлеріне қауіп төнсе де, әскери қызметкерлер өз бетінше шешім қабылдауға құқығы жоқ. Заңда да, ұрыс ережелерінде де, мұндай бұйрықтың нұсқаулары анықталмаған. Жауынгердің қызметтік қаруды алып жүруге құқығы бар, бірақ оны қолдануға заңды құқығы жоқ. Тіпті оның өміріне немесе оның отбасы мүшелеріне қауіп төндіретін жағдайлар болса да. Иә, посттағы күзетші ғана қаруды қолдана алады, онда да міндетті ескерту жасап, жоғарыға оқ атқан соң ғана.

– Ермек, сіздің кәсіби пікіріңізше, тағы не нәрсе дұрыс болмады?

– Әскерлердің арасында дұрыс қарым-қатынас болмады. Барлық құқық қорғау органдары әйтеуір өз бетімен әрекет еткендей сезім болды. Әйтсе де, ең бастысы, әскерлердің бастапқы іс-қимыл жоспарын біреу әдейі бұзған сияқты. Алматы әуежайына шабуылға 15 минуттай қалғанда оны күзетіп тұрған әскерлер тастап кеткені белгілі. Ал көшелерде тәртіп сақшыларының кенеттен өз орындарын тастап кете бастағаны анық болды. Яғни, шегіну. Егер жаттығуларда жасалған бастапқы іс-әрекет жоспары бұзылса, одан кейінгі әрекеттер түсініксіз болып қалады. Жауынгерлік құрамалар, яғни ұйымдасқан жүйе басқарылмайтын қарулы тобырға айналады.

– Шегінуге мұндай бұйрықты кім бере алды?

- Сөзсіз – арнайы қызметтер. Енді тиісті қорытынды шығарылады деп ойлаймын. Заң шығарушылардан бастап Ұлттық гвардия командирлері мен бастықтарына дейін. Тағы бір маңызды жайтты атап өткім келеді. Коменданттық сағат. Шын мәнінде, бұл анықтама әскерилерге жатады. Коменданттық сағаттың енгізілуімен барлық билік гарнизон комендантының(!) қолына өтуі керек. Ал комендант жоқ жерде гарнизон бастығы немесе әскери бөлімдердің бірінің тәжірибелі командирі қалада басшы болып тағайындалады. Полиция бөлімінің бастығы емес.


Караван жаңалықтары – https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

Related Articles

  • Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді. Құраманың Еуро-2024 додасына шығуға мүмкіндігі сақтаулы

    Руслан МЕДЕЛБЕК Қазақстан құрамасының ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Солтүстік Ирландияны жеңді. Астанадағы матчта жеңіс голын “Ақтөбе” шабуылшысы Максим Самородов салды. Қазақстанның келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі әлі де сақтаулы. Матчтың 27-минутында Абзал Бейсебековтің алаң ортасынан шығарған пасын Максим Самородов әдемі голға айналдыра білді. Максим қатты келген пасты аяғымен тоқтатты да, қарсылас қақпасының сол қапталына бағыттаған. Солтүстік Ирландия қақпашысы Бэйли Пикок-Фаррелл қолын созғанымен жетпеді. Доп қақпада. 30 мың жиналған стадион тулап сала берді. Гол авторы Максим Самородов (10-нөмерде) мен Қазақстан ойыншылары голды тойлап жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Осы голдан кейін Солтүстік Ирландия шабуылды

  • АҚШ украин сарбаздарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге рұқсат берді

    F-16 жойғыш ұшағы.         АҚШ президенті Джо Байден украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшағын басқарып үйретуге рұқсат берді. Бұл жөнінде Пентагонның баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх хабарлады. Оның айтуынша, Нидерланд және Дания оқыту жағына жауап беруі мүмкін. Пентагон өкілі бұдан өзге ақпарат бермеді. Шілде айында Politico журналы Дания мен Нидерланд бастаған 11 елден құралған коалиция украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге дайын екенін, алайда ол үшін ұшақты шығарушы ел АҚШ-тың ресми рұқсаты қажет екенін хабарлаған. Басылымның жазуынша, дегенмен 11 елдің ешқайсысы әзірге ол бағдарлама үшін ұшақ бөлмеген. Шілде айында Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби оқыту мерзімі, орны мен ұзақтығы әлі қарастырылып жатқанын айтқан. Өткен аптада Politico

  • Кокуй Байке. Оңтүстіктен соққан суық жел

    Айбар Олжаев Қырғызстан 2023 жылы ішкі жалпы өнімін бақандай 7%-ға арттыра алады. Бұл ресми Бішкек үшін тамаша жаңалық. Себебі, ол республикаға “орта табыс тұзағынан” шығып кетуге мүмкіндік берер еді. Экономикалық өсімі жылына 4 пайыздан аса алмай жүрген Қазақстан үшін 7 деген қасиетті сан – қол жетпес арман болып қала бермек. Бірақ Бішкек ненің есебінен экономикалық “чудо” жасап отыр? Оның жауабын жас бала да біледі. Қырғыздар Ресейге салынған санкция мен паралелльді импорт арқасында барынша табыс тауып қалуға тырысып бағуда. Әрі оларды ешкім тоқтата алар емес. “Қытай, Түркия, Дубайдан алып, Ресейге беру” схемасы өте қарапайым, сонымен қатар өте табысты. 2022 жылы Қырғызстанның ішкі жалпы өнімі 919 миллиард сомды құрады. Бұл 10,4 миллиард

  • “Ресей үстемдігіне соққы”. Қазақстан Каспийдегі әскери теңіз күштерін не үшін күшейтіп жатыр?

    Азаттық радиосы Қазақстан әскери-теңіз күштерінің кемесі. Қорғаныс министрлігінің Телеграм-арнасынан алынған.  Батыс басылымдары бұл аптада Түркия Қазақстанға Каспийдегі әскери теңіз флотын күшейтуге көмектесетінін жазып, бұл теңіздегі флотилиясы мықты Ресейдің үстемдігіне қалай әсер етеді деген сұраққа жауап іздеді. Сонымен қатар Қазақстан Батыстың жанама санкциялары мен оның ықтимал салдарынан қауіптеніп отырғанын талдады. Бұдан бөлек сыртқы державалар Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказды біртұтас географиялық аймақ ретінде қарастыра бастағанына назар аударды. ТҮРКИЯ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КАСПИЙДЕГІ ФЛОТЫН КҮШЕЙТУГЕ КӨМЕКТЕСПЕК Сарапшы Пол Гобл АҚШ-тағы Jamestown қорының сайтында Түркия Қазақстанға Каспийдегі әскери теңіз күштерін күшейтуге көмектесетінін жазды. Анкара мен Астананың жоспары Каспийдегі флотилиясы ең қуатты Ресейдің үстемдігіне қалай әсер етпек? Ресейдің Каспий флотилиясы көп жыл бойы теңіз айдынында үстемдік етті. Сондықтан

  • “Лукашенконың қалжыңы”. Тоқаев Ресей-Беларусь одағының Қазақстанға қажеті жоғын айтты

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенко. Ақорда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “ядролық қару да ортақ болу үшін” Қазақстанды Ресей мен Беларусьтің одағына қосылуға шақырған Александр Лукашенконың сөзіне байланысты пікірін жариялады. “Оның қалжыңын лайықты бағаладым. Менің ойымша, одаққа қажеттілік жоқ, өйткені өзге де интеграциялық құрылымдар, соның ішінде Еуразия экономика одағы бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге оның қажеті жоқ. Өйткені Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге және Ядролық сынаққа тыйым салу туралы келісімге қол қойғанбыз. Біз осы халықаралық құжаттар бойынша алған міндеттемелерімізге берік боп қала береміз”, – деді Тоқаев. Тоқаев бұл сөзді бүгін Солтүстік Қазақстан облысына барып, фермерлермен кездескен кезінде айтқан. Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей телеарнасының “Москва.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: