|  |  | 

Көз қарас Спорт

Терроршыл Челахтың қайталанбауына кім кепіл?!

DSC03496

2019 жылдың 8-21 қыркүйегінің аралығында, ресейлік Екатеринбург
қаласында әуесқой бокстан кезекті әлем біріншілігі өтті. Мен осы жаһандық
додаға журналис ретінде аккредитацияланған едім. Алты медаль жеңіп алған
қазақ құрама командасы тағы да жер жүзіндегі жұдырықтасудың
көшбасшысы екендігін дәлелдеді. Сатқын қазы-билердің зымияндығы
болмаған жағдайда, Свердловск аймағы шаршы алаңындағы былғары қолғап
шеберлеріміздің жетістіктері одан әрі ұлғая түсер еді. Дегенмен, 81 келіге
дейін салмақ дәрежесіндегі жаңа әлем жеңімпазы, соққылары жойқын
маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетовтың қарқынды өрлеуіне ешкім тұсау сала
алмады. Әр қарсыласын есеңгіретіп жіберді жас чемпионымыз! Тіпті, аты
аңызға айналған кубалық Олимпия жеңімпазы Хулио Ла Крустың өзі біздің
боксшыдан ойсырата ұтылды. Бір қызығы, ширек финалындағы жеңісінен
кейін Ла Крустың қолтаңбасын алдым және ақтық сындағы жеңісінен кейін
Бекзат те маған автограф берді.
Аса ауыр салмақ дәрежесіндегі күміс жүлдегеріміз Қамшыбек
Қоңқабаевтың жүрек жұтқан тегеурінді жұдырықтасушы екендігіне көзіміз
жетті. Алайда, қызылордалық батырдың батыл шабуылдарына техникалық,
комбинациялық қасиеттердің жетіспеушілігі сезіледі. 91 келіге дейін салмақ
дәрежесінде өнер көрсететін қостанайлық ардагеріміз Василий Левиттің
таңғажайып тәжірибесіне ешбір күмәніміз жоқ. Бірақ, оның дөп тиетін
жойқын соққылардың аздығына орай, парақор қазылардың жымысқы
әрекеттерінің пайда болуына таң қалмайсың. Сонымен қатар, байрақты
бәсекенің басты ұйымдастырушыларының бірі, Свердловск аймағының әкімі
Евгений Владимирович Куйвашевпен бірнеше рет жүздесуге сәті түсті.
Әрине, осы жетекші еңбегінің арқасында да мынадай ірі халықаралық жарыс
тиісті дәрежеде өткізілді. Айтпақшы, көрнекті большевик Яков Михайлович
Свердловтың қазақтар үшін сіңген еңбегі – орасан зор. Өйткені, қас жаумыз –
казачествоны – Кеңес өкіметтің қаулысымен құртқан тұлға дәл осы Яков
Михайлович болып табылады.DSC03497
Бірақ, мынадай керемет спорт оқиғаға бара жолымда келеңсіз жағдайға
душар бодым. 2019 жылдың 17 қыркүйегінде, Ресейдің Троицк қаласының
қарама-қарсы тұсында орналасқан Қостанай аймағындағы қазақстандық
шекара бекетінде оның қызметкерлері Помазан Вадим және Байділдина
Айгүл менімен мемлекеттік тілімізде сөйлесе алмады. Олардың екеуіне де
айттым: «Ағылшын тілінде де сөйлей аламын. Алайда, Қазақстанда болған
соң, мемлекеттік тілде сөйлесуге тиіспіз». Тіпті, әлгі Вадим «Мемлекеттік
тілде сөйлеңіз!» менің талабыма ашуланып, мені «Нацист!» деп балағаттады.

2
Жауап ретінде оған былай айттым: «Сіз Ресейде орыс тілін білмесеңіз, тіпті
сыпырушының жұмысына орналаса алмайсыз. Ал, біздің елімізде қазақ тілін
білмей, керемет қызметке қол жеткіздіңіз». Осы қызметкерлер және басқа
шекарашылар да маған орынсыз сұрақтарды қойды: «Намаз оқисыз ба?»
Шекарашылар, кеденшілер жолаушылардың құжаттары мен багажын
тексерсе – бір жөн. Бірақ, пәлен кісінің діни ой-пікірлеріне қатысты
шекарашылардың қандай жұмысы бар?! Мен – атеистпін. Сондықтан,
ашықтан-ашық айттым: «Жоқ, намаз оқымаймын!» Тағы айта кетерлік жәйт,
олар шоқыншақтардан сұрамайды: «Шіркеуге барып тұрсыздар ба?» Иуда
балаларына да тиіспейді: «Синагогаға барып тұрсыздар ма?»
Олар менің атеист көзқарасыма ренжіген шығар. Әйтеуір, мені басқа
жолаушылардың арасынан жұлып алып, қызметтік бөлмеге жетектеді. Бүкіл
багажым, киім-кешегіме тінту жасады. Беттері былқ етпей, менің
қолжазбаларымды оқыды, қалтафонымдағы фото мен бейнематериалымды
қарап шықты. Ол ол ма, содан соң мені бастықтардың бөлмесіне апарды. Бұл
шекара бекеттің жетекшілері маған тесіле қарап, сұрады: «Неге құдайға
сенбейсіз?» Әйтеуір, түсінбедім: мен қай мекемеге түстім? Қазақстан
Республикасының шекара бекеті ме, әлде діни фанатиктердің жын ойнасы
ма? Тек қана, қалтафонымдағы кескіндердің арасында белгілі ақын Олжас
Сүлейменовтың менімен бірге Киевте түскен фотосуретін көрген соң, осы
заңсыз әрекеттерді доғарды айдаладағы біреулер. Әйтеуір, күтпеген жерден
Олжекеңнің де көмегі тиді.
Мынадай тәртіпсіздікке тап болғаннан соң, дана ақынымыз Ахмет
Байтұрсынұлының шерлі жолдары еріксіз есіме түседі:

Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен,
Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны!

Данияр НАУРЫЗ

kerey.kz

Related Articles

  • Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Бірақ бұрыннан айтылатын екі принцип сол баяғы өзгермейді. Себебі оны уақыт және өзге елдердің тәжірибесі дәлелдеді: 1. Заң, жарлық, ереже, шешімдермен тілге сұраныс туғызу. Онсыз тіл ешкімге керек емес. Тіл ақша табуға, білім алуға, өзгемен байланысқа түсуге қажет болғанда ғана сұранысқа ие болады, сонда ғана адамдар мәжбүрлі түрде үйренеді. Шетелде оқығың келе ме, IELTS, TOEFL тапсыр. Ол үшін ағылшын оқы. Халықаралық компанияда істеп, көп жалақы алғың келе ме, алдыңғы сөйлемде жазылған шарттарды орында. Сұраныс туғызу механизмі осылай жұмыс істейді. 2. Тіл иесі саналатын ұлт өкілдерінің принципшілдік танытуы. Яғни, тілің кең тарасын десең, оны кең қолдан. Үйде, түзде, басқа жақта. Англияда түріктің кафесіне кірсең, өзара түрікше сөйлесетін. Астанада үй жөндейміз деп

  • Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды 

    Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды 

      Айдос Мырзахметов Өскемен қаласының Жекпе-жек сарайында аты аңызға айналған Ер Жәнібекті еске алуға арналған жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден ХІХ ашық республикалық турнир өтті. Ер Жәнібек ұрпақтары ұйымдастырып отырған турнирге Шығыс Қазақстан, Абай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан келген 200 жасөспірім спортшы қатысады. – Кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы ашық республикалық турнирді осымен 19-шы мәрте өткізіп отырмыз. Біз жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, спортқа, оның ішінде семсерлесуге баулу мақсатында өткізіп келеміз, – деді турнирді ұйымдастырушы, Ер Жәнібек ұрпақтарының өкілі Әлібек Ерубаев. Турнирдің салтанатты ашылуында ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев спортсүйер қауымды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және Отан қорғаушылар күнінде өтіп отырған жарыстың мәні мен мағынасы зор

  • Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ.

    Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ.

    Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ. Сөйлеушілер саны 15 млнға жететін тіл алдағы кемі 1-2 ғасырда жойылмайтыны анық. Қоғамның талабы – қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тіл функциясын атқара бастауы. Және ол бастаманың көш басында президенттің өзі мен мемлекеттік аппарат тұрғанын талап етеміз. Қазіргі ситуацияны қалкй бағалауға болады? Қазір қазақ тілі яғни мемлекеттік тіл шын мәнінде қосымша тіл, жанама тіл, аударма тілі ғана болып тұр. Оны неден байқаймыз? Ерлан мырза, қол астыңыздағы аппараттың құжат айналымына назар салып көріңіз. Тіпті күзетшілер мен тазалықшы санитарларға тарататын құжаттың өзі тек орысша жасалады. Оған толық сенімдімін. Бухгалтерияңызға назар салыңыз, барлық құжат тек орысша жүреді. Мемлекеттің кез келген бастамасына назар салыңыз,

  • “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық. Алаш” сыйлығын алған соң Алаш үшін отқа да, суға да түсуге тура келеді. “Алаш” сыйлығын таланты мен күрескерлігі қатар тұрған ақын, жазушы алады. “Алаш” сыйлығының лауреаты Алаш көсемдері – Әлихан, Ахметтер сықылды Алашты алаңдатқан кез келген мәселеге ой-пікірін ашық айтады және ақ айтады. Жусан түбіне бұқпайды. Керек болса абақтыға да қамалады. “Алаш“ сыйлығының лауреаты “мен лирик едім”, “махаббатты ғана жырлайтын едім”, “тұмса табиғатты ғана сүйетін едім”, “тендерім бар еді, қызметте едім, қоғамда, саясатта шаруам жоқ” деп, биллиард ойнап, мерейтойдан мерейтойға шапқылап жүре алмайды. Өйтетін болса, өте зор қателікпен берілген “Алаш” сыйлығын Тұманбай атындағы, Мырзатай атындағы сыйлықтарға, тағы да басқа өзіне сай аға буын атындағы

  • Қазақ жерінің қилы тағдыры

    Қазақ жерінің қилы тағдыры

    Бүгінгі таңда, 1920 жылы құрылып, 1925 жылы бірігуі аяқталған Қазақ республикасының 1925-1936 жылдардағы жер көлемі мен қазақ халқының саны туралы нақты ғылыми зерттеу жұмысы жоқ. Олай деуге, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2000 жылдардың бірінші онжылдығында шығарған «Қазақстан тарихы» атты академиялық 5 томдықта берілген деректер мен сол ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында жарық көрген ресми еңбектердегі статистикалық мәліметтердің мүлдем сәйкес келмейтіні негіз болады. Біз, аталған институт ғалымдары шығарған академиялық 5 томдықтағы мәліметтердің дұрыстығына үлкен күмән келтіреміз және онда халық санының да, жер көлемінің де кемітіліп берілгені туралы мәлімдейміз. Бүгін осы мақаламызда халық санына қатысты емес, жеріміздің көлемі мен оны жырымдау тарихына қатысты тоқталатын боламыз. 1924 жылдың соңында Орта Азия мен

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: