|  | 

Руханият

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЕСКІРДІ ДЕП КІМ АЙТТЫ?

Qazaq
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен "Дін
мен дәстүр" жобасы аясында "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі
халқымыздың рухани  құндылықтарын насиxаттауда біршама іс шаралар
өткізді.
Жақында әнші-күйші, композитор, тариxшы-этнограф, өнертанушы,
жазушы, киногер сценарист Ерлан Төлеутаймен Сапарғали Бегалин
атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында тамаша бір кездесу өткен еді.
Ұлтымыздың мақтанарлық рухани құндылықтары көп. Солардың бірі
де бірегейі қазақтың салт-дәстүрлері. Бұл кездесу қазақ ұлтының салттары
туралы тақырып аясында өрбіді. Қазақта салт-дәстүрлер көптеп саналады.
Әрқайсысының маңызы мен орны да ерекше. Мысалы: «шілдехана», «тұсау
кесу», «арыздасу», «асату», «ашамайға отырғызу», «ат-тон айып төлеу»,
«әулие аралау», «бесікке салу», «бесікті аластау», «жеті атаны білу»,
«мойынға бұршақ салу», «мүшел жас», «сауын айту», «сүйек жаңғырту»,
«жылу жинау», «сыңсу», «балаға есім беру», «иткөйлек кигізу», «бал ашу»,
«бала асырап алу», «бәдік айту», «бәсіре», «бауырға салу», «қыз көру», «құда
түсу», «жасау дайындау», «беташар», «ұрын бару», «айттыру», «бата беру»,
«тойбастар айту», «тойтарқар айту», «тасаттық», «енші беру», «естірту»,
«жоқтау айту», «тоқтау айту», «көңіл айту», «көрімдік беру», «сүйінші
сұрау», «жамбы ату», «әмеңгерлік», «жесір дауы», «жылу жинау», «көтерме»,
«құн талап ету», «қонақ күту», «баланы қырқынан шығару», «орамал тастау»,
«тамыр болу», «шапан жабу», «қалың мал беру», «тоқым қағар», «құйрық
майлау», «тырнақ алды», тағысын тағылар. Қазақтың салт дәстүрінің саны
нақты қанша екені белгісіз. Мысалы тек тойлардың түрлері қаншама
десеңізші! Мысалы «құйрық ботқа», «бауыр аяқ», «тырнақ алды» т.б.
Ерлан Төлеутай қазақ салт-дәстүрлері туралы көптеген қызық
әңгімелер айтты.  Ғалым нақты деректер келтіре отырып сөз сөйледі.
Мысалы деді ол, жазушы Сәбит Мұқанұлы «Өмір мектебі» шығармасында
тойдың «Бесікке салар» деген түрі туралы былай деп жазған:  «Бесікке салар»
аталатын тойға арнаулы қой сойылды да, Сибанға қараған үш ауылдың
қатын-қалашы түгел шақырылады. Бесікке бөлер алдында балаға «иткөйлек»
аталатын, арқа жағы жырық көйлек кигізеді де, (ол – бала «ит», «рахитта»
аталатын ауруға шалдықпасын деген ырым) баланы жеті кемпірдің
тақымынан өткізіп ап, содан кейін, туған балалары тұрақты болған кемпір
ғана билейді… Одан кейін, «етіне жара түссе тез жазылады» деп, қырық күн
тұзды сумен ғана шомылдырады екен, «денесі тығыз және оңтайлы боп
өседі» деп, қырық күнге дейін, бесіктен шешілген сайын «сылау май»
аталатын, тортасынан айырылған маймен денесін түгел сылап, «өс, өс!..» деп,
қырық күнге дейін бесіктің қасына шам жағып қояды екен.
Қырық күн толғанда, баланың «ит көйлегін» шешіп алады да,
иттің мойнына кигізіп, ауылды жағалай қуады да, содан кейін көйлекті
ит мойнынан алып, өртеп жібереді, баланы одан кейін бөлерде қырық

қасық сумен шомылдырып, ол суды қырық қатынға түкіртіп, адамның
аяғы баспайтын жерге төктіреді екен…»
«Сүйіншіден көңіл айтуға дейін» атты кітапта «Тұсаукесер» салты
туралы жазылған: «Кейде ата-ана жас бүлдіршіні қаз-қаз тұра бастағанда:

Ала жіпті есейін,
Тұсау қылып кесейін.
Кәнеки жүрші бөпешім,
Тәй-тәй бөпем,
Тәй бөпем…

деп «Тәй-тәй» (Тұсаукесер) жырын айтатын сәттер де болады».
Ғалым дәстүрлердің байырғы заманнан келе жатқандары туралы
ослайша нақты деректер туралы айта отырып жұртшылыққа қызғылықты
түрде баяндады. «Енші алу» салтының байырғы рухани құндылық екенін
«Қобыланды батыр» жырынан үзінді оқып дәлелдеді:

Қобыланды бала келеді,
Көктімге сәлем береді:
«Еншісін бөліп Құртқаға,
Бәрін де беріп жатырсың,
Бергенің маған не?» – деді.

Бұл үзіндіден біз нші беру салты «Қобыланды батыр» жырының байырғы
заманда пайда болғанын және түрлі-түрлі болғанын бәле аламыз деді ғалым:

Көктім аймақ атасы:
«Шырағым балам кел! – дейді.
Бергенім саған біл,  дейді,
Төбеңде тұрған төрт бұлыт
Еншің балам, сол, – дейді.
Жаз болса, шығар күн жақтан,
Қыс болса, шығар жел жақтан
Шырағым, балам, сен, – дейді,
Тапсырдым сені соған – деп,
Енді атыңа мін», – дейді.
Ғалымның айтуы бойынша осындай салт-дәстүрлер қазақта баршылық.
Ғалым Ерлан Төлеутай әңгімесін ары қарай түрлі салттар туралы айта келіп
тағы да тағы да керемет мысалдар келтіре отырып өрбітті. Аруаққа сыйыну,
туралы да айтты. Басқа да салтар мен жһн-жоралар туралы айтуды да
ұмытпады. Ат баптау, ат тұлдау, әмеңгерлік,  сауын айту, сыбаға тарату,
сәлемдеме жолдау, жарыс қазан, кіндік шеше, тіл-көзден сақтану,  т.б.
салттар туралы керемет сөздер айтты.
Ғалым қазақ салттары туралы шетелдік ғалымдардың естелігін де
қызықты да нақты оқиғалар негізінде дәлелдеп берді.Мысалы: Қарапайым
қазақтар хан, төре-сұлтандармен амандасқанда оларды «Алдияр» деп атап,
екі қолын кеудесіне, немесе тізерлеп тұрғанда оқ қолын оң тізесіне қоюы
шарт болған. Төремен жол үстінде кездесіп қалған жағдайда қарапайым қазақ
атынан түсіп бір тізесін бүгіп амандасуы керек болған. Ал төре оң қолын
оның иығына қойып: «Аман ба?» деп жауап беретін.

Хандар елшілердің иығына да қолын қойған. 1756 жылы Кіші жүздің
ханы Әбілхайырдың ордасында болған елші Джон Кестль былай деп естелік
қалдырған: «Тез өткен үш сағаттай уақыт алған қабылдау барысында хан
менің иығыма қолын қойды. Кейін білуімше бұл адамды силаудың ең үлкен
көрінісі екен».
«Тоқтау айту» салты туралы ғалым мынадай бір қызық мәліметпен
бөлісті: Ғалым Шоқанның атасы Уәли хан қайтыс болғанда Байдалы шешен
жоқтау айтпақ болған Айғаным ханшаға: Сіз жоқтау айтпақсыз, ал мен сізге
тоқтау айтайын деп өлеңмен былай дейді::
– Қайрат деген қыран бар,
Қайғыға тізгін бермейтін.
Қайғы деген жылан бар,
Өзекті шағып өртейтін.
Үміт, сенім тілек бар,
Қуантып, қуат алдырар.
Жылау деген азап бар,
Қуартып отқа алдырар.
Мен қайғыңды қозғағалы келгем жоқ,
Қайратыңды қолдағалы келдім.

Бұндай сөздерді естіген Айғаным ханша шешенге ханның Көксырғанақ деген
атын сыйға тартқан.
Осындай қызықты да мазмұны терең әңгімелерді жиналған көпшілік
ұйып тыңдады. Ғалымның аузынан естіген әңгімелеген ғалының мына
мәліметтері кімді де болса бей-жай қалдырмағаны анық. Ерлан Төлеутай
«Бата беру» салты туралы да қызықты етіп баяндай білді. Атақты Аңырақай
шайқасында ерлігімен аты шыққан Қойгелді батырға Төле би былай деп бата
берген екен:

Аталы ұлдың сөзі баян-ды,
Атасыз ұлдың сөзі шаян-ды.
Аталы ұл Қойгелдім,
Ел үшін неден аянды?!
Желкесін үзді сұм жаудың,
Дегенде қатер таянды.
Олжа әперген еріңе
Саялат елім саяңды!
Қойгелдім, жай қолыңды,
Алла оңғарсын жолыңды!…
Ата жолын қуған ұл
Алашқа әмсе пана бол!
Ұлдарына аға бол!
Қыздарына пана бол!
Қойгелдім әмсе қыран бол,
Ел-жұртыңа ұран бол!
Жоңғарларға қарсы жорыққа аттанбақ болған Райымбекке анасының
берген батасын да ғалымнан естіген көпшілік дән риза болды:

Қолыңды жай құлыным,
Жәрдем болсын құдайым.
Медет тілеп пірлерден,
Жаратқанға жылайын.
Ғайып ерен, қырық шілтен,
Адасса жолға салып жүр,
Сыртыңнан қорғап бағып жүр…
Жауға аттанып барасың,
Анаңның құрттың шарасын.
Қалмақтан кекті алдырып,
Жазғайсың көңіл жарасын.
Сескенбей жүр шырағым,
Атаңа жетіп барасың.
Жаратқан ие қолдасын,
Жолбарыс болсын жолдасың!
Ерлан Төлеутайдың айтуынша қазақ басқа халық өкілдеріне де, тіпті
қарақшыларға да бата беретін болған. Мысалы Домалақ Ана әулие атанған
Нұрила Мақтымағзамқызы өз ауылына келе жатқан қарақшыларды көріп
кемпірдің киімін киіп отыра қалады. Жөн сұраған қарақшыларға жылқыға да
жылқышыларға да тимеуін ескертеді. Бірақ олар Домалақ Ананың айтқанын
тыңдамай жылқыны қуып кетеді де тасып жатқан Боралдай өзенінің таяздау
жерінен өтпек болғанда суға кетіп қала жаздап әрең дегенде жағаға шығады.
Содан соң Домалақ ананың тегін адам еместігін сезіп қайтып барып кешірім
сұрайды. Сонда Домалақ ана:
– Ендеше қолдарыңды жайыңдар!
Құдай оңдасын, аруақ қолдасын!
Адал жүріп, адал тұрыңдар
Алдарыңнан жарылқасын! –
деп бата беріпті.
Ғалымның білгірлігіне таң қалған көпшілік оның дін мәселері туралы
атйқанына да үлкен көңіл қойып тыңдады. Енді әңгіме …..тақырыбына
ойысты. Қазақ халқының салт-дәстүрлері қоғамның шырқы бұзылмас үшін
керекті күнделікті тұрмыста әрқашан бағыт-бағдар көрсетіп отырған бғдар
шам іспетті болған. Ал, енді әлемде орын алып жатқан бүгінгі күрделі
жағдайда халқымыздың ұлттық рухани құндылықтары рухани жаңғыруға
өзінің оң септігін тигізетіні анық.

Бердалы Оспам

kerey.kz

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: