|  |  | 

Тарих Тұлғалар

АЛАШОРДА- ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЗАҢДЫ БАСТАУЫ (ХХ- ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІГІНІҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ)

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ жазушы, тарихшы
Alash orda

«Абай.кз» порталында жарияланған журналист Б.Мүрсәлімнің
«Жарияланбаған автономия» атты мақаласы мен ғылым докторы
М.Қойгелдімен бірге шығарған «Алаш туы астында» атты деректі фильмі
білетін жұртқа біраз қайшылықтарға толы пікір туындатқандай. Мақаланы
оқып, деректі фильмді көрген жұртқа «Жер астынан жік шықты, екі құлағы
тік шықты» дегендей екі ұшты ой салады.
Біздің тарихшыларымыз әлі күнге дейін Тарих ғылымы саласында Кеңестік
идеология салып берген «жалғыз аяқ» жолмен келе жатқан тәрізді. Таяуда
«Абай.кз» порталында Сұлтан хан Аққұлының аталмыш фильм туралы
мақаласы жарияланған екен, мен Сұлтанханның пікіріне қосыламын. Және
соған орай өзімнің ХХ -ғасырдың бас кезіндегі Алаш қозғалысының, Алаш
партиясының, Алаш орда үкіметінің атқарған тарихи рөлі туралы толық айта
кеткенді жөн көрдім.
«ТАРИХ» дегеніміз белгілі бір даму үдерістерінің заңдылықтарына бағынатын
процесс. Даму процесстерінің арасын үзіп тастап, жаңа тарих жаза алмайсың.
Өйткені, жазып, не көрсеткелі отырған кезеңді сонау өткен ғасырда болған
тарихи оқиғалардың даму процесіне логикалы түрде жалғастыру міндеті
тұрады. Ғылым докторы М.Қойгелді мырза мен журналист Б.Мүрсәлім
«Алаш туы астында» деректі фильмінде бүгінгі Тәуелсіз мемлекетіміз бен

өткен ғасырдағы Алаш қозғалысы мен арадағы логикалық байланысты үзіп
тастаған екен.
Федеративті Ресей де өз тарихын қайта жазып жатыр. Оларда тіпті «Русь
кньяздері Батыйдан жеңілмеген, Алтын ордаға бағынбаған» дегенде
тарихшылар шығып жатыр. Олар не десе, о десін, бірақ, тарихы беріде ғана
жазыла бастаған қазақ, тура жолдан таймауымыз қажет ақ.
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, бұрынғы Ресей тарихына, «ревизия» жасап,
Коммунистік идеология негізінде «Кеңестер Одағы тарихын» қайта жазып
шыққан. Бұл тарихтың айтуы бойынша «Патшалық империяны құлатқан
большевиктер». Сол тарихта «большевитер партиясы РСДРП туралы көп
айтылады. Рас, ХХ- ғасырдың басында большевиктердің Ресейдің қалың
өндіріс орындарында өкілдері болды. Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде
армия қатарында да большевиктерден насихатшылар болған.
Сол кезде Ресей империясында экономикалық және саяси дағдарыс өз
биігіне жетті. Соны тиімді пайдалаған Кадеттер партиясы Ресей императоры
Николай II-нің тақтан бас тартуына мәжбүрледі. Яғни, Кеңес тұсында
жазылғандай патшаны тақтан құлатқан большевиктер емес, Кадеттер еді.
Сондай ақ, ҚЫСҚЫ САРАЙДЫ Уақытша үкіметтен тартып алғанда
большевиктер емес, Эсерлер партиясы мен меньшевиктер партиясы еді.
Кейін большевиктер партиясының көсемі эсерлер, меньшевиктер
арасындағы алауыздықты жақсы пайдаланып, Ресей империясы
территориясында Кеңестер Одағын құруды қолға алды.
Большевиктер биліктерін нығайтқаннан кейін, Ресей тарихын «КЕҢЕСТЕР
Одағы тарихы» деген атпен қайта жазып шықты.
40-жылдарға дейін бізде өзіміздің төл ғылыми тарихшыларымыз болған
жоқ. (Алаш қайраткерлерінің ішінде қазақтың үзік ұзік тарихын, шежірелерін
жазғандар болды) Қырқыншы жылдардан кейін, институттарда Тарих
ғылымының мамандары дайындала бастады. Соның еәтижесінде 1957-жылы
«Қазақстан тарихы» атты үш томдық академиялық тарих шықты. Содан кейін
мектептерге арналған тарих оқулықтары осы академиялық үш томдық
негізінде жазылды.

Мұны қадалып айтып отырған себебім, біздің бүгінгі тарих ғылымы
саласындағы мамандарымыз сол Кеңес идеологиясы салып кеткен «тар
жолдан» шығуға әлі мүмкіндігі болмай жатыр. Ол еркіндік болу үшін
мемлекет тарапынан ғалым тарихшыларға еркіндік берілуі қажет. Ал, ол
«еркіндік» тарих ғалымдарында жоқ.
Ғылым докторы М.Қойгелді мен журналист Б.Мүрсәлімнің мемлекетіміздің
Тәуелсіздігін 1991-жылдан бастауы содан болар деп ойлаймын.
Кеңестер Одағы тарихынан үлгі алып жүргендерге мынадай мысал келтіре
кетейін.
Большевиктер өздерінің тарихын 1917-жылы Қысқы Сарайды алуынан емес,
өздерінің төл партиясы РСДРП ның XIX- ғасырдың аяқ кезіне қарай қалвй
құрылғанынан, саяси қызметтерінің Ресейде қалай жұмыс істегенінен
бастайды. Яғни, коммунистер Тарих жазуда оның даму процестеріне маңыз
беріп,, яғни, патшалық империяны құлатып, «халықты теңдікке жеткізген
Кеңестер Одағын құруға марксизм ленинизм идеологиясы арқылы қол
жеткізілді» деген «теорияны дәлелдеген».
Әрине, бұл қазір о дұниеге кеткен қоғам, адам санасынан өшірілген
идеология. Дегенмен, біздің елімізде сол идеологияның салқыны бар.
Салқыны болмаса, «Тәуелсіз Қазақ Мемлекеті 1991-жылдан бұрын
болмаған» демес едік.
Әңгіме, журналист Б.Мүсілімнің «Қазақ автономиясы жарияланбаған» атты
мақаласынан туындап отыр.
Кез келген елдің тарихының алғы шарттары болады. Айтпағымыз, «Алаш»
партиясы мен «Алаш орда» үкіметі тақыр жерде жарияланған жоқ.
Осыдан екі жыл бұрын, («Алаш автономиясы жарияланбаған» деген
Б.Мүрсәлімнің мақаласынан бұрын қазақ порталдарында, «Президент және
халық» газетінде) жарияланған менің «Алаш туын көтергендер» атты көлемді
зерттеу мақаламды «Алаш қозғалысы мен «Алаш орда» үкіметінің
жариялануына дейінгі аралықта ОН ЖЫЛДЫҚ Алаш қозғалысынң тарихы
жатқанын айтып едім.
1905- жылғы Ресейдегі ақпан қантөгісінен кейін, қазақ зиялылары бірігіп,
Алаш қозғалысын бастаған болатын. Ол қозғалыс сол жылғы «Қарқаралы

петициясынан» басталады. Патшаның атына, Ішкі істер министріне, өлкелік
губерния бастығының атына жолданған петицияларға Қарқаралы, Семей
базарларына келген отыз мыңнан астам адамның қолдары қойылған еді.
Бұл дегеніңіз үлкен деңгейдегі Алаш қозғалысының бастауы болды. Бұл
Ресей Ішкі істер министрі Столыпиннің реформа жүргізіп, қара
шекпенділерді, орыс казактары мен шаруаларын қазақтың ең шұрайлы
жерлеріне орналастырып, тұрғылықты халықты жартылай шөлейт жерлерге
ығыстыра бастаған кез болатын. Алаш қайраткерлері сол аталған Петицияда
орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыруды тоқтатуды талап еткен . Сол
сияқты қазақ елі үшін ең маңызды мәселелердің бірі қазақ балалары үшін
мектептер ашу, сот ісін жөнге қою, жер мәселесімен айналысатын земство
ашу, мешіттерді қазақ мүфтиіне қарату тәрізді талаптарды қойды.
Осы уақыттан бастап, петицияны «жазды, ұйымдастырды» деген
қайраткерлердің артына жандармерия тыңшыларын салып қойды. Соның
салдарынан 1907-жылы Ахмет Байтұрсынұлы мен Жақып Ақпаев түрмеге
қамалды. Одан кейін А.Байтұрсынов 1909- жылы ұлтшылдық сөздері үшін
түрмеге тағы жабылып, мектеп директоры қызметінен босатылды.
Саяси қуғыннан көзі ашылмаған Алаш қозғалысының белсенді қайраткері,
ақын Міржақып Дулатов та түрмеге қамалды. Выборг жиынынан кейін
Самарада айдауда жүрген Әлихан Бөкейхановта тағы қатаң бақылауға
алынды.
1905-жылдан 1913-жылға дейінгі аралықта көзі ашық көптеген Алаш
қайраткерлері қазақтың көзін ашу, сауаттандыру мәселесін шындап қолға
алды. 1909- Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» атты кітабы, сол жылы
Ахмет Байтұрсыновтың «Мысалдар» атты кітабы Қазан баспасынан шығып,
қазақ жұортының санасын кәдімгідей жаңғыртты. А. Байтұрсыновтың одан
кейін баспадан шыққан "Қазақ әліпбиі" жалпы халықты сауаттандырудың
басы ғана емес, Қазақ Тіл ғылымының бастауы болды. Ел арасында Ахаңның
Төте әліппесін оқытатын молда, мұғалымдер пайда болып, сауаттанған
адамдардың саны едәуір өсті. Алаштың сол кездегі жас қайраткерлері
Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Жүсіпбек Аймауытов т.б. алаштық
қайраткерлер осы Ахаңның «Әліпбиімен» көз ашып, «Қазақ» газетінің
демімен рухтанғандар. Тіпті Кеңес өкіметіне қызмет еткен басшылар Сәкен
Сейфуллинге, Тұрар Рысқұловқа, Әліби Жангелдинге, жазушы Сәбит
Мұқановқа Ахаңның «Әліпбиі» мен шығармалары, ол редакторы болған

«Қазақ» газетінің көзқарастары мен өмірлік ұстанымдарына әсері болды»
десек, артық емес.
1913-жылдан бастап, қазақ елі арасына кең тарай бастаған «Қазақ» газетінің
және одан бұрын шыққан «Айқап» журналының ұлттық рухтың қалыптасуы
мен нығаюына зор үлес қасқанына ешкім дау айта алмас.
1913-жылдан 1919-жылға дейін үзбей шығып тұрған «Қазақ» газетінің қазақ
мәселесі туралы жазбаған тақырыбы қалған жоқ.
Жеке Ел болуды аңсаған, армандаған сол кездегі қазақтың зиялы
қайраткерлері осы "Қазақ" газеті арқылы ұлттың ұйысуына, рухының
көтерілуіне демеу болды.
1916-1917-жылдардағы бүкіл Ресейді, жарты әлемді қамтыған аласапыранда
қазақтың көзі ашық азаматтары, зиялылары осы "Қазақ" газетінің маңында
топтасты. Ал, одан сәл бұрынырақ, «Айқап» журналының бас редакторы
Мұхамеджан Сералин «қазақ партиясын құру» туралы ұсыныс жасаған
болатын. Бірақ, бұл ұсыныс қолдаушылар аз болғандықтан ба, кезінде жүзеге
аспай қалды.
Қалайда, Ресейдегі 1917-жылғы Ақпан революциясы Қазақ жерінде «Алаш»
партиясының құрылуына және «Алаш орда» үкіметінің жариялануына жол
ашты.
1917-жылы 21-26- шілдеде қазақ елінің көптен күткен бірінші
Жалпыхалықтық сиезі болды. Оған Орал, Семей, Торғай, Ақмола, Жетісу,
Сырдария, Ферғана облыстары мен Бөкей ордасынан өкілдер қатысқан еді.
Сиезде «Алаш» партиясының бағдарламасын жазу, Қазақ қырғыз
автономиясын құру тралы мәселелер қаралып, шешімдер қабылданған еді.
Соған орай Алаш укіметінің жоғарыда аталған облыстарына басшылық
жасайтын өкілдері сайланды.
«Алаш» партиясының бағдарламасы кейінірек жазылып, «Қазақ» газетінің
қараша айындағы нөмірінде жарияланған болатын.
Ресейдегі Уақытша үкімет пен большевиктер арасындағы күрестердің
күрделеніп, шиеленісіп кетуіне байланысты 1917-жылы 5-13-желтоқсанда
Орынборда Екінші жалпы қазақ сиезі шақырылды.
Осы сиезде «Алаш үкіметі» құрылып, ол Қазақ қырғыз үкіметі деп те аталған.

Сиезде Қазақ қырғыз автономиясының халықтық демократиялық ұстанымы
болатынын, елдіің әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етуді мақсат ететіне
жиында мақұлданған Конситуциялық жобада атап көрсетілген.
Сиезде әр облыста атқарушы жүйелер құрылып, милиция және халықтық
әскер құру туралы ұсыныс жасалып, ол істер бағытында кейін біршама
жұмыстар атқарылған. Үкімет төрағасы болып, көп дауыспен Әлихан
Бөкейханов сайланған.
Бір сөзбен айтқанда 1917-жылы өткен Жалпы халықтық екі сиезде
қабылданған ШЕШІМДЕР 1905-жылы басталған Алаш қозғалысының Қазақ
мемлекеті болуды мақсат тұтып, ұзақ уақыт бойы табан тіреп жұргізген
кұрестерінің НӘТИЖЕСІ еді.
Ал, сонда отарлаушы Ресей патшалығына қарсы он екі жылға созылған Алаш
қозғалысы мен соның нәтижесінде 1917-жылы құрылған АЛАШ партиясы
мен АЛАШ ОРДА үкіметінің құрылу тарихын ТАРИХТАН алып тастап, ұмытып,
Тәуелсіз «Қазақстан тарихы 1991- жылдан басталды» деп айту, не жазу
мұмкін бе?! Меніңше, қисынға келмейтін түйін.
Соған байланысты, түбінде Ресей патшалығынан бөлініп, Тәуелсіз мемлекет
құруды аңсаған Алаш қайраткерлері ұзақ жылдар ішінде өз қозғалыс,
күрестерін жоспарлы тұрде жүзеге асырып отырды.
Мәселен, мемлекет болу үшін, халықты жаппай сауаттандыру керек екенін,
сол үшін қазаққа өзінің төл ӘЛІПБИІ керек екенін ұғып, Ахмет Байтұрсынов
арап алфабиті негізінде барлығы 28 ғана ғаріптен тұратын Қазақ әліпбиін
ойлап шығарды. Осының нәтижесінде Төте әліпбиді оңай игерген қазақтың
саны 1917-жылы едәуір еді.
Екіншіден, А.Байтұрсынов үш салалы Қазақ грамматикасы ғылымдарының
негізін қалады,
Үшішіден, «Әдебиет теориясының» негізін салды.
Төртіншіден, Алаштың аса көрнекті қайраткерлері М.Дулатов, Ә.Бөкейханов,
М.Тынышпаев мектепке қажетті басқа пәндерді жазып, шығарды.
Бесіншіден, қазақ ауыз әдебиеті өкілдерінің шығармалары жинақтала
бастап, қазақ Жазба әдебиетінің (М.Әуезов, Б.Майлин, Ж.Аймауытов және
т.б.) негізі қаланды.

Алтыншыдан, қазақтың дәстүрлі өнерін жарыққа шығаруға Алаш
қайраткерлері көп күш қайрат жұмсады. Театрлық қойылымдар (Семейде)
қойылып, ән күйлердің ноталары түсіріле бастады.
Халықтың ұлттық мәдениет деңгейі мемлекттіктің негізгі діңгегі болатынын
Алаш қайраткерлері жақсы сезінді.
Аталған мәселелер мен көрсеткіштер сол кездің өзінде басқа Түркі елдерінің
арасында Қазақ Елінің беделін біршама биікке көтеріп еді. Сол кезде Орта
Азия халықтарының ішінде төл Төте Әліпби тек қазақ жұртында ғана болып
еді.
Айта берсек, Мемлекеттің Өзегін құрайтын басқа негізгі көп дүниелерді де
Алаш қайраткерлері сол аласапыран туған жылдарға дейін мақсатты түрде
жүзеге асырып еді.
Сонда дейім ау, тап бүгін, «жарық дүниеге жаңа келгендей болып», «Тәуелсіз
Қазақ мемлекеті 1991-жылы құрылған» деп, жас ұрпаққа ұғындырсақ, біз кім
боламыз!?
ХХ- ғасырдың бас кезінде Алаш қозғалысына бар өмірін, сарп етіп, қазақтың
келешек мемлекеттігі үшін күрескен Алаш қайраткерлерінің атқарған ҰЛЫ
істерін «көлеңкеде» қалдырып, бүгінгі күнімізді ғана айтсақ, , біз Кім
боламыз!?
Ал, осы күні айтылып, жазылып жүрген «Алаш үкіметі жарияланған жоқ»
деген дауға келетін болсақ, оның екі жақты қыры бар.
Біріншіден, Ақпан революциясынан кейін, билік басына келген Ресейдің
Уақытша үкіметі большевиктермен, меншевиктермен, эсерлермен алысып
жүргенде байтақ Қазақ жеріне билік жүргізуге мүмкіндігі болған жоқ.
1017-1919-жылдар ішінде қазақ жерінде әлденеше рет билік ауысты.
Бірі келіп, бірі кетіп жатты. Сондай ақ, Колчак құрған «Сібір үкіметі де» қазақ
жеріне нақты билік жүргізе алған жақ.
1917- шілде айында болған Бірінші жалпы қазақ сиезінен кейін, Алаш
партиясының, «Алаш үкіметіні» құрылғанынан хабардар ел Алаш
қайраткерлерінің аузына қарады. Солардың ұстанымын қолдады.

Бір сөзбен айтқанда 1919-жылы большевиктер Колчакты біржола Қытайға
қарай ығыстырып, жеңгеннен кейін ғана бұрынғы Ресей империясының
Астарханнан сонау Шығыс Алтайға дейн созылған бос, иесіз қалған кең
кеңістікке (пространствоға) назар аудара бастады.
Әңгіме өзегі ХХ- ғасырдың 1917-1920- жылдарында қазақ топырағындағы
тарихи оқиғалар туралы болғасын, 1917- жылдың аяғында құрылып, 1918-
жылдың бас кезінде большевиктердің қолымен жойылған Түркістан (Қоқан)
автономиясы бар болғаны екі ай шамасында өмір сүрді. Оның алғашқы
премьері М.Тынышпаев, кейін аз уақыт М.Шоқай болған. Түркістан (Қоқан)
автономиясын жойғаннан кейін іле шала большевиктер Тәшкенде Түркістан
Кеңестік Социалистік автономиялық республикасын жариялағанын айтпай
кетуге болмайды. Бұл автономия қазіргі Қазақстанның оңтүстігін, Жетісу мен
Сырдария, қазіргі Өзбекстанның территориясын қамтыған. 1918-жылы сәуір
айында құрылған ТАССР 1924-жылға дейін, яғни жаңа Қырғыз (қазақ)
автономиясы құрылғанға дейін өмір сүрген.
Жетісуда ТАССР ның құрылуына 1917-1918- оңтүстікте, яғни, Верный
(Алматы) мен Тәшкен жерінде большевиктер үстемдік алып, осы аймақтарда
ықпалы өте күшті болғанынан деп бағалаған жөн. Екіншіден, «Теңдік
әпереміз, жер бөліп береміз» деген социалдық үгіт насихатқа сенген
қазақтар да көп болды. Олардың қатарында ел арасында беделдері зор
қазақтың оқыған зиялылары да біршама еді.
Оңтүстікте большевиктер Түркістан Советтік Социалистік автономиялы
республикасын құрған кезде (30-сәуір) болшевиктердің негізгі кұші Ақтөбе.
Торғай, Қостанай, Ақмола аймақтарында Колчак армиясымен кескілескен
шайқастар жүргізіп жатқан. 1919- жылы большевиктер батыстағы күштерін
Колчакқа қарсы төгіп, ақыры олардың бір бөлегін Қытайға, екінші бөлегін
Владивостокқа дейін қуып, быт шытын шығарғаннан кейін, тыныс алған
Кремль басшылығы Алтайдан Астарханнан әрі созылып жатқан, Қазақ жеріне
билік орнатуды ойластыра бастады. Батыстағы, оңтүстіктегі, Шығыстағы
жауларын жеңіп, Ресей империясынан қалған әлемдегі ең үлкен
территорияның билігіне келген большевиктер, енді Ішкі саясатты жолға
қоюға шындап кірісті. Большевиктер көсемі В.Ленин «Ұлт істері»
комиссиясының төрағасы етіп. В.Сталинді тағайындаған еді.
Осындай жағдайда В.Ленин И.Сталинге Қазақ жерінде мемлекеттік басқару
жұйесін, тетігін қалыпқа келтіруді тапсырған. В.Сталин Қазақ қырғыз

мәселесі қозғалғанда әуелі Әліби Жангелдинді еске алғаны сөзсіз еді.
Онымен В,Сталин 1916-жылдан бері таныс еді. 1917-жылы Сталин
Ә.Жангелдинге Торғай өлкесіндегі көтерілісшілерге қару жарақ жеткізуді өз
қолымен тапсырған.
1919-жылы наурыз айының бас кезінде И. Сталин Торғайда жүрген
Ә.Жангелдинмен телеграф арқылы хабарласып, Қазақ автономиясы
жөніндегі мәселелерді шешуге Мәскеуге келуге бұйырды. Сондай ақ,
Жангелдинге Алаш партиясынан білікті кісілерді ертіп келуді қатаң
тапсырған. Өйткені, И.Сталин Кеңес өкіметімен келіссөз жүргізу үшін ел
арасында беделі бар бір ақ партияның бар екенінен хабардар еді. Сондықтан
Кремльде болатын автономия туралы келіссөзде Сталиннің Алаш
партиясынан өкілдер болуын талап етуінің осындай саяси АСТАРЫ бар еді.
Сонымен Кремльде болатын келіссөзге Ә.Жангелдин, А.Байтұрсынов
бастаған он бір өкіл жолға шыққан еді. Бұл 1919- жылдың 19-наурыз еді.
Ә.Жангелдин мен А.Байтұрсынов автономия мәселесі бойынша В.Лениннің,
И.Сталиннің жеке қабылдауында болған. Содан сәл уақыт өткеннен кейін,
Ахмет Байтұрсыновтың саяси талабы бойынша 4- сәуірде Кеңес үкіметінің
басшылары қол қойған «Алаш орда қайраткерлеріне «Кешірім жасау» туралы
Қаулысы жарияланды. Одан кейін автономия туралы үш айға созылған
кеңестерде жолығып жүрген. А.Байтұрсынов қазақ жеріне қарасты
территориялар мен оған қарасты облыстар жөнінде баяндама, одан кейін,
жергілікті басқару жүйесін демократияға сәйкес құру, мектептер ашу жөнінде
де баянадама жасаған. Большевиктер қазақ елінің алып территоряны алып
жатқанынан бұрында хабардар еді. Сондай ақ, олардың қолында патшалық
империя тұсында (1730-жылдан бері үздіксіз картаға түсіріліп келе жатқан
Қазақ жеінің шекаралары көрсетілген географиялық картада бар еді)
Большевиктерге тек Қазақ қырғыз автономиясына тиетін шекараны нақты
бекіту мен үкімет мүшелерін тағайындау қажет еді. Алдағы құрылатын
автономияға тиесілі территория жөнінде үш ай дау болып, Ә.Жангелдин мен
А.Байтұрсынов шілде айының аяғында елге оралды. И.Сталин
А.Байтұрсыновқа Қазақ жерінің территориясы туралы әлі алда талдау
болатынын ескертіп, автономия құрылымы туралы жоспар, аймақтардағы
облыс орталықтарын айқындау, халықтың санын мөлшермен анықтау,
мектеп және білім беру жүйелерін жіктеу тапсырылған еді.

Осы жерде, нақты дерек көзі ретінде тарихшы, академик Кеңес Нүрпейістің
жазбасын мысалға келтірсем, ол өзінің мақаласында « 1920- жылы шілде
күні В.Ленин «Қырғыз (қазақ. Автор) Өлкесін басқаратын революциялық
комитеттің Уақытша Ережесіне қол қойды. Казревкомның мүшелігіне
алғашында А.Байтұрсынов, С.Меңдешов, С.Пестковский (төраға) енгізіліп,
кейін оның құрамына Б.Қаратаев, М.Тұнғаншин, Б.Қаралдин, Т.Седелников,
Т.Әлібеков енді» делінген. Академик К.Нұрпейіс сондай ақ осы мақаласында
Аөмет Байтұрсыновтың «Қазақ АССР Еңбекшілер прволарының
Декларациясын дайындауға үлкен үлес қосты» деп баса көрсеткен. Соның
нәтижесінде 1920-жылы В.Ленин «Қазақ АССР і автономиясы үкіметін құру
туралы Қаулыға қол қойған.
Әуелгі Қырғыз (қазақ) автономиясының алғашқы құрылымында Қостанай
облысы мен Орынбор Ресейге қаратылған еді. Оған Ахмет Байтұрсынов
қарсылық білдіріп, В.Ленинге хат жазып,дәлелдегеннен кейін, Орынбор мен
Қостанай Қазақ автономиясына қайтарылған. Бірақ, 1925- жылы Кеңес
үкіметіның басшылығына И.Сталин келгеннен кейін, Қазақ автономиясының
атын өзгерту мен территориясы туралы мәселе қайта қаралып, Орынборды
РСФСР ға бағынышты қылды.
Сөз соңында бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан републикасы 1917-жылдан бастап,
мемлекет болып құрылудың мына төмендегідей бастапқы құрылымдарын
басынан өткерген еді:
1) 1917-жылы. Аоашорда үкіметі (ордасы Семей)
2) 1918-жылы. Түркістан Советтік Социалистік республикасы (орталығы
Тәшкен, қарамағына Жетісу Сырдария облыстары енген)
3) 1920-жылы. Қырғыз (қазақ) автономиялық республикасы (орталығы
Орынбор)
4) 1925- жылы.Қазақ автономиялық республикасы (орталығы Қызылорда)
5) 1936-жылы. Қазақ Советтік Социалистік республикасы («автономия» аты
алынып тасталып, басқалардың ішіндегі ең ірі территориялы республика
болды)
Аталмыш үкіметтер мен автономиялар РСФСР федерациясының
қарамағында болды. Солай десек те, осы тарихи даму үрдістері бұгінгі
Қазақстан республикасын Тәуелсіздікке қолын жеткізді

Шекара жерлерінде әр кезде өзгерістер болғанымен бүгінгі күні Қазақ Елі,
Қазақстан мемлекеті негізгі шекараларын сақтап қалғаны ұлт үшін үлкен
мақтаныш екенін баса айта кету керек.»Тәуелсіздік» деген ұғым бүгінде біз
үшін абстракциялық ұғым сияқты болып кетті.
Ал, ХХ-ғасырдағы АЛАШ ТАРИХЫ бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан тарихының заңды
жалғасы болып қала бермек.
Мемлекет болуымызды мақсат тұтқан, сол ұшін жандарын аямай күрескен
Алаш жолы, Алаш қозғалысы, Алаш партиясы мен Алаш орда тарихы қоғам
келешегі үшін, ұрпақ келешегі үшін әрқашан маңызды болмақ. ХХ- ғасырдың
басында қазақтың басынан өткен, болған Ұлы тарихи оқиғаларды аттап
кетпейтініміз, ұмытпасымыз хақ!

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, жазушы, тарихшы

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: