|  | 

Жаһан жаңалықтары

Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?

Израильге шабуыл жасалған сәт. 29 наурыз 2026 жыл.

Израильге шабуыл жасалған сәт. 29 наурыз 2026 жыл.

Соғыстың алғашқы күні Иран Израиль мен АҚШ-тың ракетаға қарсы жүйелерін қирату үшін жүздеген баллистикалық ракета жіберген. Көп ракета құлатылды. Ал қазір Иран ракета атуды азайтып, күніне ондаған ракета жібере бастады. Ашық дереккөздерге сүйенген әскери сарапшылар Иранның ракета атуы азайғанымен дәл тиюі жоғарылған дейді. Мұның себебіне үңіліп көрдік.

“АҚШ пен Израильдің соққылары Иранның ракета жіберу қондырғыларына айтарлықтай зиян келтіргені анық. Мұны атылатын ракеталардың азаюынан байқауға болады. Бірақ Иран ракеталарын үнемдеуге үшін кіші, бірақ маңызды деп шешкен нақты нысандарды дәл ата бастады” дейді Вашингтондағы Stimson Center сараптама институтының ғылым қызметкері Келли Грико.

Қазір Иран АҚШ-тың Таяу шығыстағы маңызды әскери нысандары мен радиолокация жүйелерін, АҚШ-тың одақтасы саналатын араб елдерінің мұнай-газ инфрақұрылымдарын, Израильдің өндірістің және энергетикалық нысандарын ата бастаған. Тегеран аз ракета атып негізгі әскери мақсаттарына (қақтығыс аумағын кеңейту, әлемдік экономикада тұрақсыздық тудыру, АҚШ пен оның одақтастарын шығынға ұшырату) жетіп жатқанға ұқсайды.

“РАКЕТАЛАРЫ АЗ ҚАЛДЫ”

26 наурызда АҚШ президенті Иранның “аз ракетасы қалды” деп мәлімдеген. Вашингтон соғыс басталғалыИранның ракета атуы 90 пайызға азайғанын айтады. Ал Израиль Иранның ракета қондырғыларының 70 пайызы қиратылды дейді.

Дегенмен Таяу Шығыста күнде әуе дабылы қағылып жатыр. Иранның ракеталарының атуын бақылап отырған әскери сарапшылардың есебінше, Иран күніне 20-30 зымыран атып жатыр. Бұған қоса, ауыр соққы жасайтын ондаған арзан дрондарды да жіберуге көшкен.

Ал Reuters агенттігінің ақпараты АҚШ пен Израильдің мәлімдемесіне қарама-қайшы. Агенттік 27 наурызда дереккөздеріне сілтеп, АҚШ Иранның ракета қорының үштен бірін ғана жойды деп жазды.

Женева халықаралық қатынастар институтының Иран бойынша сарапшысы Фарзан Сабеттің пайымдауынша, Иран “ракеталары мен дрондарының үлкен қорына инвестиция салып, оларды елдің қиын таулы аймақтарына жақсылап орналастырып, тыққан”.

“Трамп әкімшілігі мен Израиль Иранның ракета мен дрондарының шығынын үлкейтіп көрсетуі мүмкін. АҚШ пен Израиль Иранның ракета қоры мен зымыран ату қондырғыларының күшін дұрыс бағаламаса керек” дейді.

Батыс жағалау аймағына түскен ракета. 24 наурыз 2026 жыл.

Батыс жағалау аймағына түскен ракета. 24 наурыз 2026 жыл.

Иранның қысқа қашықтыққа ұшатын баллистикалық ракеталарының саны екі мыңнан сегіз мыңға дейін деп айтылады.

“Иран әскерилері істен шыққан ракеталар мен қондырғыларды тез жөндеуді үйреніп отыратынын білеміз. Демек олар АҚШ пен Израиль қираттық деген ракеталар мен қондырғыларды қалпына келтіре алады” дейді Сабет.

ИРАННЫҢ ДӘЛДІГІ

Сарапшылар Иранның ракета арсеналы азайса да дәл тигізу үлесі артып келе жатқанын айтады.

The Wall Street Journal газетінің жазуынша, Израиль ракетаға қарсы ең мықты жүйелерін іске қосқан.

Ал The Washington Post дерегінше, соғыс басталғалы АҚШ 850-ден аса “Томагавк” ракеталарын атқан. Америка жылына жүздеген “Томагавк” ракетасын шығарады.

Responsible Statecraft онлайн-журналы Иран әуе қорғанысының радарларына да соққы жасап, соның салдарынан АҚШ пен Израильдің қорғанысы әлсіреуі мүмкін деп жазады.

27 наурызда Иранның ракеталары мен дрондары “Сұлтан ханзада” әуе базасына ракета-дрондармен соққы жасап, кемі 12 америкалық әскери жараланған. Бензин құятын екі KC-135 ұшағы бүлінген.

21 наурызда Иранның ракеталары Израильдің Арад және Димон қалаларына жетіп, ондаған адам зардап шекті. Бұл қалаларды Израильдің ядролық зерттеу орталықтары мен реакторлары орналасқан.

Сарапшылардың сөзінше, Иранның дәлдігі осы қалпында қара бермек, ал тараптар бейбіт келісімне келмесе не соғыста үлкен өзгеріс болмаса Иранның бұл дәлдігі арта беруі де мүмкін.

Азаттық радиосының Таяу Шығыс бойынша тілшісі Фруд Бежанның мақаласы ағылшын тілінен ықшамдалып аударылды

Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: