|  | 

Көз қарас

ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН жандандыру қажет

Жаңа көзқарас, бір пікірJumat anesuli
Қазақ журналистері “Қазақ тілді кәсіби журналист” атты бірлестік құрған екен. НИЕТ ДҰРЫС. Дұрыс дейтінім, қазақ тілді журналистер қоғамның, тіпті биліктің назарынан тыстау, өз бетімен өмір сүріп келді. Осы күнге дейін қазақ журналистерінің не жазып жатқанын түгендейтін (шетелше айтқанда мониторлайтын) не бір қоғамдық ұйымдар, не билік болмады. Үкіметтік ұйымдар Журналистер күнінде, не республикалық мейрамдарда өздерінің көзіне түскен журналистерді марапаттай салуды әдетке айналдырған. Оларда журналистер туралы “Мынау қоғамның дамуына лайықты үлес қосып жатыр ау” деген квалификациялық ой түстеріне кірген емес.
Ашығын айтқанда, осы таяуға дейін ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ” атты қоғам өмір сүріп келген.
Оны басқарған Сейтқазы МАТАЕВ мырза туралы жаман ой, пікір білдіру тіпті ниетімде жоқ. Дегенмен, қай кезеңде де, ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ еңбектеріне көңіл бөлінбеді.
ӘКЕЛІ БАЛАЛЫ МАТАЕВТАРДЫҢ ҚАМАУДА ОТЫРҒАНЫ ЖУРНАЛИСТЕР ҚОҒАМЫ ҮШІН ҮЛКЕН ӨКІНІШ!  Бірақ,, тағдырдың бұйрығы солай болғаннан кейін, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫН қараусыз қалдыруға БОЛА МА! Қазір Қазақстан Журналистер одағы төрағасы қызметін уақытша “ӘДІЛ СӨЗ” қоғамының басшысы Т.Калеева ханым атқарып отыр. Т.КАЛЕЕВА ханымның Қазақстан Журналистер одағынсыз, “Әділ сөз” қоғамында да  отырған қызметтері жетерлік. Ол кісінің Қазақстан Журналистер одағының жұмыстарымен айналысуға былайша да уақыты жоқ. Оның сыртында Т.Калеева ханым қазақ баспасөзіне шолу жасап, мониторинг жасап отыруға тілдік мүмкіндігі де, қазақ тілді көмекшілері де  жоқ,
ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ жекеменшік қоғам емес. Сондықтан, Қазақстан Журналистер одағы ТӨРАҒАСЫ қызметін Елдің, журналистердің мүддесін ойлайтын, қамтамасыз ете алатын ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІ бар ЖУРНАЛИСКЕ ТАПСЫРУ ҚАЖЕТ АҚ.
Ондай ЖУРНАЛИСТЕР арамызда бар ма! Әрине, бар.
Менің ойымша, Қазақстан Журналистер одағы төрағасының қызметін “Қазақ газеттері” ұжымын басқарып отырған Ж.КЕНЖАЛИНГЕ не “Президент және халық” газетін басқарып отырған Марат ТОҚАШБАЕВ тәрізді ақ жүрек журналистерге тапсыру керек.
Ал, жаңа құрылып жатқан “Қазақ тілді кәсіби журналистер” бірлестігіне келетін болсақ, Бірлестіктің аты да ұтымды қойылмаған. “Кәсіби”, кәсіби” емес, деп журналистердің арасына жік салуға болмайды. Кез келген журналист басылымдарда, сайт, порталдарда қызмет істеп жүрген журналистер қоғам өміріне араласып, жазуға міндетті. Ал, кәсіби шеберлікті уақыт қалыптастырады. Сондықтан аты дұрыс қойылмаған бірлестіктің, заты да дұрыс болатынына күмәнім бар.
Қорыта айтқанда, төрағаны қайта тағайындап, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ жұмысын жандандыру ҚАЖЕТ.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының ардагері

kerey.kz

 

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: