|  |  | 

Көз қарас Тұлғалар

Тәңір тағалам бар ісін сауапқа жазып, иманын мәңгі жолдас қылып, нұры пейіште шалқығай!

10169365_505988192863628_369645183055370180_nБүгін Прага уақытымен таңғы сағат төрт шамасында жаны жайсаң, мінезі жайдары, көңілі сәулелі, ісі мұқият Рахат Мамырбек бауырымыздың бақилық болғаны туралы хабар жетті. Желтоқсанның 11-інде кенет ауырып, Алматыдағы төртінші аурухананың жансақтау бөліміне түскен әзиз әріптесіміздің тілеуін тілеп, сыр бермей жүрген едік. Туған-туысы мен жақын дос-жараны небәрі 39 жастағы жігіттің сауығып кететініне сеніп, дерті туралы көпке жария қылмауды өтінген. Тоғыз күн бойы Рақаштың беті бері қарайды деп үмітін үзбеген отбасына, барша ағайыны мен жолдас-жораларына қайғырып көңіл айтам. Алла алдынан жарылқап, артын қайырлы етіп, жасамаған ғұмырын ұл-қыздарына нәсіп қылсын!

2001 жылғы желтоқсанда, осыдан дәл 16 жыл бұрын Рахаттың журналистикаға бет бұруына себепші болып едім. “Қазақстан” телеарнасына “Мезгіл” хабарын енді шығарғалы жатқанда бір әріптесім кезінде ҚазҰПУ-дың “Элита” студенттер клубында ерекше көзге түскен бір саясаттанушы жігіт бар екенін, қазір жолдама бойынша Семейдегі Шәкерім атындағы мемлекеттік университетте дәріс оқып жүргенін айтып, Алматыға алдыртып, таныстырған. Қараторы өңді, домалақ көзді, тұнық жанарлы жігіт ерекше алғыр, алымды әрі шапшаң болып шықты. Тележурналистикаға тез бейімделді. Ақкөңіл табиғатымен жаңа ортаны баурап әкетті. Арасы ашық қасқа тістерін көрсетіп, риясыз жарқырай күлгенде жер-жиһан нұрланып кететін. Бір жылдан соң жас әріптесімді Алматыда қалдырып, Астанаға кете бардым. Ары қарайғы Рахаттың жеке жүріп шыныққан кезі, кәсіби эволюциясы көз алдарыңызда шығар. “Күлтөбеде” келелі кеңестер құрып, көптің көңілінен шықты. “Алматы” телеарнасының жаңалықтар қызметін жандандырып, “Қызылағаш оқиғасы” кезінде шебер репортаждарымен көрерменді тәнті етті. КТК мен 31-арнада жұмыс істеген кездері қолтаңбасы айқындала түсті. Соңғы жылдары “Азаттықтың” аға веб-редакторы ретінде халықаралық стандарттарды меңгерген жергілікті аз маманның біріне айналды. Рахаттың мәтінді редакциялау тәсілі мен вебификациялау стилі дәл қазір оқулық етіп шығаруға дайын.

Соңғы жылдары бес перзентінің оқудағы жетістіктеріне сүйсініп, оларды үнемі қанаттандырып, сабақтарын бірге қарап, сырқаттанып қалса, дер кезінде емдету үшін шетке де шығып, әкелік парызын өтеу жағынан да замандастарына үлгі боларлық іс қылып жүр еді. Өз денсаулығын да барынша күтіп, аз уақытта әжептәуір артық салмақтан арылып, спортпен шұғылданып, бұл тарапта да құрдастарынан қара үзіп кеткен болатын.

Прагаға үш ай біліктілік арттыруға келіп жатқан Қасекеңді (Қасым Аманжолды) бүгін таңғы төрт жарымда пәтерінен ала салып, екеуміз Ерекеңнің (Ермек Тілегеннің) үйіне тарттық. Үзеңгілес, айырылмас дос болған адамға жақын жанның қазасын естіртуден қиын жағдай жоқ-ау. Көз алдымыздан жоғарыдағы өмір суреттері тізіліп өтті. Рақабайдың жақсылық үшін жанын аямайтын адами қасиеттерін бір түгендеп, “адам өледі, әруақ мәңгі” дестік. Журналист ретінде жалпы жұрт жазбай танитын әріптесіміз ресми сыйлық һәм атақ бұйырмаған күйі дүниеден өтіпті. Меніңше, ең зор атақ – Рахаттың аз ғұмырында өмірде де, кәсіпте де көп тәжірибе жинай білген қабілетіне сүйсінген халықтың ықыласы. Заманауи қазақтілді, либералдық танымды хас зиялының бірі, санасы сергек журналист, ойы терең публицист біздей пақырды бергі беттегі тұман ішінде қалдырып, тылсымы түпсіз арғы бетке кете барды. Тәңір тағалам бар ісін сауапқа жазып, иманын мәңгі жолдас қылып, нұры пейіште шалқығай!

Ғалым БОҚАШтың facebook парақшасынан алынды

 

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: