|  |  | 

Жаңалықтар Шоу-бизнис

Алматы облысында вакцина алған медбике есінен танып қалды  

Оның қазіргі жағдайы қалыпты

фото: Батыржан Беспаев

Алматы облысында коронавирусқа қарсы ресейде жасалған «Sputnik V» вакцинасын алған медбике есінен танып қалды. Бұл жағдайды облыстық  денсаулық сақтау басқармасы да растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Оқиға кеше Талдықорған қаласында болған. Екпеден кейін есін жоғалтқан науқас жедел-жәрдем көлігімен Талдықорғандағы №2 қалалық ауруханаға жеткізілген.

«02.02.2021 жылы Талдықорған қаласындағы Облыстық ауруханада  жұмыс істейтін «А» есімді медқызметкер «Sputnik V» вакцинасын қабылдағаннан кейін қан қысымының 140/100 мм сынап бағанасына дейін көтерілу эпизоды болды. Вакцинациядан кейін қан қысымының жоғарылауы байқалғанын ескере отырып, науқасқа көмек көрсетілді, қан қысымы қалыпқа келтірілді. Қалыпты гемодинамикалық параметрлері бар науқас ауруханаға жатудан  бас тартты», – деді Алматы облыстық  денсаулық сақтау басқармасының баспасөз жетекшісі Ләйлім Әубәкірова.

Коронавирусқа қарсы ресейлік екпені салғызам деп есінен танған әйелдің қазіргі жағдайы қалыпты. Ол сол күні және түске қарай қайтадан жұмыс істеуге барған.

БАҚ-та ресейлік вакцинацияны салдырғысы келмеген медицина мамандарын басқарма тарапынан жұмыстан қуып жатқаны туралы да ақпарат тараған еді. Алайда басқарма өкілдері екпе салуға ешкімді күштеп мәжбүрлемегендерін мәлімдеді.

«№2 Талдықорған қалалық емханасы» МКК әкімшілігі емхана қызметкрелері COVID-19-ға қарсы  бірінші кезекте вакцина алатындардың қатарындағы мекеме емес. Тиісінше, вакцинациядан бас тартуға байланысты қызметкерлерде жұмыстан шығып қалу деген қорқыныш ешқашан болған емес. Кешегі эпизодқа байланысты медициналық қызметкерлердің ешқайсысы (қарсы көрсетілімдері жоқ) COVID-19 қарсы вакцина алудан бас тартпайды. Вакцинация бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі», – деп хабарлады ведомство өкілі.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы облысы.  

 Azattyq Rýhy

Related Articles

  • Өзбекстанның вице-премьері қазақстандық жастарды оқуға шақырды

      Өзбек мемлекеті шетелдік студенттерге биыл 75 грант бөлген Өзбекстан республикасының вице-премьері қазақстандық студенттерді өз елінде тегін білім алуға шақырды. Вице-премьер Азиз Абдухакимовтың сөзінше, өзге мемлекеттің жастары секілді қазақ студенттері де Орта Азиядағы заманауи жоғары оқу орны саналатын Самарқан қаласындағы университетте тегін білім ала алады. Университет өкілдерінің айтуынша, туризм саласы бойынша жоғары, жан-жақты кәсіби білім беретін жалғыз оқу орны тарихи қала Самарқанда ғана бар. Ашылғанына көп уақыт болмаған университет ағылшын тілінде білім береді және түлектер бірнеше елдің дипломын қатар алып шығады. Білім орталығының оқу корпусы жоғары санатты қонақ үйлер сияқты салынған. Ондағы мақсат, туризм саласын басқаратын мамандарға теориялық білім ғана емес, әлемдік сұранысқа сай көрсетілетін қызмет түрлерін үйрету. «Мен Канада,

  • Қытай билігін сынаған Джек Маның Alibaba компаниясына 2,8 млрд доллар айыппұл салынды

    Джек Ма Қытай билігі Alibaba корпорациясына монополия шарттарын бұзды деп айып тағып, 2,8 миллиард доллар айыппұл салды. Бұл – ел тарихындағы ең ауқымды айыппұл. Компанияның негізін қалаушы Джек Ма қазанда Қытай басшыларын жұрт алдында сынаған соң үш айдай жоқ болып кеткен, ал оның тағы бір компаниясының акция сату науқаны кейінге қалдырылды. Forbes журналы байлығы 65,5 миллиард деп бағалаған, Қытайдағы ең ауқатты адам саналып келген Джек Ма билікке қарсы пікір айтқан соң көп нәрсе өзгерді. 24 қазанда Шанхайда өткен экономикалық форумда Ма “кәрі-құртаңдар ойлап тапқан” реттеу шаралары заман талабына сай емес деп мәлімдеген әрі үкіметті қағазбастылыққа салынып, банктердің мүддесін қорғап отыр деп айыптаған. Джек Маның алдында сол форумда мемлекет басшысы Си

  • «Жұмыс істеуге мүмкіндік беріңдер»: Алматыда 300-ге жуық кәсіпкер қарсылық акциясын өткізді

    Алматыда 300-ге жуық кәсіпкер жұмыссыз қалуы мүмкін. Олар отыз жылдай тұрған базар жабылуы мүмкін деп қауіптенеді. Алматы қаласы әкімдігі саудагерлердің орнын жиһаз фабрикасын салу үшін басқа компанияға бере салған. Шешім осыдан екі жыл бұрын шығып қойған. Кәсіпкерлер барахолканың ортасынан зауыт салуға рұқсат берген әкімдіктің әрекетіне наразы. Олар ұзақ жыл кәсіппен айналысқан адамдардың мүддесі қорғалды деп санайды. Кәсіпкерлердің айтуынша, базардағы 1 гектар жерді “ТКМ” ЖШС ұзақ жылдар бойы жалға алып, жүздген адам сауда жасап келген. Кезекті жалға алу мерзімін жауапты мекемелер ұзартпай, «зираттың санитарлық қорғау аймағында орналасқанын” алға тартып, жұмыс істетуден бас тартқан. Жалға беру мерзімін ұзартпай тастаған. Есесіне әкімдік осы аумақтағы 1 гектар жерді Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген “Алматы CPS” компаниясына

  • Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау

    Рон СИНОВИЦ Сироджиддин ТОЛИБОВ Оңнан солға: Гафур Рахимов, Арман Жұмагелдиев (“Дикий Арман”) және Равшан Мухиддинов (Равшан Золотой). Өзбекстанның белгілі криминалдық авторитеті әлеуметтік желіде әлемдегі ең ірі наркобарондардың бірі саналатын, халықаралық әуесқой бокс федерациясының басшысымен туыстық жауластығы туралы айтып берді. Дау арасында қазақстандық криминалдық авторитет Арман Жұмагелдиевтің де аты аталады. Жұмагелдиев Қазақстанда “Дикий Арман” деген лақап атымен танымал. 21 ақпанда Равшан “Золотой” (Алтын) Мухиддинов Instagram желісіне 12-минуттық видео жариялап, ағасы Гафур Рахимовпен болған жанжалдан кейін Стамбул қонақ үйінде 10 ер адамнан қорлық көріп, азапталғанын мәлімдеді. Халықаралық әуесқой бокс федерациясының (AIBA) басшысы болған Рахимов АҚШ-та халықаралық героин саудасына қатысы бар адамдардың тізіміне енген. 31 жастағы Мухиддинов видеода “Дубайдағы туысы” туралы әңгімелеп, Рахимовтың

  • Жамбыл Жабаевтың 175- жылдығына арналған «Жыры әлемді шарлаған» атты концерті өтеді

    2020 жылдың 26 ақпанында 19-00 де «Астана» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы«Қорқыт» этно ансамблінің Жамбыл Жабаевтың 175- жылдығына арналған «Жыры әлемді шарлаған» атты  концерті өтеді.      Кештің мақсаты Бала жасынан домбыраны серік етіп, ел ішіне ақындығымен танылған, екі ғасырдың куәсі болып, саналы ғұмырын ән мен жырға арнап, ұрпағына мол мұра қалдырған КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын, жыр алыбыЖамбыл Жабаевтың  туғанына 175 жыл толуына орайақынның музыкалық мұрасын көрермен назарына ұсынып насихаттау.Қорқыт этно ансамблінің Жыр алыбына арналған кешті тамашалауға шақырамыз.26 февраля 2020 года в 19:00 в концертном зале «Астана» состоится концерт этно ансамбля «Қорқыт» Государственной академической филармонии акимата города Нур-Султан «Жыры әлемді шарлаған», посвященный 175 – летию Жамбыла Жабаева.Целью вечера

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: