|  |  | 

Руханият Әдеби әлем

Абайдың Мәшһүр Жүсіпке қойған сұрағы

abai
Тобықтының еліне сапарлап шыққан Мәшһүр Жүсіп бірер кісімен ақынның үйіне кіріп келгенде Абай оған әлденеше тосын сауал қойып:
- Ақымақ басқа адырайып көз бітеді, дуалы ауызға сылдырлаған сөз бітеді. Келбетсіз емес екенсің. Айтшы, құдай қайда? Жұмақ пен тозақ қайда? – депті.
Сонда Мәшһүр іркілместен:
- Абайдың құдайы қайда екенін білмеймін. Менің құдайым, міне, жүрегімде тұр. Жұмақ пен тозақ әркімнің өз үйінде, қатының ақылды болса – жұмақ, ақымақ болса – тозақ, – деген екен.
Абай сонда: «Мәшһүрім, десе дегендей екенсің, төрге шық» – деп құрмет көрсетіпті.
***
Ақ неке
Ұрпақ! Перзент! Жан біткеннің көкірегін әп-сәтте ізгі сезімге, мақтанышқа, қуанышқа толтыратын қайран жалғыз ауыз қасиетті сөз! Сенің атың да, затың да мәңгілік. Бабаларың, аталарың, әкелерің әспеттеген, сен де күні-түні ойыңнан шығара алмайтын қастерлі ұғым. Қай дәуірде де адам өзінен бұрын сені ойлаған келер ұрпақ!
Біз – қазақ бүгінде өз ұрпағының қамын бұрынғыдан сан есе артық ойлауға тиіс кезеңде тұрмыз. Қазақстан тәуелсіз ел болды. Бірнеше ғасырдан бері тұңғыш рет өз мұңын өзі мұңдауға, өз жоғын өзі жоқтауға тарихи мүмкіндік алды. Сол ойлауға, жоқтауға, күйттеуге тиісті ұлттық, халықтық міндетіміздің ең бастысы – тәуелсіз елдің болашақ азаматын қалыптастырып – өсіру.
Бала – ата-ана қолындағы Алла тағаланың берген аманаты. Аманатқа қиянат жасамайық,
дұрыс тәрбие берейік.
Мекке менен Мәдина жолдың ұшы,
Алыс сапар дейді ғой барған кісі.
Ата менен Анаңды құрметтесең,
Мекке болып табылар үйдің іші.
(Шал Құлекеұлы)
Алла тағала пайғамбарлар арқылы хабар жіберген: «Туған әке-шешең – жер бетіндегі құдайың. Әке-шешеңді қуантсаң мен де қуанамын. Ренжітсең, мен де ренжимін. Менің қандай екенімді әке-шешеңнің қас-қабағына қарап білесің». «Әке-шешеміз қайтыс болған жағдайда қалай білеміз». «Онда әке-шешеңнің орнында бауырларың, туған-туыстарың, қала берді халық болады, соларға адал қызмет ет. Солар қалай бағаласа, менің де солай бағалағаным».
Бұл әңгімеде қанша даналық жатыр. Алла тағала сүйіспеншілігіне бөленудің бірден-бір көзі ата-ананың алғысын алуда екен. Бауырларына, туған-туыстарына, халқына қызмет етудің одан кем түспейтіндігі және көрініп тұр. Мұны, бүкіл адамзат баласы ұғынса, қандай ғанибет.
Ата-ананың ұлықтылығын мына әңгімеден де байқауға болады. Екінің бірі Меккеге қажылыққа бара алмайтыны белгілі. Әр мұсылман, егер ата-анасы қайтыс болса, қажылыққа баратын айда ата-анасының басына зират етіп, дұға оқып қайтса, үйіне келгеннен кейін құрбандық берсе, о дүниеде қажылыққа барған сияқты есептеледі. Мен қажылыққа бара алмадым деп армандамауына болады. Бұдан Алла тағала кеңшілгі өте үлкен екенін білеміз: «Мен пайғамбар болсам да, әр мұсылманның ата-анасы сол мұсылманның өзіне менен ұлық» деген Мұхаммед Мұстафа. «Егер менің бейітімде біреудің ата-анасы жерленсе, келген кісі ең алдымен ата-анасына баруы міндетті. Егер ата-анасына бармай, алдымен маған келсе, зиратын (дұғасын) қабыл алмаймын», – деген.
Кісінің бойынан шыққан толқын – шарапат (кесапат) сол кісінің отырған орнында, басқан ізінде сақталады, ауаға да тарайды. Толқын жиілігіне байланысты шарапатты – нұр (ақ толқын), ал, кесапатты – шайтанның шалығы (қара толқын) деп аталған. Ізді басқанда жерде сақталатын толқын кері шарпып бойға дариды. Ал, толқынның сақталу мерзімі қысқа, бір тәулікке дейін ғана. Халық көп жиналған жерлерде жағымсыз әсер ететін толқындар болады. Бұл туралы пайғамбарымыз (ғ.а.с.): «Ең нашар жерлер базарлар мен жолдар, ең жақсысы – мешіттер» – деген /22. 502 –хадис/.
Мысалы, адам құлап, қол-аяғын, тізесін, маңдайын басқа да жерін ауыртып алған болса, сол жерде шұқтап жібереді. Ауырған жерін сипалап, «шық-шық» деп үш рет қайталау қажет, оны шұқтау дейді, Яғни, жаман кесапат толқынды мезгілінде шығарып тастайды. Уақытында шұқтамаса, жаман толқын ішке кіріп, жылдар өткенде адам ауруға шалдығуы мүмкін. (Ә.Е.)
Толқын әсерінің енді бір көрінісі халық тәжірибесіндегі нәрестенің кіндігін кесу тәжірибесінде сақталған. Әрбір адамның мінез-құлқы кіндік шешесіне тартатындығы өмірде дәлелденген ақиқат. Неліктен бұлай? Бұрынғы кезде аяғы ауыр әйелдің босанар мезгілін асыға күтетін адамның бірі кіндек шеше. Кіндік шеше болу кім көрінгенге берілмейді. Жаны таза, ақ көңіл, мейірбан, яғни, шапағаты мол адам таңдап алынады да оған арнайы ертерек ескертіледі Адамның бойынан тарайтын толқын әркімде әртүрлі деңгейде болады. Жарық дүниеге келген нәрестенің бойындағы толқын нәрестенің денесіне (кіндігіне) алғаш қолы тиген кіндік шешенің бойындағы толқын нәрестеге өтеді. Кіндік шешенің бұл сәтте ерекше сезімде болатындығы түсінікті. Яғни, толқын қуаты қалыпты жағдайдағыдан жоғары болады. Нәресте қабылдап алған толқын оның келешек өміріндегі өзіне ғана тән болатын ерекшелігі бар қуат (энергия) көзі болып табылады. Біртіндеп дами келе балаға өз жұртынан, нағашысынан ауысқан қасиеттерге кіндік шешенің қасиеттері қосылады. Баланың мінез-құлқының, қимыл қозғалысының негізгі ерекшеліктері кіндік шешеге тартуы осыдан.
«Адамзаттың денесінде Алла тағала төрт түрлі зат пайда етті.
Бірі – ақыл, бірі – рух, бірі – нәпсі, бірі – көңіл. Олардың әрқайсысын әр нәрседен алады. Көңілді – судан алады. Сол себепті ол тап-таза, мөп-мөлдір, құпия және жария жаһанның айнасы. Рухты – самал желден алды. Оны құпиялап, өзіне бенделік жасауға қойды. Ақылды – топырақтан алды. Осы себепті топырақ қандай реңде болса, ми да сондай реңде болады. Ақыл не нәрсе үйретсе, үйренеді. Нәпсіні – оттан алды. Осы себепті кімде-кім нәпсінің жалынына түссе, оны машақат, әурешілік айналдырады, ақырында жазаға кіріптар болғанын білмей қалады».

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: