|  |  | 

Руханият Әдеби әлем

ҚАЗАҚ КӨРКЕМСӨЗІ МЕН КӨСЕМСӨЗІНІҢ ҰЛТ РУХЫН ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ АТҚАРҒАН РӨЛІ

Жұмат ӘНЕСҰЛЫQazaq jasagi

 

Қазақ көркемсөзі ауыз әдебиетінде ерте заманнан қалыптасқан әдебиет саласы. Ұлттың  рухын ғасырлар бойы асқақтатып, намысын жанып келе жатқан Қазақтың «Батырлар жыры» көркем сөздің ең биік дәрежедегі үлгісі, әлемдік деңгейде мақтаныш етуге болатын, көркем элостық шығарма.  ХVIII-  ХIX- ғасырлардағы  қазақ  жырауларының қай қайсысының да осы күнге дейін ауыздан ауызға көшіп, ХХ- ғасырға дейін аңыз болып жетіп, жазба әдебиет мұрасына айналып, бүгінгі ұрпақтың рухани қазынасына айналуы СОЛ ЗАМАНДАРДАҒЫ КӨРКЕМСӨЗДІҢ МӘҢГІЛІК ӨШПЕС  РУХАНИ КҮШІНІҢ  молдығында еді. Ауыз әдебиетіндегі сол кездегі дастандар, жырлар, термелер кең қазақ  даласындағы әр шаңырақтың дем беруші рухани азығы еді.

Сөзімізді тірілту үшін ғасырлардан  ғасырларға ауыздан ауызға көшіп, аңыз болып кеткен Бұхар жыраудың «Абылайға айтқаны» атты ұзақтау жырынан үзінді келтірейік

….Ай Абылай, Абылай,

Он бір ғана жасыңда,

Әшейін ғана ұл едің.

Он бес жасқа толғанда,

Әбілмәмбет төренің

Арқада жүріп, қаңғырып,

Түйесін баққан құл едің.

Абылай атың жоқ еді ау,

«Сабалақ» атпен жүр едің.

Оны да көрген жерім бар,

Жаныс Қарабайдың қолында,

Түнде туған ұл едің.

Жиырма беске келгенде,

Бақыт қонды басыңа,

Тақыт келді астыңа.

Отызға ібден келгенде,

Кең дүниеге кенелдің,

Отыз беске келгенде,

Қара судың бетінде,

Соқтығып аққан сең едің.

Қырық жасқа келгенде,

Алтын тонға жең болдың.

Қырық беске келгенде,

Жақсы жаман демедің.

Елу жасқа келгенде,

Үш жүздің бар баласын,

Бастап өзің келдің де,

Аттарының бастарын,

Бір кезеңге тіредің.

Алпыс жасқа келгенде,

Жақсы болсаң, толарсың,

Жаман болсаң, қаужырап,

Жүнжіп барып, соларсың.

Алпыс беске келгенде,

Әрбір атқа қонарсың….»дегендей Бұхар жырау         Абылайға айтқан сөзінің соңын сыни философиялық пайымға толы дана тұжырыммен аяқтайды. Бұл жырдың көркем сөздің бір тамаша үлгісі екендігінде дау жоқ. Сондай ақ, Бұхар жыраудың бұл толғауы данышпан адамның аузынан шығып, Абылай ханға бағытталып айтылып тұрғасын, КӨСЕМСӨЗДІҢДЕ міндетін атқарып тұрғанына назарларыңызды аударамын.

Қазақ Ауыз әдебиетінің тарихында қалған, керемет көркемсөздің бірі – батыр, жырау «МАХАМБЕТТІҢ ЖӘҢГІР ХАНҒА» айтқан толғауы. Mахамбеттің жырларын аспандағы жарқылдаған найзағайға,  серпілсе мойын қиып өтетін алмас қылышқа теңеуге болады. Сол кезде Бөкей ордасын билеген Жәңгір ханға:

«Хан емессің қасқырсың,

Қас албасты басқырсың.

Достарың келіп, табалап,

Дұшпаның сені басқа ұрсын!

Хан емессің, ылаңсың,

Қара шұбар жылансың.

Хан емессің, аярсың,

Айыр құйрық шаянсың!» деп  Махамбет болмаса, ол заманда басқа адам Жәңгір ханды бұлай табалай алмас еді.  Толғаудың сөзі тұнып тұрған от!  Махамбет жырларының көркемдігі, КӨРКЕМСӨЗДІК қадірі сонда. Махамбеттің барлық  жыр толғаулары   отты, жалынды КӨРКЕМСӨЗДІҢ биік көрінісі. Сондай ақ,  олар намысқа, елдікке шақыратын, рухыңды көтеретін пафосқа толы, сонысымен Махамбет жырлары КӨСЕМСӨЗДІК қасиеткеде ие.

Бірақ, ХVIII-  ХIХ- ғасырдағы қазақ жырауларының шығармаларында саяси мән болған жоқ. Ол кезеңдегі жырлар, толғаулар, термелер тәрізді шығармалар  хан мен қара арасындағы қайшылықтардан туындаған.

Ресей империализмінің отаршылдық езгісіне деген күрес сипатындағы  КӨЗҚАРАС, КӨРКЕМСӨЗ бен КӨСЕМСӨЗ  ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болды.

1867-1868- жылдары Ресей патшалығы Қазақ жерінде әкімшілік  реформалар жүргізіп, Торғай, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары құрылып, Түркістан облыстары құрылып, оларды Дала әскери губернаторлары басқарды.  Осы губерниялық әкімшіліктерде соттар құрылды.  Қазақ  жерінде отаршыл елдің қатаң тәртіптері орнатылып,  Ресейден қарашекпенділер мен казак орыстарын  қазақтың ең құнарлы,көкорай шалғынды, көрікті жерлеріне қаптатып әкеліп, орналастыра бастады. Көп қазақ  жайылымдық жерлерінен айырылып, олар іштегі қуаң, сор жерлерге тықсырылды.  Соттарда әділетсіздік болмады. Жер аударылған қазақтар көбейе бастады.

ХХ ғасырдың басындағы оқыған қазақ зиялылары осыны байқады, көрді.  Отаршылдық езгіге қарсы көзқарастары бар қазақ оқығандары шыға бастады. Олар Ресей имперализмінің қазақ жеріндегі қорқау, әділетсіз істеріне қарсы күресу жолдарын іздей бастады. 1905-жылғы атақты «Қарқаралы петициясы»  Ресей империялистік отаршылдығының қазақ  арқасына батқан қатал езгісінен кейін болған Алашшыл оқыған  зиялыларының алғашқы ҚАРСЫЛЫҚ және ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРЫН ТАЛАП  ЕТУ қарекеті еді.

Қарқаралы петициясы бұрын айтылып жүргендей, губернатордың атына ғана емес, Патшаның, Ресей Ішкі істер министрінің атына да жазылған еді. Бұл хаттың үлкен аласапыран туғызуы да сол себептен еді.  Осовский деген Семей жандармы бастығының жеткізуі бойынша «Хаттарды жазған Жақып Ақбаев». Ж.Ақбаев жоғары білімді заңгер, сол алғашқы «Алаш қозғалысының» басында жүргендердің бірі.

Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов осы «Қарқаралы петициясы» бойынша губернатордың қозғаған қылмыстық ісімен жауапқа тартылып, кезінде түрмеге қамалған.

«Қарқаралы петициясының» тексі  қарасөзбен жазылған. Әрине, қара сөз көркем  сөз емес, бірақ бұл білгір, білімі адамның жазған  халықтың ұлттың жоғын жоқтаған КӨСЕМСӨЗІ еді.  Ол көсемсөз болмаса, бүкіл  Қап тау маңындағы елдерді қоспағанда, Орта Азия мен Қазақ елін уысында ұстап тұрған Патша әкімшілігін сонша әуреге түсірер ме еді!

Сондықтан, Алаш қозғалысының алғашқы саяси қадамының сөзбен жазылған Қарқаралы петициясын КӨСЕМСӨЗ  қатарына қосуға болады.

Ахмет Байтұрсынов пен М.Дулатов осы алғашқы саяси күрестен кейін, халықтың сауатын ашпай, санасын оятпай, отаршылдыққа қарсы күресте бір нәтижеге жету қиын болатынын түсінді. А.Байтұрсыновтың 1909-жылы баспадан шыққан «Қырық мысалы» мен М.Дулатовтың «Оян, қазақ» атты кітабы  қазақтың санасына нұр себудің, «ұйқыдан» оятудың алғашқы қадамдары еді.  Бұл кітаптардың уақытында шыққандығы сондай, ел арасына кең, тез тарап, қоғами жаңарудың үлкен себі болды.

Сол кезде Мәржақып Дулатовтың:

«Көзіңді аш. Оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қазағы, енді жату жарамасты» деген атақты жырын әр ауылда жатқа айтуды әдет қылған. М.Дулатовтың бұл жыры көркемсөздің ұлы үлгісі екенінде дау жоқ. Бұл жыр Елге қарап айтылғандықтан КӨСЕМСӨЗ рөлінде атқарып тұр.

А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың  бұл шығармалары елдің оқыған зиялылары мен қарапайым қара қазақтың бірігіп, үн шығаруының бастамасы болды. Міне, көркемсөз бен көсемсөздің құдіреті деп осы кезеңдерді айтуға болады.

Осы жылдардан кейін А.Байтұрсынов  шығарған «Әліпбиі», «Оқу құралдары»  елді сауаттандыруда жаңа сатыға көтерді.

Енді, Елдік туын көтерген КӨСЕМСӨЗШІ зиялылар шыға бастады. Жұрт «Айқап» журналымен қауышты.

Ұлт КӨСЕМСӨЗІ  жылы «Қазақ» газеті алғашқы шыға бастаған күнінен бастап КӨСЕМСӨЗДІҢ  жаңа биік үрдістерін көрсетті.

Сол кездегі ең көп тараған, ең халықтық газет осы «Қазақ» газеті болды. Ол кезде газет шығару процессі өте күрделі, қиын болған. Газетке келген хаттарды редакциялап, баспаға жібереді, оны жекелеген темірден құйылған әріптерден теріп, газеттің бетіне орналастырады… Мақалаларды редакциялау, газетке мақала жазу, бас мақала жазу ылғи А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың мойнында болған. Бес жылдық ғұмырында «Қазақ» газетіне ел мүддесі  мен құқықтарын қорғау мақсатында пәлен жүз КӨСЕМСӨЗ  деңгейіндегі өткір мақалалар жарияланды. Сол үшін А.Байтұрсынов  түрмеге жабылған кезі де болды.

Сол кездегі «Қазақ» газетіндегі КӨСЕМСӨЗГЕ  Алаш қайраткерлерінің , оның ішінде Әлихан Бөкейханов болып, бәрі  үлес қосты, ұлттың үнін көтерісті.

«Қазақ» газетінде қазаққа қатысты жазылмаған тақырып, мәселе қалмады. Жер мәселесі, оны қазақтарға бөлу мәселесі, сауаттандыру, оқыту және мектептер ашу мәселесі, соттардағы заңдарды жетілдіру мәселесі түгел жазылып, жергілікті және жоғарғы үкіметке жеткізілді.

Ахмет Байтұрсынов  газеттің бас редакторы ретінде жүздеген бас мақала және  келелі мәселелерді қозғаған  түп мақалалар жазған.

Бас мақала және түп мақала деп отырғанымыздың өзі елдегі өзекті  жәйларды қозғайтын КӨСЕМСӨЗ болып табылады.

Ахаңның «Қазақ» газетіндегі  жазған «Дағдарыс», «Туған тілім»,, «Шекіспей, беріспейді», «Еміле туралы», «Қазақтың өкпесі», «Егін егу», «Шаруа жайына», «Ауру жайынан», «Бас қосу хақында»,»Білім жарысы  хақында», «Оқыту жайынан» және т.б.  КӨСЕМСӨЗДЕРІ  ел арасында шешілмей жүрген мәселелердің басын ашып отырды.  «Қазақ» газетінің  ел арасында айтып жеткізе алмас беделін көтергенде осы жұрттың жоғын жоқтаған КӨСЕМСӨЗДЕРІ ЕДІ.

«Қазақ « газеті  жылғы төңкеріс кезінде де белсенді қызмет етіп, елді болып жатқан оқиғалардың мәнісін түсіндіріп отырды. Қазақты ұйымдасып, бірігіп, Ел болуға шақырғанда осы «Қазақ» газеті. «Алаш» партиясын құрып, жеке мемлекет болуға үндеген де осы «Қазақ» газеті.   1917-жылғы алғашқы Жалпы Қазақ сиезінен есеп беріп,  сол күзде, қараша айында «Алаш» партиясының бағдарламасын жариялаған «Қазақ» газеті еді.

Газеттегі басты мақалалардың жанрына А.Байтұрсынов өзінің «Әдебиет танытқышында» «КӨСЕМСӨЗ» деп анықтама берген еді. ХХ- ғасырдың бас кезіндегі Алаш қозғалысына, жалпы халықтық қозғалысқа, түпкі нәтижесінде Қазақ Елінің мемлекет болып қалыптасуына екпінді дауылдай көп себі тиген осы ҚАЗАҚ КӨРКЕМ СӨЗІ мен КӨСЕМСӨЗІ еді.

 

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ,жазушы, тарихшы

kerey.kz

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: