АЙТЫЛАТЫН СӨЗ ЕДІ…
Сол қыста небір ғажап бар
Соғым-шүйгін, үй-жылы,
Веселятся қазақтар
Шен тартылған шанасы
Табандаулы пимасы
Гуляй, біздің мекенде,
Орыстың лютая зимасы!
Новый Год болсын сөзбасы-
Нұр құятын жүздерге
Дед Мороз Снегурочкамен
Туыс боп кеткен біздерге
Қазақты қазақ құттықтап
Рождествомен қуанып,
Крещениеде, «бісміллә!»,
Күршімге сүңгіп шығалық,
Одан кейін бөшкелеп,
Түн ауғанда су алып
Өзіміз ішіп, малды да,
Әгүрөтті де суарып
Шипа тапсақ ем-домнан
Жел-құзды бойдан шығарып
Осылай праздниктерді
Қапысыз тойлап алайық,
Содан кейін жұмылып
Шығарып қысты салайық:
Сар самаурын қайнатып,
Ақ шәйнекке шәй демдеп
Қыз-келіншек жүйткіп жүр
Сый кісіге шәй бермек
Жерді теуіп шыңғырып
Частушка айтқыш әйелге
Кетті ме, дерсің, жын кіріп
Нәскишең жігіт жүлде алмақ
Столбыға өрмелеп
«Дабай,братан, дабай!»-деп
Көпшілік шулап дем беред
Топ-топ арқан тартысқан
Счет пока: 5 те 2
Айнала гу-гу әңгіме-
Құйтырқы да бөстекі
Мәрт қазақ ақ тер,көк тер боп
Проводы зимыға
Еңбегі сіңген бектер көп
Мына бір топ- жюри ме..,
Жаз қалай болар,қыс қалай
Болжам жасап отыр-ау-
(Қазақы амал ұмыт боп)
Әбдікей мен Боқырау
…Төл мейрам бізде аз,білем ,-
Екі айт пен Наурыз-Жыл басы
Оның да тегін түптесек,
Араб пен парсы-сұлбасы
Қазаққа содан жат емес
Қызығы кім-кімнің де,
Яғни, тойлай береміз
Талғамастан бұл күнде,
По-любому кетіріп
Қадірін тілдің, діннің де…
Мына ақылға көніңіз:
Жолортада тоқтай қап
…Сникерстеніңіз!
Жөн бе осы қылығым,
Корявыйлау сөзім ше?!.
Жаздым,міне, стишок-
Прикол ұстап өзімше…
Ұқсамақ болған бәріне
Мынау түрім-қай түрім?!.
Ала шұбар бәрі де
Мынау тілім-қай тілім?!.
Өлеңдегі орыс тілінен ауған сөздер мен атаулар: пима-пимы,валенки; Рождество,Крещение-
Пікір қалдыру