|  |  |  |  |  | 

Руханият Тарих Тұлғалар Қазақ шежіресі Әдеби әлем

Ұлы классиктің сапары

Magauyn Muhtar…Сексенінші жылдары әйгілі американдық журналист Жон Ридтің «Дүниені дүрліктірген он күн» (Ten days that shook the world) (1919) Октябрь төңкерісі, большевиктер лаңы, пролетарлар, қызыл жамылған Петроград т с с. оқтың зыңғыры жұққан оқтын-оқтын оқиғалар өткен сәттің шытырманын еске жаңғыртар соңы ұзақ зардаппен ұласатын ~ «әдеби шығарманы» оқып жүргенде қолымызға осы заман классигі Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романы түскен~ді. Бас көтермей он күн оқып қауашақтай басымыздағы пролетарлық қырсау күршектерді оталап емдегеніміз есімізде.Күн көсемді жек көре бастаған тұсымыз да мүмкін осыдан бастау алған!?
Ақиесінің өз қолтаңбасымен 1989 жылы Улаанбаатарға сәлемдемеге келтірілген кітап мен үшін аса теңдессіз құнды. Кітапты пошта арқылы жолдаған досым ~ сол кездегі жарқ етіп шыққан жас жалынды жазушы қыз Гүлзат Шойбекова еді. Шыт жаңа әлемге қарай сана тереземізді айпара ашуға көмек болған туынды ~ «Аласапыран». Менің кішкентай жандүниемді, шархи ғұмырымды арпалысқа салған он күн! Соңы бүгінге дейінгі руһани азық!
Сағыныш болған ағамен бірге сапарласып атқосшы болу бақыты (2003) маған бұйырған!
Дэлүүнде ақсарбас сойылып, жолына көкқасқа жылқы шалынған.Бұ жолы досым Мусахан Ауғанбайұлы және тізгінде бесаспап тұлға Есей Базаргелді бірге жүрген~ді.
Сол ұлы классикпен бірге болған сапарымыз қазіргі Баян~Өлгий Дэлүүн сұмыны біздің қарашаңырақтың байырғы мекен күзеуі ~ Дэлүүннен басталған.
Дэлүүн аралынан Хэнтий аймағы Шыңғыс қағанның ХІІ, ХІІІ ғ. алтын ұйығы Дэлүүнболдог ~ Керулен дариясының көбесі Көделі аралға дейінгі он күндік сапар!
Дэлүүн мен Дэлүүнболдогтың арасы екі мың жарым шақырым жол. Жол сорабында Қарақорым, кәрі Орхон бойындағы Күлтегін, Білге қаған көшесі, Налайхандағы Тоңұқұқ күн сереккесенеге аял еткен еңкіл сапар бүгін қағаз бетінде қалды.
Мағауин сапары: Ховда жолында ~ әккі Жа Ламаны шалып, Өвөрхагай, Архангайдан ~ Күлтегінге, Завханнан ~ Әмірсана сүрлеуіне, орта түптегі Тоңұқұқ кесенесіне, Керулен көбесіндегі Өгедей қағанның орда тіккен алтын жұртына барып тірелді, сонда қона~түнегенбіз! Ұлы классиктің сапары бүткіл Моңғол даласын дүр сілкінткендей он күн осылай сәтті өткен~ді.
Ағамыз Өлгийге аялдаған түні жер сілкінген! Таң сәрімен тұрып теңселген пәтерден жер үйдегі досым Тілеуберді Тарпаңның үйіне қонып әңгіме тарқатқан күндер есте!
Кеудесіне жыршы құс ұялаған құдыретті ақын досым Светқали Нұжан ~ Айтманның өлеңіне арқау болған сапар!

Related Articles

  • Бөкейханов жайлы кітап жазған ресейлік тарихшы: Мұндай ірі тұлға кез келген ұлтта кездесе бермейді

    Елнұр ӘЛІМОВА “Алашорда” автономиясы үкіметінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. Қазақстанда Алаш автономиясы үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановтың тарихи рөлі жеткілікті деңгейде бағаланбаған. Өткен ғасырда өмір сүрген мемлекет қайраткері туралы кітап жазған ресейлік ғалым, тарих ғылымдарының докторы Виктор Козодой осылай дейді. Азаттық кітап авторымен бірге Бөкейхановтың өміріндегі көпшілікке белгісіз фактілерді теріп, тарихшыдан Ресей саясаткерлері көрші елге жерге байланысты талап айта бастаған тұста Қазақстанның мемлекеттігін қорғап пікір білдіруге не себеп болғанын сұрады. “Алихан Букейханов: человек-эпоха” (“Әлихан Бөкейханов: дәуір адамы”) – “Алаш” қозғалысының көшбасшысы, публицист, мемлекет қайраткері туралы ресейлік ғалымның қаламынан туған бірінші кітап. Виктор Козодой Әлихан Бөкейханов туралы монографиясын өз қаржысына басып шығарып (тиражы – мың дана), Семей, Павлодар, Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Алматы

  • “Ол нағыз қазақ”. АҚШ валюта басқармасы жетекшілігіне ұсынылған Сәуле Омарова кім?

    Дархан ӨМІРБЕК Қазақстан тумасы, АҚШ азаматы Сәуле Омарова АҚШ валюта басқармасының жетекшісі қызметіне ұсынылды. АҚШ президенті Джо Байден банк саласын реттейтін саяси қызметке Қазақстан тумасы Сәуле Омарованы ұсынды. Сенат оны мақұлдаса, басқарманың 158 жылдық тарихында басшы қызметіне тағайындалған тұңғыш әйел және алғашқы азиат болмақ. 3,5 мың қызметкері бар басқарма мыңнан астам ірі банкті бақылайды. Ал олардың жиынтық активі 15 триллион долларға жуықтайды. Бірақ банктер мен республикашылдар Омарованың идеяларын тым радикал санап, оған қатты қарсылық танытып отыр. Тіпті бір сенатор оны коммунистік көзқарастағы адам болуы мүмкін деп, СССР кезінде жазған диплом жұмысын сұратты. Ал баспасөз құралдары оның әрбір сөзін талдап, биографиясын шаммен қарағандай шұқшия тексеріп жатыр. 55 жастағы Сәуле Омарованың АҚШ

  • Бибігүл Төлегенова атындағы ХI халықаралық вокалистер байқауы басталды.

    Бибігүл Төлегенова атындағы ХI халықаралық вокалистер байқауы басталды. Халықаралық байқауға 11 елден өтінім түскенмен, әлемдік пандемияға байланысты шетелдік қатысушылардың саны шектелген. Биыл байқауға 4 мемлекеттен бөлек елдің әр өңірінен жиналған опера өнерінің жас вокалистері Нұр-Сұлтанда бақ сынайды. Байқаудың әділқазылары да Италия, Чехия, Франция, Ресей сынды мемлекеттерден келген өнер қайраткерлері. «Әлемдік пандемияға қарамастан ұйымдастырушылар байқауды өткізгеніне барлық қатысушылар қуанды. Өйткені көптеген іс-шаралар тоқтатылып, қатысушылар, жанкүйерлері, көрермендер офлайн шараларды, әдемі опера өнерін сағынды», – деді РФ Еңбек сіңірген қайраткері Т.Д Новиченко. Чехиядан келген мейман, әділқазы мүшесі, Прага операсының солисі, Коми Республикасының халық әртісі Дамир Басыров «Мұндай байқаулар жаңа ұрпаққа мәдени-адамгершілік тәрбие беру үшін аса қажет. Біз жаңа дарын иелерін анықтап, таныту үшін

  • ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ – ҰСТАНЫМЫ ЖАҚСЫ

     Егеменді ел болып, еңсе тіктегенімізге биыл – 30 жыл. Азаттықтың ақ туын желбіретіп, замана белестерінен сүрінбей өтіп келеміз. Шүкір дейміз. Тәуелсіздік жолындағы тарихтың тартуы мен талай тауқыметін бастан кештік. Енді, міне, дүбірлі кезеңнің барлық дүрмегін артқа тастап, даңғылға түстік. Ұлттық мәдениетімізді әлемге танытып, өркениеттің өзегінен нәр алдық, жарқын болашақ пен кемел келешекке негіз қаладық. Құлашын кең жайып, өсіп, өркендеп келе жатқан еліміздің кемел келешегіне кепіл болар – білім мен ғылым игеру, оның құндылығын арттыру. Ал, білім, ғылым бәсекесінде керегі – қырандай қырағылық, жолбарыстай жылдамдық,  арыстандай айбарлық. Білім – телегей теңіз қуатындай, ол ұлттық сананы жаңа сапалық деңгейге көтеруде шешуші мәнге ие. Бүгінде жаңа дәуірдің жаңалықтарынан қалмай, жаңғыру үшін қызмет ету,

  • Ауғанстанды Сталин де бағындырмақ болды. Не себепті қолынан келмеді?

    Моджахедтермен күреске жұмылдырылған совет жасағы. Орталық Азия, 1920-жылдар 2001 жылғы лаңкестік шабуылдан кейін АҚШ «әл-Қаида» мен тәліптерге соғыс жариялап, Ауғанстанға басып кірді. Бұл соғыс 20 жылға ұласып, Батыс әскерінің ол елден кетуімен және тәліптердің билікке оралуымен аяқталды. Ауғанстанның оңай шағылар жаңғақ емес екенін Сталиннің тәжірибесі де көрсеткен. Ол бұл елді бағындыруға үш мәрте талпынып, үшеуінде мақсатына жете алмаған. Совет мектептерінде оқушыларға аграрлық Ауғанстан Совет одағын бірінші болып мойындады деп үйретті. Бірақ оның қандай жағдайда болғанын нақтыламады. 1919 жылы 27 наурызда Ленин үкіметі мен Ауғанстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Бұл келісімді Ауғанстан атынан Аманулла-хан жасады. Оның мұндай қадамға баруына себеп бар еді. Содан бір ай бұрын Ауғанстанда билік ауысып, Аманулла-хан өз

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: