|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

Керей мен Керейттер қалай бөлінді?

Көне түркі тілінде «-т» қосымшасы «-лар», «-лер» деген мағынада жұмсалған. Демек,   «Керейт» — «Керейлер» деген сөз. Осының өзі-ақ Керейлер мен Керейттердің тарихи тамырларының ортақ екендігін аңғартады.

12 ғасырдың аяғында Керейлер (Керейттер) монғолдарға қарсы күресіп, олардан жеңілді. Керейлердің бір бөлігі Шыңғыс ханға бағынғысы келмей, Дешті Қыпшақ даласына ауып барып, Жошы ұлысына кірді де, кейіннен Батый ханның Шығыс Еуропаға жасаған жорықтарына қатысты. Өзбек хандығы тұсында Мұхаммед Шайбанидың Орта Азияны жаулап алуына атсалысты. Олар өздерінің ежелгі атын (Керейт) сақтап қалды. Кейін Кіші жүздің құрамына «Керейт» деген атпен кірді.

Керейттердің (Керейлердің) енді бір үлкен тобы «Керей» деген атпен Орта жүзге қосылды. Осы айтылғандар, Қазақстанның батысындағы, Арал теңізі бойындағы Керейттер Шыңғыс ханның Керейлерге жасаған 1203 жылғы жорығынан кейін батысқа бөлініп көшкендер деп жүргендердің пікірінің шындыққа жақын келетінін байқатады.

Ғалымдардың күні бүгінге дейін басын қатырып келген тағы бір мəселесі, «Керейлер монғолтілдес болған ба, жоқ əлде түркітідес пе» деген сауалға жауап іздеу. Айта кеткен жөн, оларды түркітілдестерге жатқызатындар арасында Рашид-ад-Дин, Əбілғазы, Н.А.Аристов, Х.Ховорс, Н.Потанин, М.Тынышбаев, Ə.Марғұлан, С.Аманжолов, М.Мұқанов, С.Козин тəрізді кісілер  бар болса, ал оларды монғолтілдестер деп ойлайтындар арасында В.Бартольд, Б.Владимирцев, С.Киселев, Н.Поппе, Г.Санжеев, В.Трепавлов тəрізді ғалымдар бар. Егер аңдап қарар болсақ, алғашқы топты құраушыларды негізінен ежелгі түркілердің жəне кейінгі қазақтардың дəстүрлі деректерінен, рулық шежірелерінен біршама немесе жақсы хабардар зерттеушілер құрайтынын байқай аламыз. Ал екінші топтағылар — керісінше, дəстүрлі деректерден алшақ тұрғандар. Осының өзінен-ақ өмір шындығы кімге жақын екендігі аңғарта түседі.

Рашид-ад-Дин ертедегі Керейлер қауымының сегіз тайпадан тұрғанын хабарлайды да, оларды келесі реттік тəртіппен орналастырады: «керейт, жарқын, қоңқайт, сақайт, тумаут, албат, харашін, хиркүн». Керейттер осы құрылған қауымда үстемдік жүргізуші тайпа болған. Елді басқарып отырған хандардың əулеті солардан шыққан. Мемлекет те сол əулеттің атымен аталған [3; 24].

Рашид-ад-Дин Керейттердің жайлау-қыстауларының Онон, Керулен, Бұрхан-Халдун, Қалайыр, Селенга, Баргуджин-Тоқум тəрізді өзендер мен көлдер бойларында орналасқандарын атап көрсетеді. Бұл жерлерде монғолтілдестер де көшіп-қонып жүрген. Егер де Керейттер о бастан-ақ монғолтілдес болса, онда олар осындай ақуалда бірден-ақ монғолдарға айналып кетулері керек еді. Алайда олай бола қоймады. Оның себебі Керейттер түркітілдестер ұрпақтары болатын [2; 4]. Белгілі шығыс зерттеушісі Грумм-Гржимайло Керейлер IX ғасырдан бастап тарихқа əйгілі болған десе, Н.Аристов X ғасырда Керейлердің жан саны 900 мың адамға жеткен дейді [1; 159].

Н.Аристов Хайду хан (Үгедейдің немересі) əскерінің дені Керейлер мен Наймандардан тұрғанын айтады (1270–1301). Керейлер бұл кезде Қара Ертістің жоғары ағысында тұратын. Темір жорықтары кезінде (1370–1400) Керейлер Қара Ертістен Алакөлге дейін жəне Ерен-Қабырға тауларын мекендегенін білеміз. Жоңғарлардың күшеюі 1399–1400 жылдарда басталғаны мəлім. Моғолстан ханы Уəйіс (1408–1428) жоңғарлармен 61 рет шайқасып, тек бір рет қана жеңіске жетті. 1420–1430 жылдары жоңғарлар қазіргі Лепсі уезінің жерін басып, Керейлерді жан-жаққа бытыратып жібереді.

Керейлердің бұдан кейінгі тағдыры Арғындарға ұқсас. Олардың Ашамайлы руы Барақтың Ташкент пен Ходжентке қарсы жорығына (1420 ж.) қатысты. 1723 жылы Керейлер  (Арғындар сияқты) басқаларға қарағанда аз шығынға ұшырады [4; 20–21].

Шежіре қазақ ішіндегі Керейлерді Бозанжар биден (Ақсақал) таратады. Одан Ойық, Тілік деген екі тармақ өсіп-өнеді. Ойық тармағы Уақ ішіне өтіп кетеді. Тілік тармағынан Жаншаулы, Құлдаулы, Саужайлы деген үш ата шығады. Саужайлы атасы Кіші жүздегі Керейттерге қосылады. Құлдаулыдан Тоқымбет, оның лақап   аты «Арбалы». Бұлар Ашамайлыға қосылып кетеді. Жаншаулыдан — Ашамайлы, Шөмішті, Ерші. Ашамайлының ұраны — «Шибай». Таңбасы — «Ашамай» 

Этнограф-жазушы Ақселеу Сейдімбек «Абақ Ана жəне Керейлер» жайлы келесідей деректер келтіреді: «Абақ Ұлы жүз Үйсін ішіндегі Сарымырза деген кісінің қызы екен. Керейдің немересі Дана бидің баласына Абақ тұрмысқа шығады. Шымыр атты бір бала дүниеге келген соң, Абақтың күйеуі қайтыс болыпты. Жесір қалған Абаққа сол кездің əмеңгерлік жолымен Уақтың немерелері  сөз салады. Алайда сөз салғандарға Абақ жолын беріп, Керейдің шаңырағын құлатпай, түтінін түтетіп отыратындығын айтады. Осыдан кейін Уақ ұрпақтары Абақты шетқақпайлап, қағажу көрсете бастайды. Содан, əбден шыдамы таусылған, Абақ төркініне көшіп кетеді. Төркіні Абақты құшақ жая қарсы алып, əлпештеп ұстайды. Əсіресе жиені Шымырды Ұлы жүз елі еркелетіп, бетінен қақпай өсіреді. Бұл кезде тоқтасқан Сарымырза қарт Шымырға алабөтен бауыр басып, ел ішіндегі тойларда, бас қосуларда жанынан қалдырмай өзімен бірге алып жүреді. Мұндайда Сарымырзаның ықыласы түскен балаға сырт көздің де назары ауып: «Бұл қай балаңыз?» — деп сұраса, Сарымырза: «Менің Ашамайлы Керейім ғой», — деп жауап беретін көрінеді. Шымыр нағашысынан жақсы тəрбие алып, ел аузына ілінген азамат болып, ұрпағы өсіп-өнген бір арыс елге айналған. Алайда «Шымыр» аты ұмыт болып, нағашысы Сарымырзаның  дуалы аузымен айтылған сөзді былайғы жұрт та қайталап, «Ашамайлы Керей» деп атап кетіп еді дейді. Сөйтіп, одан тараған кейінгі ұрпақтары да «Ашамайлы Керей» атанып кетеді.

Абақ бəйбіше бетіне қарап отырған жалғыз баласы Шымырды жас кезінде оқу оқытып, білім беруді арман етеді. Сол кезде Үйсін елінде арғы тегі не түрік, не өзбек Нəзір деген молда болған екен. Абақ бəйбіше баласы Шымырды қолынан жетелеп Нəзірге алып келеді.  Нəзір  молда мəн-жайды сұрап алған соң былай дейді: «Ислам дінінің шариғаты бойынша жас əйелдің некесіз жүруіне болмайды, міндетті түрде некелесуі керек. Күйеуі жоқ некесіз отырған жас əйелдің қолынан тамақ ішу де харам. Тіптен, ондай əйел су алған бұлақтың етегінде отырған елдің сол бұлақ суымен дəрет алуына да болмайды, дəреті бұзылады. Сондықтан біреумен некелесуің керек, сонсоң ғана балаңды Құдай жолымен тəрбиелеуге болады».

Нəзір  молданың  мұндай  пəтуасынан  кейін  Абақ  ана  əрі  ойланып,  бері  ойланып  келеді   де: «Молдеке, мен мынандай бір ойға келдім. Мен төркін жұртымда отырмын, сөз салатын əмеңгерімнің жоқ екенін білесіз. Сондықтан перзентімнің болашағы үшін өзіңіздің етегіңізден ұстасам ба деген ойға келдім. Алайда бір шартым бар, Сізбен некелескен соң тапқан ұрпақты «Керей» деп атауға мақұл болсаңыз ғана, некелік парызыма тоқтаймын», — деген тілегін білдіреді. Абақ ананың бұл тілегін Нəзір молда қабыл алып, некелеседі.

Абақ пен Нəзірдің арасынан туған бала «Керей» деп аталады. Кейбір шежіре дерегінде Керейдің өңі қара болған соң, оны Қарақожа (Құттықожа) деп те атаушы еді дейді. Ержете келе Керейдің қадірі артып, төңірегі Қара би деп атап еді деген де сөз бар.Міне, осы Керейден (Құттықожадан, Карақожадан) — Майқы туады. Бұл Шыңғыс хан заманындағы Майқы би емес. Майқының кейінгі ұрпақтарынан он екі ата Абақ Керейлер тарап еді дейді»

Қазақ шежіресіндегі Абақ Керей мен Ашамайлы Керей аттарының шығу тегін тергеген тұстарына үңілсек, Абақты Керейдің Ақылбай атты ұрпағының бəйбішесінің аты еді деген түсіндірмеге жолығамыз. Оның есімі əуелі Аппақ екен, келе-келе Абаққа айналған. Қазір «12 ата Абақ» деп жүрген бірлестік əу баста сол Абақ бəйбішенің өзі тəрбиелеген он екі немересінен өрбіген делінеді. Ал Ашамайлының əуелгі аты Ғали екен (енді бір шежіреде Ақберді), əкесі  ашамайға мінгізіп барып келіншек алып бергендіктен, Ашамайлы атаныпты делінеді.

Р.С.Кареновтың “Керей тайпасының этникалық шығу тегі жəне шежіресі” атты мақаласынан алынды.

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: