|  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Көз қарас Руханият

Қазақ әліпбиін латынға ауыстыру мәселесі қытайдың назарын аударып жатыр.

43386680_1211350109028574_3104708154630340608_nҚазақ әліпбиін латынға ауыстыру мәселесі бүгінгі күні қытайдың назарын аударып жатыр. Қытай Қазақстандағы барлық ақпараттық жаңалықты қадағалап отыратынын ескерсек білдей мемлекет құрушы ұлттың әліпби ауыстыруын назардан тыс қалдырмасы анық. Және ол тек қаріп ауыстыру мәселесі емес, тілдік реформа деп отыр. Қош, енді мына қызықты қараңыз!

Қазақстанда латын әліпбиі мәселесі 90-жылдары қазақ тілтанушы ғалымдары (Академик Ә.Қайдаров) жағынан ауызға алынғаны рас, дәл сол тұста қытай бұл ақпаратты жабық күйде талқыға салды, өйткені 90-жылдары қытайда ЕКІ МЫҢнан астам таза қазақ мектебі және Құлжада қазақ университеті, Күйтінде қазақ институты сонымен қатар Алтай, Шәуешек, Санжыда қазақ тілінде білім беретін педегогикалық жоғары білім беру орындары бар-ды және барлық қазақ мектебі, колледж, университет қазақша іс-қағаз қолданатын, қазақ мектептерінде тіпті қытай тілін 3-сыныптан кейін (кей жерде 5-сыныптан соң) шет тілі ретінде қосымша ғана оқытатын. Қазақ тілінің үстемдігі жоғары еді, кей елді-мекендегі қытай, моңғол, xуийзу, ұйғырлар таза қазақ мектебіне баратын. Қазақ мектебінің білім беру сапасы өте жоғары және қазақ оқушыларының ЖОО-на түсу салыстырмасы Шыңжаңда алдыңғы орында тұрды. Осы жағдайда Қазақстан жақтың латын қарпіне көшу қозғалысы қытайдағы қазақ зиялыларын ешқашан бейжай қалдырмайтыны анық, сонымен қатар қытайдың 1980-83 жылғы толықтырылған мемлекет констуцсиясы бойынша “әр ұлт өз жазуын өзі таңдауға толық құқылы” делінген құқықтық жағы тағы бар, бұлардың бәрі бір-бірімен сәйкес келсе қытайға тиімсіз деп қортынды шығарды. Сосын, қытай жақ 90-жылдары Түркияның Анталия, Ыстанбұл қалаларындағы “әліпби мәселесіне” байланысты басқосуларды да қатты қадағалап отырды. Әсіресе 34 қаріптен тұратын ортақ түркі латын әліпбиі жобасы тіптен алаңдаушылыққа апарды. Бұның барлығы қытайды “ұлт саясатын” өзгертуге мәжбүрледі. Сонымен қытай Шыңжаңдағы қазақ-ұйғырға лингвистикалық қадағалау саясатын шығарды, бір мәселе аясындағы реакцсияны қадағалап тексеріп отырды. Қызығы сол нәтиже былай болды, қазақтар-Қазақстандағы латын жобасына елеңдейді, ұйңырлар- Түркияға елеңдейді. Қытай үшін бұл деген орталық азия мен Түркияға жақындау деген сөз. Бұл қытайға мүлде томпақ! Қытай енді қайтуы керек? Оған қытайдың стратег мамандары, латынға көшудің қарарын Пекин мақұлдау керек! деген саясат ұстанды. Сонымен, бұл мәселе сол күннен күн тәртібінен түскен жоқ, аяғы Арапшыл-Латыншыл жаңа пікір-таласқа ұласты. Қытай сырттай қарап “ұлтшыл, түрікшіл” элементтерді тізімдікке жазып қойды. Қош, ары қарай…43433824_1211349952361923_2871285765948571648_n

Естеріңізде болса Қазақстанда латын әліпбиі 2006-жылы қайта қозғалып, бұл жол президент ғалымдарға тапсырма берген еді. Бұл қытайға біршама ауыр тиді және дайындықсыз мойнына қыл бұрау түсті. Өйткені, қытай жақ Қазақстанды латын әліпбиін қоғамдық пікір аясында ғана өрбітеді деп есептеп келді, білдей елдің президенті аузына алуы өте тосын жағдай ретінде қабылданды. Қытай жақтың қазақша басылымдары осыдан соң бірінен соң бірі латын жобасын ұсынып жатты. Дәл сол тұста біз орта мектептегі аузының уызы кеппеген бала едік, бірде бір ағайымыз латын қарпіне көшу туралы ойын баяндап бірқанша жобаны тақтаға жазғаны есімде. Сол тұста 3-4 маманның жобасын журналдан да оқығаным жадымда қапты. Олар Т.Дошық, С.Жанболатов, М.Бөлеков және М.Әбілқақ, Жаң Диңжин, тб. Әсіресе С.Жанболатовтың “Ойлар Өрісі” кітабы бұны арнайы талқыға салды. Қытай қазағы 2006- жылға дейін және кейін латын жобасы аясында ұсынбаған жобасы қалмады деуге болады. Кейін бұның орнын қытай қазақтарының IT-шінік програмистері басты. Олар өздері жасаған сайттарында жарыса жариялап жатты, тіпті сайт бағдарламасына енгізіп өз жобасымен ақпарат та таратып жүрді. Сол дәуір қытай қазағы үшін “алтын дәуір” болды. Бірақ, қытайдың да өз көздегені бар еді. Ол былай болды! Қытайдағы қазақ ғалымдары қытай конгресінде премер-миністірге тікелей “қазақ латын жобасын мақұлдау” туралы сауалын қойған соң дереу басқа тәсілге көшті. Ол мынау:
Қытай қазағын Қазақстанмен бір әліпбиде болдырмау;
Латын жобасын Пекин жақ мақұлдау қаласа жобаны да Пекин жақ ұсыну; Қазақты латын жазуы арқылы қытай-глобалзацсиясына жақындату;
тб.
Осы тәсілден соң қытай қазақтарының “құбыжық латын әліпбі” жариялана бастады және оны мақұлдау кезеңі күн тәртібінде тұрды. Ол кезде біз университет қабырғасына енді жармасқан кез еді. Қазақ сайттарының алтын дәуірі тұғын. Аталмыш латын жобасын қырық мыңдық оқырманы бар “Сен-Қазақ” атты сайт жер-жебіріне жеткізіп талқыға салды.

Қош, не керек, қытайдың “латын жобасы” саясаты науқаны кейін уақытша тоқтап қалды, сонымен бірге қытайдың латынмен “тұзақ құру” саясаты да уақытша тоқтап қалды. Қытай билігі негізгі назарын саяси клондармен арпалысуға жұмсап, саяси тазалауды бастап кетті. Аталмыш “латын тұзағы” жобасының біраз стратег ойыншысы саясаттан сырғып кетті.

Енді, қараңыз! Былтырдан бері Қазақстанда латын әліпбиі мәселесі нақты қадамдарға барды, жоба тұрақтану үстінде, тағысын-тағы. Бұған қытай жақ жаңа реакцсия танытады және оның Шыңжаңға ықпалын барынша азайтуға тырысады. Алда қытайдың ұстанымы туралы және бір сараптама жажармын. Қытай сөзсіз саяси тактикаға көшеді, ол-анық.

Соңында айта кетейін, ә- ae, ө-oe, ү-ue нұсқасын 2006-2009 жылдары қытай қазақтарының бір басылымынан оқып едім (аты есімде жоқ), кейін осы нұсқа Қазақстанда ұлттық латын жобасы ретінде жұртқа ұсынылған кезде жаман шок болдым.

Eldes Orda

Related Articles

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. 22 қыркүйек 2025 жыл. Тоқаев пен Зеленский. Сурет: Ақорда 21 қыркүйек күні Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясына барған сапарында Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, Зеленский “Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын” білдірген, ал Қазақстан басшысы “қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет” деген. Зеленский осы кездесу туралы мәлімдемесінде Украина, АҚШ, Еуропа және өзге елдердің соғысты тоқтату жөніндегі талпынысын талқылағанын айтты. Оның сөзінше, қос басшы сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті, қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіру ісіне қатысуға деген қызығушылығын сөз еткен. 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей Қазақстанның ең

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: