|  |  |  | 

Тарих Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

КҮЙТІН жобасы:Алда қытайдың әкімшілік аумағы мен әкімшілік картасы өзгеруі мүмкін

Eldeç Orda суреті. Eldeç Orda суреті.   1966-76 жж арасында қытайда ұлттық автономиялы региондар мен облыс, окургтердің әкімшілік жұмысы уақытша тоқтап қалған еді. Тоқтап қалу былай тұрсын құлдырап кеткен еді. 1979-83 жж арасы ұлттық автономиялы региондар мен әкімшілік құрлымдар қайта жанданып қайта жасақталып жатты. Бұл кезең қазақтар үшін Шыңжаң регионынан бөлінудің соңғы орайы еді, өйткені 1983-шы жылдары ұлттық территориялы автономия мәселесі тыңнан талқыға түскен, әртүрлі ұсыныстар қаулыда қабылданып жатқан кезең еді, осы орайда орталық билік қазақтардың арман-тілегін қабылдайды деп сенген бір топ ат төбеліндей қазақ зиялылары “қазақ регионын” құрудың ұсыныс-жобасын орталық үкіметке ұсынған-ды. Өкініштісі, Сайпиден Әзези орталықта болғандықтан Шыңжаң мәселесі туралы сын-пікір орталыққа жету үшін алдымен оның алдынан өтуі тиіс-ті. Сайпиден қазақтардың жеке регион болып шығуын қаламады, сонымен бірге қазақтар арасында да біртұтас бірлік те болмады, бұл іс ақыры аяғы аяқсыз қалды. Осы тұста қазақтар сонда да “Күйтін жобасын” мақұлдап жеке ұлттық регион құрудың барысын бастап кеткен еді, Шыңжаң регионынан тыс жердегі Цинxай қазақтарын көшіріп қазақ санын астыртын молайтып, қалаға қазақтарды жаппай шақырып жұмыспен қамтамасыз етіп үлкен дайындық жүріліп еді. Қазақтың руxани, мәдени, саяси күші КҮЙТІН-ге жиналып қысқа уақытта әжептәуір жұмыс атқарылып жатқан-тын. Неге екені белгісіз КҮЙТІН жобасы күшін жойды, Күйтінге орнығып жатқан қазақ баспасөз, телеарнасы мен қазақ университеті, қазақ мәнени орталығы, әкімшілік құрлымы аяқсыз қалды, қазақ зиялылары КҮЙТІН, ҮРІМЖІ, ҚҰЛЖА үшеуінің арасында сенделіп қалды. Күйтін жобасы отыз жылдан бері сақталып тұра бергенде:
Біріншіден Үш аймақ (Іле, Алтай, Тарбағатай) пен Үрімжі, Еренқабырға қазақтары (Манас, Құтыби, Санжы, Бөкен, Мичуан, Жемсары, Шонжы, Мори ауд) және Құмыл уалаяты қазақтары КҮЙТІНде шоғырланар еді. Күйтінге Қазақтың төл баспасөзі, мәдени көркемөнері, ұлттық телеарнасы, әкім-қара шенділері мен Қазақтың төл университеті жиналып тұтас солтүстік Шыңжаңға ықпал жасайтын күшке айналып жатқан-ды. Ол тұста қытай саны аз, ықпалы кемшін еді. Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.
Екіншісі, Күйтін Үрімжінің қасында, бірақ жері Үрімжідей тауға сығылысқан ығы-жығы емес, мидай жазық-ты, Күйтін орталық азия, батыс азия мен европаға шығуға ең үйлесімді орын болғандықтан тұтас Шыңжаңда аса маңызды болды. Қазақ зиялылары осы мүмкіндікті осыдан қырық жыл алдын түсініп Күйтінді қазақ автономиясының астанасы қып алудың қамына кіріскен. Күйтін күшейген кезде Үрімжінің мәдени, экономикалық ықпалы әлсірей бастаған. Былайша айтқанда, Үрімжі айдалада таудың сағасында қаңғырап бос қалардай болды. Күйтіннің географиялық орны мидай жазық, үш жаққа ( Іле арқылы Алматыны басып орталық азияға, Тарбағатай арқылы Қазақстан мен Ресейге, Алтай арқылы Мұңғолия мен Ресейге) жол картасы тиімді, қарым-қатынас қамтамасыз әрі жылдам-ды. Үрімжі болса таудың аңғары, астау іспетті, қала аумағы кеңеие алмайды, жер аумағы тар, тиімсіз. Қай жағынан болсын Күйтін Үрімжіні жолда қалдырады. Eldeç Orda суреті.
Үшіншісі, Солтүстік Шыңжаңда ол кезде қазақ саны біршама басым-ды, Үрімжінің экономика әлеуеті әлсіз болғандықтан дамымағандықтан Үрімжіге орнығып қалғысы келетін қытай мен ұйғырлардың саны тым аз еді. осы орайда Қазақтар Күйтінді орталық қала ғып тұтас солтүстік шыңжаңға ықпал жасауына саяси мүмкіндік толық жеткілікті еді. Тіпті, саяси ықпалының жемісі қысқа уақытта көріне бастаған еді. 
***Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.
КҮЙТІН жобасы күшін жойған соң қазақтар Құлжа, Күйтін, Үрімжі арасында руxани, саяси, мәдени күшін бөлек-бөлек ғып ыдыратып алды. Сол отыз жылдың алдындағы ыдырау бүгінгі күні қазақ автономиясының аты бар заты жоқ жасанды күйге түсіріп қойды. 
***
Он, он бес жылдан бері Қытай ұлтшылдары қытайдың әкімшілік аумағын қайта жасақтау туралы пікір таласты өте қызу талқыға салып келеді. Алда қытайдың әкімшілік аумағы мен әкімшілік картасы өзгеруі мүмкін, бұл тек уақыттың еншісінде. Алда жалда өзгерсе Шыңжаң регионында қандай әкімшілік өзгеріс болады, жалпы қытайдағы ұлттық автономиялы региондар күшін жоя ма? Бұл тым күрделі шаруа. Ал, бұл өзгеріс Қазаққа қандай пайда, қаншалық зиян алып келеді, ол енді уақыттың еншісінде…

Eldeç Orda

 

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: