|  | 

Шоу-бизнис

Елімізде сүт тағамдарын өзгеше түрде өңдейтін ірі зауыт іске қосылды

 

Зауыт жылына 110 мың тонна сүт өңдейдіWhatsApp Image 2020-11-19 at 4.56.51 PM (1)

Солтүстік Қазақстан облысында «Eurasian Milk» ірі сүт зауыты іске қосылды. Eurasian Milk зауыты тарихы 1928 жылы басталған Петропавл қаласының сүт кәсіпорнының базасында ашылады. Бір ғасырға жуық уақыттан кейін аймақтағы тамақ өнеркәсібінің тарихы терең кәсіпорындарының бірі мүлдем жаңа технологиялық деңгейде қайта жанданды. Жаңа зауытта шығарылған сүт өнімдерінің алғашқы партиясы сауда желілеріне 2020 жылдың желтоқсанында түседі. Ауқымды жобаны іске қосу ел экономикасын тұрақтандыруға үлес қосады. Eurasian Foods Corporation (EFC) холдингі ірі салық төлеушілердің қатарына кіреді, өткен жылы мемлекеттік бюджетке 9 млрд.теңгеден астам салық төледі.
Зауытты жаңғыртуға $12 млн. жұмсалды. Зауытта бірнеше желі орнатылған: Германия өндірісі бойынша сүтті қабылдау және өңдеу, сары май өндіру бойынша швейцариялық желі, ірімшік өндіру бойынша австриялық желі және «моцарелла» типті ірімшіктер шығару үшін арнайы италиялық желі. Зауыттың мұндай құрылымы Қазақстандағы алғашқы және жалғыз зауыт саналады. Бұл бастаманы СҚО әкімдігі де қолдады.WhatsApp Image 2020-11-19 at 4.56.50 PM
Алайда, отандық сүт өңдеу кәсіпорындары үшін өнеркәсіптік өңдеуге жарамды сапалы сүттің жетіспеушілігі бар. Оның себебі шикізат жеткізілімінің едәуір бөлігін құрайтын ұсақ фермалардың бытыраңқылығы мен әлсіздігінде, олардың сапалы жемшөп базасына қол жетімділігі мен малға ветеринариялық күтімнің болмауында. Сарапшылар атап өткендей, шикі сүт – бұл сақтау мерзімі өте қысқа және сапаны жақсарту мен өндіріс көлемін ұлғайту ұшін өте ұзақ уақыт аралығын және қымбатшылықты қамтитын өнім.

Eurasian Milk басшылығы кәсіпорынға шаруа қожалықтарынан жеткізілетін шикі сүтті қабылдаудың ең қатаң талаптарына сай болуын қамтамасыз етуге ұмтылады. Сондықтан компания фермерлік өнімдерге кепілдендірілген және ұзақ мерзімді сұранысты ұсына отырып, жергілікті шаруашылықтармен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Кәсіпорындағы негізгі міндеттердің бірі – фермерлермен серіктестік қарым-қатынас орнату, олармен алдын-ала бірнеше жылға келісім-шарттар жасасу. Eurasian Milk фермерлік шаруашылықтарды несиелендіруде кепілгер болуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда фермерлерге керекті жабдықтарды ұсынуға ниетті.

Осылайша, Eurasian Milk басшылығы өз тарапынан сүт саласын дамыту бойынша өңірлік биліктің күш-жігерін қолдайды. Солтүстік Қазақстанда қазірдің өзінде сүттің сапалық сипаттамаларын жақсартуға, сала кәсіпорындары үшін шикізат жеткізудегі ірі шаруашылықтардың үлесін арттыруға бағытталған сүт-тауар фермаларын дамыту жөніндегі бағдарлама жұмыс істейді. Сондай-ақ, мемлекет инвестицияларды субсидиялау тетігі арқылы салаға қолдау көрсетеді.
WhatsApp Image 2020-11-19 at 4.56.51 PM (2)
«Eurasian Foods Corporation» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Иван Колесниковтың айтуынша, Қазақстан нарығындағы позициясын күшейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қазақстандықтарды сапалы және қолжетімді сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге көмектеседі.

«Кәсіпорынның міндеті – шикізаттан бастап, бәрінде максималды сапада ең төменгі өзіндік құнды қамтамасыз ету. Дегенмен, бұл заманауи технологиялардың, тиімді ұйымдастырудың және жоғары өнімділіктің үйлесімімен ғана мүмкін. Шағын зауыттар, сондай-ақ заманауи жабдықтары, сапалы мал басы мен жемшөп базасы жоқ шағын фермалар, өкінішке қарай, беларусьтік, украиналық немесе Балтық жағалауы компанияларымен бәсекелесе алмайды. Өз кезегінде біздің өндіріс жылына кем дегенде 110 мың тонна сүт өңдеуге бағытталған, бұл – оңтайлы деңгей. Біз сүт саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауды жоспарлап отырмыз, фермерлермен ұзақ мерзімді сенімді қарым-қатынастар орнатамыз, алайда олар экономикалық тұрғыдан ақталуы тиіс. «Аз өндіреміз, қымбат сатамыз» қағидатынан «көп өндіреміз, экономиканың осы сегментінде көшбасшы елдермен бәсекелі баға бойынша сатамыз» қағидатына көшуіміз керек», – деді Иван Колесников.

WhatsApp Image 2020-11-19 at 4.56.51 PM
Eurasian Foods Corporation – Қазақстан мен Орталық Азия елдері тамақ өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарының бірі, май өнімдерін өндірушілер арасында республиканың танымал көшбасшысы. 2019 жылы холдинг құрамына Петропавл қаласындағы «Eurasian Milk» ЖШС кәсіпорны кірді. Бүгінгі таңда Eurasian Foods Corporation холдингі 3 400-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.
Компанияның қоржынында «3 желания», «Шедевр», «Золотой стандарт», «Златые горы», «Иртыш» брендтерімен өндірілетін 200-ден астам атаулы сапалы өнімдер – майонездер, кетчуптар, тұздықтар, дәмдеуіштер, сары және өсімдік майлары, маргариндер, тамаққа қоспалар, маринадтар және т.б. бар.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Related Articles

  • Мәскеу биржасы санкцияға ілінді. Теңге мен Қазақстан биржасына қалай әсер етеді?

    Хадиша АҚАЕВА Қазақстандық қор биржасы иелерінің бірі – Мәскеу биржасы Ресейдің әскери агрессиясы салдарынан АҚШ санкциясына ілікті. Бұл Қазақстандағы қор және валюта нарығы мен теңге бағамына қалай әсер етеді? АҚШ осы айда Ресейдегі ірі биржа холдингіне санкция салды. Американың қаржы министрлігі Мәскеу биржа арқылы әскери мақсатқа капитал тартқан, Ресей азаматтары мен “дос мемлекеттер” “Ростех”, “Вертолеты России” сияқты қорғаныс кәсіпорындарының құнды қағаздарын сатып алып, инвестиция құйған деп есептейді. Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға да әсер етеді. Өйткені Астана Ресей экономикасы басымдыққа ие Еуразия экономика одағына мүше. Мәскеу – Астананың негізгі сауда серіктестерінің бірі. РУБЛЬ ЮАНЬҒА ТӘУЕЛДІ. ТЕҢГЕНІҢ ЖАЙЫ НЕ БОЛАДЫ? Мәскеу биржасы санкцияға ілінгеннен кейін доллар және еуромен сауда жасауды тоқтатты. Қазір

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

  • Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді. Құраманың Еуро-2024 додасына шығуға мүмкіндігі сақтаулы

    Руслан МЕДЕЛБЕК Қазақстан құрамасының ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Солтүстік Ирландияны жеңді. Астанадағы матчта жеңіс голын “Ақтөбе” шабуылшысы Максим Самородов салды. Қазақстанның келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі әлі де сақтаулы. Матчтың 27-минутында Абзал Бейсебековтің алаң ортасынан шығарған пасын Максим Самородов әдемі голға айналдыра білді. Максим қатты келген пасты аяғымен тоқтатты да, қарсылас қақпасының сол қапталына бағыттаған. Солтүстік Ирландия қақпашысы Бэйли Пикок-Фаррелл қолын созғанымен жетпеді. Доп қақпада. 30 мың жиналған стадион тулап сала берді. Гол авторы Максим Самородов (10-нөмерде) мен Қазақстан ойыншылары голды тойлап жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Осы голдан кейін Солтүстік Ирландия шабуылды

  • 1 440 000 ТЕҢГЕ, Ұшақ, пойыз, автобус кешіксе өтемақыны қалай алуға болады?

    Самат Мусабаев Жазда қозғалыс көбейеді. Елдің ішіне де, сыртына да саяхат, демалыс, балалардың каникулы деп тыным таппаймыз. Қозғалыс көбейген соң жолаушылар тасымалында қиындық туындап, желіден үнемі реніш пен ашуға толы жазбалар оқып тұрамыз. Ұшақтың кешігуі, пойыздың кестеден қалып қоюы секілді оқиғалардың аптасына әлденешеуі белгілі боп жатады. Менің айтпағым да осы мәселеге қатысты: Жақында әріптес ағам Еділ Жаңбыршин екеуміз ел жаққа бірге ұштық. Маңғыстауда кездесулеріміз жоспарланған еді. Астана әуежайына біз уақтылы келгенімізбен, Air Astanaның ұшағы уақтылы ұша қоймады. Уақтылы дегенде жарты сағат, бір сағат дегенге етіміз әбден үйренді ғой. Енді бұлар екі сағат, үш сағаттап ұшпауды шығарыпты. Біздің ұшағымыз бақандай үш жарым – төрт сағатқа кешігіп ұшты! Отандық әуе компанияларының осы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: