|  |  |  |  |  | 

Көз қарас Руханият Тарих Қазақ шежіресі Әдеби әлем

ҚАЗАҚҚА КЕЛГЕН ХАҚ ЕЛШІ КІМ?

Оғыз қаған

Оның есімі ғана емес, қабірі де белгілі екенін білеміз бе?

Ислам – Алла Тағаланың дүние жаратылғалы адамзатқа жолдаған барлық сәлемдерінің жиынтығы деген сөз екен. Ендеше, Мұхаммед Пайғамбардан бұрынғы пайғамбарлардың үмбеттері де мұсылман болып есептеледі. Құран Кәрімде Адам Атадан бастап, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Иса пайғамбарларды жатсынбайтынымыз сондықтан. Құранда аттары аталмаса да, хадистерде жүз жиырма төрт мың пайғамбар келген делінеді.

Алла Тағала адамдарға тура жол­ды көрсету үшін көптеген пай­­ғамбар жіберді. Олардың ал­ғаш­­қысы хазіреті Адам (а.с.) бол­са, соң­ғысы хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) еке­ні әмбеге аян. Асы­лын­да, әрбір үм­метке бірер пайғамбар жі­беріл­гендігі Құранда ашық түр­де баян етіледі (қараңыз: 35.Фа­тыр-24, 10.Юнус-47). Бірақ жер бетіне хақ дінді тәблиғ ету үшін жіберілген пайғамбарлардың нақты саны белгісіз. Құранда тек 25 пайғамбардың есімі ғана ата­лады. Өзге пайғамбарлар жайын­да Құранда хазіреті Пайғам­ба­ры­мызға: «Расында, сенен бұрын да ел­шілер жібердік. Олардың кей­бі­рін саған баян еттік те, кейбірін баян етпедік» (40.Ғафыр-78) де­лін­ген. Екі хадисте – 124 мың, екін­ші бір риуаятта – 224 мың пай­ғамбардың адамзатқа келіп кет­кендігі айтылады. Құранда аты аталған 25 пайғамбар – со­лар­дың жиынтық көрінісі. Сон­дықтан әрбір иманды адам оларға да бой ұсынып, «жер бетіне хақ дінді үйрету үшін жіберілген күллі пайғамбарларға иман еттім» деген сенімді ұстанады. Жаратушы жер бетіне осынша мың­даған пайғамбар жіберсе, өте үлкен қағанат құрған көне ел, өзін­дік жөн-жосығы бар жосалы жұрт – көп санды түрік қауымын да пайғамбарсыз, хабарсыз қал­дырмағаны анық. Ендеше, ежелгі бір заманда біздің далаға да пай­ғам­бар келгеніне күдік болмауы тиіс. Сондықтан ежелгі қазақ да­ла­сында да бір құдайлық діннің болғанын, Алла жіберген елшінің ізі жатқанын зерттеу еш артықтық етпейді. Сонымен, қазаққа (ол кезде түр­кі ғой) келген Хақ елшінің есі­мі кім десек, аңыз әңгімелерде қа­заққа Озған деген пайғамбар кел­ген делінеді. Мұны әйгілі Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлының дерегі де растайды. Ол дерек бойын­ша баяғыда бабаларымыз Мұхаммед Пайғамбарды іздеп бар­ған екен. «Замандардан заман өткенде, бұрынғылар өліп таусылып, қал­ғандарға нәубет жеткенде, «Араб жұртынан бір Мұхаммед деген батыр шығыпты!» деп әуезі айдай әлем­ге жайылып,Түркістан айма­ғы­нан, Түрік ұрпағынан, Моғол нә­сілінен, «Тоқсан екі баулы Қып­шақ» атанып тұрған күнде «әр рудан біреу болса, ру түгел бол­мақ» десіп, тоқсан екі батыр атқа мінді дейді: «Сол Мұхаммедті ба­рып көрелік. Батырлығы шын болса, жолдас болып жанына ере­лік!» деп, мінген көліктері – ат, ұстаған қарулары – бір-бір қатқан қақ сойыл, құрғақ шөлмен жүріп барса, айтқан Мұхаммед мұнан бұрын екі соғысты өткізіп: бірінде жеңіп, бірінде жеңіліп, үшінші соғыстың үстінде тұр екен. – Өзіміз сізге ұзынқұлақтан есту­мен асық болып біріміз оқ, біріміз жақ есепті қазылған жол, ша­шылған топырағыңызда бол­ғалы келдік! – десіп, кәпірлерге қарай лап қоя шауып, дүрсе қоя берді дейді. Жалаңаш түйе бағып, өмірін­де қыл құйрықты жылқы көрме­ген сорлы араб аттың дүрсілінен қорқып, үрейі ұшып, зәресі кетіп, топалаң тиген қойдай, бықбырт тиіп, жылқының жасау тезегіндей болды дейді. Бұлардың батыр­басы, көкжалы – Ақкөсе. Оған таяу­лары – Мәлік, Ақтам, Құт­ты­қожа, Имамбайыр, Аққоян де­гендер екен. Сонда пайғамбар жа­рықтық шаттанғаннан: – Алла түркі хайыр ғымин үмметі! – дегендігін Салманпарыс деген сақаба Әзірет сұлтанға сөй­леген екен. Қазақшасы «Түркім келді – көркім келді» деген екен. Сонда Пайғамбар бұлардан сұра­ған екен: – Сіздер қай дінде бола­сыз­дар? – деп. Бұлар айтыпты: – Біз дін-сінді білмейміз, ора­за жоқ, намаз жоқ, Құдай деген жан­быз, – депті. – «Озған пайғамбар» деген ба­ба­ларымыз осылай ұқтырған екен» десіпті. Осындай ұғына алмаған сөз­ден біздің қазақ: «Озған пай­ғам­бар ұрпағымыз» десіп те жүрді. Сөйт­се, онысы Уыз (Оғыз) хан екен. Киіз үйді сол Уыз хан жаса­тып: «Киіз туырлықты қазақ бай­дың баласы, Уыз үйлі» атанып жүр­ді. Сол соғыста пайғамбар шат­та­нып: «Әлтүркі хайыр мен үм­беті» деген екен деседі. «Менің үмбетімнің ең жақсысы – түркі халқы» деген сөз дейді. Сонан кейін бұлар қалған өмі­рін пайғамбар қасында өт­кізіп, «ансары» атанған екен. «Мұһа­жырын аңсары» деген қауым қыбыланың ру, тұқым аты емес. Меккеден Пайғамбарды із­деп көшкендер «Мұһажырын» атанған. Пайғамбарға соғыста болысып, күш-көмек бергендер ансары атанған. «Далсабтұн алал ұллынмен әл-мұһажырын уа әл-анзар» – бәйгенің озып алдын ал­ған «Мұһажырын мен Aнса­ры­лар» делінген сөз».(Мәшһүр-Жү­сіп Көпейұлы,шығармалар жи­на­ғы, 8 том, 59 бет). Ғылым докторы Берікбай Са­ғын­дықұлы ақсақалдың дерегі бойынша, Озған пайғамбардың ба­сын жаулары кесіп алған делі­не­ді. Кереметін өзгелерден оз­дыр­ған соң, Озған пайғамбар ата­лып кеткен дейді. Шамамен Нұх­тың топан суынан көп бұрын өмір сүрсе керек. Озған пайғамбар мен оның анасы, жақындары жер­ленген мазар, Өзбекстандағы Бұхар облысының Тамды ауда­нын­дағы Ақтау деген жерде (ежелден бұл жерді қазақтар ме­кен­деген). Бұл мазар қазір «Кү­жім­ді әулие» деп аталады. Қабірде жатқан жеті адамның әрқай­сы­сының ұзындығы жиырма қа­дам­нан келеді екен. Оларды көмген үйін­ділер қазір де сол күйінде жат­қан көрінеді. Берікбай ақсақалдың әкесі Са­ғындықтан (Озған пай­ғам­бар­дың шырақшысы болған) естуі бойынша, Озған пайғамбарға Мұ­хам­мед Пайғамбар мен Хазі­ре­ті Ғали тірі кездерінде зиярат етуге келген делінеді. «Сол жөнінде тау арасында араб тілінде жазу бар. Оны менен басқа бір адам білмейді. Дәм жазып бара қал­сақ, балам, саған сол жазуды көр­сетер едім. Хазіреті Ғали на­маз оқығанда тас балқып кеткен екен. Оның ізі де ап-айқын көрі­ніп тұр» (Берікбай Сағындықұлы Мүсірбай-Телеу «Ғаламның ға­жайып сырлары» «Ғылым бас­па­сы, 1997, 145-бет). Озған пайғамбар – Күжімді әу­лиенің Бұхар облысының Там­ды ауданындағы Кулейс қоры­мын­да жатқаны белгілі фольклор­тану­шы ғалым Шәкір Ыбырае­в­тың дерегінде де көрсетіліпті. Озған пайғамбар жатқан қа­бір­дің Күжім атанып кеткен себе­бі, ол жерде күжім көп егілсе ке­рек. Күжім – ағаштың бір түрі, тау­дың беткейіндегі қара тасты қақ жарып шыққан. Тарихшы Дархан Қы­дыр­әлиев «Түркілерде де пайғамбар­лар болған-ды» атты мақаласында Исламға дейінгі түркілердің діни түсінігін талдай келіп, ата-ба­ба­ларымыздың ханиф дінін (мо­не­теизм) ұстанып, олардың тәңірді кейде Баят, Иди, Чалаб, Ачу деп ата­ғанын, түркілердің ақырет се­ні­мінің де Исламмен терең үн­дес­тік табатынын айтады (Дархан Қы­дырәлиев. «Атымды адам қой­ған соң». Алматы, 2008. 15-16 бет­тер). Ал белгілі ғалым, теология ғы­лымдарының докторы Мұхан Исахан өзінің 2013 жылы жарық көрген «Оғыз қаған кім?» деген тарихтағы түркі өркениеті туралы тамаша зерттеу мақаласында «…Тегінде, түркі халықтарында Оз­ған пайғамбар немесе Оғыз қаған туралы «Оғызнама» атты көне дастанның бар екендігі бар­шаға аян…Оғыздың туыла салып, анасына Тәңір-Тағалаға иман кел­­тірмейінше, емшегін ембей­ті­нін айтуы (Оғыз-наме. Мұхаб­бат-наме. Алматы 1986. 36 б), пайғам­бар­лық сипат екені талассыз шын­дық. Себебі, бүкіл пайғам­бар­лар «исмат» (күнәсіз, пәк) си­патымен ғұмыр кешеді (Жур­жани. Китабут-Тарифат. Бейрут 1987. 150 б). Тіпті Оғыз қағанның ті­лі шығысымен «Алла, Алла» деуі, Көр хан мен Көз ханның қыз­дары кәпір болғандықтан, олар­мен төсектес болмауы, дінсіз әкесін жеңіп таққа отырғаннан кейін, кәпірлерге қарсы ғазауат жасауы (Әбілғазы. Түрік шежі­ресі. Алматы. Ана тілі. 1991. 16-22 беттер), оның шынында да пай­ғам­бар болуы бек мүмкін екенін аң­ғартса керек» деп, Озған пай­ғам­бар – Оғыз қаған – Хұндардың тәңірқұты Мөде қаған (б.э.б 174ж) болуы мүмкін деген ой ай­та­ды. Кім біледі, Қызылқұмның Бұ­хара жақ бетіндегі Оғызтау тауы сол ежелгі тарихтан сыр шер­­тетін шығар. Пайғамбарлар жатқан қабір­дің иесі де, қорғаушысы да – Алла Та­ғаланың өзі. Бұхар облысы Там­ды ауданындағы Озған пай­ғамбардың қабірін қазуға жұрт қорқады екен. Кеңес өкіметі ор­на­ған жылдары отыз шақты ар­хео­лог бір түнде шатырларын жи­нап қашыпты. Елдің айтуы бойын­ша, бір адам от жағып, олар­дың әрқайсысын жеке-жеке қуып­ты. Күжімді әулиедегі қабір­де жатқан жеті адамның әрқай­сы­сының ұзындығы жиырма қадам­нан келеді деген мәлімет те, ұзын­дығы бойынша Самарқан қа­ласындағы мұсылманша Да­нияр, еврейше Даниил пайғам­бар­дың он сегіз метрлік мазары­мен үндеседі. Әрине, дін бойынша негізгі мә­селе пайғамбарлардың өмір- баян­дары мен қабірлерін біліп анық­таудан гөрі, оларға бойұсыну екені анық. Құран оқылғанда, ғи­бадат жасалғанда барлық пай­ғамбарларға үмметтен сәлемдер өздігінен жолданады делінеді. Олар­дың қабірлерін анықтау шарт емес болса да, біз бүгін көп­шіліктің зердесіне Озған пай­ғам­бардың қабірі қайда екендігін еске салдық. Озған пайғамбардың жатқан орнын анықтау иман кел­тірген мұсылмандар үшін аса маңыз­ды болмағанымен, ежелгі түркі өркениетін зерттеушілер үшін қажет екені анық.

Төреғали ТӘШЕНОВ

«Айқын» газеті

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: