|  | 

Әдеби әлем

АПОРТТЫҢ ЖҰПАР ИІСІ(Әңгіме, болған оқиғаның ізімен)

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ
Алматы қаласы күні қарсаңына орай

b5de8538f9cbeb554ea97fb1bde
Осыдан елу жылдай бұрын болған оқиға. 65-жылдары
Қостанай облысынан Бәкіш деген бала Алматыға оқуға түсуге
аттанады. Поезға мініп, Алматы вокзалынан түседі. Бала
таксиге отырып, баратын әдресін айтады. Таксиші баламен
анау Ақсайға дейін барып, қазіргі Әл Фараби көшесімен
зуылдатып келе жатады. Ол кезде Фараби көшесінің арғы беті
Ақсайдан осы күнгі Достық көшесіне дейін «Горный гигант»
совхозының алма бағы. Баланың көзі жол боййында самсаған
қызыл алмаларды көріп, аузынан сілекейі ағады. Бала Бәкіш
таксистке :
– Аға анау алма ағаштарынан бір екі алма алсам бола ма ?
Тасиші машинесін тоқтатып,:
–Болады- дейді. Бала секіріп барып, ағаштан бір екі алманы
жұлып алып таксиге отырады. Үлкен екі қызыл алма баланың
екі алақанына әрең сиып тұр. Бәкіш бала соған таң қалып :
–Аға, мына алмалардың біреуі бір обедке жарағандай ғой!-
дейді. Таксист өзінің қалтасынан бергендей қопайып :
–Иә, бұл Алматының атақты апорты- дейді.
Сонымен бұлар баланың іздеген әдресіне келеді.. Таксиші
– Жиырма сом төлейсің -дейді Бала оған таңғалып:
–Аға, біздің ауылда он сомға қырық болке нан алып, қырық
күн күн көреді. Сіз менен жиырма сом алып, сексен күн
көргіңіз келе ме! Біз бір сағат қана жүрдік қой -депті. Таксиші
баланың алғырлығына тәнті боп,:
–Жарайды, он сом берсең болады, бензин көп кетті- деген
екен.
Сонымен не керек, Бәкіш бала Каз Пиге документ тапсырып,
соңында өтпей қалады. Сосын Бәкіш ауылға құр қол
қайтпайын деп, базарға барып он шелек сатып алып, баяғы
таксист көрсеткен Алма бағына келіп, жайғасып жүріп, он

шелек ылғи қып қызыл, ірі апорт алмаларын жинап алады.
"Енді болады ау" дей бергенде баланың үстінен бақшаның
күзетшісі шыға келеді
-Иә, бала, мұның не? Бұл совхоздың бақшасы ғой -дейді.
Бәкіш бала сасып қалып, ана кісіге:
–Аға біздің ауылда мұндай алма болмағасын, шешемді бір
қуантайын деп едім…
–Қай жақтансың?
–Қостанай жақтан, біздің ауылда мұндай алма өспейді.
-Солтүстікте мұндай апорт өспейді ғой. Жарайды, біраз
еңбектенген екенсің, әрі алыстан келген екенсің, бір шелегіңді
таста да, қалғанын алып жүре бер -деп күзетші рұқсат беріпті.
Бәкіш бала сол қуанғаннан , желпініп отырып, тоғыз шелек
апортпен ауылына жетеді.
Бәкіш бала жолдан шаршағасын , үйде біраз тынығып,
жатқан. «Балаң аман сау Алматыдан келіпті., базарлық әкеліп
пе?" деп сұрап жатқан көрші әйелдердің дауыстарын еміс еміс
естіген. Кешке қарай Алматының жаңалығын айтайын деп,
Бәкіш құрдастарының үйін аралауды бастаған. Ойында
ештеңе жоқ, Бәкіш бір құрдасының үйіне кірген бетте
апорттың жұпар иісі мұрнына бұрқ ете қалды. "Апырау,
бұларда Алматыға барып келген бе?" деген ой келгенде
қойған Бәкішке. Сосын сол үйдегі құрдасына Алматыда оқуға
түспей қалғанын айтып шығып кетті. Бәкіш аяңдап отырып,
екінші кластасының үйіне кірген. Бәкіш "Апырау, мұнда да
алманың иісі бұрқырап тұр ғой!" деп іштей таңғалған. .Содан
Бәкіш тағы бір кластасының үйне кірсе, мұнда да апорттың
жұпар иісі аңқып тұр екен. Бәкіш құрдасына Алматыда көп
бола алмаған мұңын айтып, біраздан соң, ұйіне қайтып келді..
Кешкі шәй үстінде Бәкіш шешесінен :
-Апа , ауылдағылардың бәрі Алматыға барып келген бе ?,
бәрінің үйнде апорттың жұпар иісі аңқып тұр -дейді. Шешесі
күліп,:
–Балам ау, мана сен ұйықтап жатқанда осы ауылдың
әйелдері келіп:
–Балаң Алматыдан келіпті , құтты болсын!" деп жанымды
шыр пыр қылған жоқ па! Сосын барлығынада сен әкелген
алмаларды таратып бергенмін! -дегенде, Бәкіш бала соған
шын жүрегімен қуанды.

–Дұрыс істегенсің, апа! Жаңа ғана кластастарымның үйлеріне
кіріп шықсам , бәрінің үйінен АПОРТТЫҢ ЖҰПАР ИІСІ аңқып
тұрды- деген Алматыдан оқуға түсе алмай келген Бәкіш бала.
ЖҰМАТ ӘНЕСҮЛЫ, АҚЫН, ЖАЗУШЫ, АРДАГЕР
ЖУРНАЛИСТ

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: