|  | 

Тарих

М. Шоқай: «Батыр большевик Амангелді хақындағы ақиқат»

М. Шоқай: «Батыр большевик Амангелді хақындағы ақиқат»  Ақырында «алашордашымын» деген жалған бүркеншік атты жамылып, қыпшақ руынан сатқын, шоқынды Степнов-Әліби Жангелдин Торғай даласына жетті Түркістан қазақтары газеттері беттерінен көптен бері жиі кездесетін есімдердің бірі – 1916 жылғы Торғай далаларында орыс үкіметіне қарсы көтерілген халық көтерілісінің басшысы Амангелді Иманов. Ол турасында баспасөз беттерінде қисапсыз көп материалдар жарияланды. Ақындар толып жатқан өлең-жыр, дастандар шығарды, драматургтер сахналық қойылымдар дайындады және тағы да дайындап жатыр. Ол аз болса, Амангелді өмірінен фильм түсірілуде, оған арнап ескерткіш тұрғызылуда.

Осы айтылған мақала, өлең-жыр, сахналық қойылым, кинофильм және ескерткіштердің бәрі «әліпті таяқ деп білмеген», Торғай өңірінен басқа жер, өз руынан басқа ел көрмеген қараңғы Амангелдіні дүниеде теңдесі жоқ төңкерісшіл, ұлт пен ұлтшылдықтан жоғары тұратын интернационал большевик, дінге дұшпан, Түркістан түріктігін орыс большевизмі және интернационалдық төңкерісшілдікпен табиғи түрде тығыз жымдастырған ірі тұлға ретінде көрсету идеясына қызмет етіп отыр. Ынсабы мен қаламдарын сатқан Майлыұлы Бейімбет пен Мүсірепұлы Ғабиттер орыс жазушысы Всеволод Ивановпен бірлесіп «Социалды Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған мақалаларында Амангелдінің большевиктік бейнесін жасауға тырысқан болса, халық ақыны Есенбайұлы Сағит дәл сол «Социалды Қазақстанда» жариялаған «Амангелдінің шабу жылы», «Ердің өлімі» атты жырларында Амангелді бейнесін шындыққа жақын суреттейді. 1916 жылы Амангелді сарбаздары Торғай қаласына шабуыл жасаған күндерде, Есенбайұлы Сағит Ақтөбе темір жолы бойындағы элеваторда жұмыс істеп жүрген жұмысшы-большевик болатын. Әрине, Есенбайұлы да Амангелдіні боямалап, бұрмалап большевикке жақындатпақ болады. Бірақ көздеген мақсатына жете алмайды. Өзін Амангелдінің саптасы ретінде көрсетуге тырысқан Есенбайұлының суреттеуінде батыр бейнесі таптан да, ұлттан да, құдайдан да безген біреу болып шыққан.3e9940025a3660ed05b67832a66f597d.jpg  «Амангелдінің шабу жылы» атты жырдың бас жағында:

Қысым болған патшадан,

Кең дүние болды тар. ……………………………..

Өткен жұлдыз ішінде

Соғыс қылды дуанды

Сарбаз-солдат екі жар, – деген жолдардағы ақынның сарбаз деп отырғаны қазақ-түріктер де, солдат дегені – орыстар. 339 жолдан тұратын осы ұзақ жырда «сарбаз» бен «солдат» шынында да «екі жар» (қарама-қарсы) болып тайталаста тұр. Ендеше кешегі Амангелді сарбазы, бүгінгі большевик болған жұмысшы Есенбайұлының суреттеуінде, 1916 жылғы көтеріліс таптық күрес, яғни түркістандық кедей түріктердің орыс жұмысшыларымен бірлесіп, Түркістанның түрік пен орыс байларына қарсы жүргізген орыс күресі емес, керісінше барлық Түркістан түріктерінің барлық орыстарға қарсы ұлт-азаттық күресі болып шыққан. Орыстардың түркістандықтарды ұлтқа айырмай қанағаны Есенбайұлының «Ердің өлімі» атты жырында біршама айқын көрінеді.

Қара сайдан қалың жау

Шыққанда елге уралап,

Көрінген қазақ баласын

Атып, талап, жаралап,

………………………………..

Балалар шулап «бабалап»

Ата-ана зарлап «балалап»

Тұрғанда әтірәд қамалап

Амангелді ал жетті.

……………………………….

Бұл күнде большевик болып жүрген Есенбайұлы:

Жарығы болсын сарбазға

Солдатқа беріп тұманды, – деген жолдар арқылы 1916 жылғы көтеріліс шын мәнінде орыстар мен Түркістан түріктері арасындағы ұлттық күрес екенін мойындайды. Өлсең «шейіт» …, «рухына дұға, рахмет»…

Арманда кетті қыршын жас

Кездессін ұжмақта қыз хорына…

Есенбайұлы бұл тұста өзіне-өзі қарсы келді. Ол енді мына жолдар арқылы көтеріліс басшысы Амангелдінің (және большевик Есенбайұлының да) құдайсыз большевик бейнесін теріске шығарады. Өзінің сарбаздарына «Өлсең шәйітсің» деп жүрген Амангелдіні енді атеист деуге келер ме?

e7c1a779e2e08e37f3a742f16b0f2ea3.jpg

Амангелді өлген соң большевиктер қатарына қосып алушылардың жалғыз ғана дәлелі бар. Ол оның 1919 жылы алашордашылардың қолынан өлуі. Алашордашылар Амангелдіні большевик болғаны үшін өлтірген жоқ.

Бұл оқиғаның шындығы былай: Амангелді қыпшақ руынан еді. 1917 жылдың көктемінде төңкеріс басталып кеткен соң, Түркістан түріктерін майдан жұмысына алу тоқтатылды. Уақытша үкімет тарапынан Торғай уәлаятына комиссар болып тағайындалған Әлихан Бөкейханов Торғай халқын көтерілісті тоқтатып, бейбіт өмірге қайтып оралуға шақырды. Әлиханмен бірге оның ең жақын достары болған ұлтшылдар Ахмет Байтұрсын, Мирякуб Дулатұлы да халық бұқарасы арасында үгіт жүргізіп, дала уәлаяты тұрғындарын тыныштандыруға үндеді. Ахмет пен Мирякуб арғын руынан болуы себепті Торғай өңіріндегі арғындар олардың сөздеріне құлақ асты да, қыпшақтан шығып «хан» сайланған Әбдіғаппар мен Амангелдіні тыңдамады. Нәтижесінде кеше ғана орыс отаршыларына қарсы бірге соғысқан Торғай қазақтары енді қыпшақ пен арғын болып екіге жарылды…

Бұл тұста халық арасында «төңкерістен соң, орыс мұғажырлары Ресейіне қайтатын көрінеді» деген қауесет сөз тараған. Осыдан келіп орыстардан қалатын жерді бөлу туралы мәселенің төбесі көріне бастады. Тірі жүрген аюдың терісі үшін арғын-қыпшақ таласқа түсті. Әбдіғаппар хан мен Амангелді қыпшақтар жағын алып, арғындарға тізесін батырды. Рушылдыққа ешқашан бой ұрмаған Ахмет Байтұрсын мен Мирякуб Дулатқа қыпшақтар арғындардың басшылары деп қарай бастады…

Әбдіғаппар мен Амангелдінің рушылдық дерті әбден асқынғаны сонша, 1917 жылы Орынборда болған жалпы қазақ құрылтайынан соң және 1918 жылдың жазында Торғай даласын аралап жүрген кезімде маған да жақын кісілерін жіберіп, менің қыпшақ руынан екенімді есіме салып, төреден шыққан Әлихан Бөкейхан мен арғыннан шыққан Ахмет, Мирякубтарға қарсы күресте «бізге саяси жетекші болыңыз» деп өтініш жасады. Мен, әрине, олардың ұсынысынан бас тарттым. Өйткені мен Түркістандағы түрік адамы үшін, әсіресе Түркістанның ұлт-азаттық туын көтерген адам үшін арғын, қыпшақты былай қойып, тіпті өзбек, қазақ, түркімен болып бөлінудің өзі Түркістан түріктерін бөлшектеп, өлімге бастайтын жол екенін жақсы білетін едім…

c9fea67af4d91d447e3a710b235445a3.jpg

Ақырында «алашордашымын» деген жалған бүркеншік атты жамылып, қыпшақ руынан сатқын, шоқынды Степнов-Әліби Жангелдин Торғай даласына жетті. Өз басы қазақ даласына аттап баса алмас еді. Оның жанында орыс қызыл гвардиясы жүрді. Көп өтпей Степнов-Жангелдин төреден шыққан Әлихан мен арғыннан Ахмет, Мирякубтарға қыпшақ Амангелдіні айдап салды. Степнов-Жангелдин мен Амангелдінің маңайына орыс қызыл гвардиясы мен орыс мұжықтарын топтап қиян-кескі соғыс ашты. «Большевик» сөзін «қыпшақ» деп түсінген қараңғы Амангелді алашордашылармен болған бір шайқаста қаза тапты.

Шындық, міне, осындай. Бұл күнде большевиктер «батыр большевик» Амангелдіні «ұлтшыл, кері төңкерісшіл Мирякуб Дулат өлтірді» деп, жала жауып, Түркістан түріктерінің ең көрнекті, ең сыйлы өкілдерінің бірінен саналатын бір ірі тұлғаның көзін жоймақ болды. Бәлкім, большевиктер Мирякубтың көзін жойып та үлгерген шығар…  1936 жыл. Шоқай М. Таңдамалы, 2 том. – Алматы, 1999. – 79-82-бб.

e-history.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: