|  |  |  | 

Көз қарас Мәдениет Әдеби әлем

Өнердегі өгейлік қайдан шықты?

01-09-16-toleutai-3Әлі есімде. 1992 жыл еді. Ол заманда қазіргідей қаптаған БАҚ пен өрмекшінің торындай сансыз көп әлеуметтік желілер жоқ. Тәуелсіздікпен көтерілген ел еңсесінің жан жадыратар салқын самалы Алатаудың бауырынан үздіксіз есетін де тұратын. Қазақтың бағына біткен екі телевизиясы мен екі радиосы да сонда еді. Барлық газет-журналдар, атағы дүркіреп тұрған баспалардан тасқындап шығып жатқан том-том кітаптар еліміздің түкпір-түкпіріне осы Алматыдан жөнелтіліп жататын. Сол кездегі ел ішіндегі ағайынның бәрі Алматыдан «жыл келгендей жаңалық» күтіп елеңдеп отыратын сияқты болып көрінетін.

…Содан, сол жылдың жаз айының тамыл­жыған бір күнінде Республика сарайын­да елімізге белгілі 25 ақын-жазушының елу жылдығы аталып өтіпті, деген хабар елді елең еткізді. «Апыр-ай», дестік. Шынында да, бұл керемет жаңалық еді. Қазақтың 25 жазушысы ердің жасы – елуге келіп жатыр! Қалай өтті екен? Бүгінгіше айтсақ, қандай форматта өтті? Сөйтіп жүргенде, қазіргі «Қазақстан» ұлттық арнасынан әлгі мерейтойды жарқ еткізіп көрсетпесі бар ма? Міне, ғажап, сахна төріне қазақтың сол кездегі есімі елімізге кеңінен мәшһүр Ақселеу Сейдімбеков, Дүкенбай Досжанов, Мұхтар Шаханов, Төлен Әбдіков, Дулат Исабеков, Кәдірбек Сегізбаев секілді кілең марғасқалары жайғасқан. Марқұм Жәнібек Кәрменов жайнатып жүргізіп отыр. Мәйекті сөз бен мазмұнды ой, әсем ән мен тәтті күй – бәрі сонда. Көзіміз тұнып кетті. Ақын-жазушыларды ардақтаған сол бір кеш көпке дейін ел ішінде әңгіме болды, сол кездегі біз сияқты жастардың есінде мәңгі қалды.

Асыра айтқанымыз емес, қайта құру заманы мен тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мұндай рухани кештер жер-жерде жиі өтіп тұрушы еді. Адам құлақтан семіреді. Қалың ел теледидарға телміріп, сол кештерді жабыла тамашалап отырушы еді. Мұндай ұлттық рухқа меймілдеген, халықтық сипаты күшті кештерден кейін елдің еңсесі кәдімгідей тіктеліп, көтеріліп қалушы еді. Жан азығы – есті өнерге шөлі қанған үлкендер жағы шүкірана айтып жатса, саналары сәулеленген жастардың кеудесін ұлттық мақтаныш сезімі кернейтін, ізгілікке, биіктікке талпынатын.

Енді, міне, осының барлығы көрген түстей. Сол бір шұғылалы шақтар еске түскенде, есті ән тыңдағың келіп, теледидар қосасың. Құдайға шүкір, баяғыдай ек арна ғана емес, төріңізде тұрған теледидарыңыздың жүзге жуық арнасы бар. Алайда, қайсысын қоссаң да – жын-ойнақ. Микрофонды аузына тығып алып, сахнада жынын шақырған бақсыдай елірген фанерщик-әншілер. Көшелі өнерпаз, есті ән-күй емге табылмайтын жағдайға жеттік. Мұның соңы не болар екен? Баяғы діни аңыздарда ақырзаман боларда әлдеқайдан жалғыз көзді тажал шығады деуші еді, сол тажал осы әрқайсымыздың төрімізде тұрған теледидар болып жүрмесін…

Жә, бірді айтып, бірге кетпейік. Әңгіме 1992 жылы 50 жылдығы дүркіреп өткен 25 жазушының мерейтойынан басталды ғой. Сол дүркіреген мерейлі кештер қазір қайда кетті? Неге біз кемеңгер сөз иелері мен есті өнерпаздарды ардақтамайтын болдық?  Неге оларға теледидар мен өнер сарайларының есігін тарс-тұрс жаптық. Өнер сарайы демекші, бертінге дейін қазақ өнері мен руханиятына қызмет етіп келген Республика сарайының төріне қаламгер қауым мен халық сүйген өнерпаздар неге шыға алмайды? Кезінде сол сарай халықтыкі еді ғой.  Былтырдан бері де аттары арғысы әлемге, берісі алашқа танымал ел ағалары сексен жастың сеңгіріне шықты. Бірақ осынау ел ардақтыларының мерейтойы ешқайда өз деңгейінде аталып өтпеді. Кезінде Расул Ғамзатов сексенге келгенде, Ресей, Дағыстан болып жұмылып, атақты авар ақынының мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өткені жадымызда.

Осындайда еріксіз есіңе түседі екен…

Бізде бұған керісінше, бейнелеп айтқанда, «бесіктен белі жаңа шыққан», ал нақты айтар болсақ, жасыңқы дауыстары әлі бекімеген «бота тірсек бозбалалар» еліміздің концерттік сарайлары мен телеарналарынан күні-түні, үздіксіз «шырқайтын» жылаңқы дауыстарымен құлақты тұндыратын күн туды. Бұл неден?..

Ерлан

ТӨЛЕУТАЙ,

өнертанушы

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: