|  |  | 

Көз қарас Мәдениет

Наурыздағы кездесу

486159529_2349799422052012_8096395603650392552_n
Кеше Астанадағы ЭКСПО маңында өткен Наурыз мерекесіне барып қайттым. Күн шайдай ашық, көктемнің лебі ерекше сезіліп тұр. Айнала қуанышқа толы – қазақтың дәстүрін дәріптеген ұлттық ойындар, асыл мұрамызды әспеттеген ән-күй, күмбірлеген домбыра үні… Барлығы да Әз Наурыздың сәнін келтіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Сахна төрінде әншілер ән шырқап, жыршылар терме толғап, халықтың ықыласына бөленіп жатты. Жан-жағыма көз тастап, ұлттық ойындарға қатысып жатқан жұртты тамашаладым. Қол күрестіру, арқан тарту, гір тасын көтеру – бәрі де бабадан қалған асыл мұра. Кенет ерекше бір көрініске көзім түсті. Аққұба келген орыс қызы 16 килограмдық гір тасын зілдей ауырсынбай, қиналмай-ақ көтеріп жатыр. Таңданысымда шек болмады! Кәдімгі ер адамдардың өзі 130 мәртеден ары аса алмаған бұл салмақты әлгі нәзік жанды 260 рет көтеріп, жиналған халықтың таңдайын қақтырды. Бұл көрініс мені ғана емес, айналамдағы жұртты да таң қалдырды. Нағыз қайсарлық, ерік-жігер деген осы шығар!
Күн еңкейіп, мерекенің қызуы басыла бастағанда, көптен көрмеген Баяхат есімді сабақтасыммен жолығып, бір жасап қалдым. Отыз жыл бойы көрмеген досымды кездестіргеніме жүрегім шын қуанды. Уақыт деген қандай жүйрік, кішкентай баладай елестейтін досым енді маған сақал-шашы ағарған, Басы қасқаланып өмірдің талай сынын көрген салмақты ер азамат болып көрінді. Онымен құшақтасып амандасып, екеуіміз естелік үшін суретке түсіп, біраз әңгімелесіп қалдық.
Осылайша, мейрамнан кейін көңіл-күйіміз көтеріңкі күйде Баяхаттың үйіне қонаққа баруға жолға шықтық. Мақсат – Астана іргесіндегі Қосшы ауылына бару. Қала шуынан алыстап, ауылға жақындаған сайын жан дүнием де ерекше тыныштық тапқандай болды. Қосшыға кіргенде, көзім ретті салынған үйлерге түсті. Биік-биік, біркелкі қызыл кірпіштен салынған қызылбас ғимараттар ауылдың көркін ашып тұр. Жалпы, мұнда 70 мыңнан аса халық тұрады екен. Қоянды ауылымен салыстырғанда, мұнда тәртіп бар. Қояндыда құрылыс ретсіз, жолдары шұрық-тесік, алдағы су апатына дайындықсыз көрінді.
Баяхаттың үйіне келіп, дастархан басына жайғастық. Дастарханға соғымнан қалған көк биенің еті қойылды. Дәмді еттен ауыз тиіп отырып, әңгіме тиегін ағыттық. Баяхаттың басынан өткен оқиғалары мені бей-жай қалдырмады. Ол – өмірден өз жолын тапқан, тағдырдың талай сынағынан сүрінбей өткен нағыз азамат. Абай атамыздың: “Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!” деген сөзі дәл осы адамға арналғандай.
Қазақстанға келгенге дейінгі өмірі де ерекше екен. Ал елге оралғаннан кейін алғаш рет Павлодар облысына табан тіреп, содан бері сегіз жыл ішінде елдің әр өңірінде еңбек еткен. Әсіресе, құрылыс саласында жасаған қызметі бір төбе. Қаншама жандарды еңбекке баулып, жұмыспен қамтып, елдің алғысына бөленіпті. Оның шешім қабылдау батылдығы, көрегендігі мені таңғалдырды. Әр сөзі салмақты, әр ісі өнегелі.
Оны тыңдап отырып, өзімді әлсіз сезіндім. Өзім жасаған дүниелердің барлығы оның өмір жолының қасында түкке тұрмайтындай көрінді. Бірақ мойындай білу де – ерлік шығар.
Мен сендерге жіберген видеоларда оның өмірінен тек бір үзік сыр ғана бар. Алла қаласа, болашақта Баяхат мырзаның өмірі жайлы “Көктоғай тұрғын ауылынан шыққан қас батыр” деген шағын кітап жазсам қалай болар екен? Бұл ойымды жүзеге асырсам, бір ерекше дүние шығарына сенімдімін. Қалай ойлайсыздар?

Related Articles

  • Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Бірақ бұрыннан айтылатын екі принцип сол баяғы өзгермейді. Себебі оны уақыт және өзге елдердің тәжірибесі дәлелдеді: 1. Заң, жарлық, ереже, шешімдермен тілге сұраныс туғызу. Онсыз тіл ешкімге керек емес. Тіл ақша табуға, білім алуға, өзгемен байланысқа түсуге қажет болғанда ғана сұранысқа ие болады, сонда ғана адамдар мәжбүрлі түрде үйренеді. Шетелде оқығың келе ме, IELTS, TOEFL тапсыр. Ол үшін ағылшын оқы. Халықаралық компанияда істеп, көп жалақы алғың келе ме, алдыңғы сөйлемде жазылған шарттарды орында. Сұраныс туғызу механизмі осылай жұмыс істейді. 2. Тіл иесі саналатын ұлт өкілдерінің принципшілдік танытуы. Яғни, тілің кең тарасын десең, оны кең қолдан. Үйде, түзде, басқа жақта. Англияда түріктің кафесіне кірсең, өзара түрікше сөйлесетін. Астанада үй жөндейміз деп

  • Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ.

    Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ.

    Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ. Сөйлеушілер саны 15 млнға жететін тіл алдағы кемі 1-2 ғасырда жойылмайтыны анық. Қоғамның талабы – қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тіл функциясын атқара бастауы. Және ол бастаманың көш басында президенттің өзі мен мемлекеттік аппарат тұрғанын талап етеміз. Қазіргі ситуацияны қалкй бағалауға болады? Қазір қазақ тілі яғни мемлекеттік тіл шын мәнінде қосымша тіл, жанама тіл, аударма тілі ғана болып тұр. Оны неден байқаймыз? Ерлан мырза, қол астыңыздағы аппараттың құжат айналымына назар салып көріңіз. Тіпті күзетшілер мен тазалықшы санитарларға тарататын құжаттың өзі тек орысша жасалады. Оған толық сенімдімін. Бухгалтерияңызға назар салыңыз, барлық құжат тек орысша жүреді. Мемлекеттің кез келген бастамасына назар салыңыз,

  • “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық. Алаш” сыйлығын алған соң Алаш үшін отқа да, суға да түсуге тура келеді. “Алаш” сыйлығын таланты мен күрескерлігі қатар тұрған ақын, жазушы алады. “Алаш” сыйлығының лауреаты Алаш көсемдері – Әлихан, Ахметтер сықылды Алашты алаңдатқан кез келген мәселеге ой-пікірін ашық айтады және ақ айтады. Жусан түбіне бұқпайды. Керек болса абақтыға да қамалады. “Алаш“ сыйлығының лауреаты “мен лирик едім”, “махаббатты ғана жырлайтын едім”, “тұмса табиғатты ғана сүйетін едім”, “тендерім бар еді, қызметте едім, қоғамда, саясатта шаруам жоқ” деп, биллиард ойнап, мерейтойдан мерейтойға шапқылап жүре алмайды. Өйтетін болса, өте зор қателікпен берілген “Алаш” сыйлығын Тұманбай атындағы, Мырзатай атындағы сыйлықтарға, тағы да басқа өзіне сай аға буын атындағы

  • Қазақ жерінің қилы тағдыры

    Қазақ жерінің қилы тағдыры

    Бүгінгі таңда, 1920 жылы құрылып, 1925 жылы бірігуі аяқталған Қазақ республикасының 1925-1936 жылдардағы жер көлемі мен қазақ халқының саны туралы нақты ғылыми зерттеу жұмысы жоқ. Олай деуге, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2000 жылдардың бірінші онжылдығында шығарған «Қазақстан тарихы» атты академиялық 5 томдықта берілген деректер мен сол ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында жарық көрген ресми еңбектердегі статистикалық мәліметтердің мүлдем сәйкес келмейтіні негіз болады. Біз, аталған институт ғалымдары шығарған академиялық 5 томдықтағы мәліметтердің дұрыстығына үлкен күмән келтіреміз және онда халық санының да, жер көлемінің де кемітіліп берілгені туралы мәлімдейміз. Бүгін осы мақаламызда халық санына қатысты емес, жеріміздің көлемі мен оны жырымдау тарихына қатысты тоқталатын боламыз. 1924 жылдың соңында Орта Азия мен

  • Тарбағатайдағы ұлт-азаттық күрес

    Тарбағатайдағы ұлт-азаттық күрес

    (Осы тарихи оқиғаның  70 жылдығына арналады) Қазақ жерінің шығысындағы Тарбағатай жеріде тарихтың тарғалаң жылдарыныда бөліске түсіп жарымы қазіргі Қытай жерінде қалғаны белгілі. Осы қасиетті топырақ ежелден атам қазақтың құтты қонысы болып келген еді, осы Тарбағатайдың арғы бетінде (1944-1962) жылдарға дейін түрлі тарихи, саяси оқиғалар болып жатты, ішінде ең көрнектісі 1944-1947 жылдар аралығында болған ұлт-азаттық күрестер еді.  Деседе осы күрестер болған қазақтың төрт аймағының екеуінде яғни Алтаймен Іледе болған ұлт-азаттық күрестері туралы көп айтылыпта жазылыпта келеді, деседе Тарбағатай жерінде болған күрестер айтылмай келеді, болған тарих тасада қалмау керек, ендеше Тарбағатайдағы оқиғалар қалай болды? Кімдер қозғалыс бастады? Соңы немен аяқталды? Осы сауалдарға тарихи деректермен сол оқиғаға қатысқан куагерлердің естеліктері , тарихи картиналар арқылы жауап

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: