|  |  |  |  | 

Саясат Тарих Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

“Шәуешек келісімі” қазақ-қытай шекарасының негізі болды”


Қазақстан мен Қытай шекарасындағы бекет. Қорғас, 13 мамыр 2003 жыл. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы бекет. Қорғас, 13 мамыр 2003 жыл. (Көрнекі сурет.)

Осыдан 153 жыл бұрын, яғни 1864 жылы қазан айының 7-сі күні Ресей мен Қытай арасында “Шәуешек келісіміне” қол қойылды. Тарихшы Нәбижан Мұқаметханұлы 153 жыл бұрын қол қойылған осы “Шәуешек келісімі” қазіргі қазақ-қытай шекарасының негізі болғанын” айтады. Азаттық тілшісі Ресей және қазақ зерттеушілерінің ғылыми деректері мен пікірлеріне сүйеніп, Қазақстанның шығыс шекарасының шежіресін сүзіп шыққан еді.

Қазақ-қытай шекарасының қалай тартылғанын зерттеуге тырысқан тілшіге әуелі ресейлік профессор, тарих ғылымдарының докторы Владимир Моисеевтің “Орталық Азиядағы Ресей мен Қытай (19-ғасырдың екінші жартысы – 1917 жыл)” зерттеуі ұшырасты.

Бір жарым ғасырдан астам уақыт бұрын, қазан айының 7-сі күні Ресей мен Қытай арасында Шәуешек келісіміне қол қойылды. Ресейлік ғалым “1864 жылғы “Шәуешек келісімі” – орыс дипломатиясының ірі табысы” деп жазады. Бұл келісім Ресей империясының шығыс шекарасы мен Қытайдың батыс шекарасы жөнінде алғаш жасалған 1860 жылғы Пекин келісімінен бастау алып, 1869 жылы Қобда хаттамасына, 1870 жылы Тарбағатай демаркациялық хаттамасына және 1881 жылы Петербург келісіміне ұласты.

 

Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара сызығы.

Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара сызығы.

Алайда шекара сызығын жүргізу туралы келісімдердің ішінде негізгісі, кейінгі келіссөздерде талқылайтын мәселені анықтағаны 1860 жылғы Пекин келісімі екені байқалады. Пекин келісімі бойынша даулы екі сызық сызылғаны мәлім. Екі сызық та Пекин келісімінде талқыланатын мәселе ретінде қала берген. Қазіргі шекараның жалпы сорабы сол кезде айқындалған. Ол бойынша “орыс-қытай шекарасының жалпы бағыты Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань және Памир таулары арқылы, ірі өзендер Ертіс пен Ілені қиып өтетін болған”. Әлгі даулы екі сызықтың бірі Зайсан көлінің үстінен өтсе, бірі Зайсан көлі Ресей иелігінде қалатын болып белгіленген.

Ресей мен Қытай арасындағы аталған келісімдер Совет өкіметі тұсында да, кейін де Қазақстанның Қытаймен арадағы мемлекеттік шекарасының негізіне айналды.

“ҚАЗАҚ КІМНІҢ БОДАНЫ?”

Ресей мен Қытай арасындағы “Шәуешек келісіміне” дейінгі тартыстардың, тарихи мәліметтерге қарағанда, Жоңғария мен Шығыс Түркістанды жаулап алған Қытай және Орта Азияны құрамына қосып алуды көздеген Ресей арасындағы бәсеке және көп бөлігі қазақ жеріне талас түрінде жүргені аңғарылады.

Моисеевтің жазуынша, 1861 жылы Қытай жағы Батыс Сібір генерал-губернаторы Дюгамельге шекара жөнінде келіссөз жүргізу үшін Шәуешекке Ресей дипломаттарын жіберуді ұсынған. Сол жылы тамыздың 15-і күні Шәуешекте кездескен екі жақ 1862 жылы маусымның 29-ынан бастап ресми келіссөз бастау жөнінде уағдаласқан.

Осы уағдадан соң екі жақ та келешек шекара маңындағы әскери жасақтарын күшейтіп, қарауыл қоюға кіріскен. Ресейлік зерттеуші “Шыңжаң билігі шекара өтуі мүмкін тұстарға қытай тіліндегі жазулары бар тастар көміп, белгі қоя бастады. Ол жерлерді мекендеп отырған қазақтарды Ресейге қарсы шығуға шақырды” деп жазады.

Қытайдың Алтай аймағында мал айдап бара жатқан қазақ. Шыңжаң, 2 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет.)

Қытайдың Алтай аймағында мал айдап бара жатқан қазақ. Шыңжаң, 2 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет.)

1862 жылы қаңтардың 10-ы күні Ресей патшасы ІІ Александрдың қатысуымен өткен кеңесте “шекараны Ресей бодандығын қабылдаған қазақтардың жеріне дейін жеткізіп, Пекин келісімінен ауытқымау жөнінде” шешім қабылданды.

Ресейлік тарихшы Владимир Моисеев “Ал келіссөз басталған кезде Қытай жағы Пекин келісімін мойындамай жаңа жоба ұсынды. Ол жобада Ұлы жүз бен Орта жүз ғана емес, Ембі мен Оралға дейінгі Кіші жүз жерлері Қытайға қосылуы тиіс екені жөнінде айтылған еді. Цин өкілдері “боғдыханның бодандары – қазақ пен қырғыз әуелден-ақ Қытайға тиесілі” екенін мәлімдеді” деп жазады.

Ресей-Қытай келіссөзінің бастапқы кезеңі осылайша қазақ-қырғыздың кімге бодан екенін анықтау мәселесіне келіп тоқтады.

ШЕКАРАҒА ҚОСҚАН “КОЛПАКОВСКИЙДІҢ ҮЛЕСІ”

Келіссөз тұйыққа тірелген соң Ресей жағы Ұлы жүз қазақтары мен қырғыз жерін тезірек отарлауға кірісті. 1860 жылы қазан айында өткен Ұзынағаш шайқасында Қоқан хандығының 15 мыңдық жасағын жеңген Колпаковскийдің әскері 1862 жылы Қоқанның тағы бір бекінісі Пішпекті алды. Ақмешіт, Созақ, Шолаққорған, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Мерке, Тоқмақ секілді Қоқан хандығының ірі бекіністерін де Ресей өзіне қаратты.

Владимир Моисеев зерттеуінде “Ресейдің Орта Азиядағы әскери табыстары, жергілікті қазақтар мен қырғыздардың топ-тобымен Ресей бодандығын қабылдауы Цин билігімен келіссөзде ресейлік дипломаттардың ұстанымын күшейтті” деп жазады.

Қытайдың Қашғар қаласындағы қырғыздар. 1906-1908 жылдары Шыңжаңда болған патшалық Ресей армиясының офицері Маннир Ибим түсірген сурет.

Қытайдың Қашғар қаласындағы қырғыздар. 1906-1908 жылдары Шыңжаңда болған патшалық Ресей армиясының офицері Маннир Ибим түсірген сурет.

Ал бұл кезде Қытайдың өз ішіндегі мұсылмандар көтерілісі Қашғар қаласына жетіп, Іле аймағына қарай өтуі Қытай жағын Ресеймен шекара мәселесін тезірек шешуге мәжбүрледі. Олар әуелі шекарадағы қазақ сұлтандарына хат жолдап, “орыс жасақтарын қуып шығу, қайта келсе, ол жөнінде Шәуешекке дереу хабарлау жөнінде” нұсқау берді. Ресейлік ғалымның дерегінше, “Алайда, қазақ сұлтандары орыс билігімен жауласқысы келмеген”.

Тарихи деректерге қарағанда, 1863 жылы Ресей мен Қытай әскері бірнеше рет қақтығысқан. Сол жылы тамыздың 22-сі күні Верныйға келген Дюгамель Ресей әскери министрі Милютинге “шекара мәселесі қозғалғалы Қытай жағы ақылға сыймайтын талаптар қойып, Пекин трактатын (“Пекин келісімін” айтады – ред.) жоққа шығарумен шұғылданып жатыр” деп хат жазған.

Бірақ 1964 жылы шілденің 30-ы батыс аймағында мұсылман халықтардың толуына байланысты Қытай жағы Ресей талаптарына мойынсұнатынын білдіріп, қазан айында “Шәуешек келісіміне” қол қойылған.

Орталық Азия аймағындағы халықаралық қатынастар маманы, ресейлік тарихшы Борис Гуревич (2004 жылы қайтыс болған – ред.) “Шәуешек келісіміне” берген бағасында: “1864 жылғы Шәуешек келісімі орыс дипломатиясының ірі табысы болды. Орталық Азияда қалыптасқан жағдайды (шекараны айтады – ред.) біржола бекітті. Алтай мен Күршімнің бай өлкесі, балығы сыймай жатқан Зайсан көлі, Тарбағатай, Алатау, Тянь-Шаньның тамаша жерлері Ресейге өтті” деп жазған.

Кейбір тарихшылар “шекараны бөліске салуда екі мемлекеттің әскери қуаты басты рөл атқарғанын, Қытайдың әскери күші өзінен мығым Ресей талаптарына амалсыз көнгенін” айтады.

“ҚАЗАҚ ЖЕРІ ЕКІГЕ ЖАРЫЛДЫ”

Ал қазақстандық тарихшы Нәбижан Мұқаметханұлы “Шәуешек келісіміне” қазақ халқының тағдыры тұрғысынан да қарайды. Ол “шекара мәселесін анықтауда қазақтың ойын ешкім керек етпегенін және келісім қазақ жері мен халқын алғаш рет екіге бөлгенін” айтады.

Нәбижан Мұқаметханұлы “10 тараудан тұратын “Шәуешек келісімінің” 5-тарауында “жер қайсы елге бөлінсе, сол жерде отырған халық сол елге тәуелді болады” деп жазылғанын айтады.

- Шекараны қандай негізде белгілеу дегенде Қытай тарапы “Жоңғарлар – Қытайға тәуелді болған ел. Сондықтан жоңғарлардың барған жерлері Қытайдың аумағы болады” деген талап қойды. Бірақ Кіші жүздің жеріне дейін бересің деген талап болған жоқ, – дейді ол.

Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын этникалық қазақтар. Инин, қаңтар, 2016 жыл.

Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын этникалық қазақтар. Инин, қаңтар, 2016 жыл.

Тарихшының сөзінше, Ресей жағы “қазақтар – Ресей құрамындағы халық. Ол жерлер жоңғардан бұрын қазақтың жері болған” деген уәж келтірген.

Тарихшы Нұржамал Алдабекованың айтуынша, “Шәуешек келісімі” жасалғанымен, шекараны демаркациялау шаралары 1917 жылғы төңкерістен кейін большевиктер тұсында ғана жүзеге асырыла бастаған, бірақ толық аяқталмаған”.

- Қазіргі Қазақстан шекарасы да негізінен патшалық Ресей кезінде жасалған осы келісімдер негізінде сызылды, – дейді ол.

Нәбижан Мұқаметханұлы “Ресей мен Қытай мемлекеттік шекарасын белгілеудің алғашқы негізі болып саналатын “Шәуешек келісімінен” кейін де 1882 жылға дейін бірнеше келісімдер болғанын” айтады.

- Келісім жасауын жасағанымен, Қытай жағы “Ресей өзінің әскери күшіне сүйеніп, бізге зорлықпенен қол қойдырды” деген пікірінен қайтпады. Қытайдың бұл дауы Совет үкіметі тұсында да жалғасты. Бірақ Совет үкіметі оны мойындаған жоқ, – дейді тарихшы.

Нәбижан Мұқаметханұлының айтуынша, “Қазақстан тәуелсіздік алғанда Қытай осы мәселені тағы да көтерген”.

- Қазақстан-Қытай шекарасын демаркациялау жариялы болған жоқ, сондықтан оны нақтылы білмейміз. Дегенмен Қытайдың таласы бар екенін Қазақстанның мойындағаны рас. Қазақстанның бақылауындағы даулы аумақтың 47 пайызын Қытайға беріп, 53 пайызы Қазақстанда қалдырумен бұл мәселеге нүкте қойылды,- дейді тарихшы.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1994 жылы Қытаймен арадағы мемлекеттік шекара туралы келісім жасасты. Мұнан кейін де Қытаймен шекараны анықтау процесіне байланысты қоғамда түрлі қарама-қайшы ойлар айтылған еді. Ресми дереккөздері “Қазақстанның Қытайға жер бермегенін” айтса, қоғамның бір бөлігі “Қытайға Қазақстанның есе жібергенін” сөз еткен болатын.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери келісімдерді қайта қарауға көшті. Бұл оған не үшін керек?

    Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери келісімдерді қайта қарауға көшті. Бұл оған не үшін керек?

    Камилла ВАЛИЕВА Коллаж авторы — Тимур Тимаев Шілденің аяғында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдерді қайта қарауды тапсырды. Қолданыстағы келісімдерді Мәскеу Астанамен 2013 жылы, ал Ташкентпен 2016 жылы жасаған. Қазір бұл құжаттар қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуді, әскери мақсаттағы өнімдер алмасуды және технологиялар беруді реттейді. Алайда келісімдерде нақты не өзгеруі мүмкін және Ресей оларды дәл қазір неге қайта қарап жатыр? Әзірге Кремльдің Астана және Ташкентпен жасалған әскери-техникалық келісімдердің нақты қай тұстарын қайта қарастырып жатқаны белгісіз. Өзбекстан Қорғаныс министрлігі Азаттық радиосының сауалына жауап бермеді. Ал Қазақстан Қорғаныс министрлігі құжаттар бойынша жұмыс аяқталғанға дейін олардың мазмұнына түсініктеме бермейтінін мәлімдеді. “Шектеулі түрде таратуға жатпайтын ақпарат жұртқа мемлекеттік органдардың ресми ақпараттық

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: