|  | 

Жаһан жаңалықтары

Таулы Қарабақ жайлы сіз білу керек 5 дерек

aef52234-57f0-4391-a3b0-e0e6f89bba71_mw1600_q70_s

Майк ЭККЕЛЬ

Таулы Қарабақ талай ғасырдан бері түрлі әскерлер мен патшалықтардың жолайрығында жатыр. Аймақтағы кикілжіңді толық тоқтату әрекеттерінің тығырыққа тіреле беретін себебі де сонда.

Оңтүстік Кавказдың биік шыңдары мен шөлейт жазықтарының ортасында, империялардың арасындағы тоғыз жолдың торабында жатқан Таулы Қарабақ қайтадан кескілескен ұрыс ошағына айналды. Әзербайжан мен Армения бір-біріне қайта оқ жаудыра бастады, бұл – соғысты тоқтату туралы 1994 жылғы келісімнен бергі ең ірі қақтығыс.

27 қыркүйекте қақтығыс бұрқ еткелі кемінде 532 солдаттың өмірін жалмаған ұрыс совет заманына, тіпті одан әрідегі тарихқа жетелейді.

Таулы Қарабақтағы конфликт төңірегіндегі басты жайттарға назар аударайық.

ТАРИХҚА ҮҢІЛСЕК…

Кавказ жеріне басқаларды айтпағанда, римдіктер, арабтар, оттомандықтар, сефевид парсылар және орыстар әскер жіберген.

Мұнда б.з.д. 300 жылдардан бастап Армения корольдігі болған. Армения ұлтшыларының көбі үшін бұл – ұлттың даңқты тарихының белгісі. Олардың айтуынша, “Таулы Қарабақтың заңды қожайыны кім?” деген сұраққа жауапты осыдан тарқату керек.

Қазіргі армяндардың көбі бұл таулы ауданды ежелгі Армения корольдігінің бір бөлігі құрметіне “Арцах” деп атайды.

19 ғасырда көбіне христиан армяндар қоныстанған бұл өлке Иранның Сефевид династиясының қоластындағы Әзери түрік басқарған (хан деп атайды) жартылай тәуелсіз аймақ болған. 1800 жылдардың басында ол Ресей империясының бақылауына өтті, ал 1918 жылғы большевиктер революциясынан кейін Совет одағының құрамына кірді.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі вакуум мен Ресейдегі азамат соғысы кезіндегі хаос тұсында армяндар мен әзербайжандар бірнеше рет қақтығысты. 1920 жылы Ресей “Транскавказ аймағы” деп атаған өңірді Қызыл армия басып алған соң атыс толастады.

СТАЛИН МҰРАСЫ

Совет одағының автократ басшысына айналғанға дейін-ақ Иосиф Сталин Таулы Қарабақ үшін бітіспес дауға себеп болған шешімдерді қабылдануына үлес қосты.

1920 жылдары Владимир Ленин коммунистік билікті нығайтуға күш салып жатқанда Сталин ұлттар жөніндегі комиссар қызметін атқарды, оның басты міндеті шалғайдағы аймақтар мен жекелеген ұлттарды Коммунистік партияның қоластына жинау болды.

Тарихшылар “Сталин карта сызып, әкімшілік шекараларды анықтау ісін басқарған тұста кей шекараларды өз қалауымен өзгертіп, бір халықты әдейі екіге бөліп тастаған” дейді. Сарапшылардың айтуынша, осы арқылы ол кей этностық топтардың саяси күш-қуатын әлсіретуді көздеген.

Қарабақтың шекарасы 1923 жылы сызылып, Таулы Қарабақ автономиялық облысы Әзербайжан ССР-інің құрамына кірді. Сонымен бірге осы тұста әзербайжандар қоныстанған Нахичевань аймағы да құрылды. Әзербайжанға тиесілі бұл аймақ Армения мен Иран арасында қалып қойды, ол елдің қалған бөлігімен шектеспейді.

Содан кейінгі жылдарда Совет одағы мен Коммунистік партия және Мәскеудегі басшылық араздық туғызады-ау деген ұлттық және діни пікірлердің барлығын қатаң бақылап отырды. Бұл бақылау 1988 жылға дейін созылды…

АГДАМНАН АСКЕРАНҒА

1980 жылдардың соңында Михаил Горбачевтің қайта құру саясаты мен ашықтығы кезінде жағдай ушықты. 1988 жылы 20 ақпанда Таулы Қарабақтың жергілікті халық депутаттар кеңесі (басым бөлігі армяндардан құралған) Арменияға қосулы мәселесін көтерді. Ол уақытта Таулы Қарабақта тұратын 190 мың адамның төрттен үші армяндар еді, қалғаны әзербайжандар болатын.

Бұл ниет Бакуде қарсылыққа ұшырап, Ереванда қолдауға ие болды. Таулы Қарабақ депутаттарының мәлімдемесінен кейін әзербайжандықтар мен армяндар Аскеран қаласының маңында қақтығысты. Бұл – Таулы Қарабақтағы алғашқы қантөгіс еді.

Кейін бес күн өткен соң әзербайжандықтар Баку шетіндегі Сумгаит қалашығында тұратын армяндарға шабуыл жасады. Ресми дерек бойынша, 32 адам қайтыс болған. Бірақ армяндар жүздеген адам қаза тапқанын айтады.

Одан кейін 1988-91 жылдары Армения мен Әзербайжан заңдарды, шекараны бұзып, референдум өткізіп, жағдайды ушықтыруға тырысты. 1991 жылы тамыз-қыркүйекте екі ел Совет одағынан тәуелсіздігін алып, жанжал қарулы қақтығысқа ұласты. Артынша, 1992 жылы ақпанда екі тарап Совет одағынан қалған қаруларды қолданып, бір-біріне соғыс ашты.

1992 жылы ақпанда армяндардан құрылған қарулы жасақ Әзербайжанның Ходжалы қаласына басып кіріп, бейбіт тұрғындарды жаппай өлтірді. “Ходжалы қырғыны” деп аталатын оқиғадан жүздеген бейбіт адам қаза тапты.

БҰЗЫЛА БЕРЕТІН БЕЙБІТ КЕЛІСІМ

Екі ел арасындағы соғыс 1994 жылы тоқтады. Бұл кезде Таулы Қарабақтың басым бөлігін, яғни, Әзербайжан аумағының 20 пайызын этникалық армяндар бақылауға алған еді. Баку үшін бұл үлкен жеңіліс болды. 30 мыңдай адам қаза тауып, жүздеген мың адам үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды.1995 жылы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Армения мен Әзербайжан қақтығысын шешу үшін Минск тобын жасақтады. Бұл келісімге Франция, Ресей және АҚШ өкіл болып кірді. Бірақ бұл келісім діттеген мақсатына жеткен жоқ.

БҰҰ Таулы Қарабақ аймағын ресми түрде Әзербайжан аумағы деп мойындап, екі елді мәселені бейбіт жолмен шешуге шақырып келеді.

Әзербайжанның Тертер қаласындағы жасырыну орнын паналаған тұрғындар. 2020 жылдың қазаны.

Екі тараптың президенті 2001 жылы Минск тобының бастамасымен Флоридада (АҚШ) кездесіп, жанжалды шешетін маңызды келісімге келгенімен, бұл келісімнің де күші ұзаққа созылмады.

Екі тарап “Түйісу сызығы” деп аталатын тұста жиі қақтығысып қалды. Үлкен соғысқа ұласпаса да, бұл қақтығыстарда да адам шығыны болды. Әзербайжан мұнай мен газдан түскен табысынан жүздеген миллион доллар қаржы жұмсап, жаңа соғыс басталуы мүмкін деп әскери техникаларын жаңартты.

Қазір Таулы Қарабақтың болашақтағы статусы, сол аймаққа жапсарласа жатқан этникалық армяндардың бақылауындағы жерлердің ендігі тағдыры келісімге келуге кедергі болып тұр.

2020 ЖЫЛДЫҢ КҮЗІНДЕГІ ҚАҚТЫҒЫС

2020 жылдың қыркүйегіне дейін екі ел арасындағы ең ірі қақтығыс 2016 жылы сәуірде болып, 200 солдат пен бейбіт тұрғын қаза болды.

2020 жылғы қақтығыстың тұтануына жаңа қару түрлерінің, яғни дрондар мен ұшқышсыз ұшатын техникалардың пайда болу да әсер етті. Бұған дейін екі елде де әуе техникалары аз болғандықтан атыстардың көбі құрлық әскері арқылы жүрген. Бірақ кейінгі жылдары Әзербайжан көп қаржы бөліп, Израильден лицензиясы бар дрондар, Түркияның жетілдірілген ұшқышсыз әуе техникаларын сатып алды.

Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыстан қаза тапқан әскерилер жерленген мола. Таулы Қарабақ аймағы. 14 қазан 2020 жыл.

Кейбір бақылаушылар сыртқы күштердің, Минск тобының өкілдері АҚШ пен Францияның Таулы Қарабақтағы қазіргі қақтығысқа көңіл бөлмей отырғанын айтады. Әлем коронавирус пандемиясымен әуре түссе, АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі дипломатиялық келіссөздерді ысырып қойып, қарашада өтетін сайлаудың шаруасымен әбігер болып жатыр.

Осы тұста Әзербайжанның байырғы қолдаушысы Түркия аймаққа көз тігіп, Оңтүстік Кавказға ықпал етіп отырған Ресеймен бәсекелесіп отыр.

Түркия қазіргі қақтығыста білек сыбана кірісті. Анкараның әзербайжандық күштерге қолдау жіберіп отырғаны да айтылды. Сарапшылардың сөзінше, Арменияға да, Әзербайжанға да миллиондаған долларға қару сатқан Ресей Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуына мүдделі емес. Мәскеу өзінің ықпалы жүретін аймаққа Түркияның кіргенін де қаламайды.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Украина мен Ресей арасы не болып жатыр? 6 сұраққа жауап

    Майк ЭККЕЛЬ Ресей әскери күштері Қырымдағы жаттығу жиынында. 19 наурыз, 2021 жыл. Кейінгі күндері әлеуметтік желіде ресейлік ауыр әскери техника тиелген пойыздардың бірнеше видеосы тарады. Түрлі ақпарат көздері пойыздардың Сібірден Украинамен шекаралас аудандарға бара жатқанын айтады. Ал Ресей бақылауындағы Қырым көпірі қысқа уақытқа жабылып қалған. Бұл да қару-жарақ тасымалына байланысты болуы мүмкін. Ресейдің мемлекеттік телеарналары болса, Украина мен Ресейдің қолдауына ие сепаратистік күштердің шартты шекарасында артиллериялық атыс болып жатыр деген үрейлі ақпар таратумен әлек. Мұның бәрі Украина мен Ресей арасындағы “қырғи-қабақ” соғыс кескілескен шайқасқа айналады дегенді білдіре ме? Азаттық мәселенің жай-жапсарын түсіндіру үшін Украина-Ресей текетіресіне қатысты алты негізгі сұраққа жауап ұсынып отыр. УКРАИНАНЫҢ ШЫҒЫСЫНДА ОНСЫЗ ДА СОҒЫС БОЛЫП ЖАТҚАН ЖОҚ

  • “Санкциялар мен өткір мәлімдемелер сайысы”. Байден келгелі үш держава арасы не болып жатыр?

    Юрий ЖИГАЛКИН АҚШ президенті Джо Байден баспасөз мәслихаты кезінде журналистер сұрағына жауап беріп тұр. Байден әкімшілігінің Қытай мен Ресейге қарсы шығу себебі не? Ақ үй Кремльге ірі санкция сала ма? “Солтүстік ағын-2″ газ құбырының болашағы қандай? Байденнің сөзі мен ісі бір жерден шыға ма? Қытай неліктен АҚШ мемхатшысына өткір жауап қайтарды? Азаттықтың Орыс қызметі Калифорниядағы Гувер институтының қызметкері, экономист Пол Грегоримен, саясаттанушы, Вашингтондағы Кеннан институты директорының орынбасары Дэвид Саттермен және Массачусетстегі Эндикот колледжінің Қытай бойынша маманы Виталий Козыровпен осы және өзге де мәселелерді талқылады. Джо Байден президент болғалы екі айдан асты. Осы уақытта ол сыртқы саясатта ешкім күтпеген әрекеттерге барды. “Сайлауға қол сұқса, Ресей Трампты, ал Қытай Байденді қолдайды”. Былтыр президент сайлауында америкалық сарапшылар осылай

  • АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекеде Орталық Азия текетірес аренасына айнала ма?

    Рейд СТЭНДИШ Қытай лидері Си Цзинпин (оң жақта) мен Қазақстанның сол кездегі президенді Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қытайдан Батыс Еуропаға жүк таситын теміржолдың ашылу салтанатында. 8 маусым 2017 жыл. Қытай мен АҚШ арасындағы бақталастықтың артуы Еуразия елдеріне әсер етпей қоймайды. Себебі қос держава да әлемнің басқа бөлігімен салыстырғанда Еуразияға өзгеше стратегиялық көзқараспен қарайды. Бұл құрлық екі держава арасындағы бәсекедегі негізгі аренаға айнала ма? Пекин мен Вашингтон қарым-қатынасының нашарлауы 18-19 наурыз күндері Аляскада АҚШ пен Қытайдан келген ресми тұлғалардың арасында өткен екікүндік келіссөзде айқын көрінді. Кездесуде екі тарап сөзбен шарпысып қалды. Аляскадағы кездесу қос мемлекеттің қарым-қатынасы түзелуі мүмкін деген үмітті жоққа шығарды. Бұл – Джо Байден АҚШ президенті болып сайланғалы әлемдегі ірі екі

  • Пашинян елде әскери төңкеріс жасау талпынысы болғанын мәлімдеді

    Армения премьер-министрі Никол Пашинян. Армения қарулы күштерінің бас штабы премьер-министр Никол Пашинян мен үкіметті отставкаға кетуге үндегеннен кейін премьер-министр елде әскери төңкеріс жасау талпынысы болғанын мәлімдеді. Бас штабтың ақпарат департаменті 25 ақпан күні таратқан мәлімдемеде бас штаб төрағасының бірінші орынбасарының “болмашы себеппен” қызметтен босатылуына қарсылық ретінде сондай үндеу жасалғанын хабарлаған. “Бұл Арменияның ұлттық және мемлекеттік мүдделерін ескермей отырып жасалған қадам. Осындай күрделі шақта мұндай шешім мемлекет мүддесіне қайшы, жауапсыз қадам” делінген қарулы күштер таратқан мәлімдемеде. Олар осындай “күрделі шақты премьер-министр мен үкімет бұдан әрі қарай ақылға қонымды дұрыс шешім қабылдай алмайды” деп санайды. Қарулы күштер өздерінің талаптарын орындату мақсатында күш қолдана ма, жоқ па, белгісіз. Ал Никол Пашинян отставкаға кетпейтін

  • Байден АҚШ-тың Қытайға қатысты әскери стратегиясын дереу сараптауды тапсырды

    АҚШ президенті Джо Байден. АҚШ президенті Джо Байден қорғаныс министрлігіне АҚШ-тың Қытайға қатысты әскери стратегиясын тез арада сараптауға бұйрық берді. 10 ақпанда Пентагонда сөйлеген сөзінде Байден сараптама АҚШ-қа Қытай мәселесі бойынша “мығым саясат жүргізуге” көмектеседі деді. “Біз Үнді-Тынық мұхиты аймағында және әлемде бейбітшілікті сақтап, мүддемізді қорғай алу үшін Қытай тарабынан артып келе жатқан мәселелерді оңтайлы шеше білуіміз керек” деді Байден. Сараптама барлау, технология, АҚШ-тың аймақтағы ықпалы, одақтастық, Пекинмен қорғаныс мәселелері бойынша әріптестік сияқты негізгі салаларды қамтуы тиіс. Қорғаныс министрі Ллоид Остин 20 қаңтарда президент қызметіне кіріскеннен бері алғаш рет Пентагонға келген Байденге Пекинге қатысты әскери стратегияны қарастыру үшін жаңа жұмыс тобы құрылғанын айтты. Жұмыс тобы төрт ай ішінде талдаулары мен

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: