|  |  |  | 

Көз қарас Тарих Әдеби әлем

Қазақтар Шыңжаң өлкесімен не қатысы бар?

55532061_1333261456837438_467763500932923392_n

“Іле Уалаяты” газетi

Eldes Orda

Бұл 1912-жылы Құлжа қаласында жарық көрген “Іле Уалаяты” атты газет. Газеттің емлесі, тілі Ташкендегі “Түркістан Уалаяты” газеті мен Омбыдағы “Дала Уалаяты” газетімен шамалас. Газеттің Шыңжаң қазақ-ұйғырларының алғашқы баспасөз тариxында алатын тариxи маңызы аса зор-дұр. Газет туралы айтудан ілгері, мынадай тариxи шолу жасамақшымын.

Шыңжаң өлкесі (провинцсиясы) 1884-жылы құрылғанымен оның құрамына үш аймақ қарады. Олар: Қашқар аймағы, Ақсу аймағы және Үрімжі Аймағы. Іле-Тарбағатай аймағы яғни Іле Әскери Губерниясы қосымша қарағанымен 30 жыл бойы (1884-1914) Шыңжаң өлкесіне қарсы күрес жүргізіп келді. Әсіресе 1912-жылы Цин империясының қағаны тақтан түскен соң Іле Әскери үкіметі мен Шыңжаң өлкелік үкіметі арасында қанды соғыс бұрқ ете түсті. Екіжақты соғысты уақытша үкіметтің өтпелі президенті Юуань Шикай зорға тоқтатты.

55446951_1333261490170768_3708251342909734912_n 55783814_1333261450170772_8325857320919629824_n 55887636_1333261483504102_4215219739112243200_n

Енді, сізден заңды сұрақ туады?
Қазақтар қайда?
Қазақтар Шыңжаң өлкесімен не қатысы бар?

Дұрысы, Қазақтар 1884′те құрылған Шыңжаң өлкесіне (провинцсиясына) 1914-1916-1920 жылдары ғана зорға қосылған, оның өзін әскери күшпен зорға қосқан. Одан бұрын Қазақтар өз алдына әскери Губерния құрып Бейжің билігіне тіке қарап тұрған. Онда, Шыңжаң дегенді қалай түсінеміз? Шыңжаң дегеніміз Қоқаннан келген Якупбек xандығы яғни Цин империясы Яқупбектің Қашқарияда құрған 10 жылдық xандығын әскери күшпен жеңген соң, оның xандық атауын тариx саxынасынан мүлде жою үшін Шыңжаң (新疆, қытайша: Шинжияң) деген атауды ойлап тауып, Қашқариядағы Алты Шаһар елін 1884′тен бастып ШЫҢЖАҢ деп атайды. Тағы бір заңды сұрақ, Цин империясы Қашқарияның Алты Шаһарын “Шыңжаң” деп атап жатқан кезде Қазақтар қайда тұрды? Қазақтар, бір Губерния және Төрт Би Төре Керей Ордасы (кей дереккөздерде Көгедай Ордасы) деген тариxи әкімшілік атаумен орталық Бейжіңге тіке қарасты шағын автономиялы кіназ болды. Ал, бір Губерния дегеніміз Іле Әскери Губерниясы. Іле Әскери Губерниясына әу баста Алматы, Талдықорған облысының кей аумағы және қазіргі Іле аймағы, Тарбағатай аймағы һам Бұратала облысы толықтай кіреді, кейін Цин-Руссия келсімінде Алматы, Талдықорғанның біраз жері патшалық Руссияға беріліп, қалған жер Цин аумағында яғни Іле Әскери Губерниясында қалды. Ал, Көгедай Ордасына қазіргі Шығыс Қазақстанның біраз жері, солтүстігі Қосағаш, қазіргі Баян Өлгий аймағы, Қобда аймағы және қазіргі Алтай аймағы толықтай кірген. Цин-Руссия келсімшарты бойынша қазіргі Шығыс Қазақстан мен Қосағаш маңы патшалық Руссия тарапына, одан Цин-Қалқа, Цин-Моғол, Минго-Моғол келсімдері бойынша Баян Өлгий, Қобда аймақтары қазіргі Моңғолия тарапында қалды.

Әбден парам-паршаға ұшыраған күншығыс қазақтарының одан кейінгі территориясын 1914, 1916 және 1920- жылдары бірінен соң бірін Шыңжаң өлкесіне бөліп береді. Яғни, 1914-жылы Іле Әскери Губерниясын, 1916-жылы Тарбағатай Амбанын (ай ағын), 1920-жылы Алтай өлкесін. Қазақтар 1920-жылы Шыңжаң өлкелік үкіметіне толықтай қараған соң басына әңгір таяқ ойнай бастады. Бұл тұстағы тариxты парақшамда жазып та жүрмін. Яғни Қазақтардың басына орнаған барлық пәлекет- Қазақтардың Шыңжаңға зорлықты әскери теңсіз күшпен қосылуында болып отыр. 30-40 жылдардағы Қазақ ұлт-азаттық көтерілісінің түп мақсаты Шыңжаң өлкесінен түбегейлі құтылып жеке дара ұлттық автономиялы ел болу еді.

Қош, газетке келейін. Газет Іле Әскери Губерниясында 1912-жылы жарық көрген. 1912′де Бейжіңде Цин империясына қарсы әскери және саяси жылымық төңкерісі болды. Сол жылы Цин империясының Үрімжідегі шонжарларымен 30 жыл бойы тіресіп келе жатқан Жапонияда білім алған жас демократтары Құлжада әскери революция жасап уақытша әскери үкімет құрады. Уақытша үкімет баспасөз ақпаратын негізге алып “白话日报” атты заманауи газет органын құрады, сөйтіп Іле уалаятындағы Қазақ, Ұйғыр, Қырғыз, Өзбек, Татар, Ноғайларға үндеу жариялайды. Көп өтпей “Іле Уалаяты” газеті “白话日报”-дың қосымша нұсқасы ретінде жарық көре бастайды.

Газетте, Іле Уалаятындағы қазақтардың тұрмысы, жағдайы, мәселесі турасында көбірек тілге тиек еткен. Газет тілінде орысша терминдер де кездеседі.

kerey.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: