|  | 

Жаһан жаңалықтары

Мьянмадағы әскери төңкерістің артында кім тұр?


Мьянмадағы әскери төңкерістің басында тұрған генерал Мин Аунг Хлайн.

Мьянмадағы әскери төңкерістің басында тұрған генерал Мин Аунг Хлайн.

1 ақпанда Мьянмада әскерилер төңкеріс жасап, елдің лидері Аун Сан Су Чжи мен басқа да белді шенеуніктерді қамауға алды. Қазір билік ел әскерін басқарған генерал Мин Аунг Хлайнның қолына өтті. Мьянмадағы билік жүйесін бір күнде өзгертіп, елдегі саяси ахуалды күрделендіріп жіберген Мин Аунг Хлайн кім?

ӘСКЕРДІҢ САЯСАТТАҒЫ РӨЛІ ҚАНДАЙ?

Мьянмада 1962 жылы әскерилер төңкеріс жасап, содан кейін елу жылдай билікте болды. 2008 жылы әскерилер Конституцияны өзгертіп, әскердің елдің саяси жүйесіндегі рөлін бекітіп алды. Бұл Конституцияға сай, әскерилер сайлауға қатыспай-ақ парламенттегі орынның 25 пайызын алады. Әскердің қолбасшысы елдің қорғаныс, ішкі істер және шекара ісі бойынша министрді тағайындайды. Яғни, әскерилерге берілген бұл басымдық Аун Сан Су Чжинің Демократияшылардың ұлттық лигасы партиясына ыңғайсыз болды.

Аун Сан Су Чжи мен партияның көптеген мүшесі әскерилер тарапынан көп қуғын көрген.

МИН АУНГ ХЛАЙН КІМ?

64 жастағы Мин Аунг Хлайн 1972-1974 жылдары Янгон университетінде заң мамандығында оқып жүргенде саяси белсенділіктен алыс болды. “Ол көп сөйлемейтін, жұрт көзіне түсе бермейтін еді” деген еді онымен бірге оқыған адам 2016 жылы Reuters агенттігіне.

Мьянмада әскерилер төңкеріс жасап, ел лидерін қамауға алды. Жағдайды 300 сөзбен түсіндіреміз

Онымен бірге оқитын студенттер наразылықтарға шығып жүргенде ол әскери университетке түсу қамын ойлап жүрген еді. Ол 1974 жылы үшінші мүмкіндігінен кейін Қорғаныс қызметі академиясына түсті.

Мин Аунг Хлайнмен бірге академияда оқығандардың бірі 2016 жылы Reuters агенттігіне “ол үлгерімі орташа кадет болды” деп сипаттаған.

Бірге оқыған адам “оның шені баяу өсті” дейді. Ол Мин Аунг Хлайнның офицер шенінен жоғары көтерілгеніне таңданыс білдірген.

Мин Аунг Хлайн 2011 жылы, ел демократияға бет бұра бастаған кезде, әскер басына келді. Янгондағы дипломаттар “2016 жылы Су Чжидің биліктегі алғашқы мерзімі кезінде Мин Аунг Хлайн көп сөйлемейтін солдаттан саясаткерге айналды” дейді.

Сарапшылар Мин Аунг Хлайн Facebook желісінде белсенді болып, қоғамдық шараларын желіде жарнамалап, жүздеген мың жақтасын жинап алды дейді. 2017 жылы әлем елдері Мьянма әскерін рохинджа мұсылмандарын өлтірді деген айыптап жатқан тұста Facebook Мин Аунг Хлайннің аккаунтын жауып тастады.

Ол әскерилердің парламенттегі 25 пайыз орнынан бас тарту жайлы сөз қозғамады. Су Чжиді президент етіп бекіту туралы да ауыз ашпады (Су Чжидің балалары шетел азаматы болғандықтан ол президент бола алмайды, бұл Конституцияда бекітілген).

2016 жылы ақпанда Мин Аунг Хлайн өзі әскер қолбасшысы қызметін тағы бес жылға созып алған. Ол биыл ақпанда әскер басынан кетуі тиіс еді. Бірақ 1 ақпанда елде әскери төңкеріс жасап, қазір елдің басшысына айналды. Әскерилер былтыр қарашада өткен парламент сайлауының нәтижесімен келіспейді. Бұл сайлауда Су Чжидің партиясы жеңімпаз деп танылған.

МИН АУНГ ХЛАЙНҒА САЛЫНҒАН САНКЦИЯЛАР

2017 жылы Мьянма әскерилері рохинджа мұсылмандарына арнайы операция ұйымдастырған. Бұл операциядан соң 730 мың рохинджа көршілес Бангладешке қашып кеткен еді. БҰҰ Мьянма әскерилері операция кезінде рохинджаларды жаппай өлтіріп, үйлерін өртеген деп мәлімдеді. Мьянманың бұл әрекеті бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығын алған Аун Сан Су Чжидің де беделіне нұқсан келтірді.

Аун Сан Су Чжи (сол жақта) мен Мин Аунг Хлайн (оң жақта).

Аун Сан Су Чжи (сол жақта) мен Мин Аунг Хлайн (оң жақта).

АҚШ 2019 жылы Рохинджа мұсылмандарына ұйымдастырылған операцияға байланысты Мин Аунг Хлайн мен тағы үш әскери басшыға санкция салды. Қазір Гаагадағы БҰҰ-ның Халықаралық трибуналында Мьянма елінің үстінен сот өтіп жатыр. Африкадағы Гамбия елі Мьянманы “рохинджа мұсылмандарына геноцид жасады” деп айыптап, Гаагадағы сотқа шағымданған.

МЬЯНМАДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ ҚАНДАЙ?

ВВС сайтының жазуынша, Мьянмада қазіргі жағдай бірқалыпты. Ірі қалалардағы көшелерде әскерилер бақылауына алған. Елде түнде комендант сағаты енгізілген.

1 ақпанда елде ұялы байланыс пен интернет байланысы үзілген еді. 2 ақпанда интернет пен байланыс қайта қалпына келген.

Азияның бірнеше елінде Мьянма елшілігі алдында әскери төңкеріске қарсы наразылық шарасы өтті. Наразылар әскерилерден Аун Сан Су Чжиді босатуды талап етті.

Мандалай қаласында жүрген әскерилер. 2 ақпан 2021 жыл.

Мандалай қаласында жүрген әскерилер. 2 ақпан 2021 жыл.

Халықаралық ақпарат агенттіктерінің жазуынша, Мьянмада әлеуметтік желіде жұрт әскери төңкеріске қарсы наразылықтары байқалады.

Әскерилер қамауға алынған Аун Сан Су Чжидің қайда екенін айтпай отыр. Бірақ Аун Сан Су Чжиге жақын адамдардың бірі AFP агенттігіне Аун Сан Су Чжи үйқамақта отырғанын айтқан.

АҚШ Мьянма әскерилері Аун Сан Су Чжиді босатпаса санкция салатынын мәлімдеді.

54 миллион халқы бар Мьянма – Бангладеш, Қытай және Таиландпен шекаралас ел.

Мақала Reuters, BBC ақпараттарының негізінде жазылды

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін Қазақстан мен Ресей қатынасы қалай өрбімек?

    Рид СТЭНДИШ Санкт-Петербургтегі халықаралық экономика форумы төріне шығып келе жатқан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев (оң жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. 17 маусым 2022 жыл. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург экономика форумында Мәскеуді қолдамайтынын білдірді. Бұл Украинадағы соғыстан соң Орталық Азиядағы жағдайдың өзгергенін көрсететіндей. Қазақстанда биылғы Қаңтар оқиғасы кезіндегі наразылық жаппай тәртіпсіздікке ұласып, билігіне қауіп төнген соң президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің көмегіне жүгінген еді. Содан бері жұрт Ресей әскерін елге кіргізген президент Қазақстан тәуелсіздігін құрбандыққа шалып, Мәскеуге қарыздар болып қалды деп айтып жүрді. Бірақ Ресей әскері Украинаға басып кіргеннен кейін төрт ай өткенде Тоқаев бұл ойды жоққа шығарды. Ол Ресей президенті Владимир Путинмен Санкт-Петербург халықаралық экономика форумына қатысып, Кремльді қолдамайтынын айтты. Ресей

  • Украина мен Батыс Ресейді жеңуі үшін не істеуі керек? Уэсли Кларкпен сұхбат

    Важа ТАВБЕРИДЗЕ Ресей бастаған соғыс салдарынан жермен-жексен болған көпқабатты тұрғын үйдің орнында отырған бала. Краматорск, Украина, 25 мамыр 2022 жыл. Уэсли Кларк 1998 жылы Югославия лидері Слободан Милошевичтің Косовода албан ұлты өкілдеріне жасаған зұлымдығын тоқтату үшін жүргізілген НАТО операциясын басқарған. АҚШ-тың отставкадағы генералы, Калифорния университетінің Беркл халықаралық қатынастар орталығының бас ғылыми қызметкері Кларк Азаттықтың Грузин қызметіне берген сұхбатында Ресейдің Украинаға басқыншылығын тоқтату үшін Украина мен Батыс не істеуі керегін айтты. Азаттық: Украинаның қазіргі әскери жағдайын қалай бағалайсыз? Путин қандай да бір мақсатына жетті ме? АҚШ-тың отставкадағы генералы Уэсли Кларк. Уэсли Кларк: Ол Украинада ешқандай нәтижеге жеткен жоқ. Мақтанатын дәнеңе де жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске жеткенін атап өтетін 9 мамырға сонша мән

  • АҚШ президенті Тайваньді қорғау үшін әскери күш қолдануға дайын екенін мәлімдеді

    АҚШ президенті Джо Байден Президент Джо Байден, егер Қытай басып кірер болса, АҚШ-тың Тайваньді әскери жолмен қорғауға дайын екенін растады. “Бұл мойнымызға алған міндетіміз” деді Байден Токиода өткізген баспасөз конференциясында. АҚШ президенті мұнда жексенбі күні Азия елдеріне сапары барысында келген. Бұл ақпаратты Associated Press таратты. “Қытайдың Тайваньға күш қолдану жөніндегі кез-келген талпынысы жөнсіз болады, өйткені ол әрекет Украинадағы жағдай сияқты тұтас аймақтың тыныштығын бұзады” деп мәлімдеді Байден. АҚШ президентінің сөзінше, Ресейдің Украинаға басқыншылығынан кейін Тайваньді қорғаудың өзектілігі арта түскен. Байден сөзінен кейін Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь “Тайвань – Қытайдың ажырамас бөлігі” деп мәлімдеді. “Тайвань мәселесі — тек қана Қытайдың ішкі ісі”, — деген Вэньбинь, бұл мәселе бойынша келісімпаздық болмайтынын айта кетті. Бұрын АҚШ Тайваньға қауіпсіздік кепілінін беруден тартынып келген. 1979 жылдан бері АҚШ-тың Тайваньмен байланысын

  • Батыс берген қару-жарақ Украинаға көмектесе ала ма? Сарапшымен сұхбат

    Рид СТЭНДИШ Әскери беренді техникаға мініп келе жатқан украин жауынгерлері. Украина құрлық әскері баспасөз қызметі 2022 жылғы 19 сәуірде жариялаған сурет. Ұлыбританиядағы Консервативтік партияның қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бұрынғы кеңесшісі, Article 7 консалтинг тобының бас директоры Гарван Уолш Батыстың әскери техникасы Украинаға қалай көмектесе алатынын, соғыстың ендігі кезеңі неліктен логистикаға байланысты екенін айтты. Ресей әскері Украинаның шығысындағы шабуылын күшейте бастаған шақта, Батыс елдері Киевті қуатты қару-жарақпен қамтамасыз етуге тырысып жатыр. Украина бұл соғыста табандылықпен қарсылық танытып, Ресей әскері елдің солтүстігінен кетті. Бірақ сарапшылар соғыстың ендігі кезеңі Батыстың әскери көмегі қандай болатынына байланысты өрбиді дейді. Жуырда АҚШ Украинаға қауіпсіздігін нығайтуға 800 млн доллардың көмегін беруді мақұлдаған. Словакия, Балтық елдері, Канада секілді басқа мемлекеттер

  • Қара теңізде Ресейдің “Мәскеу” крейсері суға батты. Оған не болды?

    Марк КРУТОВ “Мәскеу” крейсері Ресейдің Қара теңіздегі әскери флотының флагманы болған. 14 сәуір кешке Ресей қорғаныс министрлігі елдің Қара теңіздегі әскери флотының флагманы – “Мәскеу” крейсері суға батқанын хабарлады. Сарапшылар зымыран қаруы бар крейсерден айырылу Ресей флотына елеулі соққы болып тиетінін айтады. 13 сәуір кешке Украинаның Одесса облыстық әскери әкімшілігінің басшысы, полковник Максим Марченко telegram-каналына Ресейдің Қара теңіз флотының флагманы (жолбасшы кеме) саналатын, зымыранмен жабдықталған “Мәскеу” крейсеріне Украинаның кемеге қарсы екі “Нептун” зымыраны тигенін жазды. Бірнеше сағаттан кейін Ресей қорғаныс министрлігі ТАСС агенттігіне кемеде өрт болғанын растады. Әскери ведомство “Өрт салдарынан “Мәскеу” зымыран крейсерінде оқ-дәрі қоры жарылды. Кемеге едәуір зақым келді. Экипаж толықтай эвакуацияланды” деп мәлімдеп, өрттің шығу себебі анықталып жатқанын айтқан.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: