|  | 

Жаһан жаңалықтары

Украина шығысында “шығынға ұшыраған” Ресей һәм Херсондағы шайқас. Соғыста не болып жатыр?


Украинаның шығысындағы Бахмут аймағындағы шайқас. 6 қараша 2022 жыл.

Украинаның шығысындағы Бахмут аймағындағы шайқас. 6 қараша 2022 жыл.

Украиналық әскерилер Донбасста Ресей күштерінің бірнеше шабуылына тойтарыс бергенін мәлімдеді. Ал Украина президенті Владимир Зеленский “Ресей әскерінің әр жеңілісі Мәскеудің әскери тактикасының ақылға сыймайтынын көрсетті” деді. Майдан шебінде не болып жатыр? Қысқаша шолып шықтық.

Киев “Ресей Украина күштері Херсон қаласын қайтару үшін шабуыл жасайды деп қауіптенеді, сондықтан бос қалған үйлерді тонап, бұл үйлерге қарапайым киінген әскерилерді орналастырып, көше шайқасына дайындалып жатыр” деп айыптады. Ресей Украинаға басып кіргенде алғаш жаулап алған қалаларының бірі осы Херсон болды. Кейінгі уақытта Мәскеу Херсонға Украина әскері шабуыл жасауы мүмкін деп тұрғындарды қаладан кетуге шақырған. Екі тарапта қазір Херсонда жарық пен су жоқ екенін айтады.

Кремль Украина тарабын “саботаж жасады” десе, Киев “Ресей бір жарым шақырым электр торабын үзді” деп те айыптады.

Киев “ресейлік күштер бейбіт тұрғындардың жеке үйлері мен инфраструктура объектілерден құралдарды, тамақтарды, транспорттарды ұрлап, Ресейге әкетіп жатыр” дейді.

Украина әскерилері елдің шығысындағы шепте жүр. 8 қараша 2022 жыл.

Украина әскерилері елдің шығысындағы шепте жүр. 8 қараша 2022 жыл.

Бұған қоса, Украина бас штабы Херсон облысы Берислав ауданындағы Ресейдің қару-жарақ қоймасына шабуыл жасап, әскери техникаларды жойғанын; ресейлік 32 әскери қаза тапқанын хабарлады.

Соғыс уақытында мұндай ақпараттарды тәуелсіз дереккөздерден тексеру қиын.

Украина қарулы күштерінің бас штабы күнделікті есебінде Ресей күштері елдің шығысындағы Бахмут, Авдеевка және Новопавловкаға шабуылды үдетті деп мәлімдеді. Мәскеу күштері кейінгі аптада Донецкте осы үш қаланы алуға тырысып жатыр. Бұған қоса, Ресей әскерилері Украинаның әр аймағындағы инфраструктуралар мен азаматтық объектілерді атқылауын да тоқтатқан жоқ.

Ал Зеленский Ресейдің ракеталық шабуылы көбейген тұста әлем Украинаға ракетадан қорғайтын жүйелердің келесі легін бергенін мәлімдеді. “Бұл көмек біздің қорғанысымызды күшейте түседі. Украина аспаны 100 пайыз қорғауда дей алмаймын, бірақ біз мақсатымызға жақындап келеміз” деді ол 7 қарашадағы видеомәлімдемесінде.

Украина тарабының айтуынша, Ресей кейінгі уақытта Донецк облысындағы Авдеевка қаласына шабуылды үдеткен. Сурет 7 қарашада түсірілген.

Украина тарабының айтуынша, Ресей кейінгі уақытта Донецк облысындағы Авдеевка қаласына шабуылды үдеткен. Сурет 7 қарашада түсірілген.

Украина қорғаныс министрі Алексей Резников 7 қарашадағы мәлімдемесінде ракетаға қарсы NASAMS және Apside қаруларын алғанын айтты.

“Бұл қару Украина әскерін одан әрі күшейтіп, елімізді қауіпсіз ете түседі” деп жазды ол Twitter желісінде. Резников қаруды қай елдер бергенін ашық айтпады, дегенмен АҚШ, Норвегия, Испанияға “алғыс айтты”.

Зеленский дүйсенбідегі мәлімдемесінде Донецк облысында кескілескен шайқас болып жатқанын да айтып, Донбассты “оккупанттардың бассыздығының эпицентрі” деп атады.

“Ресей күніне жүздеген адамынан айырылып жатыр. Сондағы Украинаның бақылауындағы жерлер оккупанттардың мәйітіне толып қалды” деді ол.

Зеленский Павловка маңында жүрген ресейлік әскерилер өз аймақтарының губернаторына шағымданды деп мәлімдеді. 7 қарашада америкалық CNN телеарнасы Ресейдің Тынық мұхит флотының 155-әскери бригадасының солдаттары Приморск аймағының губернаторы Олег Кожемякоға шағымданғанын хабарлады. Телеарнаның мәліметінше, ресейлік әскерилер Донецкте “түсініксіз шайқасқа” жіберілгенін, төрт күнде 300 солдат қаза тауып я жараланғанын, қаруларының 50 пайызынан айырылғанын айтқан.

Зеленскийдің сөзінше, Кожемяко әскерилердің шағымын “асыра сілтеу” деп атап, “шығын соншалықты көп емес” деген.

БҰҰ есебінше, 24 ақпаннан бері Украинадағы соғыста кемі 6490 бейбіт тұрғын (оның ішінде 400 бала бар) қаза тапқан. Ал Киев Ресеймен келіссөзден қашпайтынын айтады, бірақ келіссөз жүргізу үшін Ресей Украинадан әскерін толық әкетуі керек деген шарт қойып отыр.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • Трамп Украинаны Ресеймен Түркияда кездесуге үндеді. Зеленский “Путинді күтетінін” айтты

    Трамп Украинаны Ресеймен Түркияда кездесуге үндеді. Зеленский “Путинді күтетінін” айтты

    АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаны Ресеймен 15 мамыр күні Стамбұлда келіссөз өткізуге”дереу” келісуге шақырды. “Ресей президенті Владимир Путин Украинамен атысты доғару туралы келісімге қол қоюға ұмтылып отырған жоқ – оның орнына бейсенбі күні Түркияда осы қанды қасапты тоқтатуға қатысты келіссөз өткізуді ұсынды. Украина ол кездесуге дереу келіскені жөн”, – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде. Трамптың жазбасынан Украина ұсынған және Еуропа одағының жетекші елдері қолдаған басты шарт – әуелі майдан шебінде 30 күнге атысты тоқтатуды талап етіп отырмағаны аңғарылады. “Кем дегенде, қандай да бір мәмілеге келу мүмкін бе, соны айқындауға болады. Ал егер мүмкін болмаса – Еуропа елдерінің басшылары мен АҚШ жағдайды толық түсініп, тиісті әрекет жасай

  • АҚШ НАТО-дағы жоғарғы әскери қолбасшылық тізгінін бас тарта ма?

    АҚШ НАТО-дағы жоғарғы әскери қолбасшылық тізгінін бас тарта ма?

    Қай заманда да әскери доктринаның жүрегінде сенім тұрады. Сенімсіз одақ – қабырғасы қаланбаған қамал. Соңғы кездері АҚШ-тың НАТО-дағы жоғарғы әскери қолбасшылық тізгінін өзге елге беруі мүмкін деген сыбыс Вашингтон мен Брюссельдің арасындағы сенімге сызат түсіргендей… Дәл осы мәселеге қатысты генерал Кристофер Каволидің Сенаттағы сөзін Америкадағы стратегиялық ойынның беташары деуге болады. Каволи – жай ғана генерал емес, қазір НАТО-ның Жоғарғы одақтық қолбасшысы (SACEUR). Бұл титул 1950 жылдан бері тек америкалық генералдарға ғана тиесілі болып келеді. Әуелі Дуайт Эйзенхауэрдің қолына тиген бұл тізгін, АҚШ-тың Еуропадағы қауіпсіздік архитектурасындағы үстем ролін білдіретін символ ғана емес, ядролық тежеу мен стратегиялық үйлестірудің кілті болғанын білеміз. Каволи СACEUR лауазымының басқа елге берілуі – ядролық командалық жүйенің бүтіндігін

  • Зеленский мен Трамптың дау-дамайы: төрт түйін

    Зеленский мен Трамптың дау-дамайы: төрт түйін

    Стив ГУТТЕРМАН АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің суреттерінен коллаж Бұдан нашар болуы мүмкін емес… Владимир Зеленскийдің Ақ үйге сапары біраз мүмкіндікке жол ашатындай көрінген. Кездесу нәтижелі болған жағдайда, шартты түрде Украина мен АҚШ-ты байланыстыратын сирек кездесетін металдар туралы келісімге қол қойылуы мүмкін еді. Сонымен бірге Дональд Трамп үшін Киевті Ресейдің шабуылынан қорғауға қосымша ынталандыру болар еді. Бұған қоса, ел басшыларының кездесуі Ресеймен бітімге келу немесе бейбіт келісімге қол қою жағдайында Вашингтон Киевке қандай қауіпсіздікке кепіл бола алатынын көрсетіп, жалпы кепіл бола ала ма, жоқ па, соны анықтап берер еді. Тіпті мұның ешбіріне қол жетпеген күннің өзінде, таяуда ғана бір-біріне сын айтқан Зеленский мен Трамп кемінде достық

  • Украинадағы соғыс: Майданда не болып жатыр?

    Украинадағы соғыс: Майданда не болып жатыр?

    АҚШ пен Ресей арасындағы бәсі жоғары келіссөздерден оқ атуды тоқтату жайлы ықтимал келісімге дейін Украинадағы соғысты тоқтату төңірегіндегі әңгіме қызу жүріп жатыр. Өйткені АҚШ президенті Дональд Трамп сайлау алдында Ресей мен Украина арасында жедел келісім орнатып, соғысты тоқтатуға уәде берген.  Алайда жуырдағы дипломатиялық талпыныстарға қарамастан, 28 ақпанда Вашингтонда Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленскийдің соғысты аяқтау мәселесі бойынша сөз таластыруы бұл мәселеде терең қайшылықтар барын аңғартты. Сарапшылар бейбіт келісім былай тұрсын, оқ атуды тоқтату жайлы келісімнің өзінің ауылы алыс дейді. Соған қарағанда, үш жылға созылған соғыс тағы жалғасатын сияқты. «Жергілікті жерлердегі жағдай мен оқ атуды тоқтату, бітімгерлер, жағдайды реттеу жайлы саяси дискурс арасында үлкен алшақтық бар. Оның ауылы ұзақ», — дейді

  • Киевтегі саммитте Еуроодақ лидерлері Украинаға қолдау білдірді

    Киевтегі саммитте Еуроодақ лидерлері Украинаға қолдау білдірді

    Киев, Украина. 24 ақпан, 2025 жыл. Украина президенті Владимир Зеленский 24 ақпанда Киевте өткен “Украинаны қолдаймыз” деп аталған саммитте ондаған мемлекеттің басшысын қарсы алды. “Лидерлер, онлайн да, оффлайн да біздің егемендігімізді, аумақтық тұтастығымызды қолдап жатыр. Бұл Ресейдің Украинаға қарсы негізсіз, қылмыстық соғысы екенін бәріміз түсіндік” деді Зеленский. Ол Киевте 13 мемлекеттің лидерімен кездесті. 20-дан астам ел басшысы жиынға онлайн қатысты. Бұл саммит АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа әкімшілігінің соғысты тоқтату бойынша жаңа дипломатиялық бастамаларынан кейін өтіп жатыр. Вашингтон мен Мәскеудің Сауд Арабиясында өткен келіссөздерінен кейін Украина мен Еуроодақ өзіне тиімсіз келісім қабылданады деп қауіп еткен. “Соғысты бастаған – Ресей” деді саммитке онлайн қатысқан Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер. Ал Еурокомиссия төрағасы Урсула фон

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: