|  |  | 

Көз қарас Саясат

“Назарбаев 2020 жылы сайлауға түседі деп ойламаймын”

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлыбританиялық ВВС телеарнасының Hard Talk бағдарламасына сұхбат беріп, Назарбаевтың билігі және елдегі жемқорлықпен күрес туралы айтты. Сұхбат 20 маусымда ВВС News телеарнасына және BBC радиосына шықты.

“Назарбаевтың билікте ұзақ отыруы – тұрақтылықтың белгісі. 2020 жылға дейін билікте болады. Кейін сайлауға түсем десе өзіне байланысты” деді Тоқаев сұхбатында.

Осы сәтте хабар жүргізушісі Стивен Сакур “Егер менің математикалық есебім дұрыс болса, 2020 жылы Назарбаев 80 жасқа толады ғой?” деп сұрады.

Бұл сұраққа Тоқаев “Иә, Иә. Малайзияда 92 жасқа толған Махатхир Мохамад премьер-министр болды ғой. Ашығын айтқанда, 2020 жылы Назарбаев президент сайлауына түседі деп ойламаймын. Ол өте ақылды адам. Мүмкін 2020 жылғы сайлау басқа кандидаттармен өтер. Сайлауға түседі деп ойламаймын. Бұл – менің жеке ойым. Әрине бәрі Назарбаевтың өзіне байланысты” деп жауап қатты.

Hard Talk жүргізушісі Тоқаевтан “Сіз Қазақстан билігіндегі екінші адамсыз. 2020 жылғы сайлауға түсесіз бе?” деп сұрады.

Тоқаев бұл сұраққа “Олай айтпас едім. Бәрі жағдайға байланысты. Назарбаев биліктен кетсе де Қазақстандағы ішкі және сыртқы саясатқа ықпалы болады. Бізде келесі сайлауға дейін уақыт бар. Бастысы Қазақстанға қазіргідей тұрақтылық керек” деп жауап берді.

Хабар жүргізушісі Стивен Сакурдың Қазақстандағы жемқорлық туралы сұрағына Тоқаев:

Қазір 400-ге жуық шенеунік коррупция айыбымен түрмеде отыр. Айтыңызшы қай елде осыншама шенеунік коррупциямен жауапқа тартылды?

“Адамдар жемқорлыққа қатысты көп сын айтады. Бірақ Қазақстан коррупциямен күресте басқаларға үлгі болады. Қазір 400-ге жуық мемлекеттік қызметкер коррупция айыбымен сотталды. Айтыңызшы қай елде, оның ішінде поссоветтік елдердің қайсында осыншама шенеунік коррупциямен жауапқа тартылды? Жүйені кез келген адам сынай алады. Бірақ коррупциямен күресу жүйеміз жақсы жұмыс істеп жатыр” деп жауап бере келе “Қазақстанда биліктің маңында, Назарбаевтың маңында олигарх жоқ. Олигарх деген кім? Олигарх деген – билікке, президентке жақын болып, президент орнына шешім қабылдағысы келетін адам. Бізде ондай адамдар жоқ” деді.

Осы тұста ВВС журналисі Стивен Сакур Тоқаевтан Назарбаев отбасының байлығы туралы деп сұрады. Ол сұраққа Тоқаев “Бұл – шындық емес. Бұл – спекуляция. Әрине кейбірінің жағдайы жақсы. Себебі олар өте білімді, шетелде, соның ішінде Ұлыбританияда оқыған” деп жауап берді.

Тоқаев сұхбат кезінде “Қазақстанның демократиялық таңдауы” партия емес, заңсыз құрылған ұйым” деді.

Биыл 13 наурызда Астананың Есіл аудандық соты тіркелмеген ҚДТ-ны экстремистік ұйым деп танып, ел аумағында жұмыс істеуіне тыйым салған. ҚДТ-ны бұрынғы банкир, 2009 жылдан бері шетелде тұратын Мұхтар Әблязов құрған.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: