|  |  | 

Тұлғалар Әдеби әлем

Жәке бидің айтқандары

8c185ca870d5ed4b5dba59404211dc2c-310x211

Жәке Қойтанұлы 1830 жылы  қазіргі Зайсаң өңірінде өмірге келіп, 1914 жылы ҚХР дың алтай өңірінде дүниеден өткен. Абақ керейдің Меркіт руынан шыққын әділ би, тапқыр шешен. 1883 жылы 800 үй меркіт руын бастап Сауыр тауына барып қоныстанған, сол рудың үкірдайы болып сайланған. Керей, Найман тайпаларына төрелік айтып, би болған. Түрлі дау-дамайларда әділдігімен көзге түсіп, “керейдің Жәкесі, меркіттің әкесі” атанған. Біз бүгін Жәке бидің ел арасына кеңінен тараған тапқыр сөздері мен әділ билік айтқан аңыздарын ел назарына ұсынып отырмыз.

Тарбағатайдың жамбылын салғанда Тарбағатай губернаторы хат жазып, керейден көмек сұрапты. Керей билері Мәми мен Қара Оспан ақылдасып, Тарбағатайдан бөлініп шығуды ойлап, Қара Оспан: «керейден жәрдем бергізбеймін» деп, Мәми «жәрдемдесейік» деп, сонымен керей екіге бөлініп, «әлі бірлікке келе алмай жатырмыз» деп хабар беріп, жұмысты әдейі кейінгесоза беріпті. Осыдан барып Алтай керейлері мен Тарбағатай ұлықтары арасындағы дүлдараздық ұлғая түсіпті. Сонда Жәке: Мәми кетсе керейден ақыл кетеді, Оспан кетсе Керейден айбар кетеді, – деп баға берген екен. Осы кезде губернатор Жәкені шақырыпты. Сол жылы Жәке Шылан деген әскербасының үйінде болғанда сар шегір, сақалды кісі Жәкеге Шылан: Е, Жәке, сені мақтаған ел «Керейдің Жәкесі, меркіттің әкесі» дейді, жамандаған ел «Тауда жүрген тау текенің текесі» дейді ғой, – депті. Е, Шылан сені мақтаған ел «Тарбағатайдың Шыланы» дейді, жамандаған ел «қан сорғыш кара шұбар жыланы» дейді, – депті Жәке. Оның тапқырлығына риза болған, әрі оның шешендігінен ығысып қалған Шылан «бұдан былай дос боп өтейік»деген екен. *** Бір кезде Жәке өзіне қарасты жәнтекей руларын Мәми бейсінің қарауына өткізіп беріп, оның есесіне Бурылтоғайдағы үш зәңгі ел меркітті өз қол астына қаратпақ болып, губернатордан бекіту қағазын түсіріпті. Осыдан соң меркіт руларының бастықтарымен бас қосып ақылдасып, өзіне қарасты зәңгі, залыңдардың алман-ақуларын белгілеп беріпті. Соңынан зәңгі, залыңдар Жәкеден: Сіз өзіңіз қанша қазан алман аласыз? – деп сұрапты. Сонда Жәке: Құдай маған бақытты өзі берген. Өз малым өзіме жетеді. Қазан алман алмаймын, қайғы-уайым салмаймын, – деп жауап беріпті.

Бір кезде бір жерден әкімшілік аудан құру үшін оның егістік жерінің көлеміне қарайтын болған. Алтай аймағында егістік жері 100 хуға (бір ху – жеті гектар мөлшеріндегі Қытайдың аумақтық өлшемі) толсағана бір аудан болып бөліне шығады екен. Сол кезде Жеменей ауданында әрең 60 ху егістік жер болса керек. Осы себептен ол буыршын ауданына қарайды екен. Жәке губернатордантағы да 40 гу жерге қағаз алып, ол жерді меркіт руына бөліп беріп, Ласты өзенін бұрып, тоған салдырыпты. Келер жылы Жеменейге аудан деген ат беріліп, әкім жіберіліпті. Сауыр керейлері: «Қытай келіп алман алатын, өзімізге кесел салатын болды. Осыған мұрындық болған сен,» – деп Жәкеге наразылық білдіріпті. Сонда Жәке: Бес уақыт намазын дұрыс оқысаң, құдайдың сенде несі бар? Алман-салығын толық берсең қытайдың сенде несі бар? – деп жауап берген екен.

Жұмажан дейтін би ауырып жатып, халы азайғанда Жәкені шақырып алып арыздасыпты: – Самырат,меркіт ақылымыз бір, жақсылық-жамандықты тең көріп келе жатқан ел едік. Самырытта сойыл алып жауға шабатын, сөз алып дауға түсетін азаматтар әзірге жоқ. Ер жетіп келе жатқан жас балалар елдің қамын ойлап біріктіре ме, өз басын ғана сақтап бірліктен айрыла ма, белгісіз. Самыратты саған тапсырдым. Сені құдайға тапсырдым. Есесін жіберме, намысын тигізбе, – депті. – Айтқаның жөн. Мен тірі тұрғанда ешкімге есесі кетпес, – депті Жәке. Сонан аттанып былайшыққансоң, Жұмажанның халының нашарлығын ойлап: Басында қара таудың бір бәйтерек, Бұл бәйтерекқұласа біз қайтер ек. Дәм бітіп бұл дүние аударылса, Жиған мал, істеген іс неге керек? – деген екен қасындағыларға.

Жұмажан өзінің үлкен ұлына дөртуылдың бір байының қызына құдаласады екен. Жұмажанның баласы тұйықсыз қайтыс болыпты да, самырат жағы оң жақтағы қызды Жұмажанның інісі Тайкешкенге қаратамыз деп кісі салса, құдасы қамшысының ұшын бермей, барған адамын қуып жіберіпті. Самыраттар: «Жесірімізді алып бер» деп Жәкеге алты қанат ақ үй тігіп, аузын буған кішкене саба апарыпты. Жәкеге сарқасқа қойға бата істетіп, самыраттарға көкқасқа құнажын әкеліп бата қылдырыпты. Тайкешкен ыза болып, сабасын жарып, құнажынның мүйізін қағып алыпты. Сонда Жәке: Дөртуыл, мен сендерді сөкпеймін, Жұмысым бітпей кетпеймін. Жақсы ісңді жарылқаймын, Жаман ісіңді тектеймін. Бізді күтпе, самыратты күт, Олардыңбасы қаралы, Беті жаралы. Құдай дескен құдаң, – депті. Қызды шақырып алыпсұраған екен: Күйеуім өлген тұлмын. Мен самыратқа бармаймын. Керейден басы сау біреу табылар. Тайкешкен де мен сияқты әйел, – депті. Тайкешкен қамшысын білеп: Әкең мен шешеңді шақырып кел, әйел ме екем, ер ме екем, солардың алдында көрсетейін, – депті. Үй ішіндегілер қамшы білесіпәзер тоқтатыпты. Тайкешкен еліне хабарбергізіп, алпыс адам алдырыпты. Дөртуыл да байлығы менмықтылығын көрсетуге қамданыпты. Сонда Жәке: Дөртуыл, күштілігіңді көрсетпе, байлығыңа мақтанба. Асатынталай бел бар,алдыңда қазулы ор бар. Жесір дауын көргеміз, керейдің талай қызын найманға ұстатып бергенбіз. Сенің қызың сонан артық па? Керей-найманның жолын сендер өзгерте алмайсыңдар, –депті. Соңында қыз өзі келіп, Жәкеге мұң-зарын айтып жылапты. Дөртуыл жағы да тарығып, «билікті, Жәке, өзің айт» депті. Жәке былай депті: – Екі түрлі билік бар. Дөртуыл таңдағаныңды ал. Біріншібилік қалыңмалға алған екі жүз қой, екі айғыр үйір жылқы, құдасы мен құдағиына берген ақ бас түйе мен ақ жамбысын, жүйрік атын қайтарасың. Келген қонақты мазақ етіп, керей-найманның қонақасын бұзғаның үшін ат-шапан айып, қыздарың Тайкешкенді қаралағаны үшін бір тоғыз айып тартасың. Бұған көнбесең, екінші билік – жесірін қолына беріп, самыратты жолға саласың. Өзің таңдап біріне көн. Ақыры малмен бітім жасалыпты.

Бір жолғы дау үстінде Жәке бір қажыны «сен» деп қалыпты. Оның үстіне бір өтірігін де ұстатып алыпты. Сөз аңдып отырған қу жігіттер осыдан ұстап Жәкені жеңбек болып: Әй, Жәке, біздің қажыға «сен» деп неге тігіл сөйлейсің? Оның үстіне мына айтқаның тіпті өтірік қой, – депті. Сонда Жәке: Е, қажы болса қайтейін, Лақ бидің шақшасы да қажығабарып келген. «Сіз» деген сөз «сен» деген сөздің келіні емес пе? өтірік сөз шын сөздің желімі емес пе? – деген екен.

Жәкенің қартайған шағында Бұтыбайдың үйінде бір топ адам Жәкені мақтап отырса керек. Сол арада отырған, Жәкенің балдызы іспеттіболып келетін саркідір әйел сөзге қалжың араластырып: Қартайғанда Жәкені мақтап, қаупаштай беріп қайтетін едіңдер? – депті. Сонда Жәке: Иә, осы балдызымдікі жөн-ау. Біздің елде Көтбай дейтін ақын бар. Сол ақын қартайғанда балдыздары ойнап мазасын алып болмағанда: Ішінде көпжемістің алма жақсы, Құрықтан қашағанға шалма жақсы. Жас күнде балдыздарға перідей ем, Бұл күнде менен дағы мал ма жақсы, – деген екен. – Мұныкі де сол ғой баяғы, – деп үйтолы адамды қыран күлкі еткен екен.

Кезінде меркіт руынан шыққан Дәмежанды ұстап беруге қатысы бар делінген Мамырбек төре бір кезде Тарбағатай елінің қысымына ұшырап, Сауырдағы Жеңісхан төреге келіп паналапты. Жеңісхан оның бұрынғы өкпесін тарату үшін Жәке бидің үйіне ертіп барыпты. Қонақтарға қонағасы әкелініп, бата тіленіпті. Батаны өзіңіз істеңіз, – депті қонақтар жасы үлкен Жәке биге жол беріп. Сонда Жәке би: А, құдай, жас бер дедім, жас бердің. Бас бер дедім, бас бердің. Алдыма қызыл, артыма қара көк тас бердің. Көгекемнің аруағына көкқасқа тайымды айттым. Кейіс көрген төреге бейістен шыққан қойды айттым. Аллаһу акбар, –деген екен.

Жәнтекейдің қазыбек руы мен меркіт руы ұзақ жыл қанаттас отырғандықтан жер таласы толассыз болып отырыпты. Сөз жүйесіне келгенде Жәке би дендесе, он бір сәмембеттің көптігіне, одан қалса керейдің төрт биіне сүйенген Лақ би меркіт руын ығыстырып, Ластының шығыс жағынан асырмапты. Ершімді сөзі, елеулі пікірі ақпаған Жәке би найманның Бұтабай биін шақырып, осы жұмысқа ақыл сұрапты. Сонда Бұтабай: «Жәнтекей мен жәдік кісі өлтірсе, қарақас пен молқы құн тартады» дейтін сөз бар. Оның үстіне, айырығы мол бір арнаға құятын өзен секілді тасып та жататын, ордасына сыймай асып та жататын ел ғой. Ағызбаймын дегненге бөгеу бермес, Жайылмадан тосып бұрмасаңболарма? Сіз Лақ биді қалай бағалайсыз? – депті. Жәке бт оған: Ол ұялы теректің бүрінен шыққан сібірткі ғой. Үші тозғанмен бүрі қалады. Бүрі таусылса, көктейтін түбірі қалады емес пе? – деп жауап беріпті. Дұрыс айтасыз, олай болса алдымен өзім барып келейін, – деп Бұтабай Лақтыкіне келіпті. Ықыласпен жақсы қарсы алынған Бұтабай би Лақ биден: Осы Жәкені қалай бағалайсыз? – деп сұрапты. Е, Жәке құбыланың қызыл желі емес пе? Бір ағытылса басылар ма? Өздігінен айықпаса ашылар ма? Сол үшін іргені көміп, сақтықпен отыр емеспіз бе? – депті Лақ. Бұтабай би аттанар алдында Лақ онан қандай бұйымтаймен келгендігін сұрапты. Сонда Бұтабай: Қонынсымыз шалғай болғанымен, туысымыз бір, Орта жүздің кіндіктестеріміз ғой. Бірінші жұмысым- жәнтекей, меркіт абақ керейінен тараған, төскейде малың, төсекте басың қосылған туыссың. Жәке екеуіңніңортаңда шешілмей жүрген кірбіңдіктерің бар екен. «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» дейтін аталы сөз бар. Басқаны қойғанда, көшсең қонысың бір, мал қайырсаң өрісің бір, ауылараласотырған ағайынсыңдар. Берекеге келіп, ынтымақтассаңдар деген тілекті білдіргелі келдім, – депті. Бұл сөзге жығынды болған Лақ би: Онда бұл даудың өзіңнің бітіруіңе бердім, – деген екен. Сонымен қазыбек пен меркіт рубарының ортасындағы жершекарасын Ластының шығысы Ошарбай деп белгілеп, әр екі жағын бітімге келтіріп, Бұтабай кетерінде Жәке биге: – Ел алдында еселі сөзіңді жіберме. Бірақ көршілес отырған ағайындарға алая бергеннен қолтыққа тартқан жақсырақ болады. Лақтың сене жасы үлкен, қартайып қалған қадірлі қария. Батасын алған жөн,– депті.

Жәке жас кезінде қайындап барып қайтар жолында сәлем беріп Бұтабайдың үйіне түскен екен. Жәкені сүріндірмек болған бір топ жас жігіттер: – Ей, Жәке, әнеугүні қайныңа кетіп бара жатқанда тіпті ажарлы, үскінді едің. Енді қайтарыңда ұнжірғаң түсіп, сүлпиіп қалыпсың ғой, – депті. Сонда Жәке аспай-саспай: – Е, оның рас. Барарда қараша, қожанның жігіттеріндей адыраңдап-ақ барып едім, қайтарымда саты мен сайболаттың жігіттеріндей сүлпиіп қайттым деген екен. Өз руларының аты аталған жігіттер үндей алмай қалыпты. Сонда Бұтабай көзінен жас аққанша күліп: – Іздегендерің осы ғой. Өздеріңе де обал жоқ. Айғыр мен ойнаған ат арқасын алдырады, – деген екен.

Жәке қайыншылап жүріп атының шөбі таусылып қалып, Қыдырбай деген біреуден бір тең шөп алып қайтыпты. Аз күн өтіп ол шөптаусылған соң Қыдырбайға тағы келіпті. Жәкенің келе жатқанын көрген Қыдырбай өтірік ұйықтап, төсегіне жатып алыпты. Сәлем берсе, естімеген болыпты. Қыдырбайдың бәйбішесі де шәйін тез құйып, кетіруге асығыпты. Әрі: – Жәке, шәйіңді іштің, енді не бұйымтайың бар? – депті. Сонда Жәке: Қырынқарап жатады шөпті кісі, Екі сұрап алады епті кісі. Шөп сұрайын деп отырмын, – дегенде Қыдырбай күліп жіберіп, басын көтерген екен.

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: