|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

Қарамай мен Майтау өңірі қазақтың ежелден бергі атамекені(Шығыс Қазақия)

22405431_946673135496274_565604594081602953_nБұл жердің аты Майтау (独山子), суретте Майтау мұнай бұрғылау құрылғылары түсірілген. Шыңжаңда ол жылдары (40-жж) мұнай бұрғылайтын озық құрылғылар болмаған тұрса, аталмыш өңірдегі мұнайды кімдер бұрғылап жатыр? Совет (сәбет) одағымен қаншалық қатысы бар? Айтпақшы, сурет Шығыс Түркістан үкіметі құрылған жылдары түсірілген.

Шығыс Түркістан үкіметін құруда Сәбет (совет) үкіметі сирек қазба байлықтарға астыртын мүдделі болған. Соның бірі- Уран және бірі- Мұнай. Уранды Алтайдан тапқан да мұнай-газды осы Майтау (独山子) мен Қарамайдан (克拉玛依) тапқан. Бұған дейін бұл өңірге (Майтауға) сәбеттің кен барлайтын тыңшылары келіп жер шарлап, астыртын картаға түсіріп қағазға нобайын қондырып кеткен. Жалпы, Қарамай мен Майтау өңірі қазақтың ежелден бергі атамекені саналады. Ұшы қиырсыз осы өңірде қазақтар мал төлдеткен, жер бетіне бұрқылдап шығып жатқан қап қара майды қойға белгі ғып жаққан, шамға білте ғып қолданған, отқа тамыздық қып істеткен.

Сәбет үкіметі Алматыда және Зайсанда Екінші Реткі Шығыс Түркістан Үкіметін құру үшін құпия саяси курстар ашып кадр жетістірген. Төңкеріс жасау үшін арнайы әскери ауыр қарулар жасап қаражаттар бөлген және газет-журнал, оқулықтар дайындатқызып баспадан шығарған. Жаһан соғысының әбігерінен енді сейілген Сәбет Одағы мұнша шығындар болуының себебі неде? Шығынды қайтып еселеп қайтарып алған? Әрине, бірі- Алтайдағы Уранмен, екіншісі- Майтау, Қарамайдағы мұнай-газбен қайтарып алған деп жорамал айтуға болады. Қазақтар ұлт-азаттық көтерілісін жасаған кезде оларға көмек көрсетуінің түпкі себебі де теңдессіз кен байлығын ұрлауға шаныс табу. Былайша айтқанда, қытай мен қазақтарды (Шығыс Түркістанды) қырылыстырып қойып Сәбет үкіметі мұнай-газдерді астыртын бұрғылап тасып әкетіп жатқан.

Алтайдағы Оспан Батыр саяси ойынды ерте түсінді де ат тонын ала қашты әрі Алтайдың алтыны мен уранын ұрлағалы келген қытайлар мен Сәбет одағының кеншілерін Алтайға бастырмады. Тіпті, Құлжадағы Шығыс Түркістан үкіметімен де ұзақтан силасып аңысын аңдап жатты. Кезі келгенде Шығыс Түркістан үкіметімен де әскери қақтығысқа дейін барды. Алтайдағы жер асты кен байлығын қызғыштай қорыды. Ал, Майтау мұнай-газын ше? Ол туралы ашық ақпарат Мәскеуде жатыр. Сәбеттің демеуіндегі Шығыс Түркістан әскері Қарамай-Майтауды алған соң негізгі әскери күшті Манас бойы мен Алтайдағы Оспанға шоғырландыруы мұнай мен газға қаншалық қатысы бар? Не үшін мұнай-газлы өңірде әскер сиреп кетеді? немесе Уранды қорыған Оспанға неге әскери соққы жасалады?

Бұл өңірдегі мұнай мен газды Жоңғар шөлі мен Орқашардың үш құлыстайынан Шәуешек Бақты өткелі арқылы ешбір “кедергісіз” машинамен тасымалдаған. Алтайдай құз қия тау шыңдар мен күрделі қайқаң қиябеттер бұл өңірде болмайды. Екі жол жорамалын айтқым келеді. Бірі, Орқашарға жетпей Майлы-Жәйірді кесіп Алатау сағасынан өтеді, екіншісі Орқашарды басып Үш Құлыстайлатып отырып Бақты арқылы Зайсанға өтеді.

Қортындылай келгенде екінші реткі Шығыс Түркістан үкіметін құруда Сәбетке қазба байлықтар қаншалық мүдделі болды? Уран мен Мұнай-газды астыртын қалай тасымалдады? Шығыс Түркістанды құрудың барлық шығынын Сәбет Үкіметі қалай еселеп қайтарып алды? Бұл сұрақтар Шығыс Түркістантануда тың белестерге жетелеуі бек мүмкін. Ендігі пікір былайғы жұртта болсын.

* Бүгінгі күндері Майтау мен Қарамайдан шыққан мұнай мен Газ қытайдың экономикасына орасан зор ықпал етіп отыр. Қытайдың экономикалық қолқа жүрегіне айналған теңіз жағалауындағы зәулім қалалар Қарамай мен Майтаудың мұнайы мен газының күші арқылы бой көтерген.

Eldeç Orda

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: