|  | 

Тарих

“үш уалаят” және “жеті уалаят” атынан сайланған делегаттар

91534948_1666690446827869_6738070944528465920_nБұл сүгірет 1946-жылдың қараша айында Нань Кин қаласында түсірілген. Сол жылы қытай астанасы Нань Кинде гоминьдан үкіметінің мүкілмемлекеттік құрылтай жиналысы өтті. Жиналысқа шыңжаң өлкелік коалиция үкіметтен 18 делегат қатысты (ұйғыр, қазақ, қырғыз, моңғол, шибо, дағур, дұңған және қытай).

Сүгіретте, қытай президенті Жан Кәйшек (ортада әскери киім) және шыңжаң өлкелік коалиция үкіметткен келген екі қазақ, бір қырғыз бар. Олар: Әнуар Салжанұлы, Қадуан Мамырбекқызы және қырғыз Маданбек. 

Әнуар Салжанұлы- “үш уалаят” жақтан сайланған делегат.

Қадуан Мамырбекқызы- “жеті уалаят” жақ сайлаған делегат.

Маданбек- “жеті уалаят” жақ сайлаған делегат.

Шыңжаң өлкелік коалиция үкімет екі жік делегаттан құралды. Олар, “үш уалаят” және “жеті уалаят” мүшелері. Бұндағы “үш уалаят” дегені 1944-жылы Құлжада құрылып 1946-жылы гоминьдан үкіметіне бағынған сол кездегі Шарқи Түркістан уақытша үкіметі және құрамына кіретін үш уалаят. Ал, “жеті уалаят” дегені аталмыш Шарқи Түркістан уақытша үкіметі құрамына кірмейтін әм гоминдан үкіметі үстемдік құрған өлкедегі қалған жеті аймақ (уалаят). Осы екі аймақтың (уалаят) уақытша үкіметі 1946-жылы атысты тоқтатып ортақ коалициялы үкімет құрған болатын.

1946-жылы атыс тоқтап өлкелік үкімет құрылған соң сол жылдың қараша-желтоқсан айында өтетін бүкілмемлекеттік құрылтай жиналысына делегат жіберу дайындығы қаурт жүріп кетті.

Бір қызығы аталмыш “үш уалаят” жақ яғни бұрынғы Шарқи Түркістан уақытша үкіметі жақ халық санының 70-80 пайызыны қазақтар ұстағанына қарамастан жалғыз қазақ делегатын сайлаған. Ол- Әнуар Салжанұлы. “үш уалаят” дегеніміз- Іле уалаяты (12 аудан), Тарбағатай уалаяты (7 аудан), Алтай уалаяты (7 аудан) ұзынсаны 30-ға жуық ауданда қазақтар өте жиы қоныстанған. 1944-жылғы санайғаққа сүйенсек Алтай уалаяты 99%, Тарбағатай уалаяты 90% және Іле уалаяты 60% қазақтар болған.

“Жеті уалаят” жақта қазақтар екі уалаятта шоғырлы қоныс отырды. Олар: Үрімжі уалаяты (8 аудан) және Құмыл уалаяты (2 аудан). Сол тұста Үрімжі уалаятына 12 аудан қараған, оның 8 ауданында қазақтар мүлде басым орынды ұстады. Ол 8 аудан: Манас, Құтыби, Санжы, Мичуань, Бөкен, Жемсары, Шонжы және Мори. Бұл аталмыш аудандардың әкімдерң дерліктей қазақтар болды, тіпті 12 ауданды басқаратын Үрімжі уалаятының аймақ уәлиі (әкімі) қазақ болды. Ол- Қадуан Мамырбекқызы еді. 1944-жылғы санақ бойынша Үрімжі уалаятына қарасты 8 аудан 1 қалада жалпы ұзын саны 100 мыңнан астам қазақтар өмір сүрді. Ал, Құмыл уалаятында қазақтар Баркөл және Аратүрік атты екі ауданға шоғырлы қоныстанды.

Үш уалаят жақ не үшін жалғыз қазақ делегатын сайлайды? Бұның бірқанша ішкі-сыртқы себебі бар:

Бірінші, ішкі жергілікті догма тар ұлтшылдық;

Екіншісі, “қызыл үй” факторы яғни өңірдегі совет консулдығының қас-қабағы;

Үшіншісі, аймақтық дипломатиядағы Мәскеудің ықпалы;

Төртіншісі, саяси әм әкімшілік басқару саласындағы қиянатшыл бұрмалау;

т.б

Нань Кинде өткен бүкілмемлекеттік құрылтай жиналысын келесі постта кеңінен жазайын. Әзірге осы…

Eldes Orda

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: