|  |  |  | 

Тарих Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

РИМ БИЛЕУШІЛЕРІ ҰЛЫ ДАЛАДАН БАРҒАН БА?

Yteli Ytalia
Ителі руы – іргелі рулардың бірі. Атауы жағынан Ителі кәдімгі Ителгі құстың атауының ғасырлар легінде ғ, г әріптері түсуіне байланысты өзгеріске ұшыраған түрі болуы мүмкін. Екінші жақтан алғанда, Ид-Телы, Иди-Теле болып ежелгі Алтайлық Телелердің бір бұтағы болуы мүмкін. Ид-Телы, Иди-Теле атаулары оларды Жер-Телелері(отырықшы Теле) және қасқырды төтем еткен Телелер ретінде көрсете алады. Ителінің шежіре бойынша Көкбұлақ деген атаның немересі екенін танысақ, Көк сөзінің Құдайы сипаттар мен көк бөріге, киеге қатыстылығын ескерсек ит сөзінің әрі жағында қасқыр төтемі жатады. Италияндардың ит емген(қасқыр емген) екі баланы төтем санап, күні бүгінге дейін Ителі атауынан Ителия(Италия) болып тұрғанын біле аламыз. Оның үстіне Көкбұлақ аталатын кей жерді халық Көкебұлақ деп те айтады. Көкебұлақ – Тыва тілінде Көктегі бұлақ, Көктің бұлағы деген мағынада. Дулыға сөзінің Торык, Түрік деп те айтылатыны, Түркі тілдері сөздігінде және бүгінгі Тывалардың тілінде ат тұяғының жүрекшесін білдіретін Тұлұн сөзі ауыз екі тілде Тұрғын болып, р мен л-дың ауысымдылығын зерделесек, Көкебұлақ сөзі – Көке Бура, Көк Бөрі сөзінің өзі болуы да мүмкін.Kerey shejiresiАл, Ителі шежіресіндегі Ахметәлі есімді адамның пайда болуын кейінгі Араб-Парсы текті Қожалардың Қазақ шежіресіне салған бүлігінің бір парасы ретінде, ойдан қосылған адам есімі ретінде біріңғай қарай алмаймыз. Ахметәлі есімін шежірені бүлдірушілер Абақлы, Абақты сөздерін бұрмалаудан келіп шықты дей аламыз. Ителі ішіндегі Абақты(Ақбақты, Абақлы) және Ителінің Абақ Керейге қарасты екенін білсек те жеткілікті. Ителі руы Қазақта бар, Башқұртта бар. Бір қызығы екі халықта да бұл ру Керей ұлысына жататын болып есептеледі. Башқұрт Керейлері өз ішінен Ителі және Орман болып екіге бөлінеді. Башқұрттағы Ителі тобының рулары: Ақ Төбетай, Зайнолла, Мүйтен, Мүтин, Мұқсын, Махмұт, Тұяқ, Хасан, Апти, Сәлиқ, Есекей, Таршан.
Қазақтағы Керей ішіндегі Ителі тобының рулары: Ақбақты, Ақмалай(Күйік), Ақмерген(Тыныбек) қатарлы үш ру. Мұндағы Ақбақты руының түп атауы Абақты, Абақлы немесе Ақ Абақ болуы да мүмкін екенін және бір айтып өтеміз. Ителі руының Керейдің “Ноқта ағасы” екенін білеміз. Ендеше, бұл ру – ең ескі Керейдің бірі.
Құрметпен: Көкбөрі Мүбарак
Өткен күні “Ителі мен Италия” деген тақырыпта жазба жариялап едім. Бір қатар кісілер қасқыр емгендерді ит емген деп ырымдап айтатынымызды білсе де, Италия елінің ит емгендерді(қасқыр емген) төбесіне көтеріп мүсінін оятынын көрсе де, бәрібір Италияның түп сөзі Ителі болуы мүмкін бе деп екіұдай күй кешті. Бірінші мемлекеттің атын азғантай ат төбеліндей билеуші топ қояды. Кешегі өткен заманда Азияның басым көп жері “Моғол” атанды ғой. Үндістанға қалың Хазар басып кіріп еді, бәрібір билеуші топ “Моғол” есімін сыйға тартты жаңа мемлекеттеріне. Ноғай деп те, Өзбек деп те ұлы хандардың атына қауымдардың белгілі бөлегін атаған билеушілер өз қалағандарын жасады. Азғантай орыс билеушілері күллі Ферғана, Мырзашөл, Жиделі-Байсын тұрғындарымен санаспай-ақ Өзбек этносын шыт жаңа біріктірді ғой?! Біз Ұрым деп атаған, Еуропа Рим деп атаған елді бірлікке келтіріп патшалық еткен ит емгендер біздің даладан барған болуы мүмкін ба?
Бірінші, Оғыз хан болсын, Ғұн заманы болсын, Үйсін мен Көк Түрік кезеңі болсын, Шыңғыс ханның да тұсы болсын ит емгендердің ұрпағы ретінде өздерін қарастыратын. Шыңғыс хан кезінде “Біз Бөрте-Шөнеден” тараймыз десе, одан бұрынғы уақытта Ашинадан тараймыз десті. Цин империясын құрған көшпенді Шүршіттер де(Манжулар) билеушісінің атына Айшинжело деген мәртебені үнемі қосып отырған. Мұны Қазақтар Ежен деп қабылдаған. Ағайынды Ромул мен Рем қасқыр еміп есейген уақытта, оларға тоқылдауық пен қызғыш құс жем тасып көмектесіп отырған делінеді. Ромул інісі Ремді өлтіріп жеке дара билігін бастайды. Ромул біздің заманымызға дейінгі 753жылы 21сәуірде өзінің орлалық қалашығын салып, оған Рома деген ат береді. Ал, Ремнің баласы Сени деген адам Сиена қаласын салған. Көшпенділер өмірінде Ашиналар өздерін ит емгендерлің(қасқыр емген) ұрпағымыз деп санаған. Ашинаның Асиде деп оқылатын түрі де бар. Мұндағы а сөзі ұлықтау үшін қосылған жұрнақ. С мен Ш әрпі жақсы, жақшы деп қолданыла беретініндей, Ремнің баласы Сениге а жұрнағын қоссақ Асени, Ашини болып табылады. Сени де ит емгеннің ұрқы, Ашина да ит емгеннің ұрқы. Ортақ шежіре. Екі халықтағы адамдар да ит емгендер, ит емген мүсін мен ит емген аңызды қалдырып кеткен ителілер. Италияның түп атауы осы Ителі атауынан шығуы өте мүмкін. Ромул патшаның Еуропа адамдарына ұқсамайтын бір қасиеті “қыз алып қашқан”. Алғаш құрған шағын мемлекетіне әйел жетіспегенде де осы әдісті іске асырған. Бәрібір бұл ағайындының тегі ұлы даладан болуы мүмкін. Бірінші түрде шежіресі ұқсады,екінші түрде бөрілік оқиға ұқсады, үшінші түрде қыз алып қашу әдеті ұқсады. Біз ұнатсақ та, ұнатпасақ та өзара қыз алып қашу көшпенділер өмірінде жиі кездесетін құбылыс. Шыңғыс ханның әйелін де, анасын да алып қашқан. Ол да оның зардабын тартқан. Төртінші түрде ұқсайтыны мемлекет байрағында екі басты құстың суретінің ұқсауы. Бөрі ана ағайынды Ромул мен Ремді емізгенде оған екі құстың, яғни тоқылдауық пен қызғыш құстың азық тасуға көмектескенін айттық. Алтын Орда болсын,Рим болсын,бәрінің мемлекет гербінің бірдей екенін тамашалаңыздар.
Құрметпен: Көкбөрі Мүбарак

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: