|  | 

Шоу-бизнис

Витас қазақ тілінде мәлімдеме жасады

© melap.ru

Танымал әнші Витас қазақ тілінде мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзінің Instagram желісіндегі парақшасында әнші қазақтілді аудиторияға арналған пост жазды. Айта кетейік, мәлімдеменің қателері бар, бірақ қазақ тілін түсінетін адам Ресей әншісінің не айтқысы келгенін бірден аңғарады.

Соңғы бес күн бойы, Мен күн Қазақстаннан достары көп қараңыз! Мен осы шуақты елге сүйемін! Сізді, Қазақстаннан, қымбатты достар көруге қуанышты!

Ғаламтордағы translate.google.com сайтының аудармасы бойынша, тура осы сөйлемдер орыс тіліне былай аударылады екен: За последние пять дней, я вижу много друзей из Казахстана! Я люблю эту солнечную страну! Вы, Казахстан, дорогие друзья, рады видеть Вас!

Еске салайық, бірнеше күн бұрын ресейлік әнші Витас ресми түрде мәлімдеме жасаған болатын. “Қымбатты достар! Ресми мәлімдеймін: соңғы төрт күнде менің тарапыма әлеуметтік желілерде жағымсыз пікірлер тым көп айтыла бастады. Мен кез келген шығармашылыққа, әрбір шығармашылық адамғ құрметпен қарайтынымды айтқым келеді. Сот органдарына жүгінуге немесе сараптама жасауға, бөтеннің мүлкіне таласуға, басқа әртістердің шығармашылық өміріне я өнеріне араласуға бейім адам емеспін. Ешқашан бұлай жасамаймын да”, – деп жазды Витас.

Сонымен қатар, ол кез келген әртістің айналасындағы құқықтар қайшылығы жайлы мәселенің белгілі бір елдің мүддесін қорғайтын продюсердің және компанияның құзыреті екенін айтып отыр.

“Заң бойынша даулар болған да, болады да және танымал орындаушыларға қатысты мұндай мәселелердің шығуы- қалыпты жағдай, бірақ бұл жағымсыз пікірге, қақтығысқа, әсіресе қорлауға себеп болмауы керек”, – деп жазды Витас парақшасында.

Айта кетейік, ресейлік әнші бұл жазбасында ешкімнің аты-жөнін атамағандықтан, нақты қандай оқиға жайлы айтып отырғаны анық емес. Алайда, осының алдында оның продюсері Сергей Пудовкин қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновтің Қытайдағы I am a Singer жобасында Витастың “Опера №2″ әнін рұқсатсыз орындағанына наразылық білдірген болатын. Ал мұның алдында Қытайдағы адвокаттар конторасына авторлық құқық ісі бойынша шағым түсірілген де болатын.

Жақында авторлық құқықтар жөніндегі сарапшы Темірлан Төлегенов Витастың “Опера №2″ композициясын орындаған Димаш Құдайбергеновке шағым айта алмайтыны жайлы айтқан еді. Маманның айтуынша, Витас өз әндерінің байқауларда орындалуына тыйым сала алмайды. Сондай-ақ, Төлегеновтің айтуынша, авторлық құқықты қорғау туралы шағымдар әдетте сотқа жете бермейді.

Сондай-ақ, осыған дейін Лаки Кесоглу Витас пен Димаш Құдайбергеновтің “Опера №2″ әнін орындауын салыстырған болатын. Халқы әртісі Димаштың даусы музыка тілінде қалай аталатынын айтты. “Димаштың даусы сирек. Оның дауыс түрі тенор альтино немесе контртенор деп аталады. Ол классика жанрында дами алады. Бірақ ол мұны қаламайды. Әлемде контртенорлар саусақпен санарлық. Олар танымал емес, бірақ бар”, – деген еді Лаки Кесоглу.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергенов 28 қаңтарда Қытайда өтіп жатқан I Am a Singer музыкалық конкурсының екінші кезеңінде де жеңімпаз атанған болатын. Әнші ресейлік атақты Витастың “Опера 2″ атты туындысын орындаған еді. Видеоны мына жерден көруге болады.

Ал телешоудың бірінші кезеңінде әнші SOS d’un terrien en détresse әнін француз тілінде орындап, жеңімпаз атанған болатын. Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов қатысып жатқан конкурста 14 кезең бар. Конкурс Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатыр.                        Kaz.tengrinews.kz 

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: