|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

Алаш және ататек

Байахымет Жұмабайұлы

жазушы, этнограф
Baiahmet
Ататек жайында сөз қозғар болсақ «Алаш» аты шықпай қоймайды. Ал «Алаш» туралы кеңестің соңы ата текке ұласары шындық. Бұл халқымыздың тек пен тарихты бір тұтас ұғым ретінде қарауының негізі болмақ. Ендеше кеңесті «Алаштан» басталық.

Халқымыздың сөз тіркестерінде «Алаштың азаматы», «Алаш – Алаш болғанда», «Алты Алаш» деген сияқты ұғымдар кездеседі. Ол олма біздің осы «Алаш» сөзіміз туысқан ұлттар арасында да өз – өздерінің тілдік қорында әксентіне қарай: Сақалар — дъиэ, Құмыттар — уъй. Түріктер — алачуг, Қырғыздар — Алаччк. Орыстар — лачуг, Ноғайлар — Алаш. Тұнғұстар — алан…[1] т. б. Дейді. Міне бұлар «Алаштың» олардың тарихымен қатыстылығы дегендік емес. «Алаш» созының таралу аясының қаншалықты кеңдігін дәлелдеу.
Зерттеушілер «Алаш» ты тым арыдан суыртбақытайды, м: Мәркополо: «Алаш өгізбен сүйрелетін кигіз үй»[2] ретінде жазса, осы пікірді жүптеушілердің қатарлы молығып, «Сүйретпелі дөңгелек орнатылған кигіз үй» [3], «Қаңылы заманындағы арбалы кигіз үй» [4], «Шыңғысхан заманындағы көп өгізбен сүйреліп жүретін кигіз үй» [5] деген анықтамалардан сырт, «Ноғайдың қаны Мүқамметті Моңғұлдар Алаш атаған» [6], «Кигіз үйдің шаңырағының ұстын «Asoci» Алаш атаған» [7]. «Алаш — Алаша ханның есімі» [8], «Алаш ежелгі тайпа аты» [9], «Аліш бөрінің алғашқы мекені» [10], «Алаш – темір дулығының төбесі» [11] деген тұжырымдамалар кездеседі.
Ал материалдық деректердің неғүрлім анық, ұғынықтысына жүгінер болсақ, «Алашты» ұлыс, ру, тайпалардан құралған бір тұтас ұғым ретінде қарайды. Қараңыз: «Біздің заманымызға дейін Алаштар Қратеңіз, Азоулы (Азов) теңізі бойларынан, Капказ (Кавказ) тауларына келіп қоныстанған халық» [12] дей келіп, Қазақ халқының әсілгі нысыбы (тегі) ретінде тұрақтандырады.
Ал бұданда анығырақ деректерге тоқталар болсақ, Тәукехан кезінде, яғни Керей — Мұрындық — Жәдігер — Шығай — Есім — Салқамжәңгір — Тәуке болып, (Тәуке 1680 жылы хан тағына отырып, 1715 жылы дүниеден көшкен) міне осы кезде билер кеңесі Сырдәриә бойында, Сайран, Түркістан аймақтарында «Байтөбе», «Тартөбе» жерлеріндегі тәңірге арнап малдың майын (сүйегін) арнаулы өртейтін орындарда (мұндай орындарды «күлтөбе» ияғни өртелген сүйектің күлі қалған орын) арнаулы билер кеңесін құруды «Алаштың басын қосу» деп атаған.
Әрине мұнда бас қосушылар әр тайпаның тарихый құрлымдарын саралап, тимды заңдарды қолданысқа еңгізіп, шежіренің өзін мемлекет істері қатарына еңгізіп, таипа, рулардың туларының тұр – түстерін белгілеп тұрақтандырып отырды. Анығырақ айтар болсақ, жеті ата араламай қыз алыспау, сегізінші атадан соң жеті рулы елдің би, бектері, ақсақал, көксәқәлдәрінің басы қосылып, жеті ата асқан рудың ен, таңбаларын белгілеп, өз алдына ел болған салауатын тұрақтандырып, ата санына қарай көтеретін құйрықты туларын тұрақтандыру сияқтыларды салтқа айландырған. Міне мұндағы бітімдер анығырақ айтқанда рулардың санын көбейту арқылы әр ру өзінің ел бастар серкесі мен ұрандатар батырын тұрақтандырып, жауға аттанар жасақтарын сайлау арқылы мемлекеттің қорғанысын күшейтіп, ел економикасын дамытудың тәсілі ретінде қолданды. Осы кезде «Адай» неше ата, «Тарақты», «Жалайыр» т. б неше ата болса соған жарай құйрықты туын көтеріп жауға аттанды. Міне осы кезде ата бұтарлауда өз аталарын көбейту бәсекесі болғаны анық. М; деректерде «Керей әсілі төртеу болатын, кейін тоғызға одан он екіге жеткізі» делінеді, міне осы кезде Керейлер он екі құйрықты ту көтеріп, «Алаш» атын ұран етіп жауға шапқаны шындық. Дәл осы кезде «Алаш» тұтас Қазақтың ұраны ғана емес мемлекет ұғымында болғанын Мұрат Мөңкеұлының «жас келең» толғауында:
Алаш – Алаш болғанда,
Алаш атқа қонғанда
Алашұбар ту байлап…» [13] деген жолдарынан байқауға болады.Alashahan kesenesi
Осы арада оқырманға қадағалай кететін бір жайт «Алаш» бүгінгі Қазақ ұлтын құрап отырған «Үш жұздың» нығайған кезеңі екенін байқаймыз. Бұған себеп, Тәукехан төңірегіндегі ру, жүз, тайпаларға анықтама берген зерттеушілер… «Бесене құрамындағы Алшын рулары еді. Оған Черкеч (Керкес). Беріш, Адай (Дай), Тана, Рамадан сияқты рулар қосылды…» [14], «… Найман, Арғын, Керейлер Шағатайдан бөлінген соң ұлыстың ортасына қоныстанып «Орта жүз» атанған[15]. «Шағатай ұлының шығысын мекенденген Үйсіндердің құрамында Дулат, Албан, Суан, Сарыұйсын, Шапырашты үлкен орда құрамына қосылды…» [16] деген анықтамалардан тыс, сол заманда кұлтөбе басында бас қосатын жиындарға: Ұлы жұзден — Төле би, орта жұзен — Қаздауысты Қазыбек, кіші жұзден — Әйтеке би, Қрғыздан — Көкім би, Қарақалпақтан — Сасық би, Қатағаннан — Жайма билер қатынасқан алты ұлысты «Алты Алаш» атаған… [17] міне осылайша «Алаш» алты ұлыс елдің бірлігі, ұраны, ұйтқысы болып қалмастан осы алты ұлыс елдің нысбы, тегі – текті, мемлекет бірлігінің ұйтқысы болғанын байқаймыз. Ендеше бұл күнде «Алаш» Қазақ шежірелерінде тұп ата болып басталып келіп арада үзіліс жасап қалатын жәйттері жоқ емес, бұған басты себеп, дәл осы «алты Алаш» ұйымдасқан кезде, береке – бырлык үшін тек «Алаш» туы, «Алаш» ұраны астына жиналған халық арғы ата, ұлыс, тайпаларға бөлінбей бір ниет, бір тілекпен жауға қарсы тұруды жолға қойған кез еді. Екіншіден; біздің тегімізді «Арап тұқымы» етуге әрекеттенген молда – қожалар «Алаштан» уаз кештіріп, «Пайғамбар Мүхамметтен санап елу ата өткенсоң Әнәс сахабаның аты аталып, оның төрт ұлының бірі Жабалдан — Мағаз сақабадан тараймыз»[18] деп бастайтын шежіре «Мағаз — Суғайыл (Сымайыл) — Ақшолпан — Жайылқан — Майқы — Мөйтен дей келіп, Майқыдан — Жақан, Өзбекті. Жақаннан — Айырқалпақ, Қалмек. Өзбектден — Қытай, Қыпшақ, Шағатай десе, Аайырқалпақтан — Созақ, Қазақ. Қазақтан — Алаш… [19] деген шежірелер тек ата бұтарлаудың басын пайғамбарлармен сақабаларға тіреуді мақсат етуден ата бұтарлау үрдістері пайда болды.
Әрине осындағы діни ілімді насихаттаушылар бүтін адамзат баласын Нұқ пайғамбардан таратып, Хам, Сам, Яфастан өрбітіп, Қам (Қамит) тан Европа елдерін, Сам (Сами) дан Араб, Парыс, Еврейлерді. Яфас (Жапбас) дан Түрік, Моңғұл нәсілдерін өрбітетін…» [20] шежірелік дізбелер, біздің шежірелік дастүрымызды абден шатастырып «Алашты» емес, Қазақты ұмыттыра жаздады.
Осындай ұлтты әсілгі құндылықтарынан жаңылыстырыудан жоғарда айтқан Тәуке хан күрес жасап тектік танымға қайтудың ұранын көтеріп «Қазақтың ұраны бырлык» [21] деп айтуы бекерден – бекер емес еді. Міне бабалардың осы жан айғайы, асыл арманыны ендігі жерде Әлихан Бөкейханов бастаған «Алашшылдар» жанын сала жаңғыртып, тірілтті. «Алаш» атауын тұтас ұлттың рухы екенін, кешегі мемлекет жүйесі «Алашпен» асқақ екенін ескеріп, «Алаш» партиясын құрды. Ал Алаштың алғабасар арысының бірі Шәкерім өз шежіресінде «Арғы тегіміз Араптан, баленбай сахабаның тұқымымыз» [22] деген жаңсақтықтарға тойтарыс беріп, «Біз Алаштың тұқымымыз» екенін жалпы халық назар аударуы керегін нәсиқаттауы… Сол кезде кеңес өкіметінің қймасына тйіп, Шәкәрым бастаған ел қаймақтарын солақай саясаттың оң жамбасына алып тыныш таптты.
Міне оқырман Алашпен ата бұтарлаудағы анықтаманың менің тұсінігімде қысқаша осынша, мұмкін артық – кеміде болар. ендігі жерде діни танымдағы шежіре (ата бұтарлау) мен неше жүз жылдан бергі жалғасым тапқан өз ата тек шежіремізге (ата бұтарлау) аздап тоқтала кетемін…
Жалғасы бар…
(авторлық құқық қорғалған, пайдалануда автордың мақұлдығын алыңыз)

Әдебиеттер:
[21] [12] [11] [10] [9] [8] [7] [6] [2] [1] «Тауарих тасбиқ» Алматы «Арна» 2014. Е.Көкеов
[3] «Қазақтың қысқаша тарихы» Шинжияң халық баспасы, 1987. Н. Мыңжан
[4] «Үйсіндер тарихы», мұра журналы 1996. 2- сан. С. Жанболатов
[5] «Зейнола Сәнік шығармалары» , 2016. Алматы
[13] «Ер тегі көк аспан» Алматы. Е.Көкеов, 2014
[17] [16] [15] [14] «Қас-сақ». С. Жанболатов және «Таурих-тасбиқ» Е. Көкейов
[20] [18] «Түрік, Қырғыз-Қазақ қам қандар шежіресі» Шәкәрім Құдайбердіұлы. Алматы «Қазақстан» және «Сана» 1991.
[19] Әбілғазы «Түрік шежіресі» Алматы, «Ана тілі» , 1992.

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: