|  |  | 

Көз қарас Тұлғалар

Ұлылардың қадырын кеш білеміз  

Ш. Бөкеев  
М.Шаханов14-674x1024
«Ұлы» деген осы бір ұш-ақ әріптен  
Тұратын сөз күнделікті өмірде, ауыз жүзінде айтуға өте оңай болғанымен, әмәлят барысында,   қадырын түсінетін адамдар жонынен алғанда өте бір салмақпен, сабырмен, сақтықпен, таңдап, талғап, екшеп қолданылатын құнды сөз екендігін екінің бірі бағамдай бермес керек. Өйткені ұлы болу дегеніміз-жай ғана бір адамның баласы болу ғана емес, бүкіл халықтың қадырлеген, құрметтеген, төбесіне әлпештеп көтерген, әрі сол қадр-құрметке ылайық адамдарға ғана екшеп қолданатын ерекше салмағы ауыр сөз. Дүние жаралғалы тарихта қаншама ұлы батырлар, ұлы ұстаздар, ұлы ғалымдар, ұлы ақындар, ұлы хандар, ұлы пайғамбарлар өтті. Олардың ұлылығы қазірге дейін тарих бетінен өшпей біздің заманға жетіп отыр. Кейде сол ұлылықтың уақтында бағаланбай таласқа түсіп жататын кездері де болады. Әсіресе бұндай жағдай ортаңда қаз басып тірі жүрген, ұлы тұлғалардың басында көбірек болатын үлкен дау-дамайлардың бірі болып табылады. Бәлкім қасында күнде көріп жүргенен соң таулардың биіктігі байқалмайтыны сияқты тірі жүргесін бізде олардың ұылылығын сезінбейтін шығармыз, бәлкім сезінсекте бағаламайтын шығармыз, немесе қызғаныштың қызыл мысығы кеудесін тырмалаған көр соқыр кереңдер олардың ұлылығын бағалауға кедергі келтіріп жүрген шығар. Бәлкім бұл жәй түсінбестік болса бір сәрі ғой, түсініп, біліп тұрып әдейі түсінбестік, білместікке салыну бүгігі қоғам мен адамдардың ортақ дертіне айналып отыр. Бұрынғы өткен заманда адамдар шынайы түсінбестіктен ұлылардың қадырын жете бағалай әлмәді. Дүниедегі бірінші нөмірі ұлы адам, қасиетті Пайғмбармыз мұхаммед (с. Ғ. С) да алғаш ислам дінін тарқатқанда адамдар одан ат бойын ала қашты, көрмеген қорлықтарды көрсетті, оған қарсы дау айтар біздің хақымыз жоқ, өйткені сол кездегі адамдардың сана, түсінгі соншалық дәрежеде ғана еді, адамдардың сана, түсінгі жоғарлағаннан кейін жаһан жұртшылығы пайғмбармызды (с. Ғ. С) мойындауға тура келді, алланың құдыретымен ол өзін мойындатты да.  
Озымыздың ұлы абай да солай болды. Қалың елім қазағым деп мыңмен жалғыз алысты, сол заманның кемшілігін жете түсініп, ойындағысын өлмес өлең жолдарымен өрнектеп, көркем жыр тізбелері арқылы қалқына жеткізді, бірақ оны түсінер жан да, өлеңін тыңдар құлақ та болмады.  
《жүрегімнің түбіне терең бойла,  
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла,  
Соқтықпасыз, соқпасыз жерде туып,  
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма》-деп аط ұрып, қапырық атпады ма?   
Ұлы дала бұлбұлы Біржан сал Қожағұл ұлының да заманында қадырне жетпеді ешкім, оның сал-серілік құрып, дарқан қазақ даласына адамның бұлбұл боп Сайрап, Руханпай азықпен сусынын қандырғанда былайғы жұрт құптай қойғаны жоқ. Оны құтырды, жынданды деп өз тустары бастаған жұрт ұрып-соғып, арқасына қамшы ойнатып, қол-аяғын байлап киіз үйге қамап қоиюы да сол қара түнек заманының түсінбестігінен туған адамға айтқысыз ашшы шындығы еді.  
Кешегі ақ иық ақын Мұқағали дың қадырыне кім жетті?   
Қырық жыл бойы қазақ аспанын асқақ әнмен әуелеткен валис пірі шәмші Қалдаяқов басқасын былай қойғанда екінің бірі болып жатқан композиторлар одағына мүше бола алмай кетпеппе еді.  
Быз қазір ешкімнің қолы жете бермеген берекелі де, мерекелі бейбіт, баяшат заманда және күрмеуі көп қыйын заманда өмір кешіп жатырмыз.  
Берекелі де, мерекелі, баяшат заман дегенімізді оқырман өзі түсіне жатар, ал күрделі де,   күрмеуі көп заман деуміздің себебі: қазір ғылым-техника ұшқан құстай дамыған електірөндық заманда жақсылық пен жамандықтың қатар жүретіні сияқты адамның ойына кіріп шықпайтын, не бір сұмдық, сорқиялықтар қоғамда белең бере бастады, жолдан тайдың астың заңғар, шыңрауға Құлайсыңда кетесің, бұның барлығын біліп тұрып әдейі істейді, мүмкін ол содан ләззәт алатын шығар.  
Быр-бірне қастық сайлау, жауласу, етектен тарту т. Б дң барлығы бүгінгіні қоғамның, бүгінғы заманның ортақ қайшылғына айналып отыр.  
Аш бала мен тоқ бала ойнамайды, біреудің иіні кимге жарымай, бір үзім нан, бір ұрттам суға зар болып тоңып секірсе, ал енді біреулер байлықты белшесінен басыып, тоқтығына тоят таппай ойына келгенін істеп Ойран салуда, біреу ақшасына сеніп айбарланса, енді біреу көкесіне сеніп көкірек кереді, жаратушы бір аллаға сеніп ақырын алладан күтетіндер тым аз. Ақшаның күшімен, мансаптың буымен кейбіреулер жоқ адамды бар етіп қолдан тарих жасады, езді ер қылып сомдады, атақсыз ата-бабасын өтірік атақты қылып, хан дәрежесіне дейін көтерді, ол-олма?  асқынған әумесірлік өлілерді былай қойып, ортамызда тік басып, тірі жүрген ұлы тұлғалармызға да тіс-тырнағын батырып, шындықтың шырай шытынатып, ақтың бетін күйелейтінді тапты.   
Заманымыздың заңғар ақыны, батыры, жалғандықты қиып түсер алдаспан қылштай, бір туар дарынды дарабоз ағамыз мұхтар Шаханов ағамызға қолдан әдейі жасалып жүрген кедергі, кербақпа жол тосушыларға, азамат тұрғысынан араша түсіп, азда болса әділдікті жақтаған айғаймызды айта кетуді жөн көрдік.  
Мұхтар Шаханов заңғар ақын ғана емес, халқымыздың ержүрек батыры, ұлыт Руханиятының жоқтаушысы, қыйн-қыстау кезеңдерде ұлтының қасынан табылатын сүйсінерге жарайтын сүйкті ұлымыз, басқасын айтпағанда оның қылышынан қан тамып тұрған Совет империясының тұсында1989-жылы қазақ халқының жоғын жоқтап, Горбарчов пен депутәттәр алдына әсіре ұлтшылдық деп бір жақты бағаланған 1986-жылғы желтоқсан көтерлісне әділдік сұрап мінбеде айғайлауы нағыз ұлтын шын жүрегімен сүйетіндігінің айқын айғағы. Ол кезде мұндай қадамға бару Арстанның аузына өзін төсегенмен бірдей ғой. Бұл тек Мұхаңдай батырдың қолнан келетін тірлік.  
Ер жігіттің сөзі мен әрекеті бір жерден шыққанда ғана ол нағыз ер азамат болып саналады. Мұхаң мұны да баяғда дәлелдеп қойған.  
Созымыз дәлелді болу үшін оның сонау жастық шағында жазған《жалын》-атты өлеңінен үзінді келтірейін:  
Өтудесің, өтесің замандарым,  
Құпиям көп ұқпаған, түсінбеген.  
Менің әкем жек көрген адамдарын,  
Жалыны жоқ байқұс деп мүсіркеген.  

Алдан іңкәр үміттің жолын көрем,  
Жолын көрем жанымнан жалын көрем.  
Тағыдр мені ешкімге мүсіркетпе,  
Мүсіркеген адамның қолында өлем.  
Міне бұл мұхтар ағамыздың нағыз азаматтық пәлсәпәсі. Ол ешкімге жалынып жантайған жоқ, ешкімге мүсіркеткенде жоқ.  
Совет одағы тұсында қызыл билік компартияны барлық ақын жарса жырлағанда, мұхтар ағамыз партияға бір шумақ өлең жазбауы да үлкен ерлікке бара бар.  
Дей алмаймын өмірден бос қамалам,  
Бос қамалсам жанымды жасқа малам.  
Абай ақын бір басқа, мұхтар басқа,  
Менде досым ендеше басқа болам.  
Жол іздеймін ешкім әлі бастамаған,  
Өзіме шақ көгілдір аспан алам.  

Мені осынау сенімен айырма отан,  
Қастарыма күшімді пайымдатам.  
Озым қанша мықтыны мойындадым,  
Енді өзіме соларды мойындатам-деп жырлағанындай Мұхаң өзін бүгін де ақындығымен, азаматтығымен жалпақ жаһанға танытты, мойындатты.  
Мұхтар ағамыз қазақ халқына қарыздар емес ол ұлыт басына қара бұлыт үйрілген қин-қыстау кезеңдердің бәрінде ұлтының қасынан табылаы, жақсылққа қолдаушы, жамандықтан қорғаушы бөлді, ұлытының ыстғна күйіп, суығна тоңа білді, қайта қазақ қалқы Мұхаңа қарыздар.  
Осындай ұлы ақынға, даңқты батырға тіл тійгізу, өтірік қара жабу, жолына кедергі қоию бәр-бары ұлытқа жасалған қиянат, Руханияттң тамырна шаблған балта болып табылады.  
Айналайын қара орман қазағым, ештен кеш жақсы дей бермей, алтынның қолда барында қадырне жет, қолдан шығып кеткенен соң өкіне бермей. Ұлылардың ұлылығын уақтында түсініп бағалайық, бағамдайық, қадырлейык. Бұл әдәмгершіліктің, имандылқтың айнасы болып табылады.  

Шаһидолла Самұрат ұлы Бөкеев                                                                                                                                                                                               kerey.kz

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: