ЗУҚА БАТЫРДЫҢ КİШİ КЕЛİНİ БАЯН АПАМЫЗДЫҢ ЖОҚТАУЫ (ЖЫРЫ)
Жыл: 1996. Зукаұлы Сауат Хажынын үйі. Стамбул. Жырды айтқан кісі Керей-Шақабай руынан Мәукеатаұлы Шамшерқан ақсақал, осы жыр туралы әңгімесінде былай айтқан: Бұл жырды Хажы Зуқа Батырдың Баян есімінде кіші келіні жоқтап айтқан кезде біз кішкентай балалармен ақын ағаларымыз үйдің төңірегінде тыңдап отырғамыз. Әнін де сөздерін де жаттап алғамыз. Kuddüs Çolpan Мейірбан ғазиз атам-ай,Не болар зарлап ботаң-ай. Мамыққа жатпас әтиім, Жерге де қайтып жатады-ай. Сол күні білсем әтиім, Қалар ем алып батаңды–ай. Өзгеден бұрын бір сәрі, Әтиім маған батады-ай. Әтиім өтті арманда, Бір атыспай қалғанда. Арманда емей немене, Бесатар берен тұрғанда. Тұрған үйде қырық мырыш, Жарқыраған сары қылыш. Қапыда басып қалың жау, Бір түнде болды тып-тыныш. Алдыңнан өтпес әтиім, İшіме