|  | 

Әдеби әлем

САНАНЫ ШАЮДЫҢ 10 ТӘСІЛІ

Ноам Хомски — заманымыздың даңқты философы, саяси публицист, лингвист.
88 жасқа келген ғалым әйгілі жоғары оқу орындарында дәріс оқыған, саясатқа араласқан, көптеген идеялар мен кітаптардың авторы.
Хомскидің еңбектерін журналистер, саясаткерлер, пиаршылар міндетті түрде оқуы тиіс.

Сананы шаюдың 10 тәсілі  — Ноам Хомскидің тізіп беріп кеткені.  Тақырыпқа қызығып, ары қарай ізденемін дегендерге интернеттен ғалымның «Пропаганда моделі» теориясы жөнінде оқуға кеңес беремін.

ЕКІНШІ КЕЗЕКТЕГІ МӘСЕЛЕГЕ НАЗАРЫН АУДАРУ
Қоғам үшін маңызы кейінгі кезекте тұрған мәселеге, тіпті дым маңызы жоқ болмашы нәрсеге  «басын ауыртып», негізгі саяси және экономикалық проблемалардан назарын аудару. Қазақстанда бұл әдіс үнемі қолданылады.

Мысалы, Қазақстанның атауын өзгерту туралы бастама көтерілген кезде әдетте девальвация өтіп жатады. Мұсылмандар одағының мәлімдемелері кезінде ауыс-түйістер басталады. Депутаттардың қазақ қыздарына шетелдіктермен тұрмыс құруына тиым салу туралы заң шығаруды талап еткен кезде жерге қатысты заңнама өзгереді.

ӨЗДЕРІ БІР ПРОБЛЕМАНЫ ОЙЛАП ТАУЫП, СОНЫ ШЕШУГЕ КІРІСУ
Алдымен, қоғамның дамуына кедергі келтіретін әлдебір проблема қолдан жасалады. Сосын баспасөз беттерінде осы проблеманы талқылау басталады. Дискуссия әбден қызып, тараптар қызылкеңірдек болып, бір-бірін пышақтауға кіріскенде, саясаткерлер – министрлер, депутаттар, президент проблеманың шешімін ұсынады немесеше шығарады. Бұл әдісті қолданудағы басты мақсат – саясаткерлердің рейтингісін неқтылау, былайша айтқанда репутациялық аудит жасау, елдің нақты лауазымды тұлғаға қарым-қатынасын бақылау.
Сананы шаюдың бұл әдісін біз әйелдердің зейнеткерлік жасын 58-ден 63 жасқа дейін ұлғайту бойынша заң дайындалған кезде көрдік. Бастама көтерілді. БАҚ беттерінде барлығы жан-жақты пікірлерді жаудырды. Қырықпышақ болған халық. Соңында президент зейнеткерлік жас кезең-кезеңімен ұлғайтылатынын айтып, «тынышталдырды». Әбден даурығып кеткен халық «ее, ең құрығанда сөйтсін» деп, салиқалы шешімге мойынсұнды.
Тағы бір мысал – депутаттардың президентті мәңгі басшы ету туралы бастамалары. Бұл тамаша бастама арагідік көтеріліп тұрады. Әдетте жыл сайын, бірінші желтоқсан қарсаңында әсіресе қатты ушығады.

 АЗАПҚА БІРТІНДЕП БОЙ ҮЙРЕТУ
Елге ұнамсыз әлдебір бастаманы заңмен бекіту үшін көбіне осы әдіс қолданылады. Министрлер мен депутаттар үнемі коррупция, инфляция, сырт нарықтардағы қиын жағдай мен шикізат бағаларының құлдырауы туралы айта береді. Сонымен қатар көршілес елдердегі ауыр жағдай туралы сөз қылып, «олардың қасында біздің жағдай – тойға баратын баладай» деп сіңіре береді. Нәтижесінде әйелдердің зейнеткерлік жасын көтеру, барлығын жаппай тіркеуге отырғызу сияқты заңдар дүниеге келеді.

ШЕШІМДІ ОРЫНДАУ МЕРЗІМІН ШЕГЕРІП, ХАЛЫҚҚА ҮМІТ СЫЙЛАУ
Халыққа ауыр тиетін шешімдерді таныстыру кезінде үкімет оны кезең-кезеңімен жүзеге асыруды қоса ұсынады. Ары қарай жағдай қиындай түсетінін біліп тұрса да, халық оны кейінге шегерілгенін дұрыс көреді.
Мысалы, жаппай сақтандыру (кейінге шегерілді), жер сату туралы заң (кейінге қалдырылды), т.с.с.

ХАЛЫҚТЫ БАЛА КӨРУ
Үгіт-насихат жүргізгенде, билік өкілдері жиындар мен баспасөз беттерінде бала мен қарияға да, ақыл-есінің дамуы тежелген адамға да түсінікті болатын сөздерді, тіркестерді, дәйектерді қолданады. Мұндағы мақсат – халықтың ойлау қабілетін тежеу. Бірақ жиі жағдайда оның себебі – министрлердің шектеулі сөздік қоры.
Мысалға премьер-министрдің және президенттің кеңейтілген отырыстары кезінде айтылатын ұрысы мен айқайын және барлық қалалардың орталығындағы билбордтардан көретін цитаталарды келтіруге болады: «жол құрылысына берілген ақшаны дұрыс жұмсай алмайсыңдар», «түкке пайдасы жоқ қызметкерлер орындарында әлі отыр» «Қазақстан біздің ортақ үйіміз», «экономиканың негізі – өнеркәсіп», «әлем бізді таныды», «ел бірлігі – қуатты мемлекет негізі», т.с.с. Айтылған нәрсе айтылған жерінде қалады, саяси-экономикалық ахуал дым өзгермейді. Есесіне халық жамырап «президент/ПМ шенеуніктерге ұрысты» деп, айыздары қанып, ұзақ уақыт талқылайды. Ал маңызды заңдар мен шешімдерді түсіндіруге келгенде шенеуніктер керісінше ешкім түсінбейтін тілде сөйлейді. Оны біз жер туралы, зейнетақы қорлары туралы, міндетті тіркелу туралы заңдарды өткізу кезінде куәсі болдық.

ЭМОЦИЯҒА БОЙ БЕРІП, КРИТИКАЛЫҚ ОЙЛАУДЫ ТЕЖЕУ
Халықтың эмоциясына әсер ету — адамдардың рационалды анализ жасауына тосқауыл қоюдың классикалық айласы. Қыздардың шетелдіктермен тұрмыс құруы, елім-жерім-дінім-тарихым-ата бабаларым-қазақ хандығы сияқты патриотизм тақырыбындағы әңгімелерге қазақтар әсіре жақын. Критикалық ойлау қабілеті мүлдем өшіп, айналада болып жатқан оқиғаларға адекват қарай алмай қалуына дейін әкелген мәселелер бәріміздің есімізде. Эмоционалдық қоздырғыштарды қолдану арқылы пропаганда машинасы халықтың санасына үрей, қорқыныш, барға қанағат ету, шын қажет нәрселерді талап етпеу сияқты сезімдерді сіңіреді.

ХАЛЫҚТЫ НАДАНДЫҚТА ҰСТАУ
Сапасыз білім беру, дамуға кедергі болу, бастамашылдықты қолдамау — БАҚ қолында тұрған қуатты қару. Толассыз ақпараттық шу, мәнсіз контентті масс-медиа арқылы трансляциялау мақсаты – халықты еріксіз, жігерсіз, ынжық, ықтиярсыз, тәуелді, үрейлі етіп тәрбиелеу. Мұндай халық еш жағдайда бой көтермейді, алаңға шықпайды, тәубе етіп, барлық қиындыққа шыдап отыра береді.

ДАРЫНСЫЗДАРДЫ ҰЛЫҚТАУ
Оқырмандар мен көрермендер надандар мен қатыгездер туралы  жаңалықтарды оқып, жағасын ұстап отырғанда, қоғамдық лифт бойынша осы надандық пен қатыгездікті ту еткендер көтеріле береді. Қылмыс жасаған лауазымды тұлғалар ары қарай қызметінде қалады, партия мен патриотизмнен басқа айтар түгі жоқтар телевизордың бетін бермейді, санасы таяздар елге ақыл айтады, бастан аяқ плагиат диссертациясын қорғағандар жоғары оқу орындарын басқарады, шенеуніктердің надан балалары теріс қылықтарымен жаңалықтардан түспейді, шенеуніктердің өздері шарманка сияқты бір айтқан әңгүдік ойларын бес қайталап сұхбат береді. Өйткені дарынсыздарды ұлықтау – халықты тезірек топас етудің жолы, мұндай халықты басқару оңайырақ.

ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗІН КІНӘЛІ СЕЗІНТУ
Болып жатқан проблемалар – халықтың тікелей өз кінәсы деген месседж жібері біздің шенеуніктердің жақсы көретін әдісі. «Бағаның өсуі – халықтың осы баға өсімін күтіп отыратындығының салдары». Естеріңде ғой? Сол сияқты «девальвацияға кінәлі – халықтың өзі, өйткені олар долларды көп сатып алады», «жұмыссыздықтың белең алып бара жатқандығына халықтың өзі кінәлі, өйткені олар білімсіз». Өзінің кінәлі екендігін есіне салып отыру, оған иландыру арқылы халықты апатияға ұшырату, экономикалық және заңды құқықтарының сақталуын талап еткізбеу деген сияқты мақсаттар көзделеді.

АДАМДАР ТУРАЛЫ ОЛАРДЫҢ ӨЗДЕРІНЕН КӨБІРЕК БІЛІП ОТЫРУ
Кез келген әрекет – зат сатып алу, несие ресімдеу, құжаттарды сұрату және тіркету кезінде адамдардың өздері туралы жеке және отбасылық деректерін неғұрлым көбірек қалдыруын қадағалау.

дерек көзі:gulimeo.kz

Related Articles

  • АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҮРІМШІДЕН ҚАЙТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНДА

    Болған оқиға ізімен Болған оқиғаның ізімеН…   Алаш жұртының бір емес, бірнеше съезі өтіп, Әлиханның Колчактан беті қайтып, “Енді қайтып тәуелсіз ел боламыз” деп жүрген кез еді. Семй Алаш қайраткерлерінің ордасы еді. Семейде жүрген Ахмет Байтұрсынов бастаған бір топ алашордашылар Қытай шекарасындағы Үрімші қаласына барып, ондағы қазақ жұртының хал жағдайын біліп қайтуға жолға шыққөан. Ол кезде Үрімшінің көбі қазақ еді Үйлері негізінен саздан құйылған. Орта Азияның көп қалаларын еске салғандай. Біраз үлкен кісілер мен жастар Ахаңның төте әліпбиімен кітап газет оқиды. екен. Ахаңды бұрын көрген адамдар да кездесті. Дегенмен, Ахаң Үрімші қазақтарының тәелсіз автономия құру туралы ойлары да жоқтығын байқаған. Соныменг, Үрімші қазағының және Қытайға жақын басқа ұлттардың басты тұрмысы

  • БІР АУЫЛДАҒЫ  ЕКЕУДІҢ ТАҒДЫРЫ

      Жұмат  ӘНЕСҰЛЫ   ( Махаббат туралы әңгіме) “МЕН СЕНЕН БАСҚАНЫ ӨЛГЕНШЕ  КӨРМЕЙМІН ДЕП СЕРТ БЕРІП ЕДІМ ӨЗІМЕ” “ДЕДІ БУЫНЫП ӨЛЕЙІН ДЕП ЖАТҚАН МАЙСА ДЕГЕН ҚЫЗ.. Бұл БАЙТӨБЕ деп аталатын ауыл. БҰРЫН ҮЛКЕН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ БОЛҒАН.ОҚУ АЯҚТАЛЫП, МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕР МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АЛМА БАҒЫНДА МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ ТОЙЫ МЕН  СЫНЫПТАС ЖАРАС ПЕН МАЙСАНЫҢ ТОЙЫ БІРГЕ ӨТЕІЗІЛЕТІН БОЛҒАН. ЖАРАСТЫҢ ƏКЕСІ ФЕРМЕР, АЗДАП ЕГІСТІГІ БАР. Ал Жараспен біргн оқыған Əміренің əкесі əкімшілікте қызмет жасайды, əрі жеміс өсіреді. БҰЛ ЖАРАС ПЕН МАЙСАНЫҢ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ БАСТАЛАЙЫН ДЕП ЖАТҚАНДА БОЛҒАН ТРАГЕДИЯ. ЖАРАС ПЕН МАЙСА МЕКТЕП БІТІРІП,, ӨЗ СЫНЫПТАСТАРЫМЕН МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҮЛКЕН БАҚТА ҮЙЛЕНУ ТОЙЛАРЫН МЕКТЕП БІТІРУ ТОЙЫМЕН ЖАЛ,ҒАСТЫРМАҚШЫ ЕДІ. МЕКТЕПТІҢ БАҒЫ АЛҚЫЗЫЛ ГҮЛМЕН ЖАЙНАП ТҰР. оҒАН ТҮРЛІ ТҮСТІ ЛАМПАЛАР ҚОСЫЛҒАН. сЫРТЫНАН

  • МӘҢГІ ҚАЗАҚ(ертегі фэнтези) 

    ҚАЗАҚТАРҒА ЖАСАлып жатқан  ҚИЯНАТ КӨП БОЛҒАСЫН, « Мәңгі қазақ» атты әңгіме жазсам деп жүретін едім. Осыдан бір күн бұрын сол әңгіменің сюжетіне келетін түс көржім. Кешеден бері жазуға кіріссем бе деп жүр едім, сәті бұгін түскен сияқты. ЖҰМАТ ӘНЕСҰЛЫ Өте ертеде емес, бүгінде емес, ғылым докторлары Санжар мен Балжан институтта қызмет ететін.Өздерінің лауазымдарына қарай қарапайым екі қатарлы жақсы салынған коттеджде тұрды.Интеллигент адамдар өмірдің қиындықтарына көп мін бере қоймайды ғой, Өмірлері мәнді, жайлы өтіп жатты. Жақсылықта көп күттірген жоқ, Санжар мен Балжан ұлды болып, коттеджде шағын той өтті. Неге екенін қайдам, әке шешелері ақылдасып, ұлдарыныі есімін Аңсар деп атаған. Аңсар ертедегідей тез де өскен жоқ, кеш те өскен жоқ. Тәрбиелі жігіт болып

  • СУ ІШКЕНДЕ ҚҰДЫҚ ҚАЗЫУШЫНЫ ҰМЫТПА

    (23 – әңгіме) БАЙАХМЕТ ЖҰМАБАЙҰЛЫ — Біздің заманда сендерше киімнен-киім таңдайтын жағдай қайда, жамап-жасқап, тон, шалбар кисек те жететін. Сөйтіп жүріп аянбай еңбек еттік. Бүгінгі күн басатын жолды ол кезде айлап жүрдік, тіпті бүгінгідей дүниенің төрт бұрышынан хабар тауып отыратын жағдай қайда? — деген қария немересінің жұмыстың қырын білмей, тік қасық болып өсіп келе жатқанына наразы бейнесін аңғартып, өз өмір кешірмесінен кеңестер қозғаған. Немересі: — Ата, сол дәуірде туған өздеріңіздің сорлы болған тәлейлеріңізден көрмейсіз бе? Оларыңызды бізге айтпаңыз, —демей ме. Ашудан жарыларман болған қария: — Е, ондай болғанда «Ұрпақ үшін бақыт-байлық жаратсам» деп тер төгіп, жан қиып, азып-тозған ата-бабаларың сендерге айыпты болғаны ғой. «Теңдік үшін» деп әкем оққа ұшты. Ал

  • Мұхтар Мағауин: ОРАЛХАНДЫ ДА, ҚҰДАЙЫҢДЫ ДА ҰМЫТҚАН ЕКЕНСІҢ…

    яғни, Д.Исабековты тәубаға түсіру рәсімі Республика президентінің қолынан биік марапат алып, желі көтеріліп тұрған Д.Исабеков, мына біз сияқты пендесіне көңіл бөліп, «Мұхтар Мағауиннің бүкіл позициясы маған ұнамайды» деген түйінді тақырыппен сұхбат беріпті – Nege.kz, 10.ХІ.2022. Бір заманда таныған, білген, енді көзден таса, көңілден өшкен жазарманның, тәрізі, қырық-елу жыл бойы іште булыққан жүрекжарды толғамы. Жарыққа шыққан кезде біз тарихи-танымдық «Алтын Орда» кітабын дендеп, қажетті тынысқа Эрнест Хемингуэйдің ескі жұрты – жылы теңізге бет түзеген едік. Енді міне, екі аптадан асқанда қайрылып соғуға мүмкіндік таптық. Артықша қажеттіліктен емес, әлдебір әуесқой ағайындар дүдәмалда қалмасын деп. Алдымен, айқайлы сұхбатты оқымаған бүгінгі жұртшылық үшін, ең бастысы – Д.Исабеков бауырымыздың мүбәрак есімін кейінгі заманға ұмыттырмай жеткеру

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: