|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

Шыңғысханмен тірескен меркіттер қазір қайда?

«Арабтық қурайыш тайпасының ақсүйегі Мұстафаның жаннан асқан Айбақ атты сұлу қызы болыпты. Қыз нөкерлерін ертіп, анда-санда сейіл-серуенге шығып тұрады екен. Бір күні ол араб түбегіндегі ең көркем саналатын Мәрмәрат тауына саяхатқа шыққанда арабтық Тәліп мырзамен көңі қосып қалады. Онымен тұрмыстануға туыстары: «Өз нәсіліміз» деп жол қоймайды. Мұстафаның інісі Мұсыраф: «Қыз салтты бұзды, жаман жолға түсті. Оны өлтіру керек» деп жініксе, Мұстафаның екінші әйелі: «Айбақтың көзін құртыңдар» дейді.

Сонымен, Айбақтың шешесі Фатима оны Басыра қаласында тұратын түрік азаматы Самармен үйлендіреді» («Меркіт ата» кітабынан). Тағы сол кітапта «Самар қаңлының бір кіші руынан, оғыз түріктің немересі Жамсап мырзаныың ұрпағы» делінеді.

«Айбақ бике Самарға тұрмыстанған соң бір ұл туады, оның атын Меркіт Марат деп қойыпты. Меркіт Марат есейе келе Меркіт, Мәркіт аталып кетеді. Меркіт төрт әйелінен 20 ұл, 15 қыз жиыны – 35 ұрпақ көреді. Меркіттің атын сақтаған ұрпақтары Ришат, Асқап, Кәсейін, Бегет, Қанағат, Өкеш, Шағыр қатарлы адамдар. Олардың ұрпақтары кейін Қосакол, Орхон жағасына келіп мекен етеді» («Меркіт ата» кітабынан).

«Меркіттер түркі ұлттарының барлығына сіңген, тіпті, қытай, моңғолдардың ішінде де бар» (Шәкерім Құдайберді).

«Тарихта жалайыр, татар, меркіттер моғол атанды» (Қыдырғали Жалайыр).

«Моғолстан атауы Шыңғысхан дәуірінен арғы жатқан ұғым» (Әлікей Марғұлан).

«Меркіт елі – ежелгі қаңлылардың бір бұтағы» ( Ғизат Әубәкір)

«Керей, найман, қоңырат және меркіттер кезінде моңғолдармен көршілес отырған түркі тайпарлаы (Жақып Мырзахан).

Меркіттердің мекені, шаруашылығы жайлы

«Қосакөлінен бастап Селенгі, Орхон өзені бойларында мал шаруашылығымен шұғылданған» («Түрік, қырғыз, қазақ әм хандар шежіресі» Шәкерім Құдайберді).

«IV ғасырдың соңынан VI ғасырдың басына дейінгі аралықта меркіт ұрпақтарының жағыдайы өте жақсы болған. Олар Мұқар өңірінде шалқыған тұрмыс кешіріп, меркіт тайпасының іргесін қалап, атын шығарды» (Құрманғали).

«Гәугилер Қосакөлде тұрғанда көлдің батысында меркіт, ораңхай елі бар еді» (Шәкерім Құдайберді).

«Меркіттер бастапта IV ғасырда Байқал көлінен бастап, Селенгі, Орхон өзені бойларында мал шаруашылығымен шұғылданған. IV ғасырдың соңында қазіргі Тұрпанның батысында, сондай-ақ, Тянь-Шань тауларының солтүстік жағы мен батысындағы жайылымдарға Алтай, Тарбағатайға дейін көшіп-қонып отырған» (Әнуар Байтұр, ұйғыр зерттеушісі. «Шинжияңдағы ұлттар тарихы»).

Меркіттердің жан саны, рулары, мәдениеті

«Меркіттер түркі тілінде сөйледі. Орхон-енисей жазуын, соңынан соғды жазуын пайдаланды» (Ғизат Әубәкір).

«Меркіттер алдымен христиан дінін» (нейрустан) «моңғол дінін» (лама), соңынан ислам дінін қабылдаған» ( «Меркіт ата» кітабы).

«Өтекин меркіт» (Өкеш ұрпақтары), «Қатағай меркіт» (Кәсейін ұрпақтары), «Жюн-тұрақылиын» (Айбақ бикенің Сауфуан ұрпақтары), бұдан басқа тағы «Моңғолдың құпия шежіресінде» «Ұдоуиын меркіт», «Уас меркіт» рулары жазылған.

«XI-XII ғасырларда меркіт ұлысының жан саны көп, қонысы кең, өз ішінен оғыз, мұдан, хиюн, тұрақылиын тайпалары болып неше топтарға бөлінеді» («Қазақтың қсқаша тарихы». Нығымет Мыңжан).

Меркіттердің моңғолдармен соғысы

«Моңғолдармен меркіттердің соғысы – 1179 жылдан 1220 жылға дейін жалғасқан» («Меркіт ата» кітабы).

«Шыңғысханның меркіттермен болған соғысы 1197 жылдан 1208 жылға дейін толастамаған» (Жақып Мырзахан).

«Моңғолдар күшеюден бұрын меркіттердің халқы мол, әскери күші мығым еді, кейін меркіттердің қырғын тауып, түркілерге таралуына моңғол-меркіт соғысы себепкер болған» (Жақып Мырзахан).

«… Дәл осы кезде Ясукей баһадүр Онон өзенінің бойында аң аулап жүргенде меркіт руының Олхонұт елінен келіншек алып бара жаратқан Икі Чилодо деген адамына ұшрасады. Бажайлап қараса, әкетіп бар жатқан қыз ай мен күндей сұлу екен. Ясукейдің бұл қызға көңілі ауып қалады да ауылына шауып барып ағасы Некүн тайшы мен інісі Дарытай Отекчиінді ертіп келіп…» («Моңғолдың құпия шежіресі»).

Міне, осылай Ясукейдің Ұгүлұн Ұжұнды Чилұдодан тартып алуы кейінгі моңғол-меркіт соғысының басты себебіне айналды.

Шыңғысхан ержетіп, Бөртені алып, ауылына қайтып келе жатып Гергүлен өзенінің батысындағы Боргі-ергі деген жерінде отырғанда үш меркіт тұтқиылдан тап беріп, Бөртені алып кетеді. Олар қуана: «Ақыры кегіміз қайтты» десті. Темучин ағайындарымен бірге Бұрһан халдұн тауына жасырынып аман қалады. Ол кезде Моңғолдардың күші әлсіз, оның үстіне бөлшектенген жағыдайда тұрғандықтан Темучин меркіттерге бірден батынып тиісе алмайды. Сонымен, Керей ханы Тұғырұлдың әкесімен болған андалығынан пайдаланып, көмек сұрайды.

Сонда Тұғырұл:

«Қолқасы үшін ішіктің,

Меркітті жер қаптырам.

Қатының Бөрте ханымды,

Құтқарып әкеп тапсырам.

Қара бұлғын ішіктің,

Қарымжысын қайтарам.

Меркіт қирап, байшешек,

Қолға қонар қайтадан», – дейді.

Темучин Тұғырұлдың ақылымен және өзінің көне достығына сүйеніп Жамұқадан да көмек сұрайды. Керейлер 20 мың, Жәйжіраттар (кейбір шығармаларда Жалайырлар) 20 мың адаммен меркіттерге шабуыл жасайды. «… Кілхо өзеніне жетті. Сал жасап өзеннен өтіп, Бұғұра Кегердегі Тохтабектің үйінің үстінен түсті

Қалқиған қара едіге,

Қақ ортадан бөлінді.

Қатын, бала-шағасы,

Қалмай бәрі қырылды.

Қасиетті ордадан,

Ортаға түсті шаңырақ.

Тізе бүкті ел-жұрты

Мекені қалды қаңырап».

«Меркіттер жан сауғалап жан-жаққа көшумен болды. Есі кеткен меркітті біздің шеріктер өздеріне қаратып ала берді» (Моңғолдың құпия шежіресі). Міне, осылай бірнеше ғасыр дәурендеген меркіт ұлысы гүлденуден құлдырауға, құлдыраудан ұлы құл, қызы күң болған ашынышты тарихқа кіріптар болды.

«Осыдан Моңғолдар меркіттердің тұқымын түгел қалдырмай қырып, ұлды ұрпақсыз, қызды күң етіп қырғын жасаған» (Ислам Қабышұлы. «Керейлер керуені»).

Меркіттердің биі Тохтабек сергелдең тұрмысты басынан өтікізсе де, қажымай-талмай ел жұртын, атамекенін құлдықтан құтқару қамында жүрді. Бірақ, қан уыстап туған айлакер Шыңысханды жеңе алмады.

«Бұрхан һалдұнды қоршай шабулдаған үш меркіт өрен-жаранымен өме қапты: сау қалғаны сауғаға салынды. Қойынға сыйғаны құшылды, қораға сыйғаны құлданылды» («Моңғолдың құпия шежіресі»).

«Чыңғыс қаған тышқан жылының күзінде Хараталаның Хұжағұр өзенінде меркіттің Тохтабегін жеңіп, елін қаратып алды. Тохтабек екі баласымен, тағы аздаған адамымен қашып кетті» («Моңғолдың құпия шежіресі).

Тохтабекті Шыңғысхан өзі қуалай соққылайды. Тохтабек пен Күшлік хан бастаған меркіттер мен наймандардың бір бөлімі Ертіс өзенінің бойында Шыңғысханмен ақтық сайсуға дайындалып жатады.

Сиыр жылының көктемінде болған бұл соғыста Тохтабек қайтыс болып, балалары оның сүйегін алып кете алмағандықтан басын кесіп алып, Моңғолдарға тастамай, Ертіс өзенінен өтіп кетеді.

Тірі қалған меркіттер Орталық Азиядағы ұйғырларға, қыпшақтарға, сартауыл еліне сіңіп, Шыңғысханның қанды шеңгелінен сытылып кетеді.

Қазіргі Долан ұйғырларын тарихшылар сол заманғы меркіттердің ұрпағы деп санайды екен. Қазір Керей тайпасында да меркіт руы бар. Моңғолиядағы моңғолдар ішінде де меркіт руы кездеседі.

(Қытайдағы қазақтардың «Сен – қазақ» сайтында Табыс есімді адамның жазбасы негізінде дайындалды)

Baq.kz

 

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: