|  |  |  | 

Мәдениет Руханият Әдеби әлем

Бізге киноның тілі емес… қазақтың тілі керек

Астанада тұратын актер бауырымды Алматыдағы кастингтер шақырған сайын апарып-алып кету – менің көп парыздарымның бірі. Осы жолы «Қазақфильм» бір тарихи фильмнің іріктеуіне шақырған екен, екеуміз әдеттегідей Әл-Фараби даңғылымен ағызып келеміз. Ол өзіне берілген мәтінді жаттап әлек, мен рульмен алысып әлек. Байқаймын, мәтін орысша беріліпті. «Қазақфильмнің» сценарийлері әлі күнге орысша жазыла ма деп ойланып кеткен екем, бауырым ойымды бөліп жіберді.
– Тыңдашы, мына мәтін орысша айтылғанда құлпырып сала береді де, қазақша айтсаң дәмі кетіп қалады. Бұл орыс тілінің құдіреті ме, әлде қазақ тілінің…
Шынында, орысша айтып көріп еді, көз алдыма әлі түсірілмеген фильмнің әлдебір эпизоды келе қалды, қазақша дәл сол мәнермен айтып көріп еді, «болмай қалды». Әлдене деп айтып үлгергенше, «Қазақфильмнің» алдына да келіп қалған екенбіз, ол мәтінін құшақтап ішке тартты, мен сапырылысқан сан ойды қорыту үшін есік алдында қалдым. Неге жаңағы мәтін орыс тілінде айтылғанда бірден киноға айналып сала берді де, қазақ тілінде айтылғанда киноның бейнесін көз алдымызға алып келе алмады? Әлбетте, қазақ тілі сөздік қоры мен шұрайлылығы жағынан әлемдегі ең бай тілдердің біріне жатады. Оған дау жоқ. Мұның негізгі себебі – әлемдік киношедеврлердің 95 пайызын орыс тілінде көруімізде. Бұл жайт орыс тілінің құлаққа сіңіп, ой-сананың орысшалануына әкеп соғатыны жасырын емес. Мұны бір деп қойыңыз. Екіншіден, Ресей дубляждаған әлемдік киноларға үйренгеніміз сонша – қазақша дубляждалған киноны дұрыс түсінбейтінді шығардық. Бұған кінәлі – қазақ тілі емес, өзіміздің аудармашылар және әсіреаудармашылар. Кинода айтылмайтын сөз қалмайды. Сонда балконды қылтима, клавиатураны пернетақта, роботты құлтемір деп тұрсақ, кім түсінеді? Совет Одағы кезінде кино түсіруден «Қырғызфильм» одақтас республикаларды таңғалдырса, дубляждан «Қазақфильм» алдына жан салмаған. Сол аты аңызға айналған «Қазақфильмнің» дубляжы бүгінде бар-жоғын ешкім білмейді. Білетініміз – дубляжбен әр телеарна өзі айналысады. Нәтижесінде дубляждалған фильмдер қазақ тілінен бездірерлік дәрежеге жетті. Қазақ тілі десе төбе шашы тік тұратын кинотеатрлар желісінің басшылары мұны тамаша пайдаланып отыр. Сөйтіп, «қазақ тіліндегі киноларға адам келмейді» деген сылтаумен қазақша киноларды түнгі сағат 12-ге қойып көрсететінді шығарды. Үшіншіден… «Не деуге болады?» деп күбірлеп жүрген сәтімде «Қазақфильм» ауласындағы жұлдыздар павильонынан Сұлтан Ахмет Қожықов деген жазуды көріп қалдым. Сұлтан Қожықов. Әйгілі «Қыз Жібектің» режиссері. Иә, дәл осы «Қыз Жібек» фильмі қазақ тілінің қуаттылығы жөніндегі бүгінгі әңгіменің нүктесін қоймақ.
Әңгімені арыдан бастайын. Белгілі бір режиссер ағамыздан «Қыз Жібек» туралы пікірін сұрағанымда: «Керемет фильм. Бірақ киноның тілі жоқ. Спектакльдердің қойылымы сияқты», – дегені бар. Өзін «мықтымын» деп санайтын кез келген режиссердің пікірі осындай. «Киноның тілі жоқ»! «Не ол – киноның тілі деген?» – деп сұраймыз біз. Ағамыз темекісін бұрқ еткізіп түсіндіреді: «Әдебиет пен театр. Олар – мыңдаған жылдық тарихы бар өнер салалары. Әдебиет адамзатпен бірге пайда болды. Театр өнері пайда болғалы 5000 жыл өтті. Олардың өзіндік тілі әлдеқашан қалыптасқан. Ал кино ше? Кино пайда болғалы 100-ақ жыл өтті. Басқа өнерлермен салыстырсаң, аяғынан әлі тұрмаған жас бала сияқты. Сондықтан біресе әдебиетке сүйенеді, біресе театрға сүйенеді. Өз жолын тапқанымен, өз тілін әлі де таппай келеді. Біз, кинорежиссерлер, соның тілін әлі де болса іздеумен сенделіп келеміз. Бүкіл әлемдік режиссерлердің проблемасы – сол. Ал «Қыз Жібек» те, басқа да көптеген бұрынғы қазақ кинолары толықтай театрландырылған қойылым». «Ммм», – дейміз біз бірдеңе түсінгендей болып. Айтып отырғаны құлаққа кіретін сияқты. Бірақ неге біз әлі күнге «Қыз Жібекті» көреміз? Неге әлі күнге «Қыз Жібекпен» мақтанамыз? Жарыққа шыққанына 50 жыл өтсе де, көрерменді жалықтырмайтындай не сиқыры бар оның?! Меніңше, бұл фильмде қазақтың рухы бар және қазақтың құдіретті тілі бар. Мейлі кино тілі болмай-ақ қойсын, бірақ бұл фильмде қазақтың тілі бар. Тыңдаңызшы:
– Желбіреп барып, желкілдеп қайттық, алдияр! Жайықтың жағасы қанға боялды. Күндіз күн тұтылды, түнде ай тұтылды. Найза қысқарып таяқ боп қалды, қылыш қысқарып пышақ боп қалды. Сайланып келген жау қойша қырылды! Шаңға аунатып ұрдық, қанға аунатып қырдық!
Рухыңды аспандататын не деген асқақ сөздер! Болмаса мынаны қараңыз:
– Қан кешу қасап заманда
қайғыны жеңген
бар ма екен?!
Қолынан өлмей дұшпанның
қартайып өлген
бар ма екен?!
Қымбатты ата-ананың
қасында сөнген бар ма екен?!
Ажалы жеткен ардағын
арулап көмген бар ма екен?!
Жетім қалған баланы,
жесір қалған ананы,
Қан соқта болған даланы
ойлаған адам бар ма екен?!
Әлемдік кино тарихында дәл осылай құйылып түскен адуынды монологтар бар ма екен? Міне, қазақтың тілі қандай!.. Маған киноның тілі емес, осы тіл керек. Бәрімізге осы тіл керек. Сондықтан да біз әлі күнге «Қыз Жібек» десе ішкен асымызды жерге қоюға бармыз.
Заман өзгеріп, уақыт жылжып, қазақ киносының көкжиегіне киноның тілін іздеген жаңа толқын келіп қосылды. Ескі киноның бәріне мысқылдай қараған жас авангардшылар кино тілін іздеген күйі өз фильмдерін түсіріп, көрермендерге ұсына бастады. Киноның тілін тапқан болар, С.Апырымов, А.Әмірқұлов, Р.Нұғманов, А.Қарпықов, Т.Теменов, А.Әмірқұлов деген сол кездегі жас перілер халықаралық конкурстардан жүлдесіз қайтқан күндері болмады. Алайда осы аталған жас толқын халықаралық киносыншылардың көңілін тапқанымен, халқының көңілін таба алмады-ау, білем. Халқы әлі күнге дейін «Қыз Жібекті» көріп жүр.
Киноның тілін табамыз деген жас толқын алғашқы жұмысын қазақ киноларындағы қазақ тілін аспаннан жерге түсіруден бастады. Ендігі жерде «Қыз Жібектегі» пафостық сөздер күнделікті тұрмыстық сөздермен ауыса бастады. Сол кездегі фильмдердің арасында, әсіресе Серік Апырымовтың кинолары («Қиян», «Соңғы аялдама», «Ақсуат») қазақ тілін жерге түсіргенімен қоймай, біржола жер астына тыққандай болды.
Уақыт жылжып, еліміз нарықтық экономикаға өткенде халқымыз кино тұрмақ, қара нанды әрең тауып жеп барып ес жиып, еңсесін тіктегенше жаңағы жас толқын алдыңғы толқын ағаларға айналып үлгерді. Кинодан қазақтың тілінің мәйегі жоғалды. Еліміздегі орысша түсірілген кинолардың да шекесі қызып жатқаны шамалы, әрине. Бірақ таразының бір басына осы заманғы қазақ киноларын қойыңыз да, екінші басына орыс тіліндегі голливудтық киноларды қойыңыз. Ал Голливуд киноның тілін іздеп әуре болған жоқ. Олар үшін кино дегеніміз – экран және соны көріп отырған көрермендер. Болды. «Алтын шыққан жерді белден қазады». Бастысы, кино өзін-өзі ақтаса мақсат орындалғаны. Қалғаны маңызды емес. Театрландырылған көріністің көкелері осыларда. Әдеби пафостық сөздер тарихи киноларының бәрінде өріп жүр. Осылардың бәрі орысшаға аударылып алдыңа келгенде біздің дүдәмал кинолардың сөйлесу құралы болып жүрген қазақ тіліндегі мәтіннің мәні кетпегенде қайтсін!..

Жәнібек САУДАНБЕКҰЛЫ
Алматы

zhasalash.kz

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

  • ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    Олар ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде орыс тілінде оқудан бас тартқан. Неге солай ? Өйткені олар қазақ тілін таңдаған! Қазір университетте қазақ тілі курстары ашылып жатыр. Айтқандай, Әзербайжандарға тілімізді қолдағаны үшін құрмет пен құрмет. Олар нағыз бауырлас халық екенін көрсетті. Бірақ қазір біздің қорғаныс министрлігіне сұрақтар туындайды. Бұған дейін барлық шетелдіктерді орысша үйретіп пе еді? Біреу не сұрайды? Әйтеуір, білім – қазақ тілін насихаттаудың ең жақсы тәсілі. Ал неге орыс тілінде оқытады? Ал кім үшін? Ең қызығы, осының бәрін тек Әзербайжандардың арқасында ғана білетін боламыз. Ал неге бұрын қазақша оқытпаған, ең болмаса кейбір елдерде. Неге сол қытай тілін орысша үйретеді? Руслан Тусупбеков

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: