|  | 

Саясат

Соншама көп Араб елдері не үшін жалғыз Израильді жеңе алмады?

120622571_1668419513318873_7391354176581520963_nБірнеше реткі Орта Шығыс соғысында Араб елдерінің әскер саны мен қару – жарақ саны Израильден неше есе көп бола тұра не үшін ауыр жеңіліске ұшырап, Израильді жер бетінен жоғалту былай тұрсын, керісінше, өздерінің территорияларынан айрылып қалды?
Бұл жерде неше түрлі себептер бар болсада, ең негізгі себеп – екі жақтың соғыс мақсатында.
Былайша айтқанда, не үшін соғыс жасаймыз деген мәселе.
Израиль не үшін соғыс қимылдарын жүргізеді?
Себебі өте оңай. Егерде, Израиль соғыс жасамаса, әрі, соғыста жеңіліс тапса, екі мың жылдан бері сергелдеңде жүрген яһуди ұлтының әрең дегенде құрған мемлекеті бір жолата ойран болады. Сондықтан, Израильге соғыста жеңіп шығу арқылы өз өмірін сақтап қалудан басқа жол жоқ.
Ал, қарсы жаққа келер болсақ: Араб мемлекеттері не үшін соғыс жасайды?
Олар айтқан неше түрлі себептер болсада, мәселе – ол елдердің жеке мүдделерінде болып тұр.
Біз бес реткі (1948, 1956, 1967, 1973, 1982 жж.) Орта Шығыс соғысының артқы көрінісіне назар аудырып көрейік.
Жүние жүзілік екінші соғыс аяқталғаннан кейін Палестин өңірінде қақтығыс барған сайын ұлғайып, екі жақ ортасында үлкен қайшылық пайда болды. 1948ж. БҰҰ – ы ”Палестина территориясын бөлу басқару” қарарын мақұлдады. Қарар бойынша ”Палестин территориясы екіге бөлініп; жартысында арабтар Палестина мемлекетін құрып өмір сүріңдер, жартысында еврейлер Израиль мемлекетін құрып өмір сүріңдер”- делінген еді. Бұл қарарға яһудилер қатты разы болды. Әйтеуір, оларға кішкентай болсада өмір сүруге болатын мекен бұйырылды. Алайда, бұл қарарға арабтар қатты наразы болды. Сонымен, маңындағы араб елдері (Египет, Сурия, Ливан, Сыртқы Иордания, Ирак қатарлылар) бірлесіп Израильге әскери шабуыл жасады. Міне, бұл – Бірінші реткі Орта Шығыс соғысы еді.
Соғыста соншама көп араб елдерінің біріккен армиясы тас – талқан болып жеңілді. Израиль соғыста жеңіп шығып, табысты түрде өз орны мен территоиясын бекемдеп алды. Және, азырақ Палестин жеріне ие болды. Бұл соғыста біріккен араб армиясы жеңілді, бірақ, Палестина өзін – өзі таба алмай қалатындай жеңіліп кетпеген. Үйткені, БҰҰ – ы арабтарға Палестина мемлекетін құрып алыңдар деген территория әліде арабтардың қолында еді… Бірақ, бұл жерлер еврейлер жағынан емес, басқа араб елдері жағынан басып алынды. Бұрынғы Палестинге тәуелді жердің шығыс жағын Иордания, батыс жағын Египет иеленіп алды. Қалған жартысында БҰҰ – ның қарары бойынша еврейлер мемлекет құрып алды. Қалған жартысында Палестин арабтары мемлекет құрайын десе, бұл жерді араб туыстары бөлісіп алған еді…
Бірінші реткі Араб – Израиль соғысында кім жеңді?120568923_1668419556652202_2227689606168079701_n
Жауабы оңай. Израиль жеңді, мемлекет құрып алды. Араб елдері де соғыста жеңілгенімен бәрібір пайда көрді. Оларда территорияға ие болды. Жеңілуші Палестин халқы болды. Жуас Палестин халқының ауласы Израильге бөлініп берілген еді. Қонақ үйге Мысыр жатып алып, жатын бөлмеге Иордания кіріп алған соң Палестиндіктер далада қалды.
Егерде БҰҰ – ның қарары бойынша істеген болса, Палестин халқы 1948 жылда – ақ мемлекет құрып алатын еді. Өкініштісі, арада жетпіс жыл өтіп кетті, алайда, Палестин мемлекеті әлі күнге дейін…
Егерде, араб елдері шынымен де Палестин халқының мүддесі үшін күрес жасаған болса, қалған жарты территорияда Палестин елін құруға көмектесіп, Палестин мемлекетін құрып болған соң Израильмен соғыспай, Палестин халқының жерін неге өздері басып алады?
Бірінші реткі ОШ соғысында араб елдері жеңіліп қалғаннан кейін, 1948 жылдан 1967 жылға дейін аралықта, негізінде Палестинаға тәуелді жердің бір бөлегінде Палестиндіктерге көмектесіп, оларға бір мемлекет құрып беру – оншалықты қиын шаруа емес еді… Бірақ, Египет те, Иордания да өзі жұтып қойған Палестин жерін Палестиналықтарға қайтарып бергісң келмеді.
Палестиндіктер мемлекет құрайын десе, – сен тұра тұр, алдымен яһудилер тартып алған аулаңды саған тартып алып береміз, сосын сен кең үйде өмір сүресің,- деді. Палестиндіктер: ”ондай болса менің екі үйімді маған босатып беріңдер, кішкене болсада сол жерде қысылып жата тұрайын, Сіздер ауламды Израильден тартып алып бергеннен кейін екеуін қосып өмірімді сүрейін”, – десе, Египет пен Иордания : ”біз соншама қиналып, күш шығарып, басқаның қолынан жеріңді тартып алып берейік десек, сенің бізді үйден қуалағаның қайткенің, барлығымыз дініміз бірдей, тіліміз, ұлтымыз бірдей туыспыз.”, – деп иеленіп алған жерді Палестиндіктерге қайтарғысы келмеді.120647493_1668419519985539_3882235781117126979_n
Израиль өмірін сақтап қалу үшін соғысты. Араб елдері пайда табу үшін, көршісінің қойына шапқан қасқырды қуалап шығу үшін соғысты. Қуалай алсын, мейлі, алмасын, сол ”жақсылығы” үшін көршісі оларға ”қой сойып” алғыс айтуы керек еді. Мұндай ниеттегі араб елдері ешқашан жеңіске жете алмайтыны белгілі еді…
Солай болсада соғыста жеңілген араб елдері жеңілістің себебін іздеуге кірісті. Сонымен, 1952 жылдан бастап араб елдерінде реформа жасау басталды. 1952 жылы Египетте төңкеріс болып, патша аудырылып тасталды. Гамаль Абдель Насер билікке келді.
Бұл жаңа билік алғабасар, озық ойлы болды. Ұлттық дағдарыс туылған уақытта мемлекет мүддесі үшін ұмтылып алға шығатын адамдар болады. Насер соның бірі болды. Ол мемлекктті гүлдендіру үшін өнеркәсіптендіруді қолға алды. Асуан тоспасын жөндеді. Бірақ, өнеркәсіптену үшін ақша керек. Ал, Мысырда ақша жоқ. Бірақ, Египетте Сувейш каналы бар еді.
Сувейш каналы деген қандай нәрсе? Жаман сөзбен айтқанда жол тосатын қарақшы. Жақсы сөзбен айтқанда ақы алу пункті еді. Бірақ, ол кезде Сувейш каналы Англия мен Францияның иелігінде болатын…
Жаңа туған бұзау жолбарыстан қорықпайды, – дегендей жаңа құрылған үкімет төрт жылдан кейін Сувейш каналын қайтарып алатынын жариялады. Былайша айтқанда, БҰҰ – дағы ең мықты бес мемлекеттің (Қытай республикасы, АҚШ, Совет Олағы, Англия, Франция) екеуінің аузындағы кесек етке бір жолда қол салды.
Англия мен Франция бұған төзе алмады. Бірақ, төте шабуыл жасауға БҰҰ мен халықаралық заңнан именді. Енді не істеу керек?
Олар бір амалын тапты. Ол амал – Израильді Египетке айдап салу, сосын, жарастырушы ретінде ортаға шығып, Сувейш каналын қайтадан қайтарып алу.
Сонымен Англия мен Франция жоспарлаған, Израиль қол жұмсаған, Египет қол қайтарған, Англия мен Франция жарастырған, оған Египет ұнамаған, сосын, ол екеуі Египетті сабау арқылы каналды қайтарып алмақшы болған ойын ойналды. Міне, бұл Екінші реткі ОШ соғысы еді.
Жас Египет үкіметінің Англия мен Франция сияқты кәрі тентектерге шамасы жетпейтіні белгілі болатын. Бірақ, атамның атасы бар дегендей бұл кәрі тентекке бірдеме дей алатын тағы екі үлкен тентек АҚШ мен Совет Одағы бар еді. Ең соңында үлкен тентектердің қысымымен кәрі тентектер Египеттен шегініп шығуға мәжбүр болды.
Екінші реткі ОШ соғысында араб елдері жеңілді. Бірақ, аса ауыр жеңіліс тапқан жоқ. Египет стратегиялық жақтан пайда тапты: Сувейш каналын қайтарып алды. Орта Шығысқа қожа болып алған Англия мен Францияны қуалап шығарды. Совет Одағымен әскери – саяси одақ жасап, Араб әлемінің серкесі болып алды.
Англия мен Францияны қуалап шығаруы, Совет Одағының көмегіне ие болуы, орасан зор мұнай байлығы араб елдерінің сенімін бекемдеді. Сонымен бірге өздерін тым жоғары бағалауға себеп болды. Израильді бір соққымен ғана жер бетінен жоқ қылып жібереміз деген ой қалыптасты.
1967 жылы араб елдері тағыда бірлесіп Израильден Палестин жерін қайтарып алу үшін соғыс қозғауға дайындалды. Бірақ, бұл жолғы соғыс тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айрылыптының дәл өзі болды.
Сол кезде стратегиялық тұрғыдан қарағанда араб елдері басым болатын. Израильді АҚШ қолдайтын. Алайда, араб елдері Совет Одағының үлкен көмегіне ие болды. Египет батыстан, Сурия солтүстіктен, Иордания шығыстан Израильді қоршауға алған болып, алақандай ғана Израильді бір күнде ғана жермен – жексен ету әбден мүмкін еді.
Египеттің Израильге қарата Диланг бұғазын құрсаулауы себепті, 05.06.1967 ж. ең алдымен Израиль жұдырық жұмсады. Бұл Үшінші реткі ОШ сосығы немесе, алты күндік соғыс деп аталды.
Соғыстың нәтижесі бүкіл дүние жүзін таңғалдырды. Соғыстың бірінші күні Израиль әуе күштері Египет, Сурия, Иордания, Ирак әуе күштерін бүкіл шеп бойынша талқандап жіберді. Алты күндік соғыстан кейін Израиль өз жерінен 3.5 есе араб жерін басып алды. Палестина жерін Израиль толық басып алды. Былайша айтқанда, Египет кіріп алған қонақ үй мен Иордания кіріп алған жатын бөлмеден оларды қуалап шығып, ауламен қосып өзінің үйі қылып алды. Солтүстік шепте Сурияның қолынан Голан үстіртін тартып алды. Голан үстіртінің Сурия астанасы Дамашықпен аралығы 60 км ғана еді.
Батыс шепте Египеттің қолынан Синай түбегі мен Газза өңірін тартып алды. Англия мен Францияның қолынан оңай ғана алып алған Сувейш каналы алыңғы шепке айналып қалды. Сондықтан, ол жерден өткен кемелерден ақы алу мүмкін болмай қалды.
Шығыс шепте Иорданияның қолынан қасиетті қала Иерусалимнің шығысы мен Иордан өзенінің батыс жағалауын тартып алды. Яһудилердің қасетті жері – Жылау Тамы ресми түрде Израильдің қолына өтті. (Ислам дінінде үшінші қасиетті мешіт саналатын Акса мешіті де Иерусалимде болатын).
Бұл соғыс 20 ғасыр тарихындағы ең ұлы соғыстардың бірі болды. Бұл соғысты жоспарлаған Израильдің Бас Штаб бастығы Ицхак Рабин болатын.
Үшінші реткі ОШ соғысынан кейін араб елдері ауызда Израильді картадан өшіріп тастаймыз деп айғайлағанымен, ұзақ уақыт ыңғайсыз жағдайға кіріптар болып қалды. Египет пен Иордания иелеп алған Палестин жері Израильға қарап кетті. Израиль Голан үстірті мен Синай түбегін иеленіп алып, Египет пен Сурияның кеңірдегіне пышақ тіреп тұрып алды. Енді араб елдері Палестина жері үшін емес, өз жерлері үшін қайғыра бастады. Израильдің өз кеңірдектеріне тіреген пышағын жерге түсіру үшін бодау беруге тура келді.
Сонымен 1973 жылы октябрь айында, еврейлердің ең қасиетті күні болған ”күнәні жуу күнінде” Совет Одағынан орасан зор көмек алған араб елдері бірлесіп Израильге шабуыл жасады. Бұл төртінші реткі ОШ соғысы деп аталды.
Бұл соғыстың басында араб біріккен армиясы сәтті ұрыстар жасап, еврей әскеріне айтарлықтай соққы бере алды. Алайда, соғысқа шебер еврейлер араб шабуылын сәтті тоқтатып, соғыстың соңында АҚШ – ның көмегімен стратегиялық қайтарма шабуыл жасады. АҚШ барлау оргадары Израильге Египеттің Израильдегі екі құрама армиясы арасындағы бос жердің орны мен көмекке келе жатқан Ирак армиясының бірнеше танк дивизиясының орны туралы ақпараттарды жеткізгеннен кейін (Моссад тыңшылары біріккен армияның қолбасшылық шабына кіріп алғандықтан, олардың алжастыру бұйрығы бойынша Ирактің маханикаласқан әскерлері одақтас араб армиясы зеңбірекшілері жағынан талқандалып кетті) Ариэль Шарон танк дивизиясын бастап, Сувейш каналын басып өтіп, Совет Одағы қолдаған Египеттіктердің артқы шебіне басып кірді. Сонымен, Египет Израильге жіберген әскерлерін қайтарып әкеліп қорғанысқа өтуге мәжбүр болды. Израильдің жеңілісі қайтадан жеңіске айналды. Соңында екі жақ соғыс тоқтатты. (Шарон кейін Израиль президенті болды).
Жалпылай айтқанда, мұны бір тең түскен соғыс деуге де болады. Соғыстың басында араб елдері керемет бір жұдырық жұмсады. Бірақ, Израильді қүлата алмады. Сосын, Израиль әдемілеп отырып бір жұдырық қайтарды. Әрі, серпінді тигізе алды. Оған Американдықтар үлкен көмек көрсетті. Соғыстың ортасына келгенде Израильде жалғасты соғысуға жетерлік оқ – дәрі де қалмаған еді. Сол кезде АҚШ президенті Никсон ”ұша алатын нәрсе болса болды, Израильге қарап ұшыңдар”, – деген әйгілі бұйрығын шығарды.
Әрине, араб елдерін Совет Одағы қолдады. Ол кезде әскери қуат жағынан Совет Одағы АҚШ – тан басым болатын. Бірақ, олардың қолдау көлемі АҚШ – на жетпеді.
Израиль АҚШ үшін қаншалықты маңызды?
Осман империясы ыдыраған соң Англия Палестинді басқарды. Англия еврейлерді Палестинаға көшіріп, бөлшектенген Орта Шығысты жалғасты басқармақшы болды. Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін Англияның орнын АҚШ иеленді. Израиль АҚШ – ның Орта Шығыстағы бір органы сияқты болып, АҚШ ақша шығарады. Израиль күш шығаратын. Сондықтан, АҚШ Израильдің жойылып кетуіне әсте қарап тұра алмайды. Сол үшін Американдықтар Израильді ”АҚШ – ның Орта Шығыстағы авиаматкасы” деп атайтын.
Төртінші реткі ОШ соғысында арабтар не нәрсеге ие болды? Меніңше, олар стратегиялық жеңіске жетті. Ең маңыздысы өздерінің жеңісті соғыс жасай алатынын дәлелдеп берді. Араб елдерінің жан саны, жер көлемі Израильдің неше он есесіндей келеді. Олар Израильмен тоқтамай соғыса алады. Бұл жолы жеңілсе келесі жолы тағыда соғыса алады. Әйтеуір, бір күні жеңіп шығуы мүмкін. Бұл – Израильдің мәселені сұқпат арқылы шешуге мәжбүр болуының басты себебі.
АҚШ Мемлекет Істері хатшысы Кессенгердің жарастыруымен ең ақыры Египет пен Израиль бейбітшілік келісімін жасасты. Израиль Синай түбегін Египетке қайтарып беріп, Египетпен дипломатиялық қарым – қатынас орнатты. Араб елдерінің ішінде Египет бірінші болып Израильді ресми түрде мойындады. (сол үшін Египет Араб Елдері Одағынан қуаланды болды). Египет Израильмен соғысып жеңе алатынына көзі жетпеген соң, ақыры келісімге келді. Бұл әйгілі ”Давид Лагері Келісімі” еді. Сол үшін Египет президенті Саадат пен Израиль президенті Миначам Бегин 1978 жылғы Нобель Бейбітшілік сыйлығын алды. (Израильмен келісімге келгені үшін Саадатты үш жылдан кейін әсіре діншілдер қастандықпен өлтірді).
Бүгінгі күні Египет пен Израиль бір – біріне өтірік күліп тұратын ”тату” көршілер болып қалды. Әр екеуіде өз шамасын біледі. Сондықтан, осы байланысты сақтауға мәжбүр. Кей кездері селбесіп, ХАМАС лаңкестеріне бірігіп соққы беріп те қояды.
Египен бұдан кейін Израильмен соғыспайтынын жариялап бітімге келгеннен кейін, әлсіз Иорданияның Израильге жұдырық жұмсайтын батылы да қалмады. Израильге басып алған Иордан жерлерін қайтарып бер, – деп те айта алмады. Иордания мен Израильде соғыспайтын ”тату” көршілерге айналды.
Израиль Сурияға: ”бізбен тату өтуге көнсең, сенің Голан үстіртіңді қайтарып береміз”, – деп шарт қойған болсада, Сурия жақ ”Израильді картадан өшіру” қиялынан қайтпай, Израильмен бейбіт келісім жасасуға үзілді – кесілді қарсылық танытып отыр. Сурия өзі бетпе – бет соғысуға батылы жетпеседе, Йемен, Палестинадағы қарулы күштерді қолдап, Израильді тоқтаусыз мазалап тұрды. Сурияның бұлай істеуі ұлт және Палестина мәселесі үшін емес, қайта шиттік бағыттағы алауилер билігіндегі Сурия үкіметінің мүддесі үшін еді. Сурияда ішкі соғыс болып жатсада, Израиль өлмектің үстіне теппек деп Сурияға тікелей шабуыл жасайтын әрекетті жасамады. Тек Сурия жеріндегі Иранның көмекші қосындары мен әскери нысандарын бомбалап, Иранға күш көрсетіп қана қойды.
Ондай болса қалған жарты территорияда мемлекет құруына құқылы болған бейшара Палесиналықтар не істеді?
Израиль Палестин жерінен Мысыр мен Иорданияны қуалап шығарып басып алғаннан кейін, Палестиндіктер шептік соғыс жасамай, Ясир Арафаттың басшылығында барлық жерде жарылыс, террорлық шабуыл қимылдарын ұйымдастырды. Палестин қарулылары 1972 жылғы Мюнхен Олимпиядасы кезінде Израиль спортшыларына шабуыл жасады. Олар тіпті де халықаралық резонанс тудыру үшін араб елдеріне де террорлық шабуыл жасап тұрды. Үйткені, олар өздерінің осы жаман күнге қалуына Израиль ғана емес, араб елдері де себепші деп санайтын еді. Кейбір араб елдері оларға жасырын көмек беріп тұрсада, олар оған разы болмай, террорлық шабуыл жасап, былықпалық тудырып отырды. Сондықтан, оларды қолдап келе жатқан Иордания Хашмиттік Королдігі Арафат басшылығындағы Палестин Ұлт Азаттық Ұйымы сияқты барлық ұйымдарды Иорданиядан қуалап шығарды. Палестин азаттық қозғалысы Ливанға көшті. Олар Ливан жерінде де тоқтамай террорлық шабуыл ұйымдастырғандықтан, 1982 жылы Израиль Ливандағы ПАҰ бас штаб ғимаратын қоршауға алды. Негізі, Израиль бір соққымен ғана осы ұйымның барлық басшыларын құртып жібере алатын еді. Алайда, олай істемеді. Халықаралық қоғамның келістіруімен ПАҰ – ы Израиль мен шекараласпайтын басқа араб елі – Тунисқа көшіп кетті. Израиль мен ПАҰ, Ливан, Сурия арасында болған бұл соғыс – Бесінші реткі ОШ соғысы деп аталды. Соғыста Ливан Израиль жағынан жермен – жексен болды. Алайда, Палестин халқы тоқтамай күрес жасай берді…
Газза және батыс жағалаудағы Палестиндіктер үздіксіз көтеріліс жасап, мемлекет құруды батыл талап етіп отырды. Ішкі және сыртқы қысым себебінен Израиль ақыры Палестин халқының автономия құруына қосылды. 1993 жылы Арафат пен еврейлердің 1967 жылғы соғыс батыры, ”арабтардың дұшманы” атанған Рабин екеуі Вашингтонда бейбітшілік келісіміне қол қойды. Сол үшін 1994 жылы Рабин, Арафат, Ферис үшеуі Нобель бейбітшілік сыйлығын алды. Наразы болған еврей ұлтшылдары 1995 жылы Рабинды қастандықпен өлтірді.
2005 жылы бес реткі ОШ соғысында маңызды еңбек сіңірген Израиль қаһарманы Шарон, Израильдің 1948 жылдан кейін басып алған палестин жерінен (Иерусалимнен басқа) шегініп шығатынын жеке тараптан жариялады. Ең соңынан Израиль Египет пен Иордания кіріп алған, кейін өзі тартып алған Палестин жерін палестиндіктерге қайтарып берді. Бұл жерді Египет пен Иордания Палестинге емес, қайта Израиль Палестинге қайтарып берді.
Бүгінгі күндері Батыс жағалау және ФАТАХ ұйымы иелігіндегі өңірлер күндерін тыныш өткізіп жатыр деседе болады. Батыс жағалау мен Израиль арасында негізінен қақтығыс болмады. Онша үлкен өлім – жітім де болмады. Газза өңірін басқарып отырған ХАМАС ұйымы біраз жылдың алдында Израиль жағынан ұшықталған. Жақынғы жылдардан бері тынышталып қалды. Керісінше бұл екі ұйым өзара жауласуға қарай беттеп кетті…
Орта Шығыста барлық жерде тұрақсыздық туылған қазіргі кезде Израиль мен Палестин ортасында адамның сенгісі келмейтін дәрежеде тыныштық қалыптасты. Алайда, АҚШ президенті Д. Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы деп мойындауы, Израиль басып алған жерлерді Израильдікі деп мойындағанын жариялауы – тұрақталып қалған жағдайды қайтадан шиеленістіріп жіберді.
Сарапшылар өткен тарихты қорытындылап, Израиль мен Палестин бейбітшілігі негізінен қалыптасты деп қараған еді. Алайда, АҚШ – ның жаңа ”Орта Шығыс Жоспары” бұрынғы қайшылықты қайтадан шиеленістіріп қойды. Палестин мен Израильдің, сондай ақ, жалпы Орта шығыстың бейбітшілігі қашан орнайды? барлығына уақыт жауап береді.
Мәңгілік достық жоқ, әрі, мәңгілік дұшпандық та жоқ. Тек қана мәңгілік мүдде болады.

Related Articles

  • Мәдениет министрі неге өтірік айтты?

    Өткен аптада Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлованың Орталық коммуникациялық қызметі алаңында халық алдында есеп беру кездесуі өтіп, Қазақстандық режиссер Гүлнар Сәрсенова «Нартай» деген фильм түсірді. Былтыр қатаң карантин болмағанда трагикомедия қалың көрерменге жол тартар еді. Әттең, экранизацияның премьерасы салтанатты түрде болған жоқ, дегенмен, интернет беттерінде трейлері қаптап, фильм туралы ақпараттар шықты. Сауал осы фильмге қатысты болған-ды. Өйткені, туындының музыкасын министр жазды. Композитор ретінде шенеуніктің қанша гонорар алғанын білгіміз келді, алайда, Ақтоты Райымқұлова «менің қатысым жоқ, барлық ақпарат жалған» деп, басын ала қашты. Құжаттарда көрсетілгендей, үш миллион алты жүз теңгеге гонорар министр Райымқұловаға бөлінген. Ақпаратқа қолжетімділік елде қамтамасыз етілген. Құжаттар арнайы сайттарда сарнап тұр. Министр неге өтірік айтты екен. Өзіңіз айтқандай, мемлекеттік

  • АҚШ-Қытай-Ресей үштік державаның талас-тартысы Орталық Азияны ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін…

    Шағын Сараптама Естеріңізде болса осыдан бір жарым жыл алдына Ауғанстан және Орталық Азия тақырыбы бойынша бір сұқбат жасаған едік. Сондағы кейбір болжалды түйіткілдер дәл қазір әлемдік саяси аренада кеңінен пікір-таласқа салынып жатыр. Ары қарай… Бірінші, Әлемдік ірі ақпарат көздері АҚШ әскері Ауғаныстаннан толық шегінген жағдайда туындайтын гео-саяси ахуалды қызу талқыға салып жатыр. АҚШ (және НАТО) әскері толық шегінсе Ауғанстан үкіметі елдегі тыныштықты қамтамасыз қыла ала ма; Ауғаныстандағы ислами күштер нені жоспарлап жатыр; Ауғаныстандағы жағдай алдағы кезеңде қытайға қалай ықпал жасауы мүмкін; Қытайдың қандайда бір стратегиялы жоспары бар ма; тб өзекті тақырып қазақ баспасөзінде тәуелсіз һәм тарапсыз талқыға салынуы керек. Екінші, АҚШ әскері толықтай шегінген жағдайда Орталық Азияны қандай қауіп және

  • Әлем алпауыттарының стратегиялық кездесулері неге жиіледі? (Шағын сараптама)

    Наурыздың 18- күні Ақш Сыртқы Істер Министрі Антони Блинкен мен Қытай Сыртқы Істер Министрі Ван И (王毅) Алияскада аса маңызды кездесу жасады. Осы кездесуден соң қос үйекке жіктелгендей болған екі жарты шардың алпауыттары тоқтаусыз стратегиялық кездесулерді бірінен соң бірі бастап кетті. Ақш СІМ’лері Жапон, Корея, Үндістанмен маңызды кездесулер жасап жатқанда 22- наурыз Ресей Сыртқы Істер Министрі Лавров Гуйлиньде Қытай СІМ’і Ван И-мен кездесті. 24- наурыз Түркия СІМ’і Мевлют Чавушоглу (Mevlüt Çavuşoğlu) Брюссельбегі НАТО СІМ’лерінің басқосуында Ақш-тың СІМ Блинкенмен кездесті. 27- наурыз Қытай-Иран Сыртқы Істер Министрлері аса маңызды тарихи кездесу жасады да аса ірі стратегиялы құжатқа қол қойды. Иран осы маңызды келсімнен соң Орталық Азия елдерін бетке алып 7- сәуір біздің

  • КЕНЕСАРЫ ХАН үшін қуанып отыра берудің пайдасы қанша?

    Ресей Қорғаныс Министрлігі Орталық Әскери Окургінің баспасөз қызметі Сәуірдің екінші күні ірі көлемді әскери жаттығулардың алдағы уақытта одан ары жалғаса беретінін айтқанын білесіздер. Орталық Әскери Окург қолбасшысы генерал-полковник Александар Лапин, Орталық Азия аймағындағы 2-ші және 41-ші біріккен жойқын қарулы күштердің қатысуымен де ірі көлемді әскери жаттығулар өткізетінін хабарлаған еді. Қазақ, Қырғыз және Тәжік территориясындағы әскери нысандарды да қамтитын Орталық Әскери Окургтің алдағы ірі көлемді әскери жаттығуы Орталық Азияға көзалартып отырған төңіректегі аймақтық күштер мен державалардың назарын аударатыны анық. Осындай тұста бізге сүйегі әлде-қашан шіріп кеткен КЕНЕСАРЫ ХАН үшін қуанып отыра берудің пайдасы қанша? Сәуір бойы осы “қуаныштың” буымен мәз-майрам бейғам отырғанда Ресейдің біздегі әскери нысандары келелі стратегиялық іс-қимылын жүзеге асырып

  • АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекеде Орталық Азия текетірес аренасына айнала ма?

    Рейд СТЭНДИШ Қытай лидері Си Цзинпин (оң жақта) мен Қазақстанның сол кездегі президенді Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қытайдан Батыс Еуропаға жүк таситын теміржолдың ашылу салтанатында. 8 маусым 2017 жыл. Қытай мен АҚШ арасындағы бақталастықтың артуы Еуразия елдеріне әсер етпей қоймайды. Себебі қос держава да әлемнің басқа бөлігімен салыстырғанда Еуразияға өзгеше стратегиялық көзқараспен қарайды. Бұл құрлық екі держава арасындағы бәсекедегі негізгі аренаға айнала ма? Пекин мен Вашингтон қарым-қатынасының нашарлауы 18-19 наурыз күндері Аляскада АҚШ пен Қытайдан келген ресми тұлғалардың арасында өткен екікүндік келіссөзде айқын көрінді. Кездесуде екі тарап сөзбен шарпысып қалды. Аляскадағы кездесу қос мемлекеттің қарым-қатынасы түзелуі мүмкін деген үмітті жоққа шығарды. Бұл – Джо Байден АҚШ президенті болып сайланғалы әлемдегі ірі екі

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: