|  |  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

Көгедай

Абақкерей

Батыры бар ел жаудан қорықпайды.

Шешені бар ел даудан қорықпайды.

Төресі бар ел ханнан қорықпайды.

Жәнібек Бердәулетұлы.Kerey taryhi

Жоңғармен соғыс аяқталып, қазақтың біріккен қосынының тарап, әр ру өз жүйесін күйттеп кеткен жағдайда, Алтай мен Сауырдың Ресей мен Қытайдың мемлекеттік саясатына тартылуына байланысты бұл өлкеде қоныстану үшін Жәнібек бастаған Абақ Керей қауымы бірқатар түйінді мәселелерді шешуі қажет болды.

Біріншіден, бұрынғыдай бытыраңқы рулардың жай ғана жиынтығы болмай, бір орталыққа топтасқан қауымға айналды. Ол үшін рулардың саны он екіге жеткізіліп, олар бір атадан тараған қаны бір туысқандар деген қағида насихатталды.  Бұрын Найман мен Керей теңдес, бірақ Шыңғысханның қырғынынан азайып, тозып кеткен Меркіт руын қатарына алып, Жастабанмен қоныстас болып келген Сарыбас әулеттерін және Найманнан қосылған Құлтайболатты (Шимойын деп те аталады) жеке рулар ретінде қарастырып, ноқта ағасы Ителі руы деп бекітілді.

Екіншіден, елдің басқару жүйесінің тұрақтылығы, ру аралық қайшылықтарға тосқауыл болу үшін билікті бейтарап тұлға хан тұқымы төреге беруге шешім қабылданды. «Төресіз ел, төбесіз зияр болмайды» деп, Тауасар би бастаған 17 адам Түркістанға Әбілмәмбет ханның ұлы Әбілпейіздің ордасына оның бір баласын сұрауға аттанады. Әбілпейіздің кіші әйелі қырғыз ханы Орманбеттің қызы Тұмар ханымды үш ұлы Көгедай, Сәмен және Жабағыны 2 құл, 1 күңі, күтуші, қызметкерлері, қожа-моллаларымен 17 үйлі ауыл Абақ Керейге көшін келеді. Келесі 1785 жылы Көкпектіде салтанатты түрде 12 жасар Көгедайды төре сайлайды. 1790 жылы күзде Көгедайды алып керейдің ел басқарған атақты адамдары Бармабай, Шұбаш, Байқан, Жанторы, т.б. бір керуен болып, Қобданы басып, Бежинге барып Қытайдың патшасынан Көгедайға гуң мәртебесін алып 1791 жылы оралды. Көгедай осыдан кейін 39 жылдай негізінен Зайсан өңірінде тұрақтанып, Абақ Керейді басқарып, бұл өлкеде елдің қоныстануында, осы бағытта Қытаймен арадағы қатынастарды реттеуде елеулі рөл атқарды.

Үшіншіден, басқару жүйесінің құқықтық қалыптамалары заңдастырылған қазақтың ежелгі әдет-ғұрпы Жеті жарғы заңдары мен шариғат қағидаларына негізделген «Абақ Керей ережесі» бекітілді. Бұл ережеде отбасының, үйлену, некеге отырудан бастап, әлеуметтік қарым-қатынастар, қылмысты істерді шешу жолдары түгел қамтылды. Елтірінің дауынан ердің құнына дейін алаштың ойына орнап, қанына сіңген, көкірегіне жазылған ежелгі дәстүрлі дағды, заң жосындары негізінде шешім тауып отырды.Ytike batir

Керейдің негізгі шоғыры Қалба, Қызылсу, Шар төңірегінде ірге теуіп, бас-аяғын жиып, күнделікті тұрмыс қамынан бастап басқарып реттеп, сол заманның талап – үрдістеріне сай тіршіліктерін құрды. Мал басы өсіп, төбесі көрініп тұрған ата-қоныстары Алтай-Сауырды аңсай берді. Жоңғар хандығы тарихи деректер бойынша 1757 жылы жойылды деп есептеледі. Бұған дейін-ақ Түкібай, Бәйімбет батырлар жылқыларын тебіндетіп Сауырға жол салған екен. Олардың ізін ала ол жаққа Жәнтекейдің бірер ауылы қоныстана бастаған көрінеді. Бұл кезде Сауырдың ресми иесі Торғауыт уаңына Меркіттің ел басшыларының бірі Бесік Көкшеұлы сый-сияпат беріп Сауырдан қоныс алады. Іргесі сөгіле бастаған, түтіні сиреп, мал басы жұтаңдаған жоңғарлықтарға бірде сауғалап, қалап, бірде тізе батырып, араласа қоныстанып, Сауырдың Мұзтауына, жазық көл жағасы мен Көксеңгір бойынан Ертіске дейін ентелей ене бастады. Бұндай қалмақпен қонысты болған жұрт Шұбар Керей атанған.

Бұл кезде Жәнібек батыр жұртымен Батыс Қалбадан жылжымай, ел іргесінберік ұстап, сақтап отырды. 1760 жылы Қалбадан Жәнтекей ауылдарының үлкен шоғырын бастап Ертісті өрлеп көше бастады. Бұлармен қатар Бұқарбай бастаған Ителілер, Қожаберген бастаған Шұбарайғырлар жылжи жылжи кішкене тау Маңыраққа жетіп тоқтады.Кейіннен Маңырақ тауы, Үйдене өзені бойын Меркіттер мекен етіп, оған қонысты болып Жастабан руы орналасты. Көпұзамай Кендірлік бойы мен Сартеректе Самырат руы мен Сәмембеттің Түкібай ауылдары, Көктал, Майшілік пен Қуталда Ителі руы қоныстанды. Бұл кезде жоңғар хандығы жойылып, бүкіл аймақ Қытайға қарасты жер болып есептелді. Сондықтан Бежинмен арадағы дипломатиялық қатынастарды реттеу, Көгедайды Абақ Керейдің билеушісі реьінде және Ежен патшасының гуң дәрежесіндегі өкілділігін заңдастыру Алтай-Сауыр өлкесіне қайта қоныстануға жол ашты. Бұл әрекеттерге кедергі болатын баспалдақтарды айналып өтіп, Керей жұрты Қытайдың орталық билігімен есептесетіндей тоқтамға қол жеткізді. Бежин жағы да Абақ Керейдің ішкі істеріне араласпай, мемлекет шекарасының амандығы мен батыс іргесінің тыныштығына баса назар аударды.

Тілеуберді Сайдулдин,

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі,

Зайсан ауданының құрметті азаматы

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: