|  | 

Әдеби әлем

АЮДЫ ЖЕҢГЕН БАТЫР БАЛА (3 – әңгіме)

Байахмет Жұмабйұлының
315283854_3389941657894077_3392550512080914449_n
Кішкентай достар, үйлеріңде тентектік істемеңдер, әке-шешелерің «Аюға беремін» десе қорқуларың мүмкін. Бірақ, сол аюдың өң-сиқын көрмей тұрып неге қорқасыңдар?
Сендер ол ессіз мақұлықтың адамнан қорқатынын білмейтін шығарсыңдар, «Оқыстан аюдың үстіне түсіп қалу тым қауіпті» деп айтатын үлкендер кеңесін де естіген боларсыңдар. Мұндай қысылтаяң кездерде зейінді, жүректі болсаңдар аюды жеңіп алатындықтарың сөзсіз. Сондықтан аю мен адамның қайсысы батыр екенін білгілерің келсе, Ақыл деген мына баланың әңгімесіне құлақ салыңдар.
Изен мен жусаны бұрқырап өсіп, сасырлары саудырата бас жарып келе жатқан жаз күндерінің бірі. Қыс бойы тарыдай шашылып отырған көшпелі ауыл көктеулікке түсіп, төлдету жұмысының себебінен бүйірлесе отыра қалатын бір кезі болады емес пе, осы күндердің бірінде қыс бойы ауру азабымен сартап болып төсек тартып жатқан Ақылдың атасы ақыры көз жұмды.
Халқымыздың өлімді «әркімнің басына келер іс» деп құрметтейтін әдеті бойынша қауым халық қарияны жосын бойынша жамбасын жерге тигізді.
Ақыл аты затына сай ержетіп келе жатқандықтан, ауылдастары түгел алқасатын ақылды бала еді. Ол атасын жерлегенде дайын кірпіш болмағандықтан қорған тұрғыза алмағанына қатты алаңдады. Өйткені мұндай жалаңаш қабірлерді бұл өңірде аю қазып кететін жәйт болып тұрушы еді. Бүкіл ел болып Ақылдың атасына қорған тұрғызуды ертеңге қалдырды да, қабір басына леген іліп, «Қарақшы» тұрғызып тарасты.
Ақыл түні бойы алаңдап ұйқы көрмеді. Оның көз алдына сол аю қара болып та, сары болып та елестеп, жыртқыш тұяғымен қабір топырағын қазып жатқандай болады да тұрады. Осылайша көрер таңды көзбен атырып, атасының қабіріне ертемен жетіп келгенде, ойлағанындай көрліктің қорыс-қопасы шығып жатады. Сүйекті әлдеқашан алып кеткенін көріп, атасын тірідей аюға бергендей, жүрегі атша тулап, тынысы тарылып, намыс оты өзегін өртеді, тіпті есінен де танды, ақыры көптің ақылына келіп есін жиды. Аюға деген өшпенділігі қозған Ақыл осы аюдың көзін жоғалтуға бел байлады.
— Мұңыма мұңдас, қуанышыма ортақ болған жұртым, мен осы аюдың көзін жоғалтсам, рұқсаттарыңызды берсеңіздер! — деген еді, ауыл ақсақалдары:
— Ашу не қылдырмайды, айтқаның жөн-ақ, бірақ ол сені қойып, айлалы аңшы мен құралайды көзге ататын мергендерге алдырмай, көп жылдан бері бірнеше адамның көрін қазып дәніккен жыртқыш аю ғой, -деп жұбату айтты.
— Аю өлген адамға тиіспей, жерге көміп қойып сасытып жейді деген сөз рас па? — деп сұрады Ақыл.
— Иә, солай. . . —деген, қария Ақыл не айтар екен дегендей оған қадала қарады.
— Сонда менің айтарым, адамның етіне дәніккен осы аюмен бір алысыпкөрсем, —Ақылдың бұлсөзіне қариядан тартып төңірегіндегілер түгел күлісіп жатты.
— Балам-ау, сенің күшің толып, ісің пысқан жоқ. Ашудан туған ойың ғой, болды балам, Алла кешеді. Ел болып сүйекті іздеп көрейік, — деп қарт Ақылды үйге қайтуға көндіреді.
Осылайша Ақыл ауыл қартының рұқсатынан күдерін үзді. Ол атасының тірісінде айтатын «Балам, адам баласының қолынан келмейтін іс болмайды, бірер істі істей алмаймын деп тартыншақтаушы болма, әр істі білуге тырыс. Істі істегенде батылдыққа зеректігің серік болсын, әсте аңқаулықпен жұмысқа араласушы болма» деген сөзін есіне алып, іштей бір бекімге келіп үйіне қайтты.
Кеш батып, ел орнына отырды. Көз жасын көл еткен Ақыл сандықтан бір ақыретті ұрлап алды да, көзге түртсе коргісіз қараңғыға сүңгіп кетті.
Ол бұрын балалармен ойнағанда «зиратта шайтан болады» деп бір-бірін қорқытатындарын есінен шығарып, есіл-дерті жыртқыш аюдан атасының кегін алу болды да, қабір басына жетіп үлгірді.
Делдейген қалың молалар арасынан құлағына ызыңдаған, ысқырған құбыжық дауыстар естіледі. Дәл осы кезде оның өн бойын қара тер басқандай болды. Бірақ, алған бетінен қайтпай, атасының көрлігіне түсіп ақыретке оранып жатты.
Қанша айтқанмен, жазғытұрымның күні емес пе, ызғарлы желемік оны қалтырата бастады. Бірақ, тісін-тісіне басып, «қалай да кек алуым керек! » деп аюдың келуін тосып жата берді.
Арада қанша уақыт өткені белгісіз, тоңғанынан тізесі бүгіле бастаған еді, әлден уақытта сырп-сырп еткен бөгде дауыстан елең етіп, тынысын тарта көсіліп жата қалды.
Ақылдың әлгіндегі тоңғаны: екі көзін тас жұмып өлген адам бейнесінде жатқанынан еді. Ауылдағы темірші Көкен қарттың жел көрігінің дауысындай гүр-гүр еткен дыбыс білінді, өздерінің сары атанының жүрісіндей сырпылдаған аяқ дауысы қабірді бір айналып шықты да, Ақылдың денесіне темірдей тұяғы сарт етіп қадала кетті, Ақыл бақырып жібере жаздап өзін әрең ұстады. Кенет адуын күштің бір серпуімен көрліктің сыртына шыға келді. Аю Ақылдың өн бойын иіскелеп шығып тікендей тілдерін бетіне қадаған еді, Ақылдың бұл сасық демге жаны зорға төзді. Егер мұндайда азда болса тіксініп, қыбырлап қалсаңыз, аю күдіктеніп көтеріп алып жерге бір-ақ ұруы да мүмкін еді.
Аю осылайша Ақылды «Тексеруден» өткізді де, қолтығына қысып ала жөнелді. Борбаңдай жөнелген аю ну қарағайды бетке алып ұшырып келеді. Ақыл үнсіз, қыбырсыз жатыр.
Ну қарағайдың ішіне енген аю әлдебір жерге Ақылды қойды да, арсы-күрсі бола бастады. Ақыл енді қорқайын деді. Өйткені аю өлікті шымға көміп қарағаймен бастырып кететінін естіген еді. Сондықтан енді әрекеттенудің кезі келгенін аңғарды.
Ақыл ақырын көзін ашса, аю қарбалас жер қазып жатыр екен. Ну қарағай ішіне таңғы шуақ қыдырыпты. Аю да жерге жарық түсірмей жайғастыруға қамданып жатқан сияқты, күрекпен қашағандай шымды қопарып жатыр.
Ақыл аюдың жерді қазып болғанын көріп, көзін жұма қалды. Ал аю Ақылды орнынан тұрғызып, қарағайға сүйеді де әлден уақытта беттен салып кетті. Тұйықсыз мына соққыдан Ақылдың басы жарылып кете жаздады. Көз оты жарқ етіп, есінен танып барып қайтты.
Аю кескен шөркедей жерге құлап түскен Ақылдың бетіндегі қанды жалап – жалап алып және қанның сығуын тосқандай Ақылға бедірейіп тұрған еді. Ақыл да осыдан ары орай болмасын аңғарып, қайратын бойына жиып бар дауысымен «Айт» деп ақырып қалып,орнынан атып тұрды.
Бейғам тұрған аю тосын дауыстан шалқалап барып жығылып түсті. Ақыл оңтайлап тұрған қанжарын суырып алып, аюдың қайта қамдануына орай бермей, қарнынан жарып үлгерді.
Бұл кезде атырап таң шұғыласына малынған еді. Жыртқышты жайратқан Ақыл «Аю жүрексіз болады» дейтін үлкендердің сөзінің растығын аңғарды. Өзінің ақыл-айласымен жауын жайратқанына дән риза болған Ақыл адамдардың ақыл-парасатының теңдессіз екенін түсінді.
Ақылды іздеп шыққан ауыл адамдары жауын жайратқан ерлігін, парасаттылығын көріп мойындарына көтеріп, қаршадай Ақылдың теңдессіз айламен жеңістік алған мына оқиғаны ауыздан-ауызға таратып жатты.
“Жап Жарық әлем” кітәбінан. Алматы “ҮШ ҚИЯН” баспасы.

Related Articles

  • МӘҢГІ ҚАЗАҚ(ертегі фэнтези) 

    ҚАЗАҚТАРҒА ЖАСАлып жатқан  ҚИЯНАТ КӨП БОЛҒАСЫН, « Мәңгі қазақ» атты әңгіме жазсам деп жүретін едім. Осыдан бір күн бұрын сол әңгіменің сюжетіне келетін түс көржім. Кешеден бері жазуға кіріссем бе деп жүр едім, сәті бұгін түскен сияқты. ЖҰМАТ ӘНЕСҰЛЫ Өте ертеде емес, бүгінде емес, ғылым докторлары Санжар мен Балжан институтта қызмет ететін.Өздерінің лауазымдарына қарай қарапайым екі қатарлы жақсы салынған коттеджде тұрды.Интеллигент адамдар өмірдің қиындықтарына көп мін бере қоймайды ғой, Өмірлері мәнді, жайлы өтіп жатты. Жақсылықта көп күттірген жоқ, Санжар мен Балжан ұлды болып, коттеджде шағын той өтті. Неге екенін қайдам, әке шешелері ақылдасып, ұлдарыныі есімін Аңсар деп атаған. Аңсар ертедегідей тез де өскен жоқ, кеш те өскен жоқ. Тәрбиелі жігіт болып

  • СУ ІШКЕНДЕ ҚҰДЫҚ ҚАЗЫУШЫНЫ ҰМЫТПА

    (23 – әңгіме) БАЙАХМЕТ ЖҰМАБАЙҰЛЫ — Біздің заманда сендерше киімнен-киім таңдайтын жағдай қайда, жамап-жасқап, тон, шалбар кисек те жететін. Сөйтіп жүріп аянбай еңбек еттік. Бүгінгі күн басатын жолды ол кезде айлап жүрдік, тіпті бүгінгідей дүниенің төрт бұрышынан хабар тауып отыратын жағдай қайда? — деген қария немересінің жұмыстың қырын білмей, тік қасық болып өсіп келе жатқанына наразы бейнесін аңғартып, өз өмір кешірмесінен кеңестер қозғаған. Немересі: — Ата, сол дәуірде туған өздеріңіздің сорлы болған тәлейлеріңізден көрмейсіз бе? Оларыңызды бізге айтпаңыз, —демей ме. Ашудан жарыларман болған қария: — Е, ондай болғанда «Ұрпақ үшін бақыт-байлық жаратсам» деп тер төгіп, жан қиып, азып-тозған ата-бабаларың сендерге айыпты болғаны ғой. «Теңдік үшін» деп әкем оққа ұшты. Ал

  • Мұхтар Мағауин: ОРАЛХАНДЫ ДА, ҚҰДАЙЫҢДЫ ДА ҰМЫТҚАН ЕКЕНСІҢ…

    яғни, Д.Исабековты тәубаға түсіру рәсімі Республика президентінің қолынан биік марапат алып, желі көтеріліп тұрған Д.Исабеков, мына біз сияқты пендесіне көңіл бөліп, «Мұхтар Мағауиннің бүкіл позициясы маған ұнамайды» деген түйінді тақырыппен сұхбат беріпті – Nege.kz, 10.ХІ.2022. Бір заманда таныған, білген, енді көзден таса, көңілден өшкен жазарманның, тәрізі, қырық-елу жыл бойы іште булыққан жүрекжарды толғамы. Жарыққа шыққан кезде біз тарихи-танымдық «Алтын Орда» кітабын дендеп, қажетті тынысқа Эрнест Хемингуэйдің ескі жұрты – жылы теңізге бет түзеген едік. Енді міне, екі аптадан асқанда қайрылып соғуға мүмкіндік таптық. Артықша қажеттіліктен емес, әлдебір әуесқой ағайындар дүдәмалда қалмасын деп. Алдымен, айқайлы сұхбатты оқымаған бүгінгі жұртшылық үшін, ең бастысы – Д.Исабеков бауырымыздың мүбәрак есімін кейінгі заманға ұмыттырмай жеткеру

  • Алтайдан Жездіге дейін (Сапарнама)

    Сарыарқаны сарыала күз көмкерген алтын шуақты сәттің бірінде – Моңғолдың нөмірі бірге санатты ақыны, осызаманғы ғұламасы Гүн сойлы Аюурзана екеуіміз 20-21 қыркүйекте Елордада өткізілген «Қазіргі заман сөз энергиясы» Еуразиялық әдеби форумға шақырылған едік. Бұл реткі шара КСРО тұсында 1973 жылы Алматы қаласында ұйымдастырылған дейді. Арада 45 жыл өткеннен кейінгі халықаралық әдеби басқосуды ҚР Мәдениет спорт министрлігі қолдауымен жуық шамада жаңарған Қазақстан Жазушылар Одағы қайта жаңғыртқан. Межесі – қазақ әдебиетін әлемге ұсыну, ұраны – Рухани жаңғыру. Тәуелсіздік тұғырына қонған елдің бүгінгі дәуренін күллі ғаламға паш ету. Бұған Қытай, Ресей, Моңғолия, Қырғыз, Өзбек, Иран, Әзербайжан, Молдав,Украина өкілдері тобымен жеткен. Дырдудан тыс – рухани сәтті жиын. Еуразия құрлығынан Туркия, Алмания, Қыпшақия, Польша, Болгария

  • Майкл Ньютонның «Жан жиһаны» кітабының аудармасынан үзінді

    Нұрлан Сәдір Майкл Ньютонның «Путешествие души»/ «Жан жиһаны» кітабының аудармасынан үзінді ұсынуды жалғастыруды шештім: 2-ші уақиға Американың оңтүстігіндегі жазықта Сэллидің мойынына жақын қашықтықтан жебе келіп қадалған сәттен басталады. Өз басым, өткен өмірде кісі қолынан қасақана болған өлім сценаларына сақтықпен қараймын. Себебі түпсана сол азап әсерді жадында әлі де болса сақтайды. Маған екінші уақиғадағы Субъект тамағының тұсы өмір бойы мазалап келе жатқаны жайлы шағыммен келді. Бұндай жағдайларда арнайы терапия мен өмірлік бағыт-бағдарын қайта құру керек болады. Субъектілеріммен жұмыс жасағанымда, оларды өзін сырттай бақылаушы рөліне қою арқылы, ауруы мен күйзелісін бәсеңдету мүмкіндігін жібермеймін. 2-УАҚИҒА Д-р Н.: Жебе жаныңызға батып тұр ма? СУБЪЕКТ: Иә… тамағымды қақыратып жіберді… Мен өліп барамын (Субъект тамағын ұстап,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: