|  |  | 

Тұлғалар Әдеби әлем

Ханға тағзым

          Әмина АдайханқызыElbasi dombira tartuda
О,хан йем!
                      Көреген һам көшелі,
Маңдайдағы баққа біткен бес елі,
Қазағымның қаһармандық рухна,
”Тәңір өзі жіберген ер”- деседі.
Ұлт емес ек тарихынан тұндыр біз,
Жыр болатын мәңгілікке мың жылғы із.
Жалт-жұлт етті түнек жылдар көгінен,
Нұрын төгіп жарқыраған бір жұлдыз.
Тәуелсіздік уғын күнге қадаған,
Ақ орда тұр арқада әппақ шағалам.
Бас қаланы астананы жайнатты,
Ерке есіл еміренген жағадан.
Жаңалыққа жаны құштар қосқан үн,
Елу жылда ел жаңартар жоспарың.
”Ең алпауыт ел болам”- деп әлемде,
Нұрлы жолмен бастады алға көш қамын.
Ұлт жандылық  ұлы күшің жан қияр,
Азаматтар ақылыңнан әл жияр.
Көк байрақты көк жүзіне қадаған,
Саған тағзым алдияр!!!

Ертегілер елі (немесе атам айтқан аңыз)

Қазыналы қарттарым-ай еңселі,
Арманы тек алқымында тулаған.
Ақыл кені арылмайтын кеніш еді,
Оған куә бұл тарих, бұл ғалам.
Елемейтін естіліктің ешбірін,
Бұлаңдаған едім сонда бұла қыз.
Атам марқұм алдын алып кеш құрым,
Айтатұғын арман жайлы бір аңыз.
Анау таудың аржағында дейтіғұн,
Жаннат мекен, бөрі елдің тұрағы.
Бір сағыныш жаныма бермей тыным,
Аңсайды да сол мекенді тұрады.
Атырау мен Алтайымның арасы,
Ата-бабам жанын салып қорғаған.
Ағайыннан алыстатып араны,
Шекарасы бөліп кетті-ау, оңбаған.
-Деп қария кететұғын кеңсендеп,
Түк түсінбей отырушы ем өз басым.
Арманым жоқ сонда жетіп өлсем деп,
Кірпігімен бөгейтұғын көз жасын.
Қасіретін арқалатып қашанғы,
Жалған дүние жақындады жат қылдың.
Қимай-қимай арманымен атамды,
Арда Алтайдың құшағына тапсырдым.
Баққа айналып бағы қайтқан бар қайғы,
Жеттім мен де ақ мекенге асыға.
Сағынғанда атамменен Алтайды,
Қарап жүрмін Алатаудың басына…
********
Жасырынып жүрегіме жатқан мың,
Бар сырымды саған ғана ақтардым.
Қиялыма қанат бітіп өзіңмен,
Қалықтадым биігінде асқардың.
Күйкі тірлік көңілімді жарты еткен,
Арманымдай ақ параққа әр төккен.
Сені тастап кетемін деп кеуде ұрып,
Талай рет мен өзіме ант еткем.
Десемдағы тыңдамайсың ары жүр,
Далбаса екен өмір деген бәрі құр.
Тойтарсамда сенің қанша бетіңді,
Сен кетпейсің мені тастап бәрібір.
Тұнық едің мөлдіріндей бұлақтың,
Жанарымда жанған жалғыз шырақсың.
Бір адалдық таппай мына жалғаннан,
Жан тәніммен сені ғана ұнаттым.
Сезім селін сен санадан тасыттың,
Шаттығымды бөлісуге асытым.
Жүрегіме қонақтаған ғұмырлық,
Мен өмірде саған ғана ғашықпын.
Пойезия сен менің жанымсың!!!!

Балама

үрлеген мен ұры өмір сөнебейтін,
Қарашықта жалын атқан жақұтым.
Жұрттың бәрі тентек дейді дей берсін,
Тек өзіме баға жетпес бақытым.
Еліткенде ең биікке елес ой,
Қос қанатым қиянға алып самғайтын.
Бұзық дейді жұрттың бәрі о ,несі ей?
Тек өзіме балбыраған балдай тым.
Ешқайссы қызығыңа татымас,
Ересектер естіміз деп бөскен мен.
Шыңға біткен шынар мүлде жасымас,
Шың басында түйдек бұлттар көшкен мен.
Сеннен тұнық көрмей мүлде ғаламнан,
Тұман шөгіп көңіліме тұр мынау.
Бәрін біліп туғандай ақ анамнан,
Менде саған ақыл айтып жүрмін-ау.
Өміріңнің ойлы -шұңқыр сырларын,
Үйретемін өрелі оймен өзімше.
Құлқынымның құлы болып тұрғаным,
Кешір балам пиғылымнан сезілсе.
Жүзіміз бен жүрегіміз жат тіпті,
Айтар болсақ пенделіктің ашығы.
Өздеріңнен тазалық пен пәктікті,
Үйренуге тиіс пе едік әсілі?
Көкейімде көктем болып бүр жарып,
Өзегіме өркен болып орынарсың.
Пенделіктің ұшқан шаңы ұрланып,
Періштедей көңіліңе қонбасын.
kerey.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: