|  |  | 

Мәдениет Руханият

“Қош келдің, әз Наурыз”

54408525_127756978337200_8690308630542548992_nEl Amanaty” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 21.03.2019ж. “Қош келдің, әз Наурыз” атты береке-бірлікке, ауызбіршілікке шақыру мақсатындағы мерекелік іс шара Алматы қаласы, Алатау мейрамханасында күндізгі уақыт11:00~15:00 аралығында, бүкіл Қазақстанға танымал ұлт зиялылары-қабырғалы қаламгерлер мен қоғам қайраткерлері, саясаткерлердің, қоғамдық бірлестік өкілдерінің, қоғам белсенділерінің, өнерпаздардың қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
“El Amanaty” қоғамдық бірлестігі бұл мерекелік іс шараны Қытай қысымынан зардап шегіп отырған қандастарға араша түсудің ұтымды жолдарын ел ағаларының талқысына салу, бұл күндері бұл мәселе жөнінде жақ-жақ болып айтысып, бірін-бірі келсе-келмес қаралап, алтыбақан алауыз болып жүрген ағайындарды береке-бірлікке шақыру, сондай-ақ, осы уақытқа дейін “El Amanaty” қоғамдық бірлестігінің атқарған іс шараларын және алдағы жоспарларын халыққа таныстыру мақсатында өткізді.
Бірінші бөліп сөз алған ақ иық ақын, ұлт жанашыры осы әз науырызды халқымен қайта қауыштырған қайраткер ағамыз Мұхтар Шаханов кеңес кезінде әз наурызды 62 жыл ел өмірінен шеттетіп, мүлде тыйып тастағанын, оны өмірге қайта әкелу үшін өзінің қандай қадамдарға барғанын, ақыры халықтың қолдауымен қолданысқа енгізгенін ерекше тебіреніспен айта келіп, ұлттық, елдік мүдде аясында араз аштылықты қойып, қашанда шындық биігінен бірге табылып, береке бірлікпен жұмыла жұмыс жасауды аманаттады. Одан кейін қабырғалы қаламгер, Қазақ көшін бастаушы халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов ағамыз тәуелсіздік қадіріне жетіп, оны көздің қарашығындай қорғау керектігін айта келіп, қандастар мәселесін халық болып, билік болып мемілекеттік деңгейде көтеру керектігін айтып, дастарқанға ақ батасын берді.
Саясаткер ағаларымыздан Ырысбек Сәрсенбайұлы, Әміржан Қосанов қатарлы ағалармыз “El Amanaty” қоғамдық бірлестігінің тындырған істеріне алғыстарын айта келіп, өздерінің құнды ұсыныс пікірлерімен бөлісті.
Ақын, жазушы, ағаларымздан Жәркен Бөдешұлы, Жәди Шәкенұлы, Мұрат Шәймаранұлы ағаларымыз ақ жарма тілектерін жеткізсе, белгілі кино режиссері Еркін Рақышов ағамыз беркені ту ете отырып, ұлт мүддесі төңірегінде бөлінбей-жарылмай топтасу керектігін қадап айтты.
Бұрын “Атажұрт” еркітілерін алғаш құрушылардың бірі болған, бұл күндері Қытайтану институтының негізгі мүшесі, шипагерлік баянды зерттеуші Шаяқымет Қалиұлы ағамыз да бірлікті ту етпейінше ештеңе өндіруге болмайтынын баса дәріптей келіп, “El Amanaty” қоғамдық бірлестігінің жұмысын қашанда қолдайтынын айтты.
“Қайсар жүрек” желтоқсаншылар білестігінің Төрайымы Шара Бөлегенова бірнеше әріптестерімен қандастар мәселесінде қашанда қолдаушы екендіктерін жеткізді. Бұрын “Атажұрт” еркітілерінде еңбек еткен, бүгінгі таңда “Бауырмал” қорын құрушы жетекшілерінің бірі Жарқын Исақанда алғысты тілегін арнап, өз ойларымен бөлісті.
“El Amanaty” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ырысбек Тоқтасынұлы мерекелік іс шараға қатысқан қонақтарға бірлестік құрылғалы бері Қытайдан көшіп келген қандастардың оралман куәліктерінің уақыты өтіп кетуіне байланысты азаматтық ала алмай жүрген мәселесі мен Қытай төлқұжаттарының уақыты өтіп кеткен ағайындар мәселесін көтеріп бірнеше рет дөңгелек үстел, баспасөз мәслихатын өткізіп, арнаулы қарар қабылдап, зиялы қауым өкілдерінің қолын қойдырып, Сыртқы істер министірлгіне, Ішкі істер министірлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, Нұр отан партиясына, Премер министрге жолдағанын, “Отандастар” қорының ұйымдастыруымен республикалық деңгейде өткізілген дөңгелек үстелде бұл мәселелерді бүге-шігесіне дейін жеткізіп, оңтайлы шешудің құнды ұсыныстарын ортаға салғанын, соның нәтижесінде елге оралған қандастардың құжаттық мәселелерінің толық шешім тапқанын шүйіншілей жеткізді. Сондай ақ, Қытайда туыстары саяси үйрену лагерінде қамауда отырған, төлқұжаттары жиналып алынып қайта алмай отырған, зейнет ақысы тоқтатылған қандастардың арыздары мен толық тізімдіктерін Сыртқы істер министрлігіне өткізгендігін, сонымен бірге қиыншылығы бар отбасыларға көмек көрсетіп, қайырымдылық іс-шараларын да қоса жүргізгендігін,
алдағы уақытта бірлестігіміз осы мәселелер бойынша жұмысын онан ары жалғастыра беретіндігін және барлық қандастардың берке-бірлікпен жұмыла жұмыс жасау керектігін қадап айтты.
Сонымен “El Amanaty” қоғамдық бірлестігі өткізген араз-ашты болып жүрген ағайындарды береке-бірлікке шақыру шарасы зиялы ағаларымыздың қолдауымен өте жоғары деңгейде өтті.

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: