|  |  | 

Мәдениет Руханият

24 жастағы өнерпаз «Алтын Орда» күйін шығарды

 

Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының “Қорқыт” этно-ансамблінің өнерпаздары жан-жақты өнерлерімен танылуда. Таяуда ғана Гиннестің Рекордтар кітабына енген өнерлі ансамбль қазақтың өнер қоржынын домбыраның күмбірімен үндескен тағы да бір туындымен толықтырмақ. Күй – тарихи сипатқа ие. Оның авторы мен орындауы да шығармашылық топ үшін айтарлықтай жаңалыққа айналары сөзсіз.

Жиырма төрт жастағы домбырашы, әрі топтың концертмейстрі  Айбек Әрімбек Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының Алтын Орданың 750 жылдығын өткізу туралы халыққа жария еткенін естіген соң, соған арнап күй шығару туралы ой келгенін айтады. Домбырамен қатар шаңқобыз, сыбызғы аспаптарын да жақсы меңгерген күйшінің айтуынша алғашқы туынды бір жетінің ішінде туған.

-”Күй өте жылдам темппен орындалады. Бұдан қазақ батырларының бейнесін көруге болады. Жалпы, жастарымызға патриоттық рух беру үшін шығарылған дүние. Үш бөліммен тұратын күй шамамен екі минутқа созылады”,- дейді Айбек Кенжебайұлы.

Алда өтетін айтулы кеште Айбектің  «Алтын Орда» күйі тұңғыш рет орындалады. Шығарманы  автордың жалғыз өзі ғана емес, “Қорқыт” этно-ансамблі паш етпек. Топ жетекшісі Шолпан Қорғанбек жас таланттың туындысын жоғары бағалап, ансамбльге лайықтап өңдеп шыққан.

Алматы облысы Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылының  тумасы,  24 жастағы өнерпаз шығармашылыққа 14-15 жасынан бастап бет бұра бастапты.

 

– Әкем үйірмеге қатысып, домбырашы болғанымды қалайтын. Бастапқы кезде домбыраға деген мүлдем қызығушылығым болған жоқ. Бір күні теледидардан домбырашы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мұрагер Сауранбаев ағамыздың жеке концертін көріп қалдым. Концерт аяқталған соң барша көрермен қол соғып, жылы лебізін білдіріп жатты. Домбырашының таланты, шерткен күйінің күмбірі жүрегіме өте қатты әсер етті. Бұл жағдай үйдегі қара домбыраға деген махаббатымды оятып, көзқарасымның өзгеруіне себепкер оқиғаға айналды. Сөйтіп домбыраға ерекше ықыласпен әуестене бастадым. Менің бұл  қызығушылығым әкемді де ерекше қуантты. Бұған дейін таңдап жүрген бағдарламалау мамандығына деген мақсатым жүрегімнің қалауы және әкемнің ақ батасымен өнер жолына қарай ойыса берді.  2011 жылы Алматы қаласындағы П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне күйші,президент стипендиясының иегері Ақбасов Саят Қырғызбайұлының сыныбына түсіп, оны тәмамдаған соң Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетіндегі дәстүрлі өнер факультетінің «Домбырашы» мамандығын профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері,композитор Орынбай Дүйсен Кәріғұлұлының сыныбында оқып шықтым”,- дейді күйші.

Бұған дейін қазақстандық және шетелдік туындыларды орындап, өнер көрсетіп жүрген жас дарын өз шығармашылығының тұсаукесер сәтіне деген қобалжу мен толқыныс бойын айрықша  билеп жүргенін айтады.

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: