|  | 

Тарих

ӨЛКЕ ТАРИХЫ

95917074_1697840697046177_3003242249501802496_n

Минго жылнамасының 37- жылы 1-қаңтарда жарық көрген.
(біздің жылнама бойынша, 1-қаңтар, 1948.ж)

Кітап авторы: Полат Қадіри

Кітапты шығарушы баспа: “Алтай” баспа үйі

Полат Қадіри (Болат Қадір) 1919-жылы Шыңжаң өлкесі Құтыби ауданында дүниеге келген. 1949-жылы Үндістанға, 1957-жылы Түркияға қоныс аударған. 1940-жылы Шыңжаң институтының (қазіргі Шыңжаң унивеситеті) тіл-әдебиет бөлімін бітірген. 1940-1941-1945 жылдары өлкелік үкіметтің орган газеті “Шыңжаң газетінің” ұйғыр-қазақ бөлімдерінде жұмыс істеген. 1944-жылдың көктемінде қамауға алынған, 1945-жылы “Хан Тәңірі” журналында, 1946-1949 жылдар арасында “Алтай” баспа үйінде, 1947-1948 жылдары “Шыңжаң газетінің” ұйғыр-қазақ бөлімдерінде және 1947-1949 жылдары “Алтай” баспа үйі жағынан шығарылған “Ерік” газетінде жұмыс істеген.

“Өлке тарихы” кітабы екі бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімде, Шыңжаң өлкесінің ерте заманғы тарихы, шаруашылығы, мәдениеті, түркілердің тарихы, наным-сенімі тб тарихи, мәдени әм саяси оқиғалардың жалпы тарихы баяндалады. 96411128_1697840730379507_2106510755212820480_n

Ерте заманғы ғұн, түрік, қарахан, моғол, жоңғар және мажурлар тарихы;
Манжур үкіметінің құлауы, Сунь Ятсен және Яң Зыңшин үкіметі кезеңі;

Екінші бөлімде, үлке жақтан:
1912-1928 жылдар арасында Шыңжаң өлкесінде үстемдік құрған Яң Зыңшин үкіметі кезіндегі саяси оқиғалар;
1928-1933 жылдар арасындағы саяси оқиғалар, Жин Шурьн кезеңі, Құмыл және Алтай төңкерісі, Қашқарда құрылған Шарқи Түркістан үкіметі туралы баяндалады;
1933-1944 жылдар арасындағы Шың Шысай үкіметі кезіндегі мәдени, саяси жаңғырулар баяндалады. Сонымен бірге Алтай төңкерісі, Қазақ ұлт-азаттық көтерілісі туралы баяндалады;
1944-1946 жылдар арасындағы өтпелі саяси кезеңде пайда болған саяси төңкерістер, ҰУ Жунгшин үкіметі кезеңі, Алтай, Іле төңкерісі кезеңі және Құлжада құрылған Шарқи Түркістан респубиликасы туралы баяндалады;
1946-1949 жылдар арасында өлкеде құрылған коалициялық үкімет кезеңі, Іле үкіметі мен Үрімжі арасындағы саяси оқиғалар және 1946-1947-1948 жж арасында орын алған Шыңжаң өлкесі мен Нань Киндегі гоминьдаң үкіметі арасындағы саяси келіссөздер, пікір-таластар мен ұсыныстар баяндалады;

1946-1949 жж арасында Өлке орталығы Үрімжі қаласында орын аоған саяси, мәдени қақтығыстар туралы, бейбіт шеру, наразылық митингілері туралы баяндалады;

Дереккөз:
Кітаптың есі нұсқасы жеке мұрағатымда сақтаулы

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: