|  |  | 

Көз қарас Тарих

Қытайлар Ғұндарға 80 жыл бағынған

47687687_762820200752192_2246067776101810176_n

Ғұндардың әскери мемілекетінің құрылуы

Біздің заманымыздан бұрынғы 215 жылы Ғұндардың кошпенді-әскери мемлекеті құрылды. Ұлыстың қағаны Түмен болды. Түменнің Бақтұғ( Модон) атты тах мұрагері болды, Түмен оны тах мұрагерлігінен қағып көршілес Нүкүз(月氏)дерге аманатқа жіберді, артынан екі ел жауласқанда Нүкүз ханы Модонды өлтірмек болды, Модон Нүкүздердің бір жүйірік атын қолға түсірдіде ұстатпай Ғұндарға қашып келді. Түмен тәңірқұт оған түмен(10000) жасақты басқартты, Модон ысқырма жебені жасап шығып жасақтарына: «Мен жебені қалай атсам сендерде солай атасыңдар атпағандардың басы кесіледі !» деп әмір етті. Бір жолы өзінің сайгүлігіне қарата оқ атты, өзімен қосыла атпағандарды сол майданда шауып өлтірді. Тағы бір жолы тіпті өз бәйбішесіне қаратып оқ атты, қосыла атпағандарды тағы да өлтірді. Түмен тәңірқұтпен бірге аңға шыққанда ол оның атына қарата оқ атты, жасақтары бірге оқ атты, ол енді Түмен тәңірқұтқа қарата оқ атты, жасақтары жамырай оқ жаудырып Түмен тәңірқұтты жәйратты. Модон өз жасақтарының енді нағыз қатаң тәртіпке бағынатын қосынға айналғанын білді. Артынша Модон Түменнің бас имеген уәзірлерін, өгей шешелерімен таққа таласу ниеті бар ханзадаларды тегіс өлтірді де бар билікті өз қолына алды. Модұннің тахқа отырғанын естіген Шығыс Хулар(东胡, Дұң ху) Оның сайгүлігін сұратып елші жіберді, Уәзірлері «Қасиетті хан тұлпарын беруге болмайды» десті, Модон: «Көрші ел ғой, көрші отырып оларға бір қылқұйрықты да қимаймызба?» деді де тұлпарын бергізді. Келер жылы сол уақытта Дұңхулар тағы елші жіберіп Модұннің ханымын сұратты. Қаны қайнаған уәзірлер : « Дұңхулар әлінен асқан екен, былтырғысы аз болғандай енді ханымға ауыз салмақ екен, аттанып барып оларды талқандайық!» деді, Модон: «Көрші ел ғой, оларға бір шөп желкеніде қимасақ қайтып тату болып отырмақпыз ?»деді де ханымын беріп жіберді. Келер жылы Модон бізден қорқады деп есірген Дұңхулар тағы елші жіберіп: «Ғұн мен біздің арамыздағы мың шақырымдық бос жатқан жерге Ғұндар енді аяқ басушы болмасын, ол жерді біз аламыз деді», кей уәзірлер: «Онсызда иен жатқан жер ғой, онан бізге келер-кетер ештеңе жоқ деді», қатты ашуланған Модон: «Жер елдігіміздің негізі, оны жауға қалай береміз?» деді де, сол майданда жерді берейік дегендерді шауып өлтірді, жаудың елшісінде өлтірдіде : «Кімде –кім жорықтан қалса басы кесіледі!» деп бүкіл елге жарлық шәшті, Ғұнның біткен еркегі соғысқа аттанып Дұңхуларды қапыда басты, күйрете жеңіп ханын өлтірді, халқын тұтқындап құл қылды. Артынан Нүкүзтердің ойранын шығарып қонысын тартып алып батысқа қуып салды, Нүкүздер Іле мен Жетісуға ауып келді де ол жердегі Сақтарды талқандады, Сақтар ауғаныстан мен Индияға қарай қашты. Модұн (乌孙 )Асуандарды Нүкүздерді қуғындауға аттандырды, Лежау(лап кок) бастаған 30 мың Асуан әскерлері Нүкүздерден Жетісуды тартып алды, Осылайша Ғұндардың батыс шегарасы Жетісуға дейін келді, Шығыста Жапон теңізіне тірелді. Шығыс түркістандағы Кроуан, Ферғана, Сулы қатарлы 36 бектік Ғұндарға тізе бүкті. Батыс терістікте байқал көлі мен Саян-Алтай арасындағы Қыпшақ, Жанкүн, Сенле, Деңлең қатарлы елдер тегіс бағынды, оңтүстіктегі Қияндар да бағынды да териториясы 10 миллион шаршы километрден асатын ұлы Ғұн көшпенді- әскери империясы құрылды.

Қытайды бағындыру

Біздің заманымыздан бұрынғы 200 жылы Қытайдың Хань империясымен Ғұндар арасында тарихи сипат алған шешуші соғыс басталды. Бұған дейін Цинь империясы ыдырап тахқа отырғанына жеті жыл болған Лю бань 320 мың жасақпен Ғұндарға қарсы аттанады. Бұл соғыс туралы Қытай тарихшысы Сі ма циеян былай дейді: « Ғұндар Ма и қаласын қоршады деп естіген Хан гаузу(лю бань) 320 мың жасақпен Ғұндарға қарсы жорыққа өзі шықты, Модон өтірік жеңілген болып солтүстікке қарай шегіне берді, артынан өкшелей қуған Хань армиясы солтүстікке барғанда күн суытып кетті, Бай дің тауына жеткенде Модон 400 мың атты жасағымен армиямізді қат-қабат қоршап алды. Батыста кілең ақбоз аттылар, шығыста кілең қара көк аттылар, солтүстікте кілең қоңыр аттылар, оңтүстікте кілең жирен аттылар қоршап алды. Бір апта дегенде жасақтарымыздың 3/10 нің қол аяғын үсік шалды, қатты абыржыған патшамыз Ғұн қатұнына елші салып пара берді, Ғұн ханымы Модонға: “Екі патша бір-бірін бұлай қыспаққа алмас болар, Ханның жерін алғаныңызбен иелеп тұра алмайсыз, олардыңда жебеуші киесі бар, тәңірқұт ойланғайсыз!” деді. Бұған қосылған тәңірқұт қоршаудың бір шетін ашты, жасақтарымыз осы саңлау арқылы шегініп шықты. Артынан Лиу жиңді елдесуге жіберді.» делінеді.
Тұжырымдама:
Бұл Хан уди сынды қаһарлы патшаның кезінде жазылған, Хан уди бір өмірін Ғұндармен соғысуға арнаған адам, осы соғыстан тура 80 жыл кейін хатқа түскен. Сі ма цеян Хан удидың кәріне ұшырап еркектік мүшесі алынып тасталған болатын, бұндай жағыдайда орда тарихшысының патшаның ата-бабалары бастан кешірген қорлық тарихты мүмкіндігінше жасыруға тырысқаны байқалады. Жеңіліс анық жазылған, бірақ Ғұн жасағының саны400 мың, Хань армиасы 320 мың, яғыни санынң аздығынан, тәбиғаттың қолайсыздығынан деп жал тапқан. Бірақ кейінгі тұтас Ғұн-Хань соғыстарында Ғұндар ең көп болғанда 140 мың ғана қосынмен соғысқа шыққаны тағы айтылады. 1211-1216 жылдары терістік Қытайды талқан еткен Шыңғысқанда небары 100 мың жасақпен Жинь нің 400 мың жасағын қойша қырып тастаған болатын, сонда Шыңғысханмен деңгейлес қаған оншалықты көп әскер шығара алуы қйын. Сахарадағы көшпенділердің саныда көбінде миллион адамнан көп аса бермеген. Демек Ғұн әскері асса 200 мың әйітпесе 100 мың адам болған деуге болады. Ал Хань әскерінің саны дұрыс 320 мың, ендеше соғыс қалай болды, Сі ма цеян тек Хань армиасы қуалай берді, соңы қоршауға түсіп бір апта қамалды, соңынан қоршаудан шықты дей салған. Ал шын мәнісінде сұмдық қанды-қасап қырғын болғаны анық, Ханы армиясі қоршауда қойша қырылған, Хан уди патша Ғұн тәңірқұтына тізі бүккен. Екі жақ келісімдер жасау арқылы Хань елі Ғұндарға жылына жүз мыңдаған тонна астық, жібек, кездеме, алтын-күміс төлеп тұратын сырттай бағынышты бодан елге айналған. Хань әулеті ең әдемі қыздарын Ғұн тәңірқұттарына әйелдікке беріп отыратын болған. Соның өзінде жыл сайын Ғұн жасақтары Хань елінің шегара қалаларын үздіксіз тонап отырған, оған Хандіктер үндей алмаған. 195 жылы Модон Хан гаузу өлгеннен кейінгі жесіріне: «Сенің күйеуің, менің бәйбішем өлді, енді екеуіміз ерлі-байлы болайық, сенің елің менікі болсын!» деп қорлау мағынасында сәлем жолдайды. Ғұндарға әйел болған Жүй хуаң юе атты әйел Ғұнға келген Хандіктерге: «Ей, топырақ үйде қамалып отыратындар, Ғұнның халық саны сендердің бір аймақтарыңада жетпейді, бірақ соған қарамай айырықша қуатты болатын себебі тұрмыс тәсілі ұқсамайды, олар ет жеп қымыз ішеді, сендерде қара халық қысы-жазы қара еңбек, егін егу, құрылыс салу мен титықтайды да соғыс бола қалса соғысқа жәрамайді, ал Ғұндарда ерлікті дәріптейді, жастайынан аң қуып садақ атады, күресіп күш сынасады, сендер қалай ғана щақ келмексіңдер? Жібек кйіп шытырайғанды қойыңдар! Жыл сайын әкелетін астықтарың мен алтын-күміс, жібек, кездеме, фарфорларың саны толық әрі толымды болсын, үйітпегенде күзде егіндеріңді жасақтарымыз атпен таптап кетеді!» . Бұл дерек Ғұндардың негізгі кәсібі мал бағу емес қайта әскери тұрмыс екенін көрсетеді, сонымен бірге Хань елі Ғұндарға жыл сайын алман-салық төлейтін басбайлы бодан ел екенін көрсетеді. Айта кетерлігі Ғұнның көреген Модон тәңірқұтының бұл соғысы тек шешуші соғыс, оның алдындада талай шегара қалаларды тонау соғысын жүргізгені анық. Ол шамасы келе тұра Қытайды түпкілікті басып алмай қайта сырттай бағындыруды тиімді деп білген үйіткені, Қытайлар сан жағынан Ғұндардан 40-50 есе көп, оларды басып алса Ғұндар оларға сіңіп жоғалатынын білген.
Қытайлардың көтеріліске шығуы
Заманымыздан бұрынғы 128 жылы Хан уди патша Ғұндардың қорлығына ендігары төзе алмай соғысуға бекиді, оған көп уәзірлері қарсы болады, әуелі Ғұнмен соғыс деген сөзді алғаш естігенде көбі қорыққандарынан қалтырап кеткен екен. 80 жыл бейбіт өмірде Хань елінің қазынасы молаяды, мол экономикаға сүйеніп Ғұндардың тегеурінінен құтылу үшін соғыс жолын таңдайды, тек өздері ғана жеңе алмайтын болған соң батыстағы Асуандар мен Нүкүздермен одақ құрмақ болады… 128 жылы Уйцинь, Хо шүй бинь бастаған 150 мың армиа Ғұндарға қарсы соғысқа аттанады, Хан деректерінде бұны теңдессіз жеңіске балаған . 70 мыңнан аса ғұн жасағы жойылды сонымен бірге 70-80 мың жасағымыздан айырылдық дейді. Демек бұл теке-тірес, тек тауелсіздік әперген шайқас деп қарауға болады. Бұдан кейін Хандіктерді тонау мен айналысып соны күн көріс көзіне айналдырған Ғұндар экономикалық жақтан қиындыққа ұшырайды. Ғұндардың ендігі бір экономикалық көзі болған Шығыс түркістанді Ғұндардан бөліп тіпті де әлсірету үшін Асуандармен одақтасып, Ғұнмен арада Шығыс түркістанға талас шайқасы басталады.

Ерзат Кәрібай

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: