|  |  |  | 

Руханият Әдеби әлем Әлеумет

Ватикан Тереза Ананы әулие деп жарияламақ.

14225497_10154400885459070_7504623110869574553_nҚыркүйектің 4-і күні Ватикан Тереза Ананы әулие деп жарияламақ. Тегі македониялық католик тақуа бүкіл өмірін (1910 – 1997) әлемнің ең кедей елдерінде қайырымдылық қылуға сарп етті. Кезінде Нобель сыйлығы берілген діндардың өз басы мен құрған ұйымын сынаушылар да жетерлік. “Жүрексіз бюрократиялық мекеме”, “кедейлер үшін ашқан паналау орталықтары мен асханаларында тазалық жоқтың қасы”, “діни көзқарастары фундаментализмге бейім” деген сияқты пікірлер айтылып жатады. Әлбетте, кез-келген пассионар тұлғаның соңынан ерушілер көп былық жасайды, сенімді догмаға, ғибадатхананы институтқа айналдырып жібереді. Бірақ маған Тереза Ананың өз өмірі, идеалдары мен принциптері қызық. Төменде өзім оқыған ‘Mother Teresa: Essential Writings’ топтамасында (құрастырған – Jean Maalouf) қатты ұнатқан кейбір сөздерін ағылшыннан аударып тізіп жаздым.

1. Елдің бәріне тегіс жақсылық жасау міндетім деп қарамаймын. Жеке адамға жақсылық қылам. Жақсы көруді бір адамнан бастаймын. Бір адамның қарнын тойдыруға тырысам. Тек бір ғана адам, сосын және біреуі, сосын және біреуі…

2. Егер кедей-кепшікке Құдайдың рақымшылығын көрсеткіміз келсе, ең әуелі өзіміз сол кедей-кепшіктің бойындағы Құдайдың рақымшылығын көре білуіміз керек.

3. Барлық заманда барша діндегі зейінділер мен тақуалар Құдайды үнсіз ғана шөл дала мен орман-тауда оңашалану арқылы іздеген.

4. Медитациясыз, құлшылықсыз және рухани өмірсіз әрекет қылу – діннің суициді.

5. Әр заттан, әр адамнан, әр тараптан әрқашан Құдайдың жүзін ізде.

6. Кедей адамдар қайда болсын бар, бірақ нағыз тақыр кедейлер – ешкім жақсы көрмейтін жандар.

7. Алыстағы адамды сағына жақсы көру оңай, үнемі қасыңда жүрген жанды бағалап жақсы көру қиын. Бейтаныс мұқтаж адамға жәрдем қыла қою оңай, өз үйіңдегі жақын жанды жалғыздықтан құтқару қиын… Махаббат үйде басталады. Тәулігіне 24 сағат көретін қасымыздағы адамдарды жақсы көре алмасақ, анда-санда бір көретіндерді қайтіп жақсы көрмекпіз?

8. Бүгінгі әлемдегі қайғы-қасіреттің бір себебі – пәк сәби, жаңа туған нәресте, тіпті әлі тумаған пінә керексіз болып жатады. Сәби – Құдайдың отбасына, мемлекетке, әлемге тартқан ұлы сыйы.

9. Құдыреті күшті Құдайдың өзі егер де әлдекім оны қаламай тұрса, өзін оған күшпен мойындата алмайды. Иман деген – сирек тарту.

Galym Bokashтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: