|  |  | 

Көз қарас Саясат

Ныгматуллинге хат

NigamatulinҚұрметті Нұрлан Зайруллаұлы!

Түрік парламентінің спикері М.Шентоп мырза біздің елге келіп кеткеннен кейін біраз мәселенің
әлі күнге дейін басы ашылмай қалып отыр. Қазірге дейін нұршылар мен гүленшілер сектасы
туралы аз жазылған жоқ. Феткуллах Гүленнің жұмысына сараптама жасап қарасақ, оның
жамағатындағы капиталдың жалпы көлемі 50 млрд доллардан асып кетеді екен. Бұл ақшаның
бәрін олар заңды жолмен тауып отырған жоқ. «Нұршылардың» есірткі тасымалы мен қару-
жарақ саудасы сияқты табысы көп кәсіпке де қатысы болуы мүмкін. Түрік баспасөзі осыған
дейін олардың Түркиядағы бар капиталдың 30 пайызына («ислам капиталы») дейін иелік етіп
отырғанын талай рет жазды. Мемлекет тарапынан қысым көргеннен кейін нұршылар
астыртын әрекетке көшіп, спецслужбаға ұқсайтын арнаулы қызметті де құрыпты. Олар
түркітілдес халықтар тұратын басқа елдердің экономикасына, саясаты мен дінаралық
қатынасына дейін араласып, әртүрлі ақпарат жинауды қолға алып, Түркияда ғана емес, осы
елдердің билігіне де астыртын түрде өз адамдарын ептеп енгізе бастады. Дәл қазір нұршылар
осындай «өкілдіктерін» әлемнің 65 елінде ашыпты. Орталық Азияда нұршылардың 128 лицейі
жұмыс істеді. Сөйтіп жүріп олар жылжымайтын мүлік сатып алады да, ол жерді адептары
(мүриттері) жиналатын, жасырын бас қосатын ортаға айналдырады. Өздері діни ұйым
ретінде тіркелмейді. Сондықтан олардың жұмысын бақылап отыру мүмкін емес. Түркиядағы
Саид Нұрсидың «нұршылар» деп аталатын (жоғарыда айтылған) діни жамағаты бар.
Солардың және «Хизметтің» идеяларын осы гүленшілер идеологиялық база ретінде
пайдаланады. Билікті біртіндеп жаулап алып, биліктегі элитадан жақтастар жинап жатқан
гүленшілерге көңіл бөлмеуге болмайды. Бұл мәселе ұлттық қауіпсіздікке келіп тірелетін үлкен
мәселе. Оған бей-жай қарау – болашаққа балта шабумен бәрдей нәрсе. Қазақстанның
тәуелсіздік алған жылдары гүленшілер өте күшті идеологиялық жүйе мен қаржы жүйесін
құрды. Оның ішінде университеттер, 30-дан астам қазақ-түрік лицейлері мен басылымдар да
бар. Оларды бизнесмендер, қоғам қайраткерлері мен саясаткерлер де жақсы қолдайды. Көп
адамның көңілін тапқан. Үкімет мектепке дейінгі және орта білім беретін саланы барынша
бақылауға алуы қажет. Осы жақында түріктің барлау қызметінің отставкаға шыққан
қызметкері Нұри Гүндештің кітабы жарық көрді. Автор онда нұршылардың Американың
Пенсильваня штатында орналасқан бас кеңсесі бар екенін жазыпты. 1990 жылдары нұршылар
Орталық Азияда әрекет еткен ЦРУдың (ОББ) агенттеріне барынша қолдау білдіріп, оларды
баспанамен қамтамасыз етіп отырған екен. Қазір Қазақстанның бизнесмендерінің көбі осы
сектаның мүшесі дегенді естіп жүрміз. Олардың нақты санын анықтап, мемлекет мұндай діни
жамағаттардың жұмысын дер кезінде әшкерелеуі керек. Қазақ-түрік лицейлерінің аттарын
тез өзгеріп, идеологотары – түрік оқытушыларын жылдамдатып Еуропадағы бөлімшелеріне
аттандырып жібергеніне қарағанда, бұлардың қазір биліктегі лоббиы өте күшті. Жан-жаққа
жол ашып алған. Жасырын жүрген осы сектаның маскасын шешіп, оның біздегі мүшелерінің
аты-жөнін атап тұрып айтатын уақыт келді. Бұлардың бәрі болашақта елге қауіп
төндіретін, мемлекетті теократиялық, бір сектаның сойылын соғатындар басқаратын діни
сипаттағы мемлекетке айналдырғысы келеді. Қазірден бастап іске кірісіп, осындай жасырын
жұмыс істеп жүрген жамағаттардың жолын кеспесек, ертең қатты өкініп қалғалы тұрмыз!
Журналист Жолымбет Мәкіш..

Уважаемый Нурлан Зайруллаевич !

После посещения спикера парламента Турции М.Шентопа нашей страны осталось много
вопросов.На сегодня очень много написано публикаций о секте Нурджулар и Гюленистах.
Результаты анализа деятельности Ф. Гюлена показывают резкий рост совокупного капитала его
общины, который составляет более 50 миллиардов долларов, Это дает основание предполагать
искусственное вливание денег, а также причастность «Нурджулар» к высокодоходным
незаконным видам бизнеса (наркотрафик, торговля оружием). Турецкая пресса неоднократно
писала о том, что «Нурджулар» уже давно олицетворяет «исламистский капитал» Турции, который
составляет около 30% ее экономики.
Развитие сетевых ячеек «Нурджулар» в условиях полуподпольной работы и давления со стороны
государства привело к формированию своего рода спецслужбы. Секта занимается сбором
информации в политической, экономической, межконфессиональной и других сферах в регионах
и государствах, где проживают тюркоязычные народы, использует методы конспирации,
осуществляет внедрение и дальнейшее продвижение своих адептов в органы власти и управления
как Турции, так и СНГ.
В настоящее время структуры «Нурджулар» действуют в 65 странах мира. В Центральной Азии
работало 128 лицеев нурджистов.
В то же время, это движение скрытно действует в СНГ. Покупается недвижимость, которая
превращается, по сути дела, в явочные квартиры, где в условиях общежития негласно собирается
молодежь и проходит их религиозное воспитание и обучение. В качестве религиозной
организации эта секта никогда не регистрируется, поэтому трудно отследить эту составляющую ее
деятельности.
Идеологической базой для гюленистов служат идеи исламистского джамаата Турции
«нурджулар» Саида Нурси, а организационной – религиозно-политическое объединение
«Хизмет», поэтому гюленистов часто называют «хизметчиками». В самой Турции все организации
Фетхуллы Гюлена объединительно обозначают аббревиатурой ФЕТО (Fethullahçı Terör Örgütü –
террористическая организация Гюлена).
Недооценивать угрозу со стороны гюленистов, которые уже обзавелись мощным лобби во
властной элите, было бы преступной наивностью.
На самом деле, это очень серьезный вопрос национальной безопасности.
ФЕТО нужно рассматривать в качестве террористической организации и нашего противника, а
гюленизм – как враждебную идеологию.
КТЛ – центры идеологической вербовки
За период независимости Казахстана гюленисты выстроили достаточно мощную идеологическую
и финансовую инфраструктуру в нашей стране. Это и университет, и свыше 30-и казахско-турецких
лицеев (КТЛ), и газеты, и интернет-СМИ, и поддержка бизнесменов, политологов и общественных
деятелей. Дошкольное и среднее образование должны быть зоной повышенного внимания со
стороны нашего государства.
В Турции вышла книга отставного сотрудника турецкой разведки Османа Нури Гюндеша, который
разоблачает деятельность так называемых умеренных исламистов из секты «Нурджулар» с
центральным офисом в американским штате Пенсильвания. Они в 1990-е годы активно
предоставляли «крышу» ЦРУ в странах Центральной Азии. А в лицеях «Нурджулара» только на
территории Киргизии и Узбекистана работали под прикрытием 130 сотрудников ЦРУ.
Напрашивается вопрос: почему до сих пор гюленисты продолжают свою скрытную деятельность у
нас?
Сколько гюленистов среди бизнесменов Казахстана и во власти? Судя по тому, как быстро
сменили название КТЛ, а турецким преподавателям-идеологам помогли переехать из Казахстана
в филиалы Европы, они имеют мощное лобби во властных структурах. Не пора ли открыть завесу
таинственности и озвучить имена адептов и сочувствующих этой секте?
Независимый журналист Жолымбет Макиш

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: