20 жыл бұрын Владимир Путин Ресей премьер-министрі болып тұрған тұста Шешенстанда әскери операция бастауға бұйрық берген еді. Кавказ аймағындағы қанды соғыстардың бірі қалай басталып еді?
11995 жыл. Ер адам шешен сепаратистерінің туын ұстап тұр. 1994-96 жылы Ресей әскерилері Шешенстандағы көп ғимаратты бомбалап қиратты. Осы жылы федерал әскерилері мен шешен сепаратистері арасындағы соғыс Шешенстанның де-факто тәуелсіздігімен аяқталды.
2Шешенстан тұрғыны. 1994 жылы түсірілген сурет. Кремль Ресей билігімен келіспеген шешендерге қатты қысым жасады. Александр Солженицын ГУЛАГ-та бір камерада отырған шешенді шешендер “Совет одағының айтқанына көнбей қойды” деп жазды.
3Грозныйдағы жазалау. 1996 жыл. Соғыс Шешенстанды экстремизм мен бұзақылықтың ошағына айналдырды. 1997 жылы аймақ шариғат заңын қабылдап, өлім жазасын қолдана бастады.
4Ресей әскерилері Шешенстаннан Дағыстанға қарай өткен сепаратистік топтармен соғысып жатыр. 1999 жылдың қыркүйегі.
51999 жылы 13 қыркүйекте Мәскеу мен тағы екі қалада көпқабатты ғимараттарда жарылыс болып, 300-ден астам адам мерт болды. Путин бұл жарылысты Шешенстандағы “террористерді” айыптады. Жарылыс Шешенстандағы екінші соғысқа түрткі болды. Елде “Кремль Шешенстанда соғыс бастау үшін жарылысты әдейі ұйымдастырды” деп күдік келтіргендер болды.
61999 жылы 1 қазанда Ресей әскерін Шешенстанға кіргізді. Бұл сурет 2 қазанда түсірілген.
7Ресей әскерилері Шешенстан “сарбаздарымен” атысып жатыр.
8Ресейге қарсы шыққан шешендер федерал әскерилерін барлап тұр. 17 қазан 1999 жыл.
9Ресей әскерінің тікұшақтары Шешенстандағы ауылдарды айналып жүр. Тікұшақтар мен ұшақтар Ресей әскеріне үстемдік берді. Әуеден жауған оқ пен бомбадан талай бейбіт тұрғын көз жұмды.
10Ресей Шешенстандағы соғыста “Точка” деп аталатын ракеткасын қолданды. Бұл сурет 1999 жылы қарашада түсірілген. Ал 21 қазанда Ресей әскерилері баллистикалық ракеталарымен Грозныйдың орталығын талқандады. Салдарынан жүзден астам адам мерт болды. Кремльдің бұл әрекетін халықаралық қауымдастық сынады.
11 Грозныйдың шетіндегі қираған ғимараттың бірінің қабырғасындағы “Тозаққа қош келдіңіздер. 2-бөлім” деген жазу жазылған.
12Ресейдің әскери күштері. 2000 жылдың басы.
13Әскерилер Грозныйда Ресей туын ұстап тұр. 2000 жылдың ақпаны. Бұл уақытта Ресей Грозныйды алған еді.
14Соғыс кезінде Грозный қаласы қатты қирады.
15Ресей әскерилері Шешенстандағы таулар мен ормандарды барлап жүр. Федерал әскерилері Грозныйды басып алған соң шешен “сарбаздары” тау мен ормандарға ойысты. 2000 жылдың ақпаны.
16Ресейге қарсы соғысып жүрген шешендер Грозный маңындағы орманда. 1999 жылдың желтоқсаны.
17Ресей әскерилері Шешенстандағы тауларды барлап жүр. 2000 жылдың сәуірі.
18Ресей әскерлері таулардан кеткен соң исламистер қайта күш алды. Ресейдің басқа қалаларында шабуылдай бастады.
192000 жылдың наурызы. Комсомольское елдімекеніндегі атыстан 700-ден астам адам мерт болды. Олардың көбі – бейбіт тұрғын. Наурыздың ортасында Путин Ресейдегі президент сайлауында жеңіске жетіп, мамырда қызметіне кірісті. Кейін Шешенстанды Кремль толық бақылауына алды.
202002 жылы 23 қазанда Шешенстандағы исламистер Мәскеудегі театрға шабуыл жасап, мыңға жуық көрермен, актерлерді кепілге алды. Бұл оқиға жұрт аузында “Норд-Ост” деп аталады. Үш күннен кейін Ресей қарулы жасағы театрға басып кірді. Кремль театрға шабуыл жасағандардың барлығы мерт болғанын хабарлады. Бұдан бөлек, кепілге алынған 130 адам да қаза тапты. Сарапшылар Ресейдің құтқару операциясын “сәтсіз болды” деп сынады.
21Сепаратистер жағында соғысқан Ахмад Қадыров (сол жақта) кейін Кремльдің саясатын қолдап шықты. 2000 жылы наурызда ол аймақ басшысы қызметін атқарушы болып тағайындалды. 2004 жылы ол кісі қолынан қаза тапты. 2007 жылы оның ұлы Рамзан Қадыровты (оң жақта) Кремль Шешенстан президенті етіп бекітті. Содан бері ол Шешенстанды басқарып келеді. Мәскеу соғыстан соң Шешенстанды қыруар қаржының күшімен қалпына келтірді. Бірақ құқық қорғаушылар Қадыров аймақты қорқытып-үркітумен басқарып отыр деп сынайды.
222009 жылы сәуірде Кремль Шешенстандағы “терроризмге қарсы операция” аяқталғанын мәлімдеді. Бұл қақтығыстан шамамен 50 мыңнан 80 мыңға дейін адам көз жұмды. Көбі – бейбіт тұрғын.
Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері
Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,
Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында
Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025
Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!
KEREY.KZ
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Пікір қалдыру