|  |  |  | 

Көз қарас Тұлғалар Әдеби әлем

Торғайдан ұшқан көк торғай

Аян -Сейітхан Нысаналин, ақын, жазушы

Торғайдан ұшқан көк торғайunnamed (4)

(Журналист- жазушы, ақын Жұмат Әнесұлы туралы эссе)

Қазақтың Ұлы даласының қай пұшпағы болса да қасиетті, қымбат маған. Бірақ, тұнып тұрған тарихы тарау тарау Торғай топырағын  қаршадайымнан  бір басуға құмартып,  көптен ойда жүр еді.

Ақыры, реті келіп, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») іссапарға жұмсады. Арқалық әуежайынан түсіп, Амангелді мен Жангелді аудандарын  армансыз аралап, сапар оңтүстікке қарай ойысты. Ойдым ойдым орман тоғай , қыр белеске ұласқан құмдауыт жазық басталып,төңірегі балхаш жасыл төбешіктерге толы ботакөз бұлақ бастаулар тынысты ашып, кеңейтіп жібергендей. Керімсал самал іштен тына күрсініп, жанға ерек рахат сыйлады.  Көз ұшындағы  көкжиекте бұлың бұлың бұлдыраған  жатаған жоталарға  қарадым. Қызыл шағыл шаңғыт жолдардан бұлтылдап пыр пырлай сары бауыр  бұлдырықтар ұшты.Көк кіндігіне қадалып қалғандай таң торғайы бозторғайлар безілдеп, тәтті әуен төкті. Аспан шайдай ашық. Күн жарқырап тұр.

Кеңшар басшысы:

-Қызбелді көріп отырсын деп, киіз үйдің есігін солай қаратып тіктірдім -деді келе жатып әзілдей. Ризашылығымды білдіріп, мырс еттім.

Ал, мен үшін жыр перісі Нұрхан Ахметбеков сиқырлы бір сұлу әлем, сұлу елес. Бала кезімде әне бір жылы Жетімтауға тұңғыш рет кино келді.  Дуалға керілген ақжайма жанданып, Амангелді арғымағымен ойқастап  өткенде бала қиялына қанат біткендей болып еді. Содан бері сағынышты сүйіспеншілікке айналған  аймақ бұл.

Сырағаң (Сырбай Мәуленов) пен Ғафаң (Ғафу Қайырбеков) өмір кешкен  өлке менің көкірегіме ән күй болып, күмбірлеп солай кіріп еді.  Мектепке алғаш барғаннан бастап, Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылығы» жатталып,

құлақта жез қоңыраудай сыңғырлап тұрғаны әлі. Оның қадіріне жеттік пе? Әлде…

Сөйтіп жүргенде Кеңшілік Мырзабеков пен Серік Тұрғынбеков кездесті.

Әріптестер ішінде үзеңгілес болуға жарайтын марқасқа жігіттер еді. Кеңшілік мәңгілік ғұмыр жырға айналып, бізге ауыр аманат арқалатып кетті.Осылай әрі сәрі күйде қалып, қамыққан сәтте Жұмат Әнесұлы жолығып, өлеусіреп өше бастаған  сағыныш оты қайта лаулады, әңгімесі  құлақ құрышын қандырды. Суретшілігінен сыр шертті, ақындық әлеміне сүңгітті. Сөз майын тамызып, құлақ құрышын қандырды. Онымен жиі жиі ханқамауда (шахмат)жан беріп, жан алысқан жекпе жек үстінде бірде жеңіп, бірде жеңіліп, уақытты сыныптай сырғытып өткізген кезіміз болды. Жансая Әбдімәліктің  Академиясы бізге еңселі есігін ашты.

Торғайда бірде облыс ортлығы болып, бірде жабылып, беймаза күй кешіп, қаңырап қалған. Алаш орданы туын тіккен Сарыарқаның дарбазасындай Семейде сөлекеттікке тап болып, тоз тозы шыққан шаңдары, сар даланың мұңды ақселеуінің басына қонғандай. Алтын мен мысты құшағына сыйғыза алмай жатқан Ұлы Ұлытаудағы Жезқазғанның түрі анау!unnamed (3)

Бетті күйдіріп, тура тіліп айтатын Ғ.Боқаштың «  миллион тұрғыны бар Стамбұл мен дәл сондай халқы бар Қазақ елін салыстыра айтқаны маған көп ой салды. Аяулы Алаш қайраткерлерінің ордасы болған Торғай жерінің орталығы болған Арқалық қаласынан аялы алақанымыздың жылуын аяғанымызды Алла кешіре ме?

Біз бірді айтып, бірге кеткелі отырған жоқпыз. Менің әріптесім Жұмат ӘНЕСҰЛЫ осы Торғайдың, Арқалықтың азаматы. Азамат дейтін себебіміз,кезінде  осы Торғай облысы жабылғаннан кейін, Торғай жерінің, Арқалық қаласының әлеуметтік жағдайы күрт төмендеп кеткенін республикалық басылымдарда баса  жазған тілді, журналист жазушы.

Қанатты пырақ мінген Ол  әр жанрға  әзiл сықақ,  жыр мен эссеге аялдап, қазық қағып,шабыт шаңқан бозына  бір жақты шідер салуға болмайтынын түсініп, тұлғатануда ғылымдық, танымдық  маңызды мақалалаларын  жариялап жүргені құптайтын жемісті жол. Әйтпесе, ол тарих тамырына терең көп үңіліп, зерделейді. Ағалары мен замандастарына келгенде шешен сөйлейді. Өз қолтаңбасы бар зерделі зерек, шеберлік шыңына көтеріліп, іңкәр ізденісін жалғастырып келе жатқан жазушы. Дарын дәнегіне дәніккен  оқырманның аз жылда «»Желтоқсаннан кейін», «Мақтанышы елімнің», «Езу тартар», «Ұлтына ғұмырын арнаған тұлға», «Күлдір дүлдір және сырлы мұң», «»Алаш туын көтергендер» атты кітаптармен қауышуы үлкен еңбекқорлықтың дәлелі.

Ж.Әнесұлы өзінің «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» атты  еңбегінде 1923-жылғы қаңтардағы «Еңбекші қазақ» үнжариясында шыққан  Сәкен Сейфуллиннің  « …Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде,қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлттық намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз ақ Ахмет еді…» дейтін парасаттыда, пайымды пікірін мысалға келтіре отырып, ұлы ұстаздың өнегелі өмірі мен шыңыраудан рухани қазына шығарған шығармашылығына кеңінен тоқталып өтеді. Оның Нұрмағанбет атасы туралы да топшылауы ден қойғызады « Балуан Шолақ ғадетінде зорлық зомбылық дегенді жақтырмаған, бірақ, елдің ашу ызасына шыдай алмай, отаршылардың әлімжеттік әрекеттеріне қарсы күресу ниеті пайда болады. Содан орыс казактарының жазасын беруді ойластырған. Бір күні көптеген арбамен шөп тиеп селоға апара жатқан казактармен кездесіп қалады. Сол жолы Балуан Шолақ бір өзі көп казакты ұрып соғып, қол аяқтарын байлап, солардың өрістегі сексен өгізін айдап кетіп қалады. ХХ-ғасырдың бас кезінде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы отаршылдыққа қарсы ашық саяси күресін бастаса, сол кезде Балуан Шолақ орыс қарашекпенділерінің жергілікті қазақтарға көрсетіп жүрген озбыр істеріне қарсы бұдан бұрын адам естімеген күшпен қайрат көрсетіп, қарашекпенділердің бетін бір уақыт қайтарып тастаған». Расында, Ж.Әнесұлының Балуан Шолақ туралы жазған осы хикаятында ұлт батырының, ақын композиторының айқын образы бар еді.

Жұмат Әнесұлының кезінде   С.Мұқановты, С.Мәуленовті, Ғ.Қайырбековті қарсы алып, сол кезде көңілге түйгендерін жазған естеліктері де көңілді қанаттандырып жіберетіндей деңгейде әдемі шыққан дүниелер. Ол қаламгер зертханасынан хабар бере отырып, тыныс тіршілігін де ұмытпай, еске сала кетеді.

Мәселен, осы кітапқа енген Жұмат Әнесұлының «Торғайға келген Сәбит Мұқанов» атты естелік хикаяитында Сәбеңнің өзінің бір әңгімесінде «Мөлдір махаббат» романына осы Қызбелде болған ғашықтық оқиғасы себеп болғанын айтады. Жұматтың  Сәбең туралы естелігінде мынандай жолдар бар:

«…Жазушы Сәбит Мұқанов  жылы  шыққан «Адасқандар» арқау болса, кейін жылы қайта өңделіп «Мөлдір махаббат» деп аталған осы романына негізінен Торғай елі деп аталған  ауылдың тумаларының  арасындағы махаббат  оқиғасы себеп болған. Шығармадағы кейіпкерлер Бәтес, Бүркіт, Мүсәпірдің  прототиптері тарихта болған қызбелдіктер Бәтима Мұқашқызы, Сұлтанбек Әбеуұлы, Мұстафа Көшекұлы. Яғни,  осы «Мөлдір махббат» романының басты кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Олардың жастық шақтары сол ауылда бірге өткен. Ер жете келе Бәтима мен Сұлтанбек бір біріне ғашық болған. Бірақ, бұлар туыстығы жағынан жақын болып, ағайындары қосылуға рұқсат бермепті. Сұлтанбек көрікті жігіт, әрі ақындығы болған екен. Оның жазғандары әлі қолда бар» деседі».

Жұматтың айтуынша Сәбит Мұқанов Сырбай Мәуленовтің мерей тойына бірге келгенде Қызбелге арнайы  соғыпты. Сонда Сәбең Қызбелдегі «Қыземшек» деген жерді көріп тұрып, Сәбең: «Апыр ай, ә! Кезінде роман жазып жүргенде бұл жерді бұрын көрмесемде, қолмен қойғандай -ақ суреттеген екенмін» деп өзіне өзі разы болған екен. (Жұматтың сол естеліктегі сөзі. Автор).

Жұмат Әнесұлының осы кітапта жыр тұлпары Сырбай Мәуленов туралы жазған естеліктері, танымдық мақалалары да бір төбе.Оның бәрін әрине бұл шағын мақалада тізіп жатпаймын. Дегенмен, сондағы Сырбай Мәуленов туралы мына бір жолдарды мысалға келтіре кетейін:

«…Бүкіл адамзатқа зардап шектірген алапат соғыс кезеңіне арналған өлең жырларды оқып отырып, толғанасың, күйінесің, күрсінесің.Сырбай Мәуленов поэзиясы соғыс құрбандарына мәңгі тұрғызылған ескерткіш тәрізді. Сырағаңның туындылары  сондықтан көздің ұясынан жаңа шығып,  жерге тамбай, қатып қалған көз жасының бір түйір тамшысы сияқты әсер қалдырады қашанда»… Тамаша пікір.

Күні кеше ғана құлын тайдай тебісіп, тел өсіп, өнер өлкесіне  еркін қанат қаққан  замандас туралы  тебірене толғаy оңай  шару емес.  Бұл әркімге азаматтық жүк артады. Кеңшілік -Жұмат егіздің сыңарындай болғандығы былайғы қаймана жұртқа қызық көрінетіндігі   рас.  «Ұлт ақыны атанған Кеңшілік», «Кеңшіліктің бала кезіндегі айтқан бір сөзі» атты Жұматтың біраз естеліктері мен хикаяттары республикалық басылымдар арқылы оқырмандарға жақсы таныс. Олардың барлығы дерлік Жұматтың кітаптарына енген.

«…Біздің балалық шағымыз бір ауылда, бір мектепте өтті. Осы күні Кеңшіліктен (Мырзабеков) естігенім мен көргенімді саралап отырсам,  оның әуелден арқалы ақын екенін, анадан туа бітті қанымен, жaнымен  ақын болып туғанын  байқауға болатын еді…» дейді Жұмат «Кеңшіліктің бала кезінде айтқан бір сөзі» атты эссе естелігінде. Одан әрі сол естелікте « …Ол оқуға ыждағатты болып еді деп айту қиын., бірақ, , құдайдың құдіретімен туғаннан ақын болып жаралған  жан өте сезімтал- тын. Сондықтан ес біле бастаған шағынан бастап ол көргендерін, естігендерін кинолента тәрізді  ми қабатына қабылдай берген, сіңіре білген, есінде сақтай берген, яғни, он сегізге толғанда  оның оқығанынан, жадына тоқығаны  көп еді…»деп жазылған онда . Жұмат Әнесұлы Кеңшілік Мырзабековтің шығармаларындағы бүгінде сирек қолданылатын әдеби сөздерді талдағанда да біраз әдебиеттанушылардың алдын ораған.

Жұмат Әнесұлының бүгінге дейін баспадан жеті кітабы басылып шықса, олардың ішіндегі танымдық мақалалардың біразы А.Байтұрсынов, С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков, Н.Ахметбеков, К.Мырзабеков тәрізді қазақ поэзиясындағы белгілі тұлғалардың өмірі мен шығармаларын зерделеуге арналған. Олар сонысымен құнды. Жұматтың сол жеті кітабының бірі «Жұматтың ғазелдері мен әзілдері» деп аталады.  Ондағы өзіндік айтар ойы бар, қысқа да, нұсқа өлең жырлары назар аударарлық дүниелер. Әсіресе, сондағы «Татыр мен Үрпек арасы» атты тарихи хикаятын ерекше атап өтуге болады. Онда сонау 16-жылғы Ұлт азаттық көтерілісінің тәп тәуір суреттері көз алдыңызға келеді. Сондықтан, өлең жырлары бірнеше кітапқа енген, елге тараған  Жұматтың ақындық қырына тоқталмасқа біздің арымыз да жібермес еді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, Жұмат өнерге кездейсоқ келген жоқ. «Сегіз қырлы, бір сырлы» жан кeудесі қазнаға толы қайраткер қаламгер.  Оның сурет саласының  қыр сырын меңгергені бір төбе.  Әдебиеттің айбынын асырып, айдынын жарқыратып ашуы  да ұзақ әңгіме арқауы. Оның көп төл кітабынан шабыт шуағы шашырайды.  Алған әсер мол, түйген тәлім зор. Құдай бұйыртса, Жұмат жүрек сөзін айта береді әлі. Әрқашан оқушыңды тосын тақырыппен назарын аударып, қуанта бер. Жазар көбейсін, Жұмат!

«Сарыарқаның желі қандай екпінді,

Сар қаңбақты домалатып барады.

Сарыарқаның қыздары қандай, текті үнді,

Сөздері өткір, өңменнен өтіп барады.

Сарыарқаның белдері қандай әдемі,

Жайлауға жол арқадан асып барады.

Ақбоз үйден шыққан жаңа бұраң бел,

Қиық көзбен жымиып маған қарады»

(«Жұматтың ғазелдері мен әзілдері» кітабынан)

деп жырлаған ақын орта жолда қалмас -ау!  Тағы бір арнап айтар сөз, ол Жұмат Әнесұлының тек шығармашылығымен ғана емес, мінезі де ешкімге ұқсамайтын жан. Әңгімесіне қарасаң, Жұмат көкте қалықтап жүрген адам тәрізді. Бұл мақала эссені «Торғайдан ұшқан көк торғай» атауымның да себебі сол.

 

Аян -Сейітхан НЫСАНАЛИН, ақын,жазушы,сыншы                                                                                                                                                            kerey.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: